Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
459.13 Кб
Скачать

47 ҚазАксРнің құрылуы. Қазақ жерлерінің ҚазАксРнің құрамына біріктірілуі.

Қазақ мемлекетінің қайта құрылуы. Қазақ АССР-І. 1920 ж. 26 тамызында РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен халық комиссарлары кеңесі М.И.Калинин мен Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын "Қырғыз (қазақ) кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қазақ АССР-і құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті.

Декреттің бірінші тарауында Қазақ АССР-і РСФСР-дің құрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды. Қазақ Совет Республикасының құрамына мына облыстар мен уездер кірді:

1.Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралыуездерінен түратын Семей облысы.

2.Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері менОмбы уөзінің бір бөлігінен тұратын Ақмола облысы.

3.Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінентұратын Торғай облысы.

4.Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездерінен тұратынОрал облысы.

5.Закаспий облысының Маңғыстау уезі мен сол облыстыңКрасноводск уөзіндегі Адайлар мекендеген төртінші женебесінші облыстар.

6.Астрахань губерниясының құрамында болып келгенБөкей ордасы, Синемор облысы, бірінші және екіншіПриморье округтерінің қазақтар мекендеген аудандары.

"Известие ВЦИК" газетінің 1920жылғы 22 қазанындағы санында жарияланған 26 тамыздағы декреттің бірінші тарауына енгізілген қосымша Қазақ АССР-нің құрамына Орынбор қаласы мен оның маңындағы Покровский, Краснохолм, Илец, Шарлық, Исаев және Петровск аудандары қосылатындығы айтылды. Міне осы территориялар жаңадан құрылған ҚазАКСР-нің құрамына кірді. Сырдария және Жетісу облыстары Түркістан АКСР-нің құрамында қала берді. Декретте бұл жерлер ҚазАКСР-дің құрамына оның халқының қалауы бойынша өте алады деген тармақ болды.Қазақ автономиясының құрылуы сөзсіз аса маңызды тарихи және саяси оқиға болды. Қазақ халқының автономия түрінде болса да, мемлекеттілігі қалпына келтірілді, оның территориясы белгіленді. Тіпті Сырдария, Жетісу облыстарындағы қазақтарды бірыңғай республикаға біріктірудің құқықтық негізі қаланды. Сондай-ақ В.И.Ленин және М.И.Калинин қол қойған декретте ҚАКСР-дің орталық органдары Қазақ Орталық Атқару комитеті (ҚазОАҚ) пен Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесі екендігі анықталды, 12 халық комиссариаттарын және Завольже әскери округіне бағынышты қазақ әскери комитетін құру белгіленді. ҚАКСР-нің РКФСР орталық органдарымен, Сибревком және Түркістан АКСР-мен қарым-қатынасы анықталды. Сибревком мен ТүркАКСР ОАК-ның Президиумы құрамына Казревком өкілдері ендірілді. 1920 жылы Орынборда Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Съезд ҚАКСР-нің орталық мемлекеттік органдарын С.Мендешевті бекітті. Қазақ Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып Р.Радусь-Зенкович бекітілді. Қазақстанның астанасы болып Орынбор қаласы жарияланды. Құрылтай съезі «ҚАКСР-дің еңбекшілері құқығының декларациясын» қабылдады. Бұл конституциялық мәні бар ҚАКСР-дің мемлекеттік құрылымын, территориясын, сайлау жүйесін т.б. жақтарын анықтаған құжат болды. Декларация 1926 жылы қабылданған ҚАКСР-дің бірінші конституциясының жобасына кірді.Құрылтай съезі «Қазақ АКСР-нде Кеңес өкіметін ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады. Қазақстандағы жоғары өкімет билігі Кеңестердің бүкіл қазақтық съезі болып табылды. Бұл съезд Қазақ Орталық Атқару комитетін сайлайды. ҚазОАК 75-ке дейін мүшеден және 25 мүшелікке кандидаттан тұрды. Бүкілқазақтық съезді ҚазОАК жылына бір рет шақырады. ҚазОАК бүкілқазақтық съездер аралығында жоғары билік органы болып есептелді. Төтенше немесе кезектен тыс бүкілқазақтық съездерді ҚазОАК өз қалауы бойынша немесе республиканың 3/1-н білдретін жергілікті кеңестердің талабымен шақыра алды. Бүкілқазақтық съезд мемлекеттегі бүкіл билікке басшылық жүргізді. ҚазОАК-ты сайлады, үкіметтің есебін тыңдады, заңдар қабылдады. Автономды халық комиссариаттары РКФСР-дың осындай халық комиссариаттарына тәуелді болды. Халық комиссариаттары автономды және біріккен болып бөлінді. Біріккен халық комиссариаттарға РКФСР-дың халық комиссариаттарына тікелей бағынышты халық комиссариаттары жатты. Бұл халық комиссариаттыры сондай-ақ ҚазОАК пен Қазхалкомкеңесіне де бағынды. Бірақ РКФСР басшылығымен келісіп отырды. Біріккен халық комиссариаттарына БОАК пен Халкомкеңестің 1920 жылғы 26 тамыздағы декреті бойынша мыналар жатты: азық-түлік, қаржы, жұмысшы шаруа инспекциясы, қатынас жолдары, сонымен қатар халық шаруашылығы кеңесі, почта және телеграф басқармасы, қазақ статбюросы, төтенше комиссия.Олардың басшыларын ҚазОАК пен Қазхалкомкеңес өздері тағайындап, орнына алды. Жоғарыдай айтылған деректер бойынша автономды халық комиссариаттарына: ішкі істер (почта және телеграф басқармасынсыз), әділет, халық ағарту, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жер шаруашылығы жатты. ҚазАКСР-і құрылған кезде барлығы 13 халық комиссариаты болды..

Бірақ олардың саны мен бағыныштылығы кеңінен өзгерістерге ұшырап тұрды. 1924 жылы Орта Азия мен Қазақстанда үлкен тарихи-саяси маңызы бар оқиға болды. Түркістан АКСР-і Бұқар және Хорезм кеңестік республикалары тарады. Олардың орнына одақтас республика мәртебесінде өзбек КСР-і мен Түркімен КСР құрылды. Тәжік АКСР-і өзбек КСР-нің құрамына кіріп, 1929 жылдан одақтас республика болды. Қырғызтан алдында РКФСР құрамындағы автономиялы облыс болып, 1926 жылдың баснынан авономиялы республика мәртебесін алды. Осының алдында 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) құрылған еді. Түркістан республика құрамындағы Сырдария және Жетісу облыстарының қазақ жерлері ҚазАКСР-нің құрамына өтті. Бұл орталықтың күштеп жүргізген шаралары Орта Азия мен Қазақтандағы әкімшілік-территориялық межелеу деп аталды. Орынбор қаласы мен губерниясының бір бөлігі Ресейдің қарамағына өтті. Жаңа астана Қызылорда қаласына көшірілді.Қарақалпақ автономиялы облысы құрылып, Қазақстан құрамында Мәскеудің бір жақты шешімімен 1932 жылы өзбек КСР-нің құрамына көшті. Осылай Қазақ жерлері біртұтас ҚазақАКСР-і құрамына топтасты. Бұл аса ірі тарихи-саяси мәні бар оқиға болды. Ежелгі Қазақ жерлері бір мемлекеттіліктің аумағына қайтарылып, шекаралары белгіленді. Осы кезеңде Қазақстанның жер көлемі 2.927.614 кв. км, халқы шамамен 6,5 млн. адам болды, олардың 55,5 %-і қазақтар, 25,3 %-і орыстар, 9 %-і украиндар, 3,7%-і өзбектер, қалғандар басқа халықтар болды. 924 жылы өзбек, Түркімен республикалары, 1929 жылы Тәжік республикасы одақтас республика мәртебесін алғанымен, Қазақстан 1936 жылға дейін автономиялы республика болып қала берді. Орталық осылай шешті. Бірақ Қазақстанның одақтас республика болатындай қажеттіліктің бәрі бар еді. Осы жағдайды пайдаланып, 1924 жылы Киробкомның (қазақ обкомның) басшылары В.Нанейшвили, С.Қожанов, ҚазОАК-тың уақытша төрағасы Ә.Жанкельдиндер Мәскеудегі орталықтың алдына Қазақстанды одақтас республика етіп қайта құруды негіздеп ұсыныс қойды. Бірақ бұл ұсыныс қолдау таппады. Осыдан кейін 1926 жылы Мәскеуде Т.Рысқұлов өткізген ұлт өкілдерінің Жеке кеңесі атынан сол кездегі БОАК-тың ұлттар бөлімінің меңгерушісі С.Асфендияров дайындаған Қазақстанды автономиялы республикадан одақтас республикаға айналдыру туралы ұсынысы да қаралмай қалды. Қазаөстанның одақтас республика болуына әлі де 12 жыл қажет болды.

48. Қазақ кеңестерінің құрылтай сьезі. «Қырғыз (Қазақ) АКСР-і еңбекшілерінің заңдық декларациясы»

1920 ж. 4 – 12 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Оған 273 делегат қатынасты. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясы » жарияланып, кеңестік негізде құрылған қазақ автономиясының заңдық негізін қалаған еді. Және осы декларацияда: «ҚАКСР-і депутаттарының жергілікті Кеңестері, Орталық Атқару Комитеті және Халық Комиссарлар Кеңесі автономиялы республиканың басқару органдары болып табылатындығы» айтылып, автономиялы мемлекеттің билік тармақтары айқындалды, сондай-ақ, бүкіл заң шығарушы, атқарушы және бақылаушы өкімет бүтіндей тек қана еңбекші халықтың қолында болуға тиіс екендігі көрсетілді.

Жарияланған декларацияға сәйкес автономиядағы ең жоғарғы билік. Кеңестердің Жалпықазақтық сиезінің қолында болды. Әр жылда бір рет шақырылатын сиездер аралығында жоғары билік Орталық Атқару Комитетінің қолында болды. Орталық Атқару Комитетінің мүшелері және мүшелегіне кандидаттарды Кеңестердің Жалпы Қазақтық сиезі сайлады. Бірінші құрылтай сиезінің шешімі бойынша Орталық Атқару Комитетінің президиумына 10 мүше мен 5 кандидат: С.Меңдешев төраға, В.Радус-Зенькович, Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, И.Киселев және басқалар кірді.Орталық Атқару Комитеті Республиканың Халық Комиссарлары Кеңесін құрды, оның төрағасы болып Ресейдегі революциялық қозғалысқа белсене қатысушы В.Радус-Зенькович сайланды. Уақытша орган бөліп келген Қазақ революциялық комитеті өзінің барлық өкілеттіктерін Қазақ АКСР-інің үкіметіне берді.

49. Қазақстан Кеңестерінің учредительдік сьезі. ҚазССРнің құрылуы.

1920 жылы 4-12 қазанда Орынбор қаласында өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық Социалистік Республикасы еңбекшілері құқықтарының декларациясын қабылдайды, ол декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қаз. АКСР құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. Орталық Атқару Комитетінің (ОАК) басшысы С. Меңдешовты және Халық Комиссарлары Кеңесінің (ХКК) басшысы В. Радус-Зеньковичті сайлады. Астанасы болып Орынбор қаласы жарияланды. 1925 жылы Қырғыз АССР аты РСФСР құрамындағы Қазақ АССР деп өзгертілді.

50. Орта Азияның ұлттық-территориялық бөлінуі: себебі, салдары.

Қазақ АКСР-і мен Сибревком арасындағы шекараға байланысты даулы мәселе Қазақстан пайдасына шешіліп, 1922 жылы 26 қаңтарда ұлан байтақ жерлер толық, біржола берілді. 1921 жылы11 сәуірде Орта Азияда ұлттық-аумақтық межелеу мәселесі көтерілді. Мұндағы халықтардың тарихи байланыстарының тереңдігі мен ұлттардың бір-бірімен аралас және тығыз орналасуы ұлттық республикалардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар туғызды. Қазақ АКСР-інің басшылығы РК(б)П ОК-нен Жетісу мен Сырдария облысының қазақ аудандарын республика құрамына қосуды сұрап, өтініш білдірді. 1924 жылы 9 сәуірде РК(б)П ОК-нің саяси бюросы жергілікті ұйымдардың ұсыныстарын қарап, Орта Азияны ұлттық республикаларға бөлуге әзірлеу комиссиясын құрды. 1924 жылы 27 – 28 қыркүйекте РК(б)П Қазақ облысы комитетінің (Қазобком) II пленумы болды. Қазақ АКСР ОАК төрағасы С.Меңдешев пен РК(б)П ОК Орта Азиялық Бюросының (Средазбюро) мүшесі С.Қожановтың “Орта Азиядағы ұлттық межелеу туралы” баяндамалары тыңдалып, талқыланды. 1924 жылы 27 қазанда қабылданған КСРО Конституциясына сәйкес КСРО ОАК-нің екінші сессиясында Түркістан АКСР-інің құрамындағы қазақтар мекендеген жерлердің Қазақ АКСР-іне қосылғандығы туралы қаулысы бекітілді. Межелеу нәтижесінде Орта Азия аумағының 45,7%-ы, яғни 797,9 мың км² жері Қазақ АКСР-іне қосылды (оның ішінде 112 мың км² Қарақалпақ автономиялық округі бар, ол 1930 жылы шілдеде РКСФР-ге берілгенге дейін Қазақстанның құрамында болды).

51. Қазақстан одақтық республика дәрежесінде. ҚазССР-нің Конституциясының қабылдануы.

1937 жылғы Қазақ КСР Конституциясы. Бүкілқазақ Кеңестерінің Х съезінде 1937 жылғы 26 наурызда қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 тараудан және 125 баптан тұрды. Онда «КСРО Конституциясының 14-бабының шегінен тыс Қазақ КСР-і өзінің егенмендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті дербес жүзеге асырады», — деп жазылған еді.

1937 жылғы Конституцияда бiрiн бiрiне экономикалық, политикалық қорғау бойынша көмек беру мақсатымен өз еркiнмен басқа республикалармен бiрлесуi, КазҚСР рұқсатысыз аумағының өзгермеуi, республика жүргiзу сұрақтары бекiтiлген, оларға сәйкес жоғары республикалық және жергiлiктi мемлекеттiк өкiл органдары құрастырылды, заңдылықыты орындау бақылауы, азаматтардың құқықтары және қоғамдық және мемлекеттiк ретiн қорғау, салық жинау және т.б. бекiтiлген. Және де прокуратура мен сот органдарының жүйесi құрылды. Халықтық соттар аудан азаматтармен жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқық негiзiнде құпия дауыс берiп сайланатын, сот отырыс қазақ тiлiнде жүргiзiлуi талап етiлген, ал қөп ұлтты аудандарда — олардың тiлiнде.

1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясы. ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы кіріспеден, 10 бөлім, 19 тарау және 173 баптан тұрады. Конституцияға сәйкес, бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды.

52. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы мәдени құрылыс.

Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.

Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.

XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған “Қалың мал” романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.

XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров “Айқап” журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде “Қамар сұлу” романын жаза бастады.

Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары “Топжарған”, “Гүлкашима” поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің “Шахнамасынан” “Рұстем-Зұхраб” поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол “Айқап” журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.

XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынов болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы — “Қырық мысал” болды. Жинақ 1909 жылы Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантәнімен берілген ақын, аудармашы, азамат ретінде танытты. 1911 және 1914 жылы Орынборда “Маса” атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты.

А. Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді. 1913-1917 жылдар - А. Байтұрсыновтың өміріндегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз “Қазақ” газетінің редакторы болды. Мүнда ол окырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады.

Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов қазақ халқының мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Оның қызметі сан кырлы болды. Ол орман ісі, экономика, тарих, мал шаруашылығы, этнография, ауыз әдебиеті жөнінде бірқатар ғылыми мақалалар жазды. Еуропа мәдениетімен көңіл қойып айналысқан ол ез мақалаларында М. Лермонтов, А. Чехов, В. Короленко, Л. Толстой, А. Пушкиндермен катар В. Скотт, У. Теккерей, Ч. Диккенс т. б. есімдерін жиі еске алып отырды. Оның шығармаларында осы жазушылардың ой-пікірлері кеңінен қамтылып, шығармаларынан кейбір үзінділер де келтірілді.

Әлихан Бөкейханов Абай шығармашылығын терең зерттеді, бірінші болып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің жинағын жарыққа шығарды.

XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі - Міржақып Дулатов. М. Дулатов бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде жалғастырды, өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс және шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы - “Бақытсыз Жамалдың” авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынан жоғары бағаланды. М. Дулатов А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдеби тілінің тынымсыз жаңашылы әрі реформаторы болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен түсініктер енгізді.

XX ғасырдың бас кезінде талантты казак жазушысы әрі драматургі Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылык жолы басталды. Ол ауыл мектебін бітіріп, білімін орыс-қазақ мектебінде жалғастырды, 1914 жылы Семейдегі мүғалімдер семинариясына түсті. Оның негізгі шығармалары кеңестік уакытта жазылды. Дегенмен Ж. Аймауытов 1917 жылдың өзінде “Абай” журналының жұмысына да араласты.

Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыкка үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып түрды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің “Шолпан” атты жинағы шық- ты. М. Жумабаев - еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялык формаларды енгізу оньщ есімімен тікелей байланысты. Ңазақ, араб, парсы, түрік тілдерін, басқа да түркі халықтарының тілдерін терең меңгерген ол бозбала кезінен бастап-ақ Абай мен Махамбет поэзиясының мектебінен өтіп, өзінің ақындық өнерін дамытуда кол жеткен табыстарымен тоқталып қалған жоқ. Сталиндік баскарудың каһарына мінген жылдары оның шығармашылығына тыйым салынды. М. Жүмабаев түтқын- далып, алдымен Беломорканал, соңынан Соловкидегі лагерьге жіберілді. 1938 жылы ату жазасына бүйырылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]