- •1) Кәсіпкерліктің даму эволюциясын сипаттаңыз
- •2) Кәсіпкерліктің жіктелуі, түрлері және айырмашылықтарын анықтаңыз
- •3. Өндірістік кәсіпкерлік және оның даму болашағына болжам жасаңыз.
- •4. Коммерциялық кәсіпкерліктің даму тенденциясына сипаттама беріңіз.
- •6. Кәсіпкерлікті дамытуға қажетті шарттарды анықтаңыз.
- •7. Консалтингтік кәсіпкерлікті дамыту қажеттілігін көрсетіңіз.
- •8. Дара кәсіпкерлік дегеніміз
- •9.Дара кәсіпкерліктің негізгі түрлері қандай?
- •10.Бірлескен кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандарын көрсетіңіз.
- •11. Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу әдістерін атаңыз
- •12. Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу үшін қандай құжаттар өткізу қажет
- •14. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандарын атаңыз
- •15. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-экономикалық нысандарын атаңыз
- •16. Шаруашылық серіктестіктер дегеніміз
- •17. Толық серіктестік және оның артықшылықтары
- •18. Командитті серіктестік және оның артықшылықтары мен кемшіліктері
- •19. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және оның артықшылықтары мен кемшіліктері
- •20. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және оның артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз
- •21. Акционерлік қоғам дегеніміз не
- •22. Акциялардың негізгі түрлері және дивиденд төлеу жағдайы
- •23. Акционерлік нысандағы кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •24. Өндірістік кооператив дегеніміз
- •25. Өндірістік кооперативтің қызмет ету қағидаларын атаңыз және түсіндіріңіз
- •26. Мемлекеттік кәсіпкерлік және оның даму жағдайын атаңыз
- •27. Кәсіпкерлік тәуекел дегеніміз не
- •28. Тәуекелдің негізгі түрлері және жіктелуі
- •29. Тәуекелді басқару әдістері:
- •30. Кәсіпкерлік тәуекелді төмендету жолдары.
- •31. Кәсіпкерліктің мәні, мақсаты мен міндеттері
9.Дара кәсіпкерліктің негізгі түрлері қандай?
Дара кәсіпкерліктің негізгі түрлеріне мыналар жатады: өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік. Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне тиесілі мүлік негізінде, сол мүлікті пайдалану және оған билік ету құқығымен дербес жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар немесе бірнеше дара кәсіпкерлер өздеріне тиесілі ортақ мүлік негізінде, мүлікті бірлесіп пайдалану және билік ету құқығымен жүзеге асырады.
10.Бірлескен кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандарын көрсетіңіз.
Бірлескен кәсіпкерлік келесі нысандарда болуы мүмкін:
-ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;
-Шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе отбасылық кәсіпкерлік;
-ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.
11. Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу әдістерін атаңыз
12. Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу үшін қандай құжаттар өткізу қажет
Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу үшін мынадай құжаттарды салық органына өткізу қажет:
Тіркеу органы белгілеген нысан бойынша өтінішті;
Дара кәсіпкерлікті тіркегені үшін алым сомасын (2АЕК) бюджетке төлегенін растайтын құжат;
Жеке куәлігінің көшірмесін;
3,5*4,5 көлемдегі фотосуретті;
Дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжатын.
Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
13. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысандары
14. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандарын атаңыз
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:
Шаруашылық серiктестiк;
Акционерлiк қоғам;
Өндiрiстiк кооператив;
Шаруа қожалықтары;
Жеке (дара) кәсіпкерлік.
15. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-экономикалық нысандарын атаңыз
Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-экономикалық нысандарына концерн, консорциум, холдинг, картель, синдикат, пул, трест, қаржылық-өнеркәсіптік топтар т.б. бөлінеді. Концерн – меншік пен бақылау бірлігін сипаттайтын бірлестіктің кеңінен тараған нысандарының бірі. Консорциум- нақты міндеттерді шешу, ірі мақсатты бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру үшін құрылған уақытша немесе тұрақты бірлестік. Холдинг- кәсіпорындардың акцияларының бақылау пакетін иеленетін, олардың қызметін бақылау мен басқаруды қамтамасыз ететін бірыңғай құрылымға біріктірілген бас компания.
16. Шаруашылық серіктестіктер дегеніміз
Шаруашылық серіктестік деп жарғылық капиталы қатысушылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйымды айтамыз. Шаруашылық серіктестікті жеке және заңды тұлғалар құра алады.
17. Толық серіктестік және оның артықшылықтары
Толық серіктестік деп мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершіліте болатын серіктестікті айтамыз. Артықшылықтары: Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
