Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Очень правГотовый УМК 100ghjwtynj.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

4.4 Сурет –абоненттер санының арту мүмкіндігі

Суреттің сол жағында үш шеткі станциялар орналасқан желі көрсетілген. Олардың әрқайсысы бір ауданның абоненттеріне қызмет көрсетеді. Үлгінің сол жағында көрсетілген желінің құрылымы Т1 мезетіне жеткен соң тұрғызылды. Шеткі станциялардың саны, олардың орналастыру орындары, байланыс желісінің сыйымдылығы тиімді таңдалғаны мүмкін. Бұл Т1 мезетіне келгенде желінің құрылымы ұтымды болғанын білдіреді.

Келешекте – Т2 мезетіне қарай – абонеттердің саны артты. Барлық үш шеткі станциялардың сыйымдылығы артқан емес делік. Бұндай жағдай декад-адымды жабдықтарға негізделіп құрылған телефон желісіне тән еді. Нәтижесінде тағы да шеткі станцияларды енгізуге мәжбүр боламыз. Суреттің оң жағында үш жаңа станциялар көрсетілген. Потенциалды абоненттер санының өсуіне қатысты болжамалы бағалардың болуы желіні үнемді құруына себепкер болуы мүмкін.

Мұндай бағалардың болуы, мысалға желіні жоспарлау кезінде, таңдалғаннан басқа жерлерде орналасқан, бес станциялардан тұратын желі құрылымының жаңа нұсқасын алуға мүмкіндік береді делік. Тәжірибелік көзқарасынан қарағанда, желі құрылымының жаңа нұсқасының құндылығы жоқ. Келешегі бар желіні жоспарлаудың міндеті - әлдеқашан жасалған құрылымды тиімді жетілдіруінде жатыр.

Мұндай тәрізді мәселелерді сыртқы және ішкі факторларды ескеруімен шешу орынды. Сыртқы факторларға - қалалар және ауылдық елді мекендер аумағының болжалды кеңеюін, өтей алатын сұранысты, демографиялық өзгерістерді анықтауға мұмкіндік беретін экономикалық болжамдар жатады. Ішкі факторлар, негізінен, инфокоммуникациялық технологиялармен, қазіргі заманғы қызмет көрсетулермен және байланыс желісін дамытудың маңызды тенденцияларымен байланысты.

4.5 Сурет – байланыс желісінің дамуы

Суреттің үстіңгі оң жағында бағанағы желінің құрылымы көрсетілген, бірақ әр станцияның қызмет көрсету аймағы кеңейтілген. Бұндай шешім барлық шеткі станциялардың сыйымдылығын үлкейтуін қажет етеді. Сонда оңтайландыру міндеті барлық шеткі станциялардың сыйымдылығын анықтауында жатыр. Бұл әр ауданның географиялық шекаралары кеңейтіледі деген сөз. Сонда, қолжеткізім желісін құрудың қағидалары айтарлықтай өзгеруі мүмкін.

Суреттің астыңғы оң жағында желінің жаңа құрылымы бейнеленген.Ол бес шеткі станциялардан құралған. Бұл жағдайда оңтайландыру мәселесі -жаңа станциялардың санын және олардың орналасуын таңдауымен, сонымен қатар күші бар коммутациялық жүйелерімен байланысын ұйымдастыруымен байланысты.

Екі нұсқада да оңтайландырудың әртүрлі әдістері қолданылуы мүмкін. Қазіргі уақытта мүмкін болатын нұсқаларды толық сұрыптау әдістерімен байланысты қызығушылық орын алады. Бұндай тәсілдеме үш фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, компьютерлерді қолдану көп жағдайда мәселені шешудегі мүмкін болатын нұсқаларды біршама тез сұрыптауға жәрдемдеседі. Екіншіден, мүмкін болатын шешімдердің алуандылығы жиі бірнеше нұсқалармен шектеледі. Үшіншіден, бірқатар мәселелерді шешу дәлдігі - инфокоммуникациялық жүйені тұтас жетілдірудің ұтымды жолын таңдауына ықпал тигізуін тоқтатты.

4.6 Сурет – Станция маңындағы аумақтың территориясы

4.7 Сурет - Орнықты шешімнің мысалы

"Stable solution" сөз тіркесінің аудармасы ретінде «тұрақты шешім» термині енгізіледі. «Тұрақты шешім» термині сезімталдық анализімен (sensitivity analysis), яғни - бір немесе бірнеше негізгі айнымалыларды талдау нәтижелеріне әсерін анықтау үрдісімен тікелей байланысты. Сезімталдық анализі «егерде болса» сияқты сұрақтардың нысандандырылған анықтамасы ретінде қарастырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]