- •1) Кәсіпкерліктің даму эволюциясын сипаттаңыз
- •2) Кәсіпкерліктің жіктелуі, түрлері және айырмашылықтарын анықтаңыз
- •3. Өндірістік кәсіпкерлік және оның даму болашағына болжам жасаңыз.
- •4. Коммерциялық кәсіпкерліктің даму тенденциясына сипаттама беріңіз.
- •6. Кәсіпкерлікті дамытуға қажетті шарттарды анықтаңыз.
- •7. Консалтингтік кәсіпкерлікті дамыту қажеттілігін көрсетіңіз.
- •8. Дара кәсіпкерлік дегеніміз
- •9.Дара кәсіпкерліктің негізгі түрлері қандай?
- •10.Бірлескен кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандарын көрсетіңіз.
- •11. Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу әдістерін атаңыз
- •12. Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу үшін қандай құжаттар өткізу қажет
- •14. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандарын атаңыз
- •15. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-экономикалық нысандарын атаңыз
- •16. Шаруашылық серіктестіктер дегеніміз
- •17. Толық серіктестік және оның артықшылықтары
- •18. Командитті серіктестік және оның артықшылықтары мен кемшіліктері
- •19. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және оның артықшылықтары мен кемшіліктері
- •20. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және оның артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз
- •21. Акционерлік қоғам дегеніміз не
- •22. Акциялардың негізгі түрлері және дивиденд төлеу жағдайы
- •23. Акционерлік нысандағы кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •24. Өндірістік кооператив дегеніміз
- •25. Өндірістік кооперативтің қызмет ету қағидаларын атаңыз және түсіндіріңіз
- •26. Мемлекеттік кәсіпкерлік және оның даму жағдайын атаңыз
- •27. Кәсіпкерлік тәуекел дегеніміз не
- •28. Тәуекелдің негізгі түрлері және жіктелуі
- •29. Тәуекелді басқару әдістері:
- •30. Кәсіпкерлік тәуекелді төмендету жолдары.
- •31. Кәсіпкерліктің мәні, мақсаты мен міндеттері
Емтихан жауаптары (Кәсіпкерлік)
1) Кәсіпкерліктің даму эволюциясын сипаттаңыз
Кәсіпкерлік түсінігі азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызмет болып табылады. Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкерлік даму барысында кәсіпкерлік түсінігі туралы көптеген ғалымдардың түсінігі қалыптасқан. а) Кәсіпкерлік түсінігін алғаш рет ағылшын экономисі Ричард Контильон XVII ғ. – XVIII ғасырдың басында енгізген. Оның пікірінше, кәсіпкер – тәуекел жағдайында іс-әрекетін жүзеге асыратын адам. Кәсіпкер өндірісте де жақсы жетістікке жетуі мүмкін, бірақ айналымдағы капиталдың меншік иесі болуы міндетті емес. б) Ағылшын экономисті – Адам Смиттің (1723-1790) пікірінше, кәсіпкер – капиталдың меншік иесі бола отырып, табу үшін тәуекелге баруы. с) Кейінірек атақты француз экономисті Ж.Б.Сэй кәсіпкерлік қызмет негізгі үш өндіріс факторының, яғни жер ,капитал, еңбектің өзара үйлесуі мен бірігуі нәтижесінде орын алады деп сипаттаған. д) Француз экономисті А.Маршал жоғарыда атап өткен үш өндіріс факторына (жер, капитал, еңбек) төртінші фактор ретінде ұйымдастыруды қосты. е) Танымал амеикандық ғалым Й.Шумпетер кәсіпкер түсінігін «новатор» ретінде сипаттайды.Басқаша айтқанда, ол өндіргіш күштерді жаңаша ұйымдастыратын, үйлестіретін және қозғалысы өз кезегінде жалпы экономикалық өсімге немесе өндіріс циклының жеделдеуіне алып келетін үдеріс. ғ) П.Друкер «кәсіпкерлік кәсіпорын», «кәсіпкерлік қоғам», «кәсіпкерлік басқару» түсініктерін экономика ғылымы мен шаруашылық тәжірибесіне енгізді.Ол кәсіпкерлікті технологиялардың өзгеруімен байланыстырылған инновациялық кәсіпкерлік үрдіс ретінде қарастырған. Осыған байланысты ол кәсіпкерлік қоғамды қалыптастыру туралы идеяны ұсынған, ал мұндай қоғамда кәсіпкерлік басқару дамудың тұрақты факторы болар еді, - деп есептейді.
2) Кәсіпкерліктің жіктелуі, түрлері және айырмашылықтарын анықтаңыз
Кәсіпкерліктің бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай былай бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консалтингтік болып бөлінеді.
Көлемі бойынша: шағын, орта, ірі.
Меншік нысаны бойынша: мемлекеттік, жеке меншік, шетелдік.
Территориялық орналасуы бойынша: жергілікті, аймақтық, халықаралық.
Салалық бағытына қарай: аграрлық, құрылыс, сауда.
Ұйымдық- құқықтық нысандары бойынша: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, өндіріс кооперативтері, акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорындар.
Ұйымдық – экономикалық нысандары бойынша: концерн, консорциум, холдинг, картель, синдикат, пул, қаржылы- өнеркәсіптік топтар.
3. Өндірістік кәсіпкерлік және оның даму болашағына болжам жасаңыз.
Өндірістік кәсіпкерлік деп тұтынушыларға сату үшін еңбек заттары мен өндіріс құралдарын тікелей пайдалана отырып, өнім өндіру үрдісін айтамыз. Өндірістік кәсіпкерлік материалдық өндіріс сферасында іске асырылады.Нақты тұтынушыларға арналған тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің барлық түрлері өндірістік кәсіпкерлік субъектілерінде өндіріледі. Шикізаттық бағыттан бас тарта отырып экономиканы әртараптандыруда, өңдеуші өнеркәсіпті дамытуда және басқа да бірқатар маңызды міндеттерді шешуде өндірістік кәсіпкерлік басымдыққа ие болады. Сондықтан да қазіргі кезде өндірістік кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр.
