- •8 Айлық нәрестенің жоғарғы қабағы астыңғы қабағымен бойлай тұтасып кеткен. Бұл -://
- •8 Және 19 серотиптері бар аденовируспен байланысты аденовирусты инфекция ... Тудырады://
- •48 Жастағы науқаста қабақтың шектелген ісінуі бірнеше рет қайталанған. Окулист алаңдауының себебі және тактикасы қандай ?//
- •14 Жасар баланың жоғарғы қабағының ортаңғы бөлігінде жарты ай тәріздес ақауы бар. Диагнозы мен қолданылатын емшараны ата://
- •27 Жасар науқастың көзі қызарып, соңғы 6 аптадай сулы бөліністердің пайда болуына шағымданды. Фолликулалық конъюнктивит, сипап қараған кезде құлақмаңы лимфа бездерінің ұлғайғаны анықталды. Диагнозы://
- •6 Жасар баланың екі көзінде алдыңғы полярлық катарактасы бар. Тактикасы://
27 Жасар науқастың көзі қызарып, соңғы 6 аптадай сулы бөліністердің пайда болуына шағымданды. Фолликулалық конъюнктивит, сипап қараған кезде құлақмаңы лимфа бездерінің ұлғайғаны анықталды. Диагнозы://
Контагиоздық моллюск//
Трахома//
+Хламидиялық конъюнктивит//
Токсикалық конъюнктивит//
Герпестік конъюнктивит
***
Науқас 55 жаста. 5 аптаның ішінде көзі қызарып, бөліндінің шығуына шағымданды. Диффузды папиллярлық конъюнктивит. Диагнозы, тактикасы://
+Созылмалы бактериалдық конъюнктивит; конъюнктивасынан бак. себінді алу, созылмалы дакриоцистит болжамын алып тастау//
Жіті бактериалдық конъюнктивит; жергілікті антибактериалдық ем//
Аденовирусты конъюнктивит; вирусқа қарсы ем//
Герпестік конъюнктивит; жергілікті вирусқа қарсы ем//
Жіті хламидиялық конъюнктивит; жергілікті қабынуға қарсы ем
***
6 Жасар баланың екі көзінде алдыңғы полярлық катарактасы бар. Тактикасы://
+Бақылап тұру керек, емді қажет етпейді//
«Д» бақылау//
Жергілікті катарактаға қарсы медикаментоздық ем//
Жақын арада катарактаның экстракциясын жасау//
Жыныстық толысуға толған шақта катарактаның экстракциясын жасау
***
Көру жітілігі 0,8. Медикаментоздық мидриаз фонында өтпелі жарықтандырумен қараған кезде көзбұршақта көз түбінен түскен қызғылт фонда қара түсті сым шабақтары көрініп тұр. Диагнозы, тактикасы://
Бастапқы ядролық катаракта; жергілікті катарактаға қарсы медикаментоздық ем//
Бастапқы ядролық катаракта; жоспарлы түрде катарактаның экстракциясы//
+Бастапқы қыртысты катаракта; жергілікті катарактаға қарсы медикаментоздық ем//
Жетілмеген қыртысты катаракта; жергілікті катарактаға қарсы медикаментоздық ем//
Жетілмеген қыртысты катаракта; жоспарлы түрде катарактаның экстракциясы
***
Көру жітілігі біртіндеп ауырмай түсіп жүрген. Кенеттен көзі қызарып, ауыра бастады. Қараған кезде: қасаң қабығы ісініп тұр, алдыңғы камерасы саяз, қарашығы кеңейген, көзбұршақтың алдыңғы қыртысты қабаттары жартылай мөлдір, КІҚ 33 мм. сын. бағ. тең. Диагнозы, тактикасы://
Біріншілікті глаукоманың жіті ұстамасы; жергілікті гипотензивті ем//
Гипертензиясы бар жіті иридоциклит; жергілікті қабынуға қарсы ем, мидриатиктер қолдану//
Жетілген жастық катаракта, біріншілікті ашық бұрышты глаукома; жергілікті гипотензивті емнің фонында жоспарлы түрде катарактаның экстракциясын жасау//
+Жетілмеген ісініп тұрған катаракта, факоморфиялық глаукома; алдымен КІҚ-ды дәрілермен түсіріп, кейін шұғыл түрде катарактаның экстракциясын жасау//
Пісіп жетілген морганий катарактасы, факолитикалық глаукома; алдымен КІҚ-ды дәрілермен түсіріп, кейін шұғыл түрде катарактаның экстракциясын жасау
***
Науқас 70 жаста. 5 жыл бұрын соқырлыққа қарсы операция жасаған (қандай операция жасалғанын білмейді). Қараған кезде: көру жітілігі 0.02, коррекциясымен (+) 10,0 дптр. = 0,9. Қасаң қабықта тыртық бар, алдыңғы камерасы терең, иридодонез, көз түбі жасына сай қалыпты, КІҚ 16 мм. сын. бағ. тең. Диагнозы, тактикасы://
Гиперметропияның жоғарғы дәрежесі; гиперметропиины түзету//
+Афакия; афакияны түзету//
Артифакия; жай ғана бақылау//
Бифакия; жай ғана бақылау//
КІҚ компенсацияланған глаукома; жергілікті гипотензивті ем
***
Науқас 72 жаста. Көру жітілігі біртіндеп, ауырсыну сезімінсіз түсті. Көру жітілігі: жарықтың дұрыс проекциясы. Қараған кезде: көзі тыныш, қасаң қабығы мөлдір, алдыңғы камераның тереңдігі орташа, қарашық 3 мм, қарашық аймағы сұр түсті, көз түбінен рефлексі көрінбейді, КІҚ 18 мм. сын. бағ. тең. Диагнозы, тактикасы://
Жетілмеген жастық катаракта; жоспарлы түрде катарактаның экстракциясын жасау//
+Жетілген жастық катаракта; жоспарлы түрде катарактаның экстракциясын жасау//
Пісіп жетілген жастық катаракта, шұғыл түрде катарактаның экстракциясын жасау//
Бастапқы жастық катаракта, жергілікті катарактаға қарсы ем//
Екіншілікті катаракта, екіншілік катарактаның лазерлік дисцизиясы
***
Науқас 68 жаста. Көру жітілігі біртіндеп ауырмай түсіп жүрген. Кенеттен көзі қызарып, ауыра бастады. Көру жітілігі: жарықтың дұрыс емес проекциясы. Қараған кезде: қасаң қабығы ісініп тұр, алдыңғы камерасы саяз, қарашығы кеңейген, қарашық аймағы ақ сүт түстес болып тұр, КІҚ 48 мм. сын. бағ. тең. Диагнозы, тактикасы://
Біріншілікті глаукоманың жіті ұстамасы; жергілікті гипотензивті ем//
Гипертензиясы бар жіті иридоциклит; жергілікті қабынуға қарсы ем, мидриатиктер қолдану//
Жетілмеген ісініп тұрған катаракта, факоморфиялық глаукома; алдымен КІҚ-ды дәрілермен түсіріп, кейін шұғыл түрде катарактаның экстракциясын жасау//
Пісіп жетілген морганий катарактасы, факолитикалық глаукома; алдымен КІҚ-ды дәрілермен түсіріп, кейін шұғыл түрде катарактаның экстракциясын жасау//
+Пісіп жетілген сүттік катаракта, факоморфиялық глаукома; жергілікті гипотензивті емнің фонында жоспарлы түрде катарактаның экстракциясын жасау
***
Науқас 21 жаста. Анамнезінде көздің тұйық жарақаты болған. Көздің қызарып, ауырсынып тұрғанына, жарақаттанған көзбен қараған кезде заттар екі еселеніп көрінетініне шағымданды. Қараған кезде: көзі тітіркеніп, қасаң қабығы ісініп тұр, алдыңғы камераның тереңдігі бірқалыпты емес, қарашық 4 мм, қарашықтың ортасынан мөлдір көзбұршағының экваторы көрініп тұр, КІҚ 36 мм. сын. бағ. тең. Диагнозы, тактикасы://
+Көз алмасының контузиясы, көзбұршағының тайып шығуы, факотопиялық глаукома; көзбұршағын алып тастау, жергілікті гипотензиялық ем жүргізу//
Көз алмасының контузиясы, көзбұршағының тайып шығуы, факотопиялық глаукома; жергілікті гипотензиялық ем жүргізу//
Көз алмасының контузиясы, көзбұршағының тайып шығуы, факотопиялық глаукома; жай ғана бақылау жүргізу//
Көз алмасының контузиясы, жарақаттық катаракта, факотопиялық глаукома; жай ғана бақылау жүргізу//
Көз алмасының контузиясы, жарақаттық катаракта, факотопиялық глаукома; көзбұршағын алып тастау керек
***
Науқасқа ИОЛ-дың имплантациясымен бірге катарактаның факоэмульсификациясы жасалынған. Бір жылдан кейін көру жітілігі 0,1-ге дейін түсіп қалды. Көзбұршақтың артқы капсуласы аймағында Адамюк – Эльшниг клеткалары бар. Диагнозы, тактикасы://
Операциядан кейінгі астигматизм; көзілдірік тағу//
Асқынған катаракта; жай ғана бақылау//
Операциядан кейінгі иридоциклит, жергілікті қабынуға қарсы ем жүргізу//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома, жергілікті гипотензиялық ем//
+Екіншілікті катаракта, лазерлік капсулотомия жасау
***
Науқас 78 жаста. Алысқа қарағанда көруі нашаралаған, жақыннан көруі өзгермеген. Алыстан қарағанына минустық әйнегі бар көзілдіріктер көмектеседі. Көзбұршақтың орталық бөлімдері опалесценцияланады. Диагнозы://
Сұр катаракта//
Қыртысты катаракта//
+Ядролық катаракта//
Екіншілікті катаракта//
Туа пайда болған ядролық катаракта
***
Науқас 38 жаста. Балалық шақтан жоғары дәрежелі хориоретиналдық миопиямен аурады. Көзбұршағының артқы капсуласы бұлыңғыр. Диагнозы://
Екіншілікті катаракта//
Туа пайда болған ядролық катаракта//
Жастық катаракта//
+Асқынған катаракта//
Сәулелік катаракта
***
Науқас 52 жаста. 30 жыл бойы рентген – лаборант болып жұмыс істеді. Қазіргі таңда көру жітілігінің төмендегенін байқады. Көзбұршағының артқы субкапсулалық қабаттарында орталық аймаққа қарай дәндер сияқты бөлшектер жиналып, артқы полюста тығыз сақина тәрізді бұлыңғырлану түзілген. Диагнозы://
Екіншілікті катаракта//
Туа пайда болған катаракта//
Жастық катаракта//
Асқынған катаракта//
+Сәулелік катаракта
***
Бала 11 жаста. Екіжақты аниридиясы бар. Тұқымқуалаушылық патологиясы жоқ. Қандай патологияны алып тастау қажет ?//
+Вильмс ісігін (бүйректік-клеткалық қатерлі ісік); жүйелі түрде бүйректің скринингтік ультрадыбыстық зерттеуін жасау//
Марфан синдромы; КІҚ-ды бақылау//
Марчезани синдромы; КІҚ-ды бақылау//
Ригер синдромы; КІҚ-ды бақылау //
Аксенфельд синдромы; КІҚ-ды бақылау
***
Науқас 22 жаста. Макуласы толық дамымай қалғандықтан көру жітілігі төмен, тума нистагм бар. Науқастың шаштары жирен, отбасындағы мүшелермен салыстырғанда, оның терісі бозғылт, ретроиллюминация кезінде нұрлы қабығынан жарық өтіп шығады. Диагнозы мен осы жағдайға байланысты тән симптомды көрсет://
Терілік альбинизм; міндетті түрде көздің зақымдануымен жүреді//
+Терілік-көздік альбинизм тирозин – позитивті жағдай; хиазманың зақымдануы тән (көру нерві талшықтарының басым бөлігі екінші жаққа ауысқан)//
Терілік-көздік альбинизм; хиазманың зақымдануы тән (көру нерві талшықтарының аз бөлігі екінші жаққа ауысқан)//
Терілік-көздік альбинизм; хиазманың қалыптасуы қалыпты//
Терілік-көздік альбинизм; көз алмасының меланозы тән
***
Науқас 17 жаста. Нұрлы қабықта төмен және ішке қарай орналасқан ақау бар, қарашықтың пішіні алмұрт тәрізді, жарыққа реакциясы қалыпты. Диагнозы://
Нұрлы қабықтың жүре пайда болған колобомасы//
+Нұрлы қабықтың туа пайда болған колобомасы //
Корэктопия//
Поликория//
Иридодиализ
***
Науқас 41 жаста. Аурудың басталуы жедел және біржақты басталды: айқын корнеалдық синдром, қасаң қабықтың эндотелийінде ұсақ преципитаттар бар, алдыңғы камера ылғалының опалесценциясы, артқы синехиялар. Рентген – суреттері: сегізкөз-мықын буынының зақымдануы бар – буын саңылауы тарылған және бір текті емес, сүйектің периартикулярлық бөлігінің склерозы. Жоғарыда айтылған өзгерістердің асқынуынан анкилоз дамиды. Осыған ұқсас өзгерістер омыртқада пайда болады. HLA – В27 генін тасымалдайды. Диагнозы://
Рейтер синдромы//
+Бехтерев ауруы//
Фукстың гетерохромдық циклиті//
Саркоидоз//
Бехчет ауруы
***
Науқас шығыс – орталық теңіз жағалауының тумасы. Анамнезінде ауыз қуысының және жыныс мүшелерінің ойық жарасы болған. Жедел басталды; корнеалдық синдром, басын қимылдатқан сайын өзінің орынын ауыстырп тұратын гипопион, артқы синехиялар. HLA – В51 генін тасымалдаушы. Диагнозы://
Рейтер синдромы//
Бехтерев ауруы/
Фукстың гетерохромдық циклиті//
Саркоидоз//
+Бехчет ауруы
***
Науқас 45 жаста. Соңғы 6 ай бойы көру өткірлігінің ауыртпай түскенін байқады. Көзі тыныш, қасаң қабық эндотелийінің беткейінде жиектері шашыранды, ұсақ диффузды преципитаттар жайылған; артқы синехиялар жоқ; нұрлы қабықтың гетерохромиясы, көзбұршақтың артқы капсуласы бұлыңғырланған; КІҚ 20 мм. сын. бағ. тең. Диагнозы://
Рейтер синдромы//
Бехтерев ауруы//
+Фукстың гетерохромдық циклиті//
Саркоидоз//
Бехчет ауруы
***
Науқас 22 жаста. Жылжымалы бұлыңғырланудың пайда болғанына шағымданды. Қараған кезде: көздің түсі өзгермеген, шыны тәрізді дененің алдыңғы бөлімінде клеткалық инфильтрациясы («жентек қар»), төменгі шеткері бөлігінде, цилиарлық бұлшықеттің төменгі тегіс бөлімінің үстінен және тор қабықтың шеткері бөлімінде пайда болды. Диагнозы, аурудың мүмкін болатын белгісі://
Жіті алдыңғы увеит; бактериалдық инфекция//
+Аралық увеит; шашыранды склероз//
Артқы увеит; вирустық инфекция//
Созылмалы алдыңғы увеит; аутоиммундық ауру//
Панувеит, бактериалдық инфекция
***
Науқас әйел 28 жаста. Екі көзінің көру жітілігі 0,2-ге тең. Көздері тыныш, оптикалық орталары мөлдір. Екі көзінің көз түбі: КНД-нің самайлық бөлігі бозарған, шекарасы анық, макула аймағында мөлшері 1,5 ДД, шекарасы анық, пигменттелген атрофиялық ошақ бар. Диагнозы, үрдістің мүмкін болатын этиологиясын көрсет://
Орталық хориоретинит; токсокароз//
Хориоретинит; мерез//
Хориоретинит; туберкулез//
+Орталық хориоретинит; токсоплазмоз//
Тор қабықтың жіті некрозы, герпестік инфекция
***
Науқас 27 жаста, ұлты жапон. Аурудың хабаршы кезеңінде басының ауырғанын және жалпы жағдайының нашарланғанын сезді. Аурудың белсенді кезеңінде: екі көзі зақымдалған; алдыңғы гранулематоздық иридоциклиттің клиникасы бар. Көз түбінде тор қабықтың экссудативтік ажырауы анықталды. Созылмалы кезеңінде – есту қабілетінің нашарлауы, витилиго дамыды. Диагнозы://
+ Вогт – Коянага – Харада синдромы//
Жүре пайда болған иммунодефицит синдромы//
Рейтер синдромы//
Коган – Ризе синдромы//
Франк – Каменецкий синдромы
***
Науқас 38 жаста. Нұрлы қабықтың төменгі бөлімінде пигменттелген түзіліс бар. Емдеуші дәрігері флюоресценттік ангиография жасауды ұсынды. Қатерлі ісік екенін анықтау үшін қандай зерттеу әдісін жасау қажет ?//
ФАГ//
Биомикроскопия//
+Радионуклидтік зерттеу//
УДЗ//
МРТ
***
Науқас 40 жаста. Кенет пайда болатын және түнгі уақытта күшейетін көздің ауырсыну сезіміне, көзінен жас аға беруіне, жарыққа қарай алмайтынына және көздің қызарып кеткеніне шағымданды. Қараған кезде: блефароспазм, айқын корнеалдық синдром, қасаң қабық эндотелийінде преципитаттар шөгінген, алдыңғы камерада деңгейі 1,5 мм гифема бар, нұрлы қабықтың рельефі тегістелген, қарашықтың пішіні артқы синехиялардың түзілуінен дұрыс емес, қарашық аймағында нәзік экссудативтік бұлдыр түзілген, шыны тәрізді дененің алдыңғы бөлімінде клеткалық реакциясы жүріп жатыр, КІҚ қалыпты деңгейдің төменгі шекаралық белгісінде тұр. Диагнозы://
Жіті алдыңғы іріңді увеит//
Жіті сероздық иридоциклит//
+Жіті геморрагиялық иридоциклит//
Баяу ағымды алдыңғы геморрагиялық увеит//
Жіті фибриноздық иридоциклит
***
Науқас 68 жаста. Көрудің жайлап төмендегеніне шағымданып жүр. Қараған кезде: Гониоскопия – алдыңғы камера бұрышы ашық, көздері тыныш, эмиссарий симптомы бар, нұрлы қабықта шашыранды пигменттер бар, КНД-нің экскавациясы 0.6, соқыр дақ кеңейген, КІҚ 25 мм. сын. бағ. тең. Диагнозы, тактикасы://
Жабық бұрышты глаукома I А; простогландин аналогтары тамшы дәрілерін қолдану//
Жабық бұрышты глаукома II А; лазерлік иридэктомия өткізу//
Ашық бұрышты глаукома III В; бета адреноболкатор тамшыларын тамызу//
Ашық бұрышты глаукома IV А; фистулизациялық операция жасау//
+ Ашық бұрышты глаукома I А; простогландин аналогтары тамшы дәрілерін қолдану
***
Науқас 62 жаста. Жарық көзіне қараған кезде көз алдында нұрлы шеңберлер пайда болатынына, «тұман» басқандай, көздерінің ауыратынына шағымданды. Қараған кезде: көз алмасы қантамырларының іркілген инъекциясы, қасаң қабық ісінген, алдыңғы камера саяз, қарашықтың диаметрі 5 мм, жарыққа реакциясы жоқ. КІҚ сипап қарағанда Т+3. Диагнозы://
Ашық бұрышты глаукома III В//
Ашық бұрышты глаукома II С//
Ашық бұрышты глаукома IV В//
Жабық бұрышты глаукома II A//
+Глаукоманың жіті ұстамасы
***
Науқас 62 жаста. Жарық көзіне қараған кезде көз алдында нұрлы шеңберлер пайда болатынына, «тұман» басқандай, көздерінің ауыратынына шағымданды. Қараған кезде: көз алмасы қантамырларының іркілген инъекциясы, қасаң қабық ісінген, алдыңғы камера саяз, қарашықтың диаметрі 5 мм, жарыққа реакциясы жоқ. КІҚ сипап қарағанда Т+3. Сіз қандай емшара қолданасыз ?//
Көзге 0,5% Арутимол ерітіндісін 2 рет тамызу, КІҚ-ы төмендемеген жағдайда лазерлік трабекулоплостика жасау//
+Көзге 1% Пилокарпин ерітіндісін схема бойынша тамызу, КІҚ-ы төмендемеген жағдайда лазерлік иридэктомия жасау//
Көзге 1% Атропин сульфаты ерітіндісін күніне 3 рет тамызу, КІҚ-ы төмендемеген жағдайда фистулизациялық операция жасау//
Көзге 1% Эмоксипин ерітіндісін күніне 3 рет тамызу, КІҚ-ы төмендемеген жағдайда лазерлік трабекулоплостика жасау//
Көзге Патанол ерітіндісін күніне 2 рет тамызу
***
Науқас 68 жаста. 10 жыл бойы глаукомамен аурады. Окулисттің «Д» есебінде тұрады. Кезекті қарау кезінде үрдістің ағымытұрақты екенін анықтады. Науқасты емдеу тактикасы://
Жергілікті гипотензиялық ем; «Д» бақылау жүргізуді жалғастыру//
Демеуші ем курстарын жылына 2 рет алу; «Д» бақылау жүргізуді жалғастыру//
+ Жергілікті гипотензиялық ем; демеуші ем курстарын жылына 2 рет алу; «Д» бақылау жүргізуді жалғастыру//
Гипотензиялық ота жасау; «Д» бақылауды жүргізу//
Лазерлік трабекулопластика жасау; «Д» бақылау жүргізу
***
Науқас 64 жаста. 3 ай бұрын ТҚОВ-ның (тор қабықтың орталық венасы) толық тромбозы болған. Қазір көзі ауырып, ауырсыну сезімі басының сәйкес бөліміне жайылатынына шағымданып тұр. Қараған кезде: көз алмасы қантамырларының іркілген инъекциясы, қасаң қабығы ісінген, нұрлы қабықтың беткейіне жаңадан түзілген қантамырлар шыққан, КІҚ 38 мм. сын. бағ. тең. Алдыңғы камера бұрышы жабық. Диагнозы://
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома //
Біріншілікті жабық бұрышты глаукома//
Екіншілікті неоваскулярлық ашық бұрышты глаукома//
+Екіншілікті неоваскулярлық жабық бұрышты глаукома//
Екіншілікті флебогипертензивті глаукома
***
Науқас 48 жаста. Глаукоманың жіті ұстамасы 8 сағаттың ішінде басылмады. Қолданылатын емшараны дұрыс таңда://
КІҚ-ы қалпына келгенге дейін глаукоманың ұстамасын басу қажет//
+Глаукоманың ұстамасын басуды 24 сағаттың ішінде жалғастырамыз. Егер осы аралықта КІҚ қалыпты деңгейге түспесе, онда ота жасау керек//
Глаукоманың ұстамасын басуды 48 сағаттың ішінде жалғастырамыз. Егер осы аралықта КІҚ қалыпты деңгейге түспесе, онда ота жасау керек//
Глаукоманың ұстамасын басуды 12 сағаттың ішінде жалғастырамыз. Егер осы аралықта КІҚ қалыпты деңгейге түспесе, онда ота жасау керек//
Бірденен хирургиялық емнен бастау керек
***
Науқас 60 жаста. 5 жыл бұрын глаукомасы анықталды. Соңғы 6 айдың ішінде КІҚ-ы қалыпты деңгейде, КНД-нің офтальмоскопиялық суреті өзгермеген, көру алаңы: мұрын жағынан көру алаңы 15 градусқа тарылып, фиксация нүктесінен 25 градусты құрайды. Диагнозы, тактикасы://
Тұрақты глаукома; жергілікті гипотензивті емді жалғастыру//
Тұрақты глаукома; жергілікті гипотензивті емді жалғастыру, демеуші ем курстарын жылына 1рет алу//
Тұрақты глаукома; жергілікті гипотензивті емді жалғастыру, демеуші ем курстарын жылына 2рет алу//
Тұрақсыз глаукома; жергілікті гипотензивті емді жалғастыру//
+Тұрақсыз глаукома, глаукома емінің келесі сатысына өту (лазерлік хирургия, хирургиялық ота жасау)
***
Науқас 71 жаста, глаукомамен аурады. Көру алаңының зерттеу нәтижесі: шеткері шекаралары мұрын жағынан фиксация нүктесінен 50 градусқа дейін тарылған. Глаукоманың сатысын анықта://
+I//
II//
III//
IV//
V
***
Науқаста бірнеше рет глаукоманың ұстамасы өткен. Соңғы жылдары ұстамасы болмаған, ал КІҚ субкомпенсация деңгейінде тұрақты тұр. Диагнозы, тактикасы://
Созылмалы ашық бұрышты тұрақсыз глаукома; тамызып жүрген гипотензиялық препаратын әсер етуі басқа гипотензиялық препаратқа ауыстыру//
Созылмалы ашық бұрышты тұрақсыз глаукома; лазерлік трабекулопластика//
Созылмалы жабық бұрышты тұрақсыз глаукома; лазерлік трабекулопластика//
+Созылмалы жабық бұрышты тұрақсыз глаукома; операциялық ем//
Созылмалы ашық бұрышты тұрақсыз глаукома; лазерлік иридэктомия
***
12 айлық балада көзінің мөлшері ұлғайған, КІҚ-ы 42 мм. сын. бағ. тең. Диагнозы, тактикасы://
Тума жасөспірімдік глаукома; жергілікті гипотензивті медикаментоздық ем//
+Тума глаукома, гидрофтальм; операциялық ем//
Тума инфантильдік глаукома; жергілікті гипотензивті медикаментоздық ем//
Тума жасөспірімдік глаукома; операциялық ем//
Тума инфантильдік глаукома; операциялық ем
***
Науқас 68 жаста. Глаукомамен және бронх демікпесімен аурады. Жергілікті қолданылатын гипотензиялық емінде қандай препарат тобын беруге кері көрсетілген ?//
+Селективті емес бета адреноблокатор//
Карбоангидраза ингибиторы//
М - холиномиметиктер//
Простагландин аналогтары//
Селективті альфа 2 адреномиметиктер
***
Науқас 80 жаста. 22 жыл бойы глаукомамен көз дәрігерінің «Д» бақылауында тұр. Оң көзінде глаукома терминальды, ауратын. Қолданылатын емшара://
Жергілікті гипотензиялық ем//
Фистулизациялық операция//
+Энуклеация//
Эвисцерация//
Көзұясының экзентерациясы
***
Анамнезінде глаукомасы бар науқас көзіне тұрақты түрде 1% пилокарпин ерітіндісін тамызып жүр. Тамызып жүрген дәрінің көздегі алдыңғы камера тереңдігіне қалай әсер етеді?//
Камера тереңдең түседі//
Камера біркелкі болмайды//
+Камера саяздана бастайды//
Камераның тереңдігі өзгермейді//
Камерасы жабылады
***
Науқас 48 жаста. Анамнезінде жүйелі қызыл жиегімен аурады. Тұрақты түрде ГКС қолданады. Стероидтарды ұзағынан қолдану неге әкеп соғады ?//
Офтальмогипотонияға//
Офтальмогипертензияға//
+Стероидты глаукомаға//
Стероидты иридоциклитке//
Стероидты конъюнктивитке
***
Науқас 69 жаста. Глаукомамен 22 жыл бойы ауырып жүр. Көру алаңы: барлық меридиандар бойынша шеткері шекаралары фиксация нүктесінен 14 градусқа дейін концентрациялық тарылған, КНД-нің экскавациясы 0.9, КІҚ 30 мм. сын. бағ. тең, алдыңғы камера бұрышының кейбір жерлері жабық, ашық жерлерінің тереңдігі орташа. Диагнозы қандай?//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома I В//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома II С//
Біріншілікті жабық бұрышты глаукома II В//
Біріншілікті жабық бұрышты глаукома III А//
+Біріншілікті аралас глаукома III В
***
Науқас 70 жаста. Глаукомамен 18 жыл ауырып жүр. Көру алаңы: барлық меридиандар бойынша шеткері шекаралары фиксация нүктесінен 8 градусқа дейін концентрациялық тарылған, КНД-нің экскавациясы 0.9, КІҚ 42 мм. сын. бағ. тең, алдыңғы камера бұрышы ашық, тереңдігі орташа. Диагнозы қандай?//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома I В//
+Біріншілікті ашық бұрышты глаукома III С//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома II С//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома III В//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома IV С
***
56 жасар науқас глаукомамен 3 жылдай ауырып жүр. Көру алаңы: Бъеррум аймағында салыстырмалы скотомалар бар, КНД-нің экскавациясы 0.5, КІҚ 26 мм. сын. бағ. тең, алдыңғы камера бұрышы ашық, тереңдігі орташа. Диагнозы қандай?//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома I В//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома III А//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома II С//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома III В//
+ Біріншілікті ашық бұрышты глаукома I А
***
Науқас 60 жаста, глаукомамен 6 жыл бойы ауырып жүр. Пациент 60 лет. Глаукома 6 лет. Көру алаңы: Бъеррум аймағында салыстырмалы скотомалар бар, соқыр дақ кеңейген, КІҚ 28 мм. сын. бағ. тең, алдыңғы камера бұрышы ашық. Диагнозы қандай?//
+Біріншілікті ашық бұрышты глаукома I В//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома III А//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома II С//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома III В//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома I А
***
58 жасар әйел өзін саумын деп санайды. Соңғы 5 жылдың ішінде КІҚ-ның жоғарлауымен офтальмологтың бақылауында тұр. 5 жыл аралығында көру функциялары өзгермеген, алайда КІҚ-ы жоғары болып тұрады: 28-30 мм. сын. бағ. Диагнозы, тактикасы://
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома I В; жергілікті гипотензиялық ем//
Симптоматикалық офтальмогипертензия; емдеуді қажет етпейді, «Д» бақылауда тұру қажет//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома II С; операциялық ем//
+Эссенциалдық офтальмогипертензия; емдеуді қажет етпейді, «Д» бақылаудан шығару керек//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома I А, жергілікті гипотензиялық ем
***
Науқас 58 жаста. Глаукомамен ауырғанына 10 жыл болды. Оң көзі 1 жыл бұрын көрмей қалды. Ауырсыну синдромы жоқ, КІҚ 54 мм. сын. бағ. тең алдыңғы камера бұрышы ашық, тереңдігі орташа. Диагнозы қандай?//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома III В; операциялық ем//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома III В; жергілікті гипотензиялық ем//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома III С; жергілікті гипотензиялық ем//
Біріншілікті ашық бұрышты глаукома III С; операциялық ем//
+Біріншілікті ашық бұрышты глаукома IV С; жергілікті гипотензиялық ем
***
Науқас 68 жаста. Анамнезінде гипертониялық ауруы бар. Соңғы 6 күнде көру қабілеті біртіндеп, бірақ айқын төмендеді. Көру жітілігі 0,02 және түзетуге келмейді. Көз түбі: «мыжылған қызанақ» суреті. Диагнозы://
Тор қабықтың орталық артериясының жіті түйілуі//
+Тор қабықтың орталық венасының тромбозы//
Гипертониялық нейроретинопатия//
Диабеттік нейроретинопатия//
Препролиферативті диабеттік ретинопатия
***
Науқас 61 жаста. Анамнезінде гипертониялық ауруы бар. Көру өткірлігі бірденен төмендеп кетті. Көру жітілігі – жарық проекциясы дұрыс емес. Көз түбі: «шие сүйегі» симптомы. Диагнозы://
+Тор қабықтың орталық артериясының жіті түйілуі//
Тор қабықтың орталық венасының тромбозы//
Гипертониялық нейроретинопатия//
Диабеттік нейроретинопатия//
Препролиферативті диабеттік ретинопатия
***
Науқас 61 жаста. Қант диабетімен аурады. Көз түбі: КНД ақшыл-қызғылт түсті, шекарасы анық. Веналар орташа кеңейген, бағыты біркелкі емес. Ұсақ қанталаулар мен «құрғақ» экссудативті ошақтар көбінесе көздің артқы бөлігінде басымырақ. Диагнозы://
Пролиферативті емес диабеттік ретинопатия//
+Препролиферативті диабеттік ретинопатия//
Пролиферативті диабеттік ретинопатия, неоваскулярлық сатысы//
Пролиферативті диабеттік ретинопатия, глиоз сатысы//
Пролиферативті диабеттік ретинопатия, тор қабықтың тракционды ажырау сатысы//
***
Науқас 72 жаста. Анамнезінде гипертониялық ауруы бар. Көз түбі: КНД ақшыл-қызғылт түсті, шекарасы анық. Артериялары тарылған, Салюс –Гунн симптомының II- III сатысы, күміс сымтемір симптомы. Диагнозы қандай?//
Гипертониялық нейроретинопатия//
Гипертониялық ретинопатия//
+Гипертониялық ангиосклероз//
Гипертониялық ангиопатия//
Гипертониялық макулопатия
***
Науқас 58 жаста. Соңғы кездері артериалдық қысымның тұрақсыздығын байқап жүр. Офтальмолог маманының кеңесіне жолданды. Көз түбі: КНД ақшыл-қызғылт түсті, шекарасы анық. Артериялары тарылған, Салюс –Гунн симптомының I сатысы, Гвист симптомы. Диагнозы қандай?//
Гипертониялық нейроретинопатия//
Гипертониялық ретинопатия//
Гипертониялық ангиосклероз//
+Гипертониялық ангиопатия//
Гипертониялық макулопатия
***
Науқас 68 жаста. Гипертониялық аурумен аурады. Страдает гипертонической болезнью. Көз түбі: КНД ақшыл-қызғылт түсті, шекарасы анық. Артериялары тарылған, Салюс –Гунн симптомының II- III сатысы, мыс және күміс сымтемір симптомы, тор қабықта майда қанталаулар бар. Диагнозы қандай?//
Гипертониялық нейроретинопатия//
+Гипертониялық ретинопатия//
Гипертониялық ангиосклероз//
Гипертониялық ангиопатия//
Гипертониялық макулопатия
***
32 жасар науқастың бүйрегі аурады, артериалдық қысымы жоғарлайды. Көз түбі: КНД ісініп, шекаралары анық емес. Макула аймағында «жұлдыз фигурасы» сияқты тор қабығы ісінген, артериялары тарылған, кейбір жерлерде қанталаулар бар, көздің артқы полюсінде беткейлік мақта тәрізді ақ түсті экссудаттар жиналған. Диагнозы://
Гипертониялық ангиопатия//
+Бүйректік нейроретинопатия//
Бүйректік ретинопатия//
Бүйректік ангиопатия//
Гипертониялық нейроретинопатия
***
Науқас 68 жаста, гипертониялық аурумен аурады. Офтальмолог маманымен қаралып, гипертониялық ретинопатия диагнозы қойылды. келесі тактика қандай ?//
Офтальмологта емделу//
+Кардиологта емделу//
Офтальмолог пен кардиологта бірдей ем алу//
Офтальмологта «Д» бақылауда тұру//
Эндокринологта «Д» бақылауда тұру
***
Науқас 62 жаста. Қант диабетімен аурады. Көз түбінде: Көз түбі: КНД ақшыл-қызғылт түсті, шекарасы анық, жаңадан түзілген қантамырлар көрінеді. Тор қабықтың веналары иірілген, кеңейген, саңылауы біркелкі емес. Көптеген қанкетулер «құрғақ» экссудативті ошақтар бар. Диагнозы, тактикасы://
Пролиферативті емес диабеттік ретинопатия; Эндокринологта ем алу//
Препролиферативті диабеттік ретинопатия; эндокринолог және офтальмолог мамандары ем тағайындайды (демеуші ем курсы)//
+Пролиферативті диабеттік ретинопатия, неоваскулярлық сатысы, офтальмолог пен эндокринологта бірдей ем алу (тор қабықтың панретиналдық лазерлік коагуляциясы)//
Пролиферативті диабеттік ретинопатия, глиоз сатысы; эндокринологтан ем алу//
Пролиферативті диабеттік ретинопатия, неоваскулярлық сатысы, тор қабықтың тракциондық ажырауы сатысы; офтальмологтан ем алу (витрэктомия, тор қабықтың ажырауын тоқтату)
***
Науқас 68 жаста. Анамнезінде 3 ай бұрын ТҚОВ-ның (тор қабықтың орталық венасы) толық тромбозы болған. Тромбоздан кейін қандай ауыр асқыну дамуы мүмкін ?//
Тромбоздан кейінгі ретинопатия//
+Неоваскулярлық глаукома//
Тромбоздан кейінгі ангиопатия//
Тромбоздан кейінгі нейроретинопатия//
Тромбоздан кейінгі ангиосклероз
***
Науқас 64 жаста. 1 жыл бұрын ТҚОВ-ның (тор қабықтың орталық венасы) тромбозы болған. Көз түбінде: КНД ақшыл-қызғылт түсті, шекарасы анық, оның үстінде коллатералдық оптико – цилиарлық қантамырлар, ұсақ геморрагиялар көрініп тұр, веналардың калибрі бірқалыпты емес. Диагнозы://
+ Тромбоздан кейінгі ретинопатия//
Тромбоздан кейінгі макулопатия//
Тромбоздан кейінгі ангиопатия//
Тромбоздан кейінгі нейроретинопатия//
Тромбоздан кейінгі ангиосклероз
***
Науқас 58 жаста. 6 ай бұрын ТҚОА-ның жіті түйілуі болған. Көру жітілігі: «жарықтың дұрыс емес проекциясы». Көз түбінде: КНД бозғылт, шекарасы анық, қантамырлары тарылған. Диагнозы://
+Көру нервінің біріншілікті өрлемелі атрофиясы//
Көру нервінің біріншілікті төмен түсетін атрофиясы//
Көру нервінің екіншілікті өрлемелі атрофиясы//
Көру нервінің екіншілікті төмен түсетін атрофиясы//
Көру нерві дискісінің глаукоматоздық экскавациясы
***
Науқас 62 жаста. Анамнезінде қант диабеті, пролиферативті диабеттік ретинопатиясы бар. Оң көзінде макуланың тракциясымен бірге витреоретиналдық фиброваскулярлық мембранасы бар. Не істеу қажет ?//
Жай ғана бақылау//
+Витрэктомия, мембрананы кесіп алып тастау//
Криотерапия жасау//
Тор қабықтың панретиналдық лазерлік коагуляциясын жасау//
Ангиогенез ингибиторларын интравитреалды енгізу
***
Науқас 50 жаста. Анамнезінде қант диабеті, пролиферативті диабеттік ретинопатиясы бар. Сол көзінде тор қабықтың төменгі-сыртқы квадрантында ажырауымен бірге витреоретиналдық фиброваскулярлық мембранасы бар. Не істеу қажет ?//
+Жай ғана бақылау//
Витрэктомия, мембрананы кесіп алып тастау//
Криотерапия жасау//
Тор қабықтың панретиналдық лазерлік коагуляциясын жасау//
Ангиогенез ингибиторларын интравитреалды енгізу а
***
Тор қабықтың орталық артериясы қанайналымының жіті бұзылуы кезінде дамиды://
Субретиналдық қанкету//
+Тор қабықтың ишемиялық ісінуі//
Макроаневризмалар//
Ретиналдық қанкету//
Тор қабықтың экссудативті ажырауы
***
Тор қабықтың орталық артериясының жіті түйілуі кезінде көрсетілетін жедел жәрдемнің тиімділгі://
24 сағат ішінде//
12 сағат ішінде//
6 сағат ішінде//
3 сағат ішінде//
+1 сағат ішінде
***
Диабеттік ретинопатия кезінде соқырлықтың алдын-алу шараларының ең тиімді тәсілі://
Ангиопротекторларды қабылдау//
Антиоксиданттарды қабылдау//
+ Тор қабықтың панретиналдық лазерлік коагуляциясын жасау//
Жергілікті гипотензиялық препараттарды қолдану//
Вазодилататорларды қолдану
***
Тор қабықтың орталық венасының тромбозы кезінде көрсетілетін жедел жәрдемнің тиімділгі://
14 тәулік ішінде//
10 тәулік ішінде//
7 тәулік ішінде//
5 тәулік ішінде//
+3 тәулік ішінде
***
Науқас 69 жаста. Анамнезінде ТҚОВ-ның тромбозы болған. Соңғы 4 күн ішінде тромбоз болған көзінің алдындағы заттар бұрмаланып тұрғандай болып тұр. Бұл жағдайдың себебін анықтау үшін ... жүргізу қажет://
Биомикроскопияны//
+Макуланың оптикалық когеренттік томографиясын//
Көру алаңын зерттеу//
Амслер торшасы арқылы зерттеу//
Тонометрияны
***
ТҚОВ окклюзиясынан кейін көру қабілетінің қалпына келуі ... байланысты: //
+Макуланың айналасындағы тамырлық доғаның капиллярлар перфузиясының жағдайына//
КНД-нің айналасындағы тамырлық доғаның капиллярлар перфузиясының жағдайына//
Тор қабықтың шеткері аймағының айналасындағы тамырлық доғаның капиллярлар перфузиясының жағдайына//
Тор қабықтың экватор аймағының айналасындағы тамырлық доғаның капиллярлар перфузиясының жағдайына//
Тор қабық тамырларының айналасындағы тамырлық доғаның капиллярлар перфузиясының жағдайына
***
Диабеттік ретинопатия ненің көрінісі болып табылады ?//
Макроангиопатияның//
+Микроангиопатияның//
Мальформацияның//
Ангиосклероздың//
Ангииттің
***
