Қалқанша безі гормондары
Қалқанша безі негізінен екі гормон өндіреді – тироксин (тетройодтинонин) және трийодтиронин. Бұл гормондар жасалуы үшін аминқышқылдар, тирозин және йод керек. Қанда альбумин және глобулинмен байланысқан күйде өз нысаналы жасушаларына жақындағанда босап шығады. Сонымен қатар қалқанша без гормонына тиреокальцитонин немесе кальцитонин жатады. Ол қандағы кальций және фосфар деңгейін реттеп тұрады (төмендетеді)- паратгормон антогонисі. Қалқанша безі гормондарының түзілуі оның өзіне тән арнайы белок – тиреоглобулинге байланысты. Қалқанша безі қалыпты күйде жұмыс істеуіне алғы шарттардың бірі – ағзаға йодтың үнемі түсіп тұруы. Қалқанша безі гормондары әсер ететін процестер:
Тотығу процестері және ең бірінші ретте оттегі сіңірілуі мен көмірқышқыл газы бөлінуіне.
Белгілі бір дәрежеде су алмасуынасу бөлінуін үдету.
Су алмасу өзгерісі салдарынан туындайтын минералды заттар, атап айтқанда хлор алмасуына қатысады. Қалқанша безі гормондары натрий хлоридының бөлінуін үдетеді.
Ассимиляциялық және диссимиляциялық процесстер қарқынын арттырады. Қалқанша безі қызметінің нашарлауы белок биосинтезін әлсіретеді.
Көмірсулар мен майлар алмасуына әсер етеді, олардың ыдырауын үдетеді.
Тотығу және әртүрлі алмасу процестеріне әсер ету арқылы қалқанша безі ұлпалардың өсуіне, дамуына және мамандана ажырауына (дифференцировка) ықпалын тигізеді.
ОЖЖ функциялық жағдайына әсер етеді. Сондықтан қалыптасқан шартты рефлекстер турақтануы осы безге тәуелді.
Қалқанша без гормондары жүрекке тікелей әсер етеді - жиілікті арттырады.
Қалқанша без жұмысы ОЖЖ және оның ең жоғарғы бөлімі – жарты шарлар қыртысының қадағалауымен жүзеге асып отырады. Оған мысал тиреотоксикоздың орталық жүйкелік туындалуы клиникалық зерттеулерге мысал. Сол сияқты «кері байланыс» принципі бойынша, қалқанша без қызметі гипофиздің алдыңғы бөлігі гормоны – тиреотропты гормон – көмегімен бақылануы.
Гипотиреоз – кретинизм «ақыл-ой мешедлігі)
Гипертиреоз – микседема бақшан көз (зейін бұзылуы, күшті эмоция).
Гипертиреоз – без көлемінің улғалап (зоб), тахикардия (жүрек соғысы жиілеуі), көздің шарасынан шығуы (экзофтальм), зат алмасуы жоғарылауы, сол арқылы вегетативтік қызметтер бузылуы. Ағза жүзеуі
Гипотиреоз ---- тәбет төмен, ісік бетте, тері құрғақ; (микседема – суыққа сезгіштік артады, көнілсіздік (апатия), әлсіздік, шаршау, зейінсіздік, психикалық бузылысі.
Қалқанша маңы безі
Қалқанша маңы безінің негізгі ішкі секрециялық қызметі кальций мен фосфордың
алмасуын реттеу. Қалқанша безі гормоны-паратгормон қандағы кальций көлемін арттырса,тиреокальцитонин-төмендетеді. Паратгормонның нысанасы сүйектер мен
бүйректер болып табылады. Сүйектерде остеокластар функциясын арттырып, сүйектер деминерализациясына және қандағы кальций мен фосфор деңгейін көтеруге соқтырады. Ал бүйректерде шумақтар деңгейінде кальций реабсорбциясын арттырып, ал фосфаттар реабсорбциясын тежейді, соның салдарынан гиперкальцемия және фосфаттурия паййда болады. Кальцийдің қалыпты жағдайдағы қандағы көлемі 9,0 мг %.
Қалқанша маңы безі алынып тасталса жануар тетанустық жиырылу салдарынан өледі. Кальций азаюы салдарынан жүйке – бұлшық ет қозғыштығы өзгереді.
Гиперфункция ------ деминерализация, сүйек ұлпасы резорбциясы кері сіңіру остеапороз дамуы, зәр шығару және жыныс жүйесінді жас түзілуі, жүректің электрлік белсенділігі турақтылығының бұзылуы, асқазан-ішек жолы жараларының пайда болуы (Ca++ асқазанда гастрин мен тұз қышқылы бөлінулерін шексізарттыра бастау салдары)----кальций көп, бейорганикалық фосфат аз------- остеопороз (сүйек жұқаруп, қол-аяқ буруы---- булшық еттер әлсіздігі. Азот алмасуы өзгеріп, бауырдың мочевина жасау қызметі төмендеп, организм өзін өзі уландырады.
Гипопаратирез бет пен қол бұлшық еттерінің жиырылуы---- «акушер қолы» (шынтақ және білезік, бас бармақ, сұқ саусақ және шынтақ буынынан бұгіледі). Беттің жүйкесін басса, бұлшық еттер тартылады (Руссо симптомы). Туа біткен жетіспеушілікте сүйек, тіс өсуі баяулайды, тырнақ пен шаги морт сынғыш.
Бүйрек үсті безі гормондарының маңызы. Негізіне үш түрлі топқа біріктірілері:
Минералокортикоидтар – альдестерон, дезоксикортикостерон.
Глюкокортикоидтар – гидрокортизон, кортизон, кортикостерон.
Андрокортикоидтар – андрестерон, эстрол, прогестрон.
Минералокортикоидтар су мен тұз алмасуына әсер етеді (бүйрек, тер, сілекей бездері, асқорыту жолы арқылы). Мысаль альдестерон электродтар алмасуын өзгерту арқылы су алмасуын реттейді.
Глюкокортикоидтар белоктар алмасуына әсер етеді (ыдырауды тездетеді); глюконеогенезді арттырып қандағы глюкоза, бауырдағы гликоген деңгейін көтереді; гидрокортизон мен кортизон лейкоциттердің жалпы санын көбейтіп, нейтрофилия, лимфопения және эозинопения байқалады. Глюкокортикоидтардың эозинофилдер санына әсері соншама тұрақты болғаны сонша, оны клиникада бүйрек үсті безінің функционалдық күйін бағалау үшін қолданады (Торн әдісі). Глюкокортикоидтар коллагендік тіндерге әсер етеді (қабынуға қарсы әсер), дәнекер ұлпаның негізгі заты түзілуін баяулатады, гиалуронидаза ферменті әсерін тежеп капиллярлардың өткізгіштігін бөгейді. Бұл гормондардың айырма безге әсері байқала (тимус пен лимфоидті тін инвалюциясын тудырады). Гипофиз бен бүйрек үсті безі арасында кері байланыс байқалады.
Андрокортикоидтар торлы аймақ құрылымдар. Әсері жағынан жыныс гормондарына ұқсас. Балалық шақ пен кәрілік кезде маңызды.
Бүйрек үсті безінің милы қабаты 2 түрлі гормон – адреналин және норадреналин – түзеді. Адреналин қан қысымын арттырады, жүректің минуттық көлемін ұлғайтады, жүректің соғуын жиілетеді. Ол жүректің қозғыштығы мен жиырылғыштығын арттырады.
Бұл екі гормон да коронарлы қан тамырларын кеңітеді. Олардың әсерінен қандағы қант деңгейі артады (бауырда гликогенолиз артып, бұлшық еттерде гликоген жойылады). Адреналин оттегі сіңіруді арттырып дене температурасы мен негізгі алмасуды жоғарлатады. Адреналин мен норадреналин гипофизда АКТТ бөлінуін, ол бүйрек үсті безінің қыртысты қабаты функциясын арттырады.
Гипофиз
Гипофиздің алдыңғы бөлігі гормоны – соматотропин (өсу) гормоны. Адам ағзасында белоктық синтезге, алмасуға әсер етеді. Ең сезімтал ұлпалары – сүйек және бұлшық ет. Соматотропты гормонның гемопоэзге әсері бар. Бұл гормонның физиологиялы әсері оның бүйрек үсті безінің қыртысты бөлігі гормондары және инсулин, сонымен қоса ферментті жүйемен әрекеттескенде ғана барып байқалады. Оның инсулинмен ара қатынасы өте күрделі келеді. Гипофункция – ергежейлі, акромегалия гиперфункция – гигантизм
Гипофиздың алдыңғы бөлігі гормонының бір тиреотропты гормон – қалқанша безіне арнамалы әсер көрсетеді – функциясын арттырады – гипертрофия, гиперплазия және гиперемия тудырады. Гипертиреоз құбылысы байқалады.
АКТГ – бүйрек үсті безінің глюкокортикоидтарының түзілуін үдетеді. АКТГ холестерин концентрациясын, аскорбин қышқылының көлемін төмендетеді. Айырша безді кішірейтеді. АКТГ белоктарды ыдыратып, синтезін тежейді.
АКТГ ағзаның инфекция мен токсиндерге төтеп беру қасиетін арттырады. Глалурон қышқылы түзілетін майлы жасушалар санын азайтады, капиллярлар өтімділігін төмендетеді (қабылуға қарсы әсер).
