Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШКМ шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
242.38 Кб
Скачать

8. "Мектеп-балабақша" кешеніне сипаттама

Мектеп-балабақша кешенінің жұмысы өзара тығыз байланысты мынадай екі мақсатты басшылыққа ала отырып жұмыс атқарады: мектепке дейінгі жастағы балаларды даярлау және бастауыш сыныпта оқуға ынталандыру. Білім берудің мектепке дейінгі және мектептік сатылары арасындағы сабақтастық балаларды тек оқуға дайындау ретінде қабылданбауы тиіс. Мектепке дейінгі жаста болашақ тұлғаның ерекшеліктері қалыптасады.      Балалардың мектепке ауысуы барынша жұмсақ болып, олардың жаңа жағдайға тез бейімделуіне мүмкіндік беру үшін мұғалімдер мектепке дейінгі ұйымдағы жұмыс түрлерімен, әдістерімен танысады. Ал мектепке дейінгі балаларды мектеппен, оқушылардың оқудағы және қоғамдық өмірімен таныстыру балабақша тәрбиеленушілерінің сәйкес түсініктерін кеңейтуге, олардың мектепке қызығушылығын, оқу ниетін дамытуға мүмкіндік береді.      Бастауыш мектепте сәтті оқудың маңызды шарты балада сәйкес оқу уәждемелерінің болуы: оқуға маңызды қоғамдық іс ретінде қарауы, білім алуға ұмтылуы, белгілі оқу пәндеріне деген қызығушылығы болып табылады.      Күшті әрі тұрақты уәждемелердің болуы баланы мектеп өзіне жүктеген міндеттерді жүйелі және адал орындауға жетелейді. Бұл уәждемелердің қалыптасу алғышарттарына мектепте оқу ниеті, балалардың алдында абыройлы оқушы мәртебесіне ие болу және білуге құмарлықты, ақыл-ой белсенділігін дамыту жатады, ол қоршаған ортаға деген қызығушылықта, жаңаны білуге құмарлықта көрініс табады.      Балабақша мен мектептің сабақтастығы, бір жағынан, балалардың мектепте оқу талаптарына сай жалпы даму мен тәрбие деңгейімен мектепке көшуін, басқа жағынан – мектептің мектепке дейінгі балалар меңгерген білімге, машықтарға, дағдыларға сүйенуін, оларды оқушыны ары қарай жан-жақты дамыту үшін белсенді қолдануды қарастырады.      Бастауыш мектеп мұғалімі оқу нәтижелілігін көтеру үшін балабақшада жиі қолданылатын ойын тәсілдерін пайдаланады; балабақша тәрбиешісі арнайы оқу тапсырмаларын, жаттығуларды біртіндеп күрделендіре отырып оқу үдерісіне енгізеді, және осы арқылы мектепке дейінгі балалардың оқу қызметінің алғышарттарын қалыптастырады.      Сабақтастықты іске асыру мақсаттарын, міндеттерін және мазмұнын нақты түсіну, аталған білім беру ұйымының педагогикалық ұжымы арасындағы игілікті іскер қарым-қатынас балабақша мен мектептің сабақтастық байланыстарын орнатудың маңызды шарты болып табылады.      МДҰ мен мектеп жұмысындағы сабақтастықты іске асыру мақсаттары мен міндеттері бірлескен іс-шаралар өткізудің, бірыңғай білім беру кеңістігін ұйымдастырудың, оқытудың және тәрбиелеудің сабақтас технологияларын, түрлерін, әдістерін қолданудың негізінде жүзеге асады.      Сабақтастықты жүзеге асыру түрлері      Балалармен жұмыс: мектепке экскурсиялар; мектепке дейінгі балалардың бастауыш сынып мұғалімдерімен және оқушыларымен танысуы және өзара әрекеттестігі; бірлескен білім беру қызметіне, ойын бағдарламаларына қатысу; суреттер мен қолөнер бұйымдарының көрмелері; балабақшаның бұрынғы тәрбиеленушілерімен кездесулер және әңгімелесулер (бастауыш және орта мектеп оқушылары); бірлескен мерекелер мен спорттық сайыстар; театрландырылған қызметке қатысу; мектепке дейінгі балалардың мектеп жанында ұйымдастырылған сабақтардың бейімдеу курстарына қатысуы.      Педагогтар әрекеттестігі: бірлескен педагогикалық кеңестер; семинарлар, шеберлік сыныптары; МДҰ педагогтары мен мектеп мұғалімдерінің дөңгелек үстелдері; тәрбиешілер мен мұғалімдерге арналған психологиялық және коммуникативтік тренингтер; балалардың мектепке дайындығын анықтау бойынша диагностика өткізу; МДҰ мен мектептің медициналық қызметкерлерінің, психологтарының әрекеттестігі; МДҰ-ғы білім беру қызметі мен мектептегі ашық сабақтардың ашық көрсетілуі; педагогикалық және психологиялық қадағалаулар.      Ата-аналармен ынтымақтастық: бірлескен ата-аналар жиналыстары; дөңгелек үстелдер, пікірсайыстық кездесулер, педагогикалық "қонақ бөлмелер"; ата-аналар конференциялары, сұрақ-жауаптар кештері; МДҰ және мектеп педагогтарымен консультациялар; ата-аналардың болашақ мұғалімдермен кездесулері; ашық есік күндері; мектепалды жастағы балалардың ата-аналарына арналған білім беру-ойын тренингтері және практикумдері, іскерлік ойындар, практикумдер; отбасылық кештер, тақырыптық ойын-сауықтар; қарым-қатынастың визуалды құралдары (стенд материалы, көрмелер, сұрақ-жауаптардың пошта жәшігі және т. б.); ата-аналар клубтарының отырыстары.      Педагогтардың осындай қарым-қатынастары нәтижесінде өзара түсіністік қалыптасады:      – тәрбиешілер мектеп талаптарын, балаларды оқуға дайындау міндеттерін нақты түсінеді және оны сәтті шешеді;      – мұғалімдер балабақша жұмысының міндеттеріне, мазмұны мен әдістеріне тереңірек енеді, ол тәрбиелік әсер ету әдістерінде сабақтастық орнатуға септігін тигізеді.      Дайындық тобы балалары мен оқушылар арасындағы байланыс оқу жылы бойы сақталады. Балабақша мен мектеп арасында байланыс пен шығармашылық ынтымақтастық орнату – балаларды жүйелі оқуға дайындау міндеттерін сәтті шешудің қажетті шарты.      Балабақша мен мектептің бірлескен жұмысы туралы шарт      Балабақша мен мектептің оқу жылына арналған бірлескен жұмыс жоспары      Баланы мектепке дайындау – оның оқу-танымдық уәждерін (оқу ниетін) белсенді қалыптастыруды және оның өмірдің жаңа кезеңіне жеңіл бейімделуін қамтамасыз етуші қызметтің өзіндік құрамдастары мен психикалық үдерістерді дамытуды білдіреді.