Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTChET_PO_KIPIA_401AS.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.57 Mб
Скачать

1.4.Бақылау және автоматтандыру жуйелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша өндірістік бригададағы жұмыс

Үш фазалы асинхронды қозғалтқышты алғаш реет өндірістік мақсат үшін орыс ғалымы М.О.Доливо-Доброволський 1890 жылдары жасады және пайдаланды. Бұл машиналардың жұмыс істеу принципі екі құбылысқа негізделген-уш фазалы статор орамасының айналушы магнит өрісін тудыруы және осы өндірістің ротордың қысқаша тұйықталған орамдарында индукцияланған тоқтармен әрекеттесуі. Машинаның статорың электротехникалық болаттан жасалған табақшалардан жинайды.

Асинхронды қозғалтқыш жүріп кетуі үшін, оның жургізуші моменті білікке қосылған механиздердің қарсылас моменттерінен көп болуы керек.

Екінші жағынан, жүргізуші тоқтың мәні белгілі мөршерден аспау керек, өйткені электр желісінің кернеуі томендеп кетеді де, бұл жағдай басқа электр тұтынушыларының жұмысына зиян келтіреді,

Қысқа түйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштың жүргізуші тоғынын мәнін азайту үшін стоатор кернеуін азайтуымыз керек, Бірақ бұл жағдайда жүргізуші момент кернеуін квадратына пропорционал азайып кетеді.

Жүргізу ауыр болған жағдайларда қысқаша түйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштың жүргізуші моменті номинал кернеу кезінде де жеткіліксіз болуы мумкін, Бұл жағдайда не фазалық роторлы асинхронды қозғалтқыш, не арнайы жасалған екі торлы және терең ойықты қозғалтқыштар қолданылады.

1.5.Бақылау және автоматтандыру жүйелеріне техникалық монтаждау және баптау бойынша өндірістік бригададағы жұмыстар

Температура мұнай және газ өндірісінде технологиялық процесті қадағалауда және реттеуде қолданылатын негізгі параметрлерінің бірі болып табылады.

Температура деп дененің қызуын көрсететін физикалық шаманы айтады.

Температуралық шкала деп белгілі бір заттың температурасының бірі мәнді функциясы болатын физикалық қасиеттерінің сызықтын, сандық байланыста болатын үздіксіз сандар жиынтығын айтады.

Температураны өлшейтін аспаптарды термометрлер деп атайды. Термометр деп температураның функциясы болатын, көрсетуге немесе сигналға түрлендіру арқылы өлшеуге арналған аспап.

Қысым технологиялық процестің негізгі параметрлерінін бірі болып табылады.

Қысым технологиялық процестің негізгі параметрінің бірі болып табылады. Қысым деп күштің ауданға перпендикуляр әсер етуін айтады

Манометр - қысым айырымын өлшеу үшін қолайлы аспап. Қарапайым ашық сұйық манометр латын әрпі U пішінді шыны түтіктен тұрады. Түтікке қандай да бір сұйық, мысалы, аз қысым айырымын өлшеу үшін май сияқты тығыздығы аздау, ал үлкен қысым айырымын өлшеу үшін сынап сияқты тығызырақ сұйық құйылады. Түтіктің бір тармағы ашық қалдырылып, екінші тармағы резеңке түтікшемен жалғасады. Түтікке құйылған сұйық оның екі тармағында да бір деңгейде болады, себебі ыдыс тармақтарындағы сұйық бетіне тек атмосфералық қысым ғана әсер етеді. Енді резеңке түтікшені бір бетіне резеңке қабықша қапталған дөңгелек қорапшамен жалғастырайық та, қорапшаны ақырын қолымызбен басайық. Бұл кезде қорапшамен жалғасқан манометр тармағындағы сұйықтың деңгейі төмен түседі де, екінші тармағындағы сұйықтың деңгейі жоғары көтеріле бастайды. Қорапты неғұрлым күштірек бассақ, соғұрлым манометр тармақтарындағы сұйық деңгейлерінің айырымы үлкен болады. Себебі резеңке қабықшаны басқан кезімізде қорапшадағы ауаның қысымы артады. Паскаль заңы бойынша қысымның осы артуы манометрдің қорапшамен жалғасқан тармағындағы сұйыққа да беріледі. Сығылған ауаның артық қысымы манометрдің екінші тармағындағы сұйықтың артық бағанының түсіретін қысымымен теңелген кезде, сұйық тепе-теңдік қалыпқа келеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]