- •Менеджмент туралы жалпы түсінік
- •Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
- •Автокөлік кәсіпорындарының үлгілері (типтері) мен олардың жіктемесі.
- •Басқарудағы жүйелік көзқарас негіздері.
- •Автокөлік кәсіпорындарының жұмысын ағынды жоспарлау
- •Автокөлік кәсіпорындарының жұмысын келешектегі (стратегиялық) жоспарлау.
- •Автокөлік кәсіпорындарының жұмысын шұғыл жоспарлау.
- •Өндірісті ұйымдастырудың жүйелік негіздері.
- •Жылжымалы құрамға техникалық баптау мен ағынды жөндеуді ұйымдастырудың техникалық – экономикалық көрсеткіштері.
- •Жылжымалы тізбек жұмысының техникалық – пайдалану көрсеткіштерін жоспарлау.
- •Көлік құралдарының техникалық жылдамдығы
- •Көлік құралдарының пайдалану және қатынау жылдамдығы
- •Өндірісті дайындауды ұйымдастыру
- •Автокөлік кәсіпорындарын басқарудың қағидалары мен әдістері
- •Басқарудың экономикалық және әкімшіліктік – құқықтық әдістері.
- •Басқарудың ұйымдастыру және тәрбиелік әдістері.
- •Автокөлік кәсіпорындарын басқару
- •Автокөлік кәсіпорындарының пайдалану қызметі
- •Автокөлік кәсіпорындарының техникалық қызметі
- •Автокөлік кәсіпорнының техникалық қызметінің негізгі тапсырмалары.
- •Автокөлік кәсіпорнының пайдалану қызметіне қарасты жүктік және есептік бақылау таптарының жұмысы.
- •Автокөлік кәсіпорнының пайдалану қызметіне қарасты орталық – диспетчерлік және бағыттық – диспетчерлік топтарының жұмысы.
- •Автокөлік кәсіпорнының экономикалық қызметі
- •Кәсіпорынды материалдық техникалық қамтамасыз етуді жоспарлау,отын мен майлау материалдарына ж.Е шиналарға деген қажеттілікті анықтау
- •Автокөлік кәсіпорындары жұмысын ұйымдасытыру негіздері ж.Е оның түрлері. Автокөлік кәсіпорындарының өндірістік қуаты
- •Автокөлік кәсіпорындарының өндірістік үдерісі туралы жалпы мағлұматтар
Автокөлік кәсіпорындарының жұмысын келешектегі (стратегиялық) жоспарлау.
Келешектегі (стратегиялық) жоспарлаудың құрамына шаруашылық қызметінің
кӛрсеткіштері мен негізгі бағыттарын 5 жылдан 15 жылға дейін ұзақ кезеңге жоспарлау
кіреді. Ондағы барлық есептеулер нарықтық коньюнктураны сараптамалау және аймақтағы экономикалық-әлеуметтік процестердің дамуын болжамдау негізінде орындалады. Келешектегі жоспарлау кезінде болжамдаудың осы заманғы әдістерін дұрыс пайдалану үлкен мәнге ие болады.
Автокөлік кәсіпорындарының жұмысын шұғыл жоспарлау.
Шұғыл жоспарлау – дегеніміз жоспарлық тапсырмаларды орындау уақыты,
кеңістікте, басқарылатын нысан ӛндірісін ұйымдастыруы мен технологиясының ӛзіндік ерекшелігі бойынша нақтылау.
Шұғыл жоспарлаудың құрамына тұтас алғандағы автокӛлік бірлестіктері, нақты автокӛлік
құрамы мен жүргізушілердің айға, аптаға, бір ауысымға берілген жұмыс жоспарларын жасап шығару кіреді. Шұғыл жоспарлау барысында келесі міндеттер шешіледі:
автокӛлік бірлестіктерінің тасымалдау мүмкіндіктерін есептеу;
жылжымалы құрам қозғалысының тиімді бағыт жолдарын есептеу;
жылжымалы құрам жұмысының сағаттық кестелерін құрастыру;
клиентура бойынша жұмыс жоспарын құрастыру;
тасымалдауларға қажетті қорлар мен күтіліп отырған шығындарын есептеу;
автокӛлік бірлестіктері жұмысының ауысымдық-тәуліктік жоспарын, жылжымалы құрамды жол бойына шығару кестесін құрастыру және жолдама құжаттамасын рәсімдеу.
Шұғыл жоспарлаудың негізгі құжаты ауысымдық-тәуліктік жоспар болып табылады.
Өндірісті ұйымдастырудың жүйелік негіздері.
Кәсiпорындарда ӛндiрiстi тиiмдi ұйымдастыру жұмысы – ӛндiрiстiң тиiмдiлiгiн және сапаның барлық талаптарын сақтай отырып, қажеттi нәтиженi қамтамасыз ететiн шаруашылық механизмдi құрастырудан тұрады. Кәсiпорындарда ӛндiрiстi ұйымдастыру дегенiмiз – еңбектiң нәтижелерiн тиiмдi пайдалануға бағытталған нормалар, әдiстер жәнепроцестер жұмысының жинағы. Ӛндiрiстi ұйымдастырудың негiзiн қарастырған кезде келесiнi ескере отыру қажет: кәсiпорынның ӛзi әр түрлi жүйешелердiң жинағынан құралатын ӛте күрделi динамикалық жүйе. Оның жүйешелерi мыналар:ӛндiрiстiк;
технологиялық;
экономикалық;
әлеуметтiк;
ұйымдастырулық.
Жылжымалы құрамға техникалық баптау мен ағынды жөндеуді ұйымдастырудың техникалық – экономикалық көрсеткіштері.
ТБ мен АЖ ұйымдастыру қосалқы бөлшектер, жөндеу және басқа да материалдар шығындарынан с.қ. жөндеу-баптау қызметкерлерінің жалақысынан құралады. Өз кезегінде отын, майлау ж.е басқа да пайдалану материалдарының шығындары автомобиль қозғалтқышын, оталдыру, қоректендіру жүйелерін, жүріс бөлігін ТБ сапасына байланысты болады. ТБ мен АЖ ұйымдастыру кезінде ескерілетін шығынды есептеу формулалары:
-
қосалқы бөлшектер мен жөндеу материалдарына
кеткен шығындар
-
қосалқы бөлшектер құны, L- жүріс ұзындығы
-
жөндеу баптау қызметкерлерінің еңбек
ақыларының жалпы сомасы
