- •1.Өзбекстан Республикасының машинақұрастыру саласының ерекшеліктері.
- •2.Тәжікстан Республикасының экономико-географиялық, геосаяси жағдайларының ерекшеліктерін және әкімшілік-аумақтық бөлінісін сипаттау.
- •3. Тмд елдерінің ішіндегі мамандандырылған шаруашылық түрлері.
- •1. Тмд жеңіл өнеркәсіп саласына сипаттама.
- •2. Армения елінің экономико-географиялық жағдайы.
- •3. Ресей Федерациясының экономикалық жағдайына swot анализ.
12-билет
1.Өзбекстан Республикасының машинақұрастыру саласының ерекшеліктері.
Өзбекстан индустриалды-аграрлы мемлекет.
1913 жылы бүкіл фабрика, зауыт өндірісі жалпы өнімінің 85%-ы мақта тазалау мен май йыру саласының үлесіне тиіп, ауыр индустрияның өндірісі 2% шамасында болған. Кеңес өкіметі жылдарында жаңа өндіріс салалары құрылып, ауыр индустрияның үлес салмағы артты.
1990 жылы ол бүкіл өнеркәсіп өндірісі көлемінің 44,4%-ын құрады. Ташкент авиациялық-өндірістік бірлестігінде “Ил-76”, “Ил-114”, Ил-114 т.” ұшақтары шығарылады.
1996 жылы Оңт. Кореялық “Daewoo” фирмасымен бірлесіп өндірістік қуаты жылына 200 мың жеңіл автомобильдік шығаруға жететін зауыт іске қосылды. Сонымен бірге автомобидбдерді жабдықтауға арналған бұйымдар жасайтын кәсіпорындар құрылып, жүк автомобильдері мен автобустар шығаратын зауыттар салынды. Жеңіл өнеркәсіп орындары республикадағы өнеркәсіп өнімінің 20%-ынан астам бөлігін өндіреді.
Мұнда жүк көтергіш көліктер мен химия өнеркәсібіне қажетті жабдықтар, кабель өндіретін кәсіпорындар да орналасқан. 1996 жылдан бастап Андижан облысында "Дэу" компаниясымен бірлескен автомобиль зауыты жұмыс істейді. Бұл кәсіпорында жылына 200 мыңға дейін "Дэу-Нексия" жеңіл автокөлігі құрастырылады.
2.Тәжікстан Республикасының экономико-географиялық, геосаяси жағдайларының ерекшеліктерін және әкімшілік-аумақтық бөлінісін сипаттау.
Тәжікстан- Орталық Азиядағы мемлекет. Оңт-нде Ауғанстанмен, солүстік мен батысында Өзбекстанмен, солтүстігінде Қырғызстанмен, шығысында Қытаймен шектеседі. Жер аумағы – 143,1 мың км2. Халқы – 6,579 миллион (2001). Халқының 62%-ын тәжіктер, 23%-ын өзбектер, 5%-ын орыстар, қалған 10%-ын түрікмендер, қазақтар, қырғыздар, корейлер, немістер, т.б. құрайды. Астанасы — Душанбе қаласы (608 мың адам) (2000). Ресми тілі – тәжік тілі. 1994 жылы қабылданған Конституциясы бойынша – президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Заң шығарушы органы – меджлис. Тәжікстан құрамына Таулы Бадахшан автономиялы облысы (жер аумағы – 63,7 мың км2; халқы – 167 мың (2000); әкімшілік орталығы – Хорог қаласы) кіреді. Тәжікстан әкімшілік жағынан 3 облысқа бөлінеді. Ақша бірлігі – сомони. Электр энергетика өндірісі – Тәжікстан индустриясының басты салаларының бірі. Электр энергиясы негізінен Ресейге, Түрікменстанға және Иранға шығарылады. 2002 жылы Тәжікстанның сыртқы сауда айналымы 1 млрд. 73,6 миллион долларды құрады. Тәжікстан экспортының 55%-ын алюминий құрайды. 2002 жылы 226,2 мың т алюминий сыртқа жөнелтілді. Тәжікстан тау-кен өндірісінің негізгі өнімдері – қорғасын-мырыш, сүрме-сынап, вольфрам-молибден, висмут кендері, алтын және флюорит.Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары тоқыма станоктарын, ауыл шаруашылық машиналарын, тоңазытқыш, электртехникалық қондырғылар, трактор бөлшектерін, т.б. шығарады. Химия өнеркәсібінен минералдық тыңайтқыштар өндірісі дамыған. Құрылыс материалдары өндірісінен цемент-шифер комбинаты, темір-бетон және бетон конструкциялары зауыттары, гипс, алебастр, әктас зауыттар жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында мақта егуге ерекше көңіл бөлінген. Мақта экспорты сыртқы айналымның 14,1%-ын құрайды. Егістік алқаптың 64,5 мың га жеріне жеміс-жидек, 21 мың га жерге жүзім отырғызылған. Жүзімдік және бақ Тәжікстанның оңтүстік-батыс жағында және Батыс Памирде өрік, шабдалы, алма, алмұрт, айва, анар, інжірөсіріледі. Кейінгі жылдары лимон өсіріле бастады. Етті-жүнді және етті-сүтті мал шаруашылығы дамытылуда. Жібек құрты өсіріледі. Таулы-Бадахшан автономиялы облысында биік таулық жайылымдықтарда мал шаруашылығымен бірге бақ, темекі өсірудің және тау-кен өндірісінің үлесі басым. Кеңестер Одағы тараған соң бұрынғы экономикалық-әлеуметтік байланыстардың үзілуі және ішкі саясаттағы қақтығыстар елді экономикалық тығырыққа алып келді. Шаруашылықтың барлық салаларында тұралау байқалды.
Тәжікстан экономикасы аграрлық –индустриалды, оның негізін ауыл шаруашылығы құрайды: мақта шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, сонымен қатар өнеркәсіп, машина жасау, алюминий, минералды тыңайтқыштар өндірісі, текстиль және жеңіл өнеркәсіп, энергетика және халықтық тұтыну тауарларының өндірісі. Қалыптасқан әлемдік көлік инфрақұрылымынан салыстырмалы түрдегі шалғайлық пен коммуникациялық оқшаулық, жоғары таулы жер бедері, теңізге шығудың болмауы экономикалық –географиялық жағдайдың пайда әкелмейтін тұстарын анықтайды. 1998 жылдан бастап Республиканың ЖІӨ шынайы өсімінің тенденциясы байқалады. 2012 жылдан бастап ЖІӨ өсімінің қарқыны мен тұрғындардың жан басына шаққандағы ІЖӨ сәйкесінше 7,4% және 5,9% болды, бұл ЕврАзЭС бойынша орташа мәндерден жоғары.
Тәжікстандағы инфляция ерекше тұрақсыз болып қалып отыр. 2011 жылғы бағалар өсімінің қарқыны 6,4% дейін төмендеуінің соңынан 2012 жылы инфляция деңгейі тағы да 12% асты, бұл бір жағынан азық түлік пен жанар жағармай материалдарының әлемдік бағаларының өсімімен байланысты. Тәжікстанның мемлекеттік бюджетінің шығындық бөлігінің тұрақты өсуіне қарамастан, соңғы жылдар ішіндегі бюджет профицитпен өтті. Салықтық көздер 2012 жылғы бюджет кірістерінің 66% құрады. Бюджетке жинақ көлем бойынша ең ірі салықтар ҚҚС (оның үлесі барлық салық түсімдерінің 47,6% құрады), жеке бас және әлеуметтік салықтар болды. 2012 жылы бюджет табыстарының айтарлықтай бөлігін– 9,3% Мемлекеттік инвестициялар Бағдарламасы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік үкіметтер және халықаралық ұйымдар беретін несиелер гранттар құрады.
Соңғы онжылдықтағы Тәжікстан Республикасының негізгі экономикалық өсімі ең алдымен алюминий мен мақта тауарларының экспорты болып табылады және ең алдымен жеке тұтыну түріндегі ішкі сұраныстың өсімі болып табылады. Жек тұтынудың айтарлықтай үлесі импорттық тауарларға тиесілі. Ақшалай аударылымдар құрылыс пен қызметтер өндірісін ынталандырады.
2012 жылы мақта Тәжікстан экспортының 12% құрады және алюминийден кейінгі маңыздылығы бойынша екінші өнім болып табылады. Экспорттағы мақтаның айтарлықтай үлесі Тәжікстанды әсіресе соңғы бірнеше жылда аса тұрақты болмайтын мақтаның әлемдік бағасына тәуелді болып табылады.
Тәжікстан экономикасының өсім қарқындары 2013 жылы Ресейдегі өсімнің төмендеуі салдарынан және алюминий экспорттық жеткізілімдерін қысқарту есебінен аздап бәсеңдейді.Шынайы ІЖӨ, болжамдарға сай, 2013 жылы 2012 жылғы 7,5% салыстырғанда 7% болып отыр. Ақшалай аударылымдардың массалық ағыны тұтыну деңгейіне қолдау көрсетеді және салық түсілімдерінің артуына әсерін тигізе отырып, мемлекеттік инвестициялардың қаржылануын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Инфляция жоғары болып қалып отыр. Бағалар, күтіліп отырғандай, 2012 жылғы 5,8% салыстырғанда 2013 жылы 7,7% артады .
Жеке соңғы тұтынудың шынайы бағасы 2012 жылы 8,8% артты және болжамдарға сәйкес 2013 жылы өсім 8% күтіледі.
Ағымдағы есеп тапшылығы 2012 жылы ЖІӨ 1,9% құрады, бұл көрсеткіш 2013 жылы 2,2% дейін артты. Экспорттан түскен түсілімдер, халықаралық сарапшылардың пікірінше, мақтаның және басқа да экспортталатын өнімнің әлемдік бағаларының төмендеуі нәтижесінде төмендейді.
