Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ішкі секреция бездері физиологиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.74 Кб
Скачать

Ішкі секреция бездері физиологиясы Жоспар:

  1. Ішкі секреция бездері, гормондар

  2. Ішкі секреция бездері жіктелуі

  3. Зерттеу әдістері

  4. Қалқанша безі физиологиясы

  5. Қалқанша маңы безі физиологиясы

  6. Гипофиз

  7. Ұйқы безі

Ішкі секреция бездері туралы ілім эндокринология деп аталады (эндо-ішкі, кринеин-бөлу). Ішкі секреция бездерінде сыртқы секреция бездеріндегідей бөліп шығаратын өзектер жоқ, олар сөлдерін тікелей қаңға немесе лимфаға шығарады. Бұл сөлдер – гормондар.

Гормон – жоғары биологиялық әрекетшіл ішкі секреция бездері бөліп шығаратын заттар. Гормондар өте аз концентрацияның өзінде молекулярлық деңгейде зат алмасуына, дене мүшелері мен ұлпалардың функциялық қарқынына және бүкіл ағзаның дамуы мен іс әрекетіне арнамалы әсерін тигізеді.

Гормондар түзілуі мен әсері орталық жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырады. Ал гормондар өз тарапынан ОЖЖ функцияларын өзгертіп отырады. Қаңға түскен соң функцияны нейрогуморалды реттейтін бөлікке айланады. Олар ағзаның күрделі функционалды жүйесінің бір бөлігі болады. Гормондар қанға түскен соң бүкіл денеге тарап, дене мүшелеріне таңдамалы түрде әсер ете бастайды. Гормондардың көлемінің кіші болуы олардың жасуша мембранасы мен капиллярлар эндотелиінен еркін өтуіне мүмкіндік береді. Олар ұлпаларда өте тез бұзылып, ыдырап үнемі қаңға түсіп отырады.

Гормондардың қанға керекті мөлшерде ғана бөлінуі кері байланыс арқылы өздігінен реттелу механизмінің көмегімен жүзеге асады. Қанда гормондар көлемі азайса бездер функциясы үдейді немесе көбейіп кетсе- бәсеңсиді. Егер ағзаға гормондарды сырттан ендіретін болса без өзінің меншікті гормондарын өндіруді тоқтатады. Адам ағзасындағы негізгі ІСБ жататындар:

  1. Қалқанша без.

  2. Қалқанша маңы безі.

  3. Айырша без.

  4. Ұйқы безінің ішкі секрециялық функциясы.

  5. Бүйрек үсті безі.

  6. Гипофиз.

  7. Эпифиз.

  8. Жыныс бездері

Сонымен қатар плацентаны (бала жолдасы) жатқызады. Тағы да гипоталамуста жатқызады. Бірнеше дене мүшелерін-бүйрек, ішек-қарынның шыры шырышты қабаттары (энтеринді жүйе), бауыр жатқызады. Ішкі секреция бездерін зерттеу әдістері

  1. Экстирпация (алып сылып тастау) және қайтадан тігу. Қандай да бір безді алып тастағаннан соң пайда болған бұзылуларды, сонан соң қайта қалпына келтіру – безді трансплантациялау функцияны алмастыра алатындығын зерттеу. Тура осы мақсатпен безді, сылып алып тастаған соң без сығындысын, гормондық препараттар, әйтпесе таза гормондар ендіріледі немесе осы без препараттарымен қоректендіреді. Осы әдіспен өте көптеген бездер функциясы зерттелген.

  2. Безге келетін және одан шығатын қанның физиологиялық активтілігін зерттеу.

  3. Екі жануарлардың қан тамырларын бір-біріне жалғап қойып біреуінің ағзасына гормон ендіріп зерттеу.

  4. Химиялық қосылыстармен әсер ету: метилтилтиоурацил – тироксин синтезін әлсіретеді; аллоксан – инсулин өндіретін бета жасушалардың қалпына келуін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар клиникалық бақылаулар жүзеге асады. Ішкі секреция бездері функциясы жойылудан,әлсіреуден немесе айрықша артуынан әртүрлі аурулар туындайды.

Ішкі секреция бездері функциясының бұзылуы түрлері: гипофункция – функция төмендеуі және гиперфункция – функция артуы.