Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
офтальмология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.94 Кб
Скачать

48 Жастағы науқаста қабақтың шектелген ісінуі бірнеше рет қайталанған. Окулист алаңдауының себебі және тактикасы қандай ?//

Науқастың иммунитеті төмендеген, иммунитетін нығайту қажет//

+Мейбомий безінің аденокарциномасы, хирургиялық жолмен алып тастау және операциондық материалды гистологиялық зерттеуге жіберу//

Ішкі теріскеннің қайталануы, науқастың иммунитетін нығайту қажет//

Контагиоздық моллюсктің қайталануы, вирусқа қарсы ем жүргізу//

Созылмалы блефарит, жергілікті қабынуға қарсы емді тағайындау

***

Науқас 46 жаста. Кей кездері оң жағынан рефлекторды түрде блефароспазм басталады. Себебін ата://

Қабақ ауруы, бет нервісінің тітіркенуі//

+Тамырлық трактінің алдыңғы бөлімінің ауруы, көз нервісінің тітіркенуі//

Тамырлық трактінің артқы бөлімінің ауруы, көз нервісінің тітіркенуі//

Тамырлық трактінің алдыңғы бөлімінің ауруы, жоғарғы жақ нервісінің тітіркенуі//

Қасаң қабық ауруы, төменгі жақ нервісінің тітіркенуі

***

Науқас 42 жаста. Қараған кезде көз саңылауы сау жағымен салыстырғанда кеңейген; төменгі қабағы көзалмасына жабыспай тұр және үнемі көзінен жас ағып тұрады. Қабақтарын жұмған кезде көз саңылауы ашық тұрады, тіпті ұйықтаған кездері де. Диагнозы қандай ?//

Жоғарғы қабақтың птозы//

Блефароспазм//

Блефарофимоз//

+Лагофтальм//

Спастикалық эктропион

***

14 Жасар баланың жоғарғы қабағының ортаңғы бөлігінде жарты ай тәріздес ақауы бар. Диагнозы мен қолданылатын емшараны ата://

Жоғарғы қабақтың тыртығы, ем қажет етпейді//

+Жоғарғы қабақтың колобомасы, пластикалық операция жасау керек//

Блефарофимоз, пластикалық операция жасау керек//

Эпикантус, пластикалық операция жасау керек//

Симблефарон, оперативті ем қажет

***

Науқас 30 жаста. Анамнезінде трахомамен ауырған. Көздің сыртқы бұрыштары жағынан қабақтарының бітісіп қалуынан көз саңылаулары кішкентай. Диагнозы мен қолданылатын емшара://

Симблефарон, оперативті ем қажет//

+Блефарофимоз, оперативті ем қажет//

Эпикантус, оперативті ем қажет//

Блефароспазм, қабынуға қарсы терапия жүргізу//

Эктропион, оперативті ем қажет

***

Сәби 2 жаста, Орталық Азиядан келді. Таңертең кенеттен көздерін аша алмай қалды – көзінен шыққан бөлінділерден қабақтары жабысып қалды. Тексерген кезде: қабақтары ісіп, қызарып тұр, көзалмасының конъюнктивасы мен өтпелі қатпарлары айқын қызарып, төменгі өтпелі қатпары қатты ісіп кеткен. Конъюнктива астынан көптеген ұсақ қанталаулар көрінеді. Аурудың созылғанына 6 күн болды. Диагнозы://

+Жіті эпидемиялық конъюнктивит//

Гонококктық конъюнктивит//

Дифтериялық конъюнктивит//

Хламидиялық конъюнктивит//

Вирустық конъюнктивит

***

Туылғаннан кейін 2-ші күні сәбидің қабақтары қатты ісіп кетті, тығыздалып, тексерген кезде аштыртпайды. Конъюнктива айқын қызарған, ісіп, сәл қанталап тұр. Аз мөлшерде қанмен аралас бөлінділер шығады. 4 күннен кейін қабақтардың қатайғаны азайып, көп мөлшердегі жасыл реңді сары түсті іріңді бөлінділер шыға бастады. Диагнозы қандай ?//

Жіті эпидемиялық Кох – Уикс конъюнктивиті //

Дифтериялық конъюнктивит//

+Гонореялық конъюнктивит//

Трахома//

Хламидиялық конъюнктивит

***

Аурудың басталуы жедел. Қабақтары айқын ісініп, қатайған және қызарған. Қабақ конъюнктивасында және қабырғааралық кеңістікте лас сұр түсті құрғақ қабыршақтар көрінеді. Қабыршақтар қиын алынып, астынан қанталаған жаралы беткейді іріңді бөліністер жауып тұр. Диагнозы мен тактиканы көрсет://

Созылмалы конъюнктивиттің асқынуы; жергілікті антибактериалдық емді жүргізу//

Хламидиялық конъюнктивит; жергілікті антибактериалдық емді жүргізу//

Трахома; жергілікті антибактериалдық емді жүргізу//

+Дифтериялық конъюнктивит; науқасты оңашалау, дифтерияға қарсы сары суды егу, жергілікті антибактериалдық емді жүргізу//

Гонококктық конъюнктивит, жергілікті антибактериалдық емді жүргізу

***

Қабынулық көрініссіз конъюнктиваның тыртықтануы аяқталды. Конъюнктиваның беткейі ақшыл реңді сіңірге ұқсас болып тұр. Трахоманың сатысын ата://

Бірінші//

Екінші//

Үшінші//

+Төртінші//

Бесінші

***

Басталуы жедел. 4 күндей дене қызуы 39-40 градусқа дейін жоғарлап тұрды. Тамағы қырылдап, көзінде қоқым тұрғандай сезім болды. Қараған кезде: жұтқыншақтың артқы қабырғасының қызарып тұрған шырышты қабатында көптеген фолликулдар жиналған. Жақасты лимфа бездері үлкейген. Көз жағынан: әлсіз блефароспазм, қабақтың кірпіктік жиегі бойымен серозды бөлінділер мен конъюнктиваның төменгі өтпелі қатпарында көптеген ұсақ беткейлік фолликулдар бар. 3 аптадан кейін толық жазылып кетті. Диагнозы мен емі қандай?//

Жіті бактериалдық конъюнктивит; кең спектрлі әсері бар антибиотиктерді жергілікті түрде тағайындау//

Эпидемиялық вирустық кератоконъюнктивит; жергілікті вирусқа қарсы емді тағайындау//

Жіті хламидиялық конъюнктивит; кең спектрлі әсері бар антибиотиктерді жергілікті түрде тағайындау//

Жіті жарақаттық конъюнктивит; кең спектрлі әсері бар антибиотиктерді жергілікті түрде тағайындау//

+Адено-фаринго-конъюнктивалық безгек; жергілікті вирусқа қарсы емді тағайындау

***

Аурудың басталуы жедел. Қабақ конъюнктивасы мен өтпелі қатпарлары қызарып, ісініп тұр. 2 күннен кейін қызару көзалмасының конъюнктивасына да жайылды. Сол уақытта қабақ конъюнктивасы мен өтпелі қатпарларында көптеген ұсақ беткейлік фолликулдар пайда болды. Бөлінділер аз мөлшерде болды. Аурудың басталуынан 8 күннен кейін қасаң қабықта субэпителиалық инфильтрат түзілді. Диагнозы мен емі қандай?//

Фарингоконъюнктивалық безгек; жергілікті вирусқа қарсы емді тағайындау//

Хламидиялық конъюнктивит; жергілікті антибактериалдық емді тағайындау//

+Эпидемиялық вирусты кератоконъюнктивит; жергілікті вирусқа қарсы емді тағайындау//

Трахома, бірінші сатысы; жергілікті антибактериалдық емді тағайындау//

Көктемгі кератоконъюнктивит; аллергияға қарсы ем

***

Ұлбала 11 жаста. Көздері қышынып, жарық көзге қарай алмай және көзінде бөгде зат тұрғандай сезімге шағымданды. Қараған кезде: жоғарғы қабақтың конъюнктивасында «жұмыр тас төселген көшеге» ұқсас ақшыл-қызғылт түсті, тығыз, ірі емізікшелі өсінділер пайда болды. Конъюнктиваның жағындысынан эозинофилдер табылды. Диагнозы мен тактикасы://

Фликтеналық аллергиялық конъюнктивит; жергілікті және жүйелі түрде десенсебилизациялық ем, фтизиатрдың кеңесі қажет//

+Көктемгі конъюнктивит; жергілікті аллергиға қарсы ем//

Пішендік конъюнктивит; жергілікті аллергиға қарсы ем, аллергологтың кеңесі//

Жарақаттық конъюнктивит; жергілікті антибактериалдық ем//

Птеригиум, хирургиялық ем

***

Науқас әйел 54 жаста. Көз саңылауының ішкі жағынан сарылау ақшыл-қызғылт түсті конъюнктиваның шектелген қалыңдауы мазалайды. Диагнозы мен тактикасы://

Птеригиум, бақылау жасау//

Птеригиум, хирургиялық ем//

Птеригиум, медикаментоздық ем//

+Пингвекула, ем қажет етпейді//

Пингвекула, хирургиялық ем

***

52 жасар науқас шабан болып жұмыс істейді. Қараған кезде: пішіні үшбұрышты, конъюнктиваның қалыңдаған қатпары ікі жақтан қасаң қабыққа қарай өсіп, қарашықтың 1/3 бөлігін жауып тастады. Диагнозы мен тактикасы://

Птеригиум, бақылау жасау//

+Птеригиум, хирургиялық ем//

Птеригиум, медикаментоздық ем//

Пингвекула, ем қажет етпейді//

Пингвекула, хирургиялық ем

***

4 жасар бала жарық көзге қарай алмайды, көзінен жас ағып, блефароспазм. Лимб маңайындағы конъюнктиваның беткейінде көптеген сарғыш-ақшыл қызғылт түсті қабынған түйіндер бар. Диагнозы мен тактикасы://

+Фликтеналық аллергиялық конъюнктивит; жергілікті және жүйелі түрде десенсебилизациялық ем, фтизиатрдың кеңесі қажет//

Көктемгі конъюнктивит; жергілікті аллергиға қарсы ем//

Пішендік конъюнктивит; жергілікті аллергиға қарсы ем, аллергологтың кеңесі//

Жарақаттық конъюнктивит; жергілікті антибактериалдық ем//

Аденовирусты конъюнктивит, жергілікті вирусқа қарсы ем

***

Басталуы жедел. Жарық көзіне қарай алмайды, жас ағу және көздерінің қышынуы мазалайды. Бозғылт ісіп тұрған конъюнктива желе тәрізді болып көрінеді. Ауру жіті ринитпен, жоғарғы тыныс алу жолдарының катарымен жүреді. Астық тұқымдасты шөптер гүлдей бастаған шақта аурудың симптомдары күшейеді. Диагнозы мен тактикасы://

Жылдық аллергиялық конъюнктивит; аллерголог маманының кеңесі//

Көктемгі кератоконъюнктивит; жергілікті десенсибилизациялық ем//

+Мезгілдік аллергиялық конъюнктивит; аллерголог маманының кеңесі, жергілікті аллергияға қарсы ем//

Атопиялық кератоконъюнктивит; аллерголог маманының кеңесі, жергілікті және жүйелі түрде аллергияға қарсы ем//

Блефароконъюнктивит; жергілікті қабынуға қарсы ем

***

Науқас көп уақыттан бері жанаспалы линзаларды киіп жүр. Бір күні қатты қышыну сезімі, көзінде жағымсыз сезімдер мазалап, тұтқыр бөлінділер шыға бастады. Жоғарғы қабақтың конъюнктивасы қызарып, беткейін көптеген ірі емізікшелер басып кеткен. Диагнозы мен тактикасы://

Көктемгі катар; десенсибилизациялық ем//

Ірі емізікшелі конъюнктивит; қабынуға қарсы ем//

Ірі емізікшелі конъюнктивит; десенсибилизациялық ем//

+ Ірі емізікшелі конъюнктивит; жанаспалы линзаларды қолдануды тоқтату//

Мезгілдік аллергиялық конъюнктивит; аллерголог маманының кеңесі

***

Науқас 62 жаста. Таңертең көзінің қызарғанын байқап қалды. Қызарған бөлігі лимбқа дейін жайылған. Болжамды диагнозы мен тактикасы қандай ?//

Жіті бактериалдық конъюнктивит; жергілікті антибактериалдық ем//

Аденовирусты конъюнктивит; жергілікті вирусқа қарсы ем//

Жедел субконъюнктивалдық қанкету; АҚ-ды бақылау, коагулограмма жасау, жергілікті қанкетуді тарататын ем//

+ Жедел субконъюнктивалдық қанкету; АҚ-ды бақылау, коагулограмма жасау, жергілікті емді қажет етпейді//

Жіті аллергиялық конъюнктивит; жергілікті аллергияға қарсы ем

***

Науқас 21 жаста. Көз саңылауының төменгі самай жағынан конъюнктивасында қасаң қабықтың тініне қарай жайылған ісік бар. Тығыз, шекарасы анық және көтеріңкі болып тұр. Ісікті туылған кезде байқаған. Диагнозы; тактикасы://

Лимбтың дермоиды; бақылау//

+ Лимбтың дермоиды; хирургиялық ем//

Конъюнктиваның папилломасы; бақылау//

Конъюнктиваның папилломасы; хирургиялық ем//

Конъюнктиваның пигменттік емес невусы; бақылау

***