Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
459.13 Кб
Скачать

Сталинград

1942 жылы 17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кенесі Төралқасының жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді.

Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы т.б.Қазақстандықтар ерліктің үлгісін көрсетті.

Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Г.Сафиулин, М.Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери бөлімдері жауды талқандау барысында көп үлес қосты. Мысалы. 1942 жылы 19 желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нуркен Әбдіров Боховская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты. 29 және 38-атқыштар дивизиясының жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына енгізбей, танкі мен зеңбіректер жөндейтін заводттың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. 1943 жылы бұл дивизиялар 72 және 73-гвардиялық дивизияларға айналып, «Сталинград дивизиясы» құрметті атағына ие болды. Оңтүстік Қазақстандық жауынгері Толыбай Мырзаев «Павлов үшін» қорғауға ерлік көрсетті.

Сталинград түбінде қазақстандықтар К.Сатпаев пен А.А.Бельгин өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағынын батыры атағына ие болды.

116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының жаунгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты. Олардың ерлігі құрметіне Сталинградта «Қазақ» көшесі ашылды. 11 жауынгер 300 фашистке қарсы шайқасып, түгел қаза тапты (араларында Лениногорскілік комсомол Кәміл Хузин болды). Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе «Шығыстың 11 батырының төбесі» деп аталады.

Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді

70 Қазақстан - фронт арсеналы. Тыл еңбегіндегі Қазақстандықтардың ерлігі.

Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті

Соғыс жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы елге соғысқа дейінгі соңғы бес жылда өндірілген өнімнен артық өнім тапсырды (астық – 5 829 мың тонна, ет – 734 мың тонна, жүн – 17,6 мың центнер, 3194 мың центнер сүт пен басқа да азық-түлік өнімдері және өнеркәсіп үшін қажетті шикізат).Малшылар да аянбай еңбек етті. Соғыс жылдары Қазақстан елдің шығысындағы негізгі мал шаруашылығы базасына айналды. 1942 жылы колхоздар мен совхоздар етке 169,4 мың бас ірі қара мал (1941 жылмен салыстырғанда екі есе дерлік көп), 878,1 мың кой (1941 жылмен салыстырғанда 3 есе дерлік көп) тапсырды. Еттің көп мөлшерде тапсырылуына қарамастан республикадағы мал басының жалпы саны осы кезеңде 1 миллион басқа көбейді. Қазақстанның колхоздары, МТС-тер мен совхоздар майдан қажетіне 7 416 трактор (негізінен жаңасы), 110 мың жылқы жіберді.Тамақ өнеркәсібі өнімдерін шығару жоғарғы қарқынмен өсті. 1945 жылы 1940 жылмен салыстырғанда өсімдік майын өндіру 1,8 есе, консерві – 1,7 есе, кондитерлік өнімдер – 1,5 есе, макарон өнімдері – 1,3 есеге өсті.Экономикадағы бұл күмәнсіз табыстарға қажырлы еңбектің арқасында қол жетті. Еңбекке жарамды ер азаматтардың көпшілік бөлігі майданға аттанды. Өнеркәсіптегі әйелдердің үлес салмағы 50%, ал жеңіл және тамақ өнеркөсібінде 80-90%-ды құрады.Еңбек тәртібі қатайып, жұмыс күні ұзартылды, 11 сағаттық 6 күндік жұмыс аптасы енгізіліп, қосымша демалыс жойылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданының Куйбышев атындағы колхозында 74 жастағы қарт ана – Анар Садықова – жұмыс істесе, Семей облысы, Абай ауданының “Шолақ еспе” артелінде 70 жасар қария – Кенебаев еңбектеніп, жоспарды асыра орындады. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш.Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады

Соғыс жылдары астық және басқа негізгі ауылшаруашылық өнімдерін тапсыру жоспары толық орындалды. Егіс алқаптары 28 процент артты.

1942-1943 жылдары аралығында майданға сыйлық тиелген 94 вагон жөнелтілді.

Ұлы Отан соғысы қарсаңында Балқаш мыс қорыту зауыты салынып болды. Соғыс кезінде өндірістік алаңдарынан Кольчугин түсті металдар прокаты зауытының жабдықтары осында орналастырылды. Молибден рудасын өндіру басталды.

Жезқазған өнеркәсібі қағаз, жарылғыш заттар, сұйық шыны, карбид өндірісін, күрделі қосалқы бөлшектер мен жабдық шығаруды игерді, руда шығару үш есе өсті.

1944 жылы желтоқсанда Самарқан поселкесінде (қазіргі Теміртау) Қазақ металлургия зауыты іске қосылып, Қазақстанда тұңғыш болат балқытылды.

Азат етілген Донбассқа 1943-44 жылдары шахта жабдықтары, техника және 17 вагон азық-түлік, 3 млн. 307 мың сом ақша жинап, жөнелтілді.

31 адам Ленин орденімен, 17 адам Еңбек Қызыл Ту орденімен, 116 адам “Құрмет Белгісі” орденімен, ондаған мың адам – “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін” медалімен марапатталды.

Қарағанды көмір бассейннің тресттері Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туын 6 рет жеңіп алды.

71. Берлин операциясы

Берлин Операциясы — Ұлы Отан соғысы барысындағы аса ірі шабуыл операцияларының бірі. 1945 ж. 16 сәуір мен 8 мамыр аралығын қамтыды. Оған Қазақстанда жасақталған үш атқыштар дивизиясы мен бір артиллерия, екі атқыштар полкі қатысты.

Одер мен Нейсе бойындағы майданда фельдмаршал Ф. Шернер басқарған “Орталық” армия топтарының бір бөлігі мен генерал-полковник Г. Хейнрицидің “Висла” армиясынан қалған жауынгерлік топтар қорғанып жатты. Олардың 1 млн-ға жуық адамы, 10400 зеңбірегі мен минометі, 1500 танкісі мен шабуылдық техникасы және 3300 әскери ұшағы болды. Бұған қоса Берлинде 200-ден астам фольксштурм батальондары (жастары 16-дан 60-қа дейінгі ер адамдардан құралған халық жасағы) жасақталды. Олардың қатарында 200 мыңға тарта адам болды. Герман әскері тұрғын халықты қатыстыра отырып, Берлинді қорғау үшін 20 — 40 км-ге дейін созылатын үш бағыттық қорғаныс шептерін құрды. Мұнымен қатар сыртқы, ішкі және қалалық айналма қоршау-қорған шептері жасалды. Бұларға 2062 мың солдаты мен офицері, 42 мың зеңбірегі мен минометі, 6250 танкісі мен шабуылдық техникасы және 7500 әскери ұшағы бар кеңестік әскер қарсы шықты. Тыл қызметі әскерлерге күнделікті және ұрысқа қажеттіліктердің бәрін жеткізіп тұрды. Олардың атқарған жұмыс көлемін бір ғана цифр арқылы елестетуге болады: бұл операция барысында жұмсалған оқ-дәрілерді тасу үшін 11635 вагон керек болды. Берлин операциясы үш кезеңде өтті.

Бірінші кезеңде (16 — 19 сәуір) 1-Беларусь майданының әскерлері маршал Г.К. Жуковтың қолбасшылық етуімен жаудың үш бірдей бағыттағы қорғаныс шептерін түгел бұзып, Берлинді солтүстік және оңтүстік-шығыс жақтарынан орап алуға жағдай жасады. Маршал И.С. Иван Степанович Конев басқарған 1-Украина майданының әскерлері Нейседегі жау қорғанысын бұзып, Ширейге шықты да, Берлинді оңтүстік жағынан қоршауға мүмкіндік алып берді. Маршал К.К. Рокоссовскийдің 2-Беларусь майданы әскерлері Одер өзенінің батыс және шығыс екі жақ саласын бірдей басып алды.

Екінші кезеңде (19 — 25 сәуір) 1-Беларусь майданы әскерлері Берлиннің солтүстік, сонан соң оңтүстік және шығыс шеттеріне, 1-Украина майданы жауынгерлері оңтүстік және оңтүстік-батыс шет аймақтарына басып кірді. Нәтижесінде алдымен жаудың франкфурт-губан, ал 24 сәуірде берлиндік топтары қоршауға алынды. Ертесіне Торгау ауданында, Эльба бойында 5-гвардиялық армия мен 1-американдық армия әскерлерінің кездесуі болды. Бұл кезде 2-Беларусь майданының әскерлері Одердің шығыс жағынан өтіп, жау күштерін қыспаққа алды да, олардың оңтүстік бағытта қарсы шабуылға шығу мүмкіндігін жойды.

Үшінші кезеңде (26 сәуір — 8 мамыр) кеңестік әскерлер франкфурт-губен тобын, ал 2 мамыр күні берлиндік топты жойды. Соңғы топпен шайқас қиян-кескі жағдайда өтті. Қаланың әрбір ғимараты қарсыласу торабына, бекініске айналып кетті.

Совет шабуылшы-ұшқыштары.

Жау метроны әскери күштердің маневр жасауы үшін, ал жер асты қатынас жүйелерін — шабуылшы диверсанттар мен ұсақ жауынгерлік топтарды тылға жіберіп отыру үшін кеңінен пайдаланды. Қалалық көше шаршылары мен жекеленген ғимараттарды атқыштардан, саперлер мен артиллеристерден арнайы біріктіріліп жасақталған шабуылшы отрядтардың, топтардың күшімен алуға тура келді. 30 сәуірде Берлинді қорғаушы әскерлер бірнеше бөлікке бөлініп тасталды. Рейхстагқа шабуыл жасау құрметіне ие болғандар қатарында қостанайлық 151-атқыштар бригадасы негізінде 1943 жылдың соңында құрылған 756-атқыштар полкі да бар еді. Осы полктің 1-батальоны 30 сәуір күні үшінші шабуылдан кейін Рейхстаг ғимаратына алғашқылар қатарында енді. Бірінші қабаттың терезесіне лейтенант Р. Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г. Булатов бірінші болып ту тікті. Сағат 22-ден 50 мин. өткенде Рейхстаг күмбезіне 756-полктың барлаушылары М.А. Егоров пен М.В. Кантария жеңіс жалауын орнатты. Бірақ ғимарат ішіндегі шайқас мұнан соң да бір жарым тәулікке созылды. 2 мамыр күні бүкіл Берлин қаласының әскери күштері қаруларын тастады. 5 мамырда қаланың шет аймақтарынан батысқа қарай шепті бұзып өтуге әрекеттенген ұсақ топтары жойылды. Екі күннен соң үш майданның әскерлері Эльба алабында ағылшын-американ әскерлерімен кездесті. 8 мамыр күні сағат 22-ден 43 минут өткенде Берлин қаласы жанындағы Карлсхорст деген жерде германдық қолбасшылар өкілдері үзілді-кесілді тізе бүгу туралы актіге қол қойды.

Берлин операциясы кезінде кеңестік әскерлер 78291 адамынан айрылды, 274 184 адамы жаралы болды, контузия алды. Жау жағы жаяу әскерлерден тұратын 70 дивизиясынан, моторлы техникалы 23 дивизиясынан айрылды, 480 мың адамы тұтқынға алынды. Берлин операциясындағы ерліктері үшін қазақстандық 26 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ал шабуылшы-ұшқыш Т. Бигелдинов бұл атаққа екінші рет ие болды. 38 жерлесіміз 1-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталып, бұл награданың үш дәрежесінің де толық иегерлері атанды

72) Фашистік Германияны жеңудегі Қазақстандықтардың қосқан үлесі.

1941 жылы маусым айының 22-де таңғы сағат төртте КСРО-ның батыс шекарасында жарқылдаған от сәулелері байқалып, тез арада көбейіп қызылды – жасылды болып, батыс жақтан келген ұшақтар аэродромды соғыс қаруы тұрған қоймаларды қалаларды бомбалап астан-кестең етіп гитлерлік германия Отанымызға соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес мемлекетінің батыс шекарасында соғыс осылай басталды. Бұл соғыс КСРО тарихына Кеңес елінің Ұлы Отан соғысы деген атпен енді. Өйткені соғысты бастаушылар осы мемлекетті жоюды мақсат етті. Ал кеңес халқына өз елін, мемлекетін, халқының тәуелсіздігін сақтап қалу жолында осы соғысты жеңіспен аяқтау үшін бүкіл ел, бүкіл халық қатысты.Осы соғыстың қарсаңында Қазақстанның халҚы алты миллионнан астам еді, олардың бір миллион екі жүз мыңдайы әскер қатарына шақырылды. Қазақстандықтар фашистердің опасыздықпен жасаған шабуылын қатаң айыптады. Қазақстан Республикасы еңбекшілері өздерінің жиналыстарында Кеңес үкіметінің «Барлығы да майдан үшін, барлығы да жеңіс үшін» деген үндеуін бір ауыздан қолдайтындықтарын білдірді. Дұшпан мен тікелей шайқасуға өз еріктерімен тілек білдіргендер күн сайын әскери комиссариаттардың алдына өздерінің «Фашистердің айуандығына қанымыз қайнады, бізді соғыстың алдыңғы шебіне жіберуіңізді сұраймын» деген арыз өтініштерімен соғысқа баруға топ болып келе бастады. Қазақстанға жалпыға бірдей әскери істі оқыту өріс алды. Республикада екі миллионнан астам адам әскери мамандық алды. Соғыстың өте-мөте қиын болған алғашқы кезеңінде жасақталып, үйретіліп майданға жіберілді. Бұл құрамалар мен бөлімдер интернационалдық құрамда жасақталды. Мысалы Қазақстандық 36-дербес атқыштар бригадасының құрамында отыздан астам ұлттардың жауынгерлері болды. Шайқастағы армия қатарына бір миллион бір жүз тоқсан алты мың бір жүз алпыс төрт Қазақстандық қосылды.

Қазақстан компартиясының соғысқа дейінгі құрамынан 82251 коммунист, Республика комсомолының 241996 жастар майданға аттанды. Бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да шаруашылықтың барлық саласы соғыс мақсатына лайықталып қайта құрылды. Көптеген өнеркәсіп орындары соғысқа қажетті өнімдер шығаруға кірісті. Бірқатар кәсіпорындардың жабдықтары салынып жатқан өнеркәсіп кешендерінің құрылысын аяқтауға пайдаланылды. Мысалы Ақтөбе ферроқорыту заводының жаңа құрылыстары Запарожье ферро қорыту заводының аяқталмаған құрылысы мен жабдықтарын алды. Алматыдағы автомобиль жөндеу заводының аяқталмаған құрылысы Луганск ауыр машина жасау заводының цехтары үшін база болды. Республиканың оңтүстігіндегі тамақ өнеркәсіптерінің жаңа құрылыстары Украина пен басқа салалар пайда болды. Шымкент қорғасын зауытының өнімі тікелей оқ жасайтын зауыттарға жіберілді. Қарағанды шахтерлары, Ембі мұнайшылары соғысқа байланысты тапсырмаларды орындауға кірісті. Олар Отан қорғау қорына мыңдаған қажетті әскери техникаларды азық – түліктерді өндіріс шикі заттарын тоқтаусыз майданға қажетті әскери техникаларды тоқтаусыз майданға жіберуге аянбай еңбек етті. Соғыста жауға қарсы атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстан қорғасынынан жасалды. Республика тасымалы үздіксіз жұмыс істеп, Қазақстан тылын майдан мен және елдің өнеркәсіпті аудандарымен байланыстырып жиырма мыңнан астам жүрдек поезд жөнелтілді. Тылда командалық кадрларды даярлау жоғары қарқынмен жүргізілді. Негізінен жау уақытша басып алған аудандар мен майдан маңындағы жерлерден көшіріліп әкелінген жиырма жеті әскери оқу орындары соғыс жылдарында он алты мың офицерлерді дайындап шығарды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]