- •06.02.1972 Жылы туған,
- •Мұғалімнің құжаттары
- •Педагогикалық тәжірибені жинақтау материалдары
- •Педагогтың ғылыми – әдістемелік қызметі туралы куәландыратын құжаттар
- •Кәсіптік құзіреттілікті бағалау қорытындылары
- •Оқушылардың жетістіктері
- •Мұғалімнің жетістіктері
- •Соңғы үш жылдағы пәндік динамикалық көрсеткіштер
- •Соңғы үш жылдағы ұбт көрсеткіштер
- •Сараптама
- •Алға ауданы, Маржанбұлақ орта мектебі
- •1.Біліктілікті арттыру курсы:
- •2. Педагогикалық тәжірибе жұмыстарын тарату
- •3. Бұқаралық ақпараттық құралдары басылымдары
- •4. Конференцияларға, семинарларға қатысу және басылымдары.
- •5. Электрондық ортаның, электрондық оқулықтың бар болуы
- •8. Ұбт нәтижесі. Соңғы үш жылдағы ұбт көрсеткіштер
- •9. Сапа диаграммасы, оқушының үлгерімі (соңғы 3 жылдағы)
- •Қазақ әдебиеті
Маржанбұлақ орта мектебінің аттестаттау комиссиясына
(санаттарды растау / беру жөніндегі аттестаттау комиссиясының атауы)
Муканов Сагинхан Жаймаганбетович
(педагогтың тегі, аты және әкесінің аты)
Маржанбұлақ орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
(лауазымы, жұмыс орны)
Ө Т І Н І Ш
Мені, 2015 жылы Біліктілікті жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман
лауазымы бойынша біліктілік санатына аттестаттауды сұраймын.
Қазіргі уақытта бірінші санаттамын, ол 2015 жылға дейін жарамды.
Келесі жұмыс нәтижелерімді негізге аламын: 2003 жылдан бастап Маржанбұлақ орта мектебінде жұмыс істеп келемін. Оқу процесінде өзімнің біліктілігім мен тәжірибемнің арқасында көзге түстім. Өзімнің өзекті мәселем: «Ана тілін меңгерген сауатты тұлғаны қалыптастыру». Осы мәселе бойынша мектеп және аудан, облыс ұйымдастырған мәдени іс – шаралараға белсене қатыстым. 6 - класта өткізген «Зат есімнің түрлері», «Есімдік», 10-класта « Ы.Алтынсариннің шығармашылық – ұстаздық еңбегін қайталау-байыту сабақтары», «Желтоқсан ызғары», «ЖҚТБ-қатерлі дерт», «Имандылық – қастерлі қасиет» атты тәрбиелік жұмыстары, мектепішілік ата –аналар жиналысында оқушыларды имандылыққа тәрбие барысында баяндамаларым тыңдалды.
Теориялық білімімді әрдайым жұмыс істеу барысымда сабақтарыма үнемі түрлендіріп өткізіп отырамын. Ойын элементтерін тиімді пайдаланумен қатар сайыс сабақтар, топпен жұмыс, өзін-өзі басқару, өзін-өзі бағалау, нашар оқитындармен жұмыс, дарынды оқушылармен жұмыстарды қатар жүргізіп отырдым.
Өзім туралы келесі мәліметті хабарлаймын:
Білімім:
Оқу орнының атауы |
Оқу кезеңі |
Диплом бойынша мамандық |
Ақтөбе педагогикалық институты |
1989 – 1993 ж. |
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі |
Жұмыс өтілім:
Жалпы |
Мамандық бойынша |
Педагогикалық |
Білім беру ұйымының деректері |
22 жыл |
19 жыл |
19 жыл |
19 жыл |
Наградалар, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми дәрежесі алынған (берілген) жылын көрсете отырып:
« Жас ұрпақтың жанына өмірлік азық болар білім нәрімен сусындатып, озық ойлы азамат қалыптастырудағы ерен еңбегім үшін » Алға ауданының Алғыс хатымен 2011 жылы марапатталдым ;
«Егеменді еліміздің бәсекеге қабілетті жас ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі атқарған шығармашылық ізденісі үшін» грамотамен - Алматы қаласы , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы Акционерлік қоғамы - 2014 жылы марапатталдым.
Білім беру жүйесінің азаматтық қызметшілерін аттестаттау қағидаларымен таныстым:
«20» мамыр 2014 жыл.
__________________________
(Қолы)
Түйіндеме
Мұқанов Сағынхан Жаймағанбетұлы
06.02.1972 Жылы туған,
Алға ауданы Маржанбұлақ орта мектебі
I.Білімі: Жоғары.
1993 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген.
II.Өтілі 19 жыл
1.1993-1998 жылдары Хромтау ауданы, Құдықсай орта мектебінде жұмыс істеген. Жұмысты қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берумен қатар класс жетекшілік -жұмыстарды атқарды.
2.1998-2002 жылдары Ақтөбе қаласы № 5 кәсіптік техникалық лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және аудармашы болды.
3.2001-2003 жылдары Ақтөбе қаласы 6655 әскери бөлімде қазақ тілі пәнінің мұғалімі және аудармашы болып жұмыс істеді.
4.2003 жылдан бастап Алға ауданы Маржанбұлақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болып істейді.
III. Санаты: Алға аудандық білім бөлімінің «30» сәуір 2010 - жылғы
№2-56 § 4 бұйрығымен бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі санаты берілген.
IV. Білімін жетілдіруі:
1. 2004 жылы 15.11-27.11 аралығында Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында «Жаңа буын оқулықтарының мазмұны мен әдістемесі» атты курстан өтті.
2. 2006 жылы 20.02-22.02 аралығында Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында «Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша ҰБТ-ға дайындаудың теориялық және әдістемелік негіздері» атты тақырыпта курстан өтті.
3. 2006 жылы 02.10-14.10 аралығында Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында «12 жылдық оқытуға көшу жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ғылыми методологиялық негіздері» атты тақырыпта курстан өтті.
4. 2010 жылы 20.02-06.03 аралығында Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында «Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оөытуда педагогикалық технологиялардың тиімділігі» атты тақырыпта базалық курстан өтті.
5. 2012 жылы «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымддастыруымен облыстық педагогикалық олимпиададан сертификат алды.
6. 2014 жылы Алматы қаласында өткен « Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын республикалық институтының » Екінші негізгі деңгейлі Кембридж бағдарламасы бойынша курстан өтті.
Ү. Баяндамалары:
2010-2011 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің аудандық тамыз мәслихатында «Қ.Жұбанов еңбектеріндегі малға байланысты айтылатын одаңайлар» тақырыбында баяндама оқыды.
2011-2012 оқу жылында мектепішілік ата-аналар жиналысында «Оқушыларға қарым-қатынас жүйесінде имандылыққа баулу» атты баяндама оқыды.
2009-2010 оқу жылында Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында «Қазақ тілін әлемдік стандарттар деңгейде оқыту іс-тәжірибиесі, оқытудың озық технологиялары» атты облыстық оқу-әдістемелік семинарда баяндама оқыды.
ҮІ. Оқу әдістемелік құралдары:
ҮІІ. Мақалалары: Оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясының негізінде дайындалған 6-қазақ тілі пәнінің сабақ жоспары. Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты. Ақтөбе-2010 жыл.
ҮІІІ. Оқу-әдістемелік басылымдары. -
ІХ. Тәжірибе тарауы, конкурстарға қатысу. -
Х. Оқушылардың жетістіктері.
11-сыныптың соңғы үш жылдағы білім сапасын 2011-2012 жылғы ҰБТ қазақ тілінен орташа балы 17, 3, 2012-2013 жылы орташа балы 15,1, 2013-2014 жылы орташа балды 16,7 құрады.
Аудандық және облыстық байқауларда мектебіміздің оқушылары жүлделі орынға, атап өтер болсақ, «Тары тәңірісі – Шығанақ» тақырыбында өткізілген әдеби-көркем шығарма байқауында ІІ-орынға 10-класс оқушысы Мамырова Н., Республикалық олимпиаданың 2 кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ жүлделі орынға ие болғаны үшін 8-класс оқушысы Медеубаева А., «Абай - Шәкәрім» аудандық байқауында Бекеева А. алғыс хатпен, ал Медеубаева А. «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша ІІІ орынға, 8 класс оқушысы Амандықов Қ. Аудандық «Қазақ тілі» қоғамынң алғыс хатын алса, О.Бөкей атындағы «Өлең – сөздің патшасы» атты аудандық байқауында 10-класс оқушысы Мұхамбетов Е. ІІ орынды иеленді.
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми- тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Шежірелі өлкемнің тарландары» облыстық шығарма байқауына қатысып, шығармашылық қабілетін көрсете білгені үшін 10 – класс оқушысы Шампонова Ә. Мақтау қағазымен марапатталды.
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми- тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» облыстық білім байқауына қатысып, шығармашылық қабілетін көрсете білгені үшін 7а – класс оқушылары Жетпісбай А. , Наурызбаева М. , 7ә класс оқушылары Амандықова А., Байтурина А., Жақсылықова Б., Дусакова С., 9а класс оқушысы Биекенова Орынай, 10 а класс оқушылары Шампонова Ә., Зилағиева Ж., 11 а класс оқушылары Нуразғалиев Ж. ІІ дәрежелі дипломмен , «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми- тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Өз өлкемді мақтан етемін» облыстық шығарма байқауына қатысып, шығармашылық қабілетін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін ІІІ орын Дипломмен 10 а – класс оқушысы Шампонова Ә. марапатталды.
ХІ. Марапаттары:
2006ж. Алға қаласының алғыс хаты «Аудандық қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауында шығармашылық ізденіс көрсеткені үшін;
2007ж. Маржанбұлақ орта мектебінің мақтау грамотасы «Оқушыларды жоғары деңгейде пәндік олимпиадаға дайындап, жоғары дәрежеге жеткені үшін»;
2010ж. Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының алғыс хаты «Қазақ тілін әлемдік стандарттар деңгейде оқыту-іс тәжірибиесі, оқытудың озық технологиялары» атты облыстық оқу-әдістемелік семинарда кәсіби шеберлігі мен белсенділігін танытқаны үшін;
2011ж. Алға ауданы әкімінің алғыс хатымен «Жас ұрпақтың жанына өмірлік азық болар білім нәрімен сусындатып, озық ойлы азамат қалыптастырудағы ерең еңбегі жемісі үшін» марапатталды.
2014 ж. - Алматы қаласы , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы Акционерлік қоғамы «Егеменді еліміздің бәсекеге қабілетті жас ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі атқарған шығармашылық ізденісі үшін» грамотамен марапатталды.
