Азия және Еуропа дүние
бөліктерінде орналасқан мемлекет.
Жер
ресурстарының жалпы қоры жөнінен
Ресей дүниежүзіндегі ең алдыңғы
қатарлы ел. Елдің жалпы жер қоры —
1709,8 млн га. Жан басына шаққандағы жер
үлесі — 11,5 га.
Ресейдің
жағалауларын үш мұхиттың суы шайып
жатыр.
Ресеймен
Қазақстан арасындағы шекара әлемдегі
ең ұзын шекара болып табылады.
БҰҰ
Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты
мүшесі
Ресей
табиғи газдың барланған қоры жөнінен
1-орын алады, оның үлесіне әлемдік
газ қорының 1/3 бөлігі тиесілі.
Мұнайдың
барланған қоры жөнінен Ресей
дүниежүзінде 7-орын (әлемдік қордың
6,5%-ы) алады.
Ресей
аумағының жартысына жуығын орман алып
жатыр (Дүниежүзіндегі
ормандардың 22%-ы Ресейге тиесілі).
Ресей
жері табиғат
ресурстарының барлық
түріне бай, әсіресе минералдық
ресурстар құрамы өте алуан түрлі.
Ресей
дүниежүзі бойынша жер қоры, ағаш
сүрегі, теңіздердің толысу энергиясы,
өзендердің су-энергетикалық қоры
жөнінен 1-орынды, ал өңделетін жер
үлесі жөнінен 3-орынды иеленеді.
Ресей
өзендерінің 500-ден астамы кеме жүруге
қолайлы. Олардың кеме жүзуге жарамды
жалпы ұзындығы 300 мың км-ден асады.
Халықтың
сауаттылық деңгейі (9жастан үлкен)
-99,8%
|
Кеңес
Одағының ыдырауына байланысты ел
экономикасы терең дағдарысқа ұшырады.
Ресей
шаруашылығының аумақтық орналасуы
әркелкі.
Шекараға
жақын аудандарда саяси жағдайдың
шиеленісуі
Жер
қорының 1/3-і ғана пайдалануға жарамды.
Жер
бедері құрылымының қолайсыз жақтары
жеткілікті. Мысалға алатын болсақ,
Қиыр Шығыстағы тау жоталары Тынық
мұхит үстінен
келетін ылғалды ауа массаларының
тереңдеп енуіне кедергі жасайды.
Климат
континенттілігі әркелкі таралған
(батысында, яғни еуропалық бөлікте
климат қоңыржай континенттік болса,
ал азиялық бөлікте шұғыл континенттік).
Сол себепті табиғат жағдайы осы
аймақтарды игеру мүмкіндігін тежейді.
Халықтың
ұдайы өсуінің қазіргі типі орнықты.
Туризмнің
дамуына солтүстік және шығыс
бөліктерінде көлік торабы жолдарының
нашар дамуы кедергі келтіреді
|
АҚШ,
әлемдік экономика мен саясаттың жаңа
орталықтары болып табылатын Қытай,
Оңтүстік-Шығыс Азия
және Үндістанмен қарым-қатынастарды
жаңа деңгейге көтеру елдің геосаяси
жағдайын нығайта түспекші.
Ресей
жері арқылы Біртұтас автоматты байланыс
жүйесі салынған.
Ол электр тербелістері арқылы
берілетін ақпараттарды бір
жүйеге топтастырады. Әлемдік байланыс
жүйесіне енуде ұзындығы 18 мын км-ге
жететін Трансресейлік
талшықты оптика желісінің
салынуының маңызы өте зор. Ол
Ресейдің Еуропамен және Жапонияменбайланысын
жаңа сатыға көтеруде.
Қызмет
көрсету саласы үлкен қарқынмен дамуда,
2015 жылы ЖІӨ-нің 59,7% осы саладан келіп
түскен, халықтың 63% осы салада жұмыс
істейді.
|
Ресейдің
7%-дан астам жер ресурсы әртүрлі
деңгейдегі шөлейттену процесіне
ұшырауда.
Ресейде
адамның өмір жасының ұзақтығы қысқарды:
1990 жылы бұл көрсеткіш 69 жасқа тең
болса, қазіргі кезде 66,6 жасты кұрайды.
Ресей
ғалымдарының болжамы бойынша, алдағы
уақытта елдегі халық санының қыскаруы
одан әрі жалғаса береді.
Қазіргі
заманғы әлемдегі геосаяси жағдай,
ұлттар мен діндер араздығы, халықаралық
терроризммен күрес
шаралары Еуразияның
көптеген
аудандарында саяси тұрақсыздықтың
орын алуына себепші болды. Бұл жағдайда
аймақтағы, әлемдегі саяси жағдайға
ықпал ететін ірі мемлекет ретінде
Ресейдің рөлі күшейіп келеді.
|