- •1.Өзбекстан Республикасының машинақұрастыру саласының ерекшеліктері.
- •2.Тәжікстан Республикасының экономико-географиялық, геосаяси жағдайларының ерекшеліктерін және әкімшілік-аумақтық бөлінісін сипаттау.
- •3. Тмд елдерінің ішіндегі мамандандырылған шаруашылық түрлері.
- •1. Тмд жеңіл өнеркәсіп саласына сипаттама.
- •2. Армения елінің экономико-географиялық жағдайы.
- •3. Ресей Федерациясының экономикалық жағдайына swot анализ.
1. Тмд жеңіл өнеркәсіп саласына сипаттама.
Беларусь Республикасындағы "Минск трактор зауыты" ауылшаруашылық машиналары мен трактор жасауға маманданса, химия өндірісі жасанды талшық өндіруден ТМД-да алдыңғы орынды алады. Беларусь Республикасында техникалық дақылдардан ең көп өсірілетіні зығыр. Зығыр көбінесе елдің солтүстік батысында өсіріледі.
Армения. Жеңіл өнеркәсіпте мақта-мата кәсіпорындары шұлық және трикотаж бұйымдарын, кілемдер, жібек, жүн және мақта маталарын шығарады. Тамақ өнеркәсібі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейді. Армения сапасы жоғары шараптар мен коньяктар («Каири», «Армения», «Ереван», т.б.) шығарады.
Түрікменстан. Жоғары технологияға негізделген ондай кәсіпорындар саны қазір 63-ке жеткен. Жыл сайын бұл елде 158 млн м² мақта-мата бұйымдары мен 82 мың тонна жіп иіріледі. Осы өнімдерін Түрікменстан әлемнің жоғары дамыған 30-дан артық еліне шығарып тұрады.
Жалпы, бұл ел әлемнің 80-нен артық елмен белсенді сауда-экономикалық байланыстар жасайды.
Тәжікстан. Ауыл шаруашылығында мақта егуге ерекше көңіл бөлінген. Мақта экспорты сыртқы айналымның 14,1%-ын құрайды. Егістік алқаптың 64,5 мың га жеріне жеміс-жидек, 21 мың га жерге жүзім отырғызылған. Жүзімдік және бақ Тәжікстанның оңтүстік-батыс жағында және Батыс Памирде өрік, шабдалы, алма, алмұрт, айва, анар, інжірөсіріледі. Кейінгі жылдары лимон өсіріле бастады. Етті-жүнді және етті-сүтті мал шаруашылығы дамытылуда. Жібек құрты өсіріледі. Таулы-Бадахшан автономиялы облысында биік таулық жайылымдықтарда мал шаруашылығымен бірге бақ, темекі өсірудің және тау-кен өндірісінің үлесі басым.
Қырғызстан. Жеңіл өнеркәсіп өнімдері көлемі күннен-күнге артуда, жүн түту, кігіз басу, кілем тоқу, тері-былғары илеу сияқты салалары өркендеуде. Елдің оңтүстігінде мақта өңдеу менжібек шаруашылығы дамыған. Тамақ өнеркәсібі жергілікті шикізатты өндеуге бағытталған.
2. Армения елінің экономико-географиялық жағдайы.
Армения- солтүстігі мен батысында Грузиямен, шығысында және оңтүстік-шығысындаӘзірбайжанмен, ал батысы мен оңтүстігінде Түркиямен шектеседі. Армения теңізге тікелей шыға алмайды, ал көршімемлекеттермен шекаралары Кіші Кавказдың асу бермес қиын тау жоталары арқылы өтеді. Ел шебінің басым бөлігін Түркиямен және Әзірбайжанмен шекаралары құрайды, сол себепті тарихи кезеңдерде бұл елдермен шекара жанжалы жиі туындаған болатын. Осының бәрі Арменияның географиялық және геосаяси жағдайына өзіндік ықпалетеді.
2008 жылдың соңына қарай Арменияда 3,3 миллион халық тұрды, халықтың орташа тығыздығының көрсеткіші 1 км2-ге 108 адамнан келді. Жер бедерінің күрделі болуы халықтың қоныстану сипатына да ықпал еткен: Армения халқының жартысынан астамы Арарат жазығында тұрады. Табиғи өсу жыл сайын қысқарып келеді, қазіргі кезде оның көрсеткіші 4‰-ге тең. Қала халқының үлес салмағы — 67%. Арменияны бірұлтты елдер қатарына қосуға болады, өйткені оның халқының 94%-ын армяндар құрайды. Басқа ұлттар арасында орыстардың, күрдтердің, грузиндер мен гректердің саны біршама.
Соңғы онжылдықта ТМД-ның басқа да жас тәуелсіз мемлекеттеріндегі сияқты, Арменияда да экономиканың құлдырауы басым болды. Кеңестік дәуірмен салыстырғанда халықтың әл-ауқаты да төмендеп кетті. Қазіргі кезде ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткіші бар болғаны 560 АҚШ долларына тең (бұл ТМД бойынша ең төменкөрсеткіштердің бірі). Елдегі жұмыссыздар саны 109 мың адамға жеткен, бұл ЭБХ-тың 9%-ын құрайды. Жұмыссыздық деңгейі бойынша Армения ТМД елдері арасында 1-орын алады.
Өнеркәсіп үлесіне ЖІӨ-нің 34%-ы тиесілі. Өнеркәсіп құрылымында машина жасау басым, әсіресе прибор және станок, радиотехника мен электроника жасау жақсы дамыған. Өнеркәсіптің байырғы салаларының бірі — жергілікті шикізат көзіне негізделген түсті металлургия. Бұл саланың жекелеген кәсіпорындары электр энергиясыныңтапшылығынан өз жұмысын тоқтатқан. Елде мұнай мен табиғи газ қоры жоқ, мұның өзі елді энергия көзімен жеткілікті түрде қамтамасыз етуге кедергі болуда. Электрэнергиясы Армян АЭС-і мен Раздан өзеніндегі СЭС жүйесінде өндіріледі. Соған қарамастан жыл сайын жан басына шаққанда электр энергиясын өндіру азайып келеді.
Басқа салаларға қарағанда, жергілікті шикізат кезіне бағдарланған тамақ енеркәсібі тұрақты дамып келеді. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері (шарап, коньяк, жеміс консервілері) республикадан тыс жерлерге көп сатылады. Елде құрылыс материалдарын өндіретін бірнеше кәсіпорын жұмыс істейді.
Агроөнеркәсіптік кешенде жүзім шаруашылығы мен жеміс өсіру жетекші орын алады. Жүзімдіктер мен жеміс бақтарының көпшілігі Арарат аңғарының суармалы алқаптарында орналасқан. Мұнда мақта, бадам, зәйтүн және көкөніс басым таралған. Жайылымдық мал шаруашылығы кең қанат жайған. Тауларда бидай мен арпа өсіріледі. Жалпы алғанда, жыртылатын жерлер ауыл шаруашылығы жерлерінід 2/5 бөлігін құрайды. Қазіргі кезде елдің ауыл шаруашылығы табиғи сипат алған, яғни елазық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылуда. Соған қарамастан астық, сүт және ет ендіру көлемі қысқарған.
Сыртқы саудадағы негізгі бағыт — импорт көлемінің ұдайы артуы, ол экспорт көлемінен әлдеқайда артық болып отыр. Ел мазут, табиғи газ, ауылшаруашылық өнімдерін сырттан сатып алуға мәжбүр. Елдің сыртқы экономикалық байланыстардағы негізгі әріптестері Ресей (20%), Иран және Түрікменстан болып табылады.
