- •1.Шағын комплектілі мектеп туралы түсінік және оның сипаттамасы.
- •2.Шағын комплектілі мектептердің даму тарихы.
- •3.Шағын комплектілі мектептер ерекшелігі.
- •4.Жалпы және жеке шағын комплектілі мектептер ерекшелігі.
- •5.Орта білім беру жүйесі.
- •6.Шағын комплектілі мектептегі бақылау және бағалау түрлері.
- •8. "Мектеп-балабақша" кешеніне сипаттама
- •9. Өзіндік жұмыстың сипаты, мазмұны және міндеттері
- •11. Қазақстандағы шкм-ң дамуы
- •12. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері
- •13.Шкм тиімді тиімсіз ерекшеліктері
- •14.Сабақтарға қойылатын талаптар
- •15.Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік
- •16.Шағын комплектілі мектептегі оқыту әдістемесі
- •17. Бала құқығы туралы қр Білім туралы заңындағы баптар
- •18.Шағын комплектілі мектептегі сынып комплектілеріне біріктіру
- •19.Мектептің жаңа түрлері.
- •20.Шкм мұғалімнің алдындағы педагогикалық мақсат,міндеттері.
- •21. «Даму», «Дамыта оқыту» ұғымдары
- •22.Шағын комплектілі мектеп жұмысын ұйымдастыру.
- •23.Бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты.
- •24.Шағын комплектілі мектептердегі кадр мәселесі
- •25.Мектептегі білім берудің жаңа мазмұны.
- •31. Қашықтан оқыту маңызы ж/е оның шкм қолданылуы
- •32. Оқушылармен жеке жұмыстар
- •33. Оқушылармен фронтальды жұмыстар
- •35. Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері
- •37. ШкМгі өзіндік жұмысты ұйымдастыру ж/е өткізу жолдары
- •38. ШкМгі сабақтар ерекшеліктері
- •39. Өзіндік жұмыстар түрлері
- •40. Модульдік оқыту технологиясы
- •41. Сыныптан тыс жұмыстар түрлері мен міндеттері
- •42. Оқыту әдістерінің түрлері
- •43. Топтық оқыту технологиясы.
- •44. Озат педагогиқалық тәжірибе және инновация.
- •45. Сабақтың дидактикалық және психологиялық құрылымы.
- •46.Мектептің ата-аналармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары.
- •47.Сабақта саналы тәртіпті орнату жолдары.
- •48. Білім беру мазмұны мен міндеттері.
- •49. Шкм ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануы
- •51. Педагогикалық технология
- •52. Ауылмектептерінің қазіргі жағдайы мен білім берудің жаңа үлгісі
- •53. Мектептегі басқару органдарының құрылымы
- •54. Деңгейлеп оқыту технологиясы
- •55. Ойын технологиясы
- •56. Проблемалық оқыту технологиясы
- •57. Сыни-тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы
- •58. Оқу үрдісіндегі пәнаралық байланыстың маңызы.
- •60. Педагогикалық технологиялардың құрылымы.
- •67. Сабақты бақылау және оны талдау жоспары
- •68. Білім берудегі практикалық психология
- •69. Сабақтың тәрбиелік қызметі
- •70. Шкм ресурстық орталықтары(тірек мектептері)
- •71. Шкм сабақты ұйымдастыру
- •72. Оку багдарламалары
- •73.Оқу бағдарламалары оқулықтар оларға қойылатын талаптар.
- •74.Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мазмұны.
- •76.Сабақ түрлері мен құрылымы.
- •77.Оқушыларға үй тапсырмасын орындаудағы нұсқаулар мен талаптар.
- •78.Педагогикалық менеджмент.
- •79. Шкм білімді бақылау мен бағалау
- •80. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеттері
- •81. Қазіргі сабақ құрылымының моделі
- •82. Мұғалім, сынып жетекшісі.
- •83.Педагогикалық шеберлік
- •84. Оқушылардың психологиялық денсаулығы және оқыту процесі.
- •85. БатысҚазақстандағы шагын комплектілі мектептер
- •86. Батыс Қазақстандағы ресурстық орталықтар
- •87. Мұғалімнің психологиялық денсаулығы және оқыту процесіне ықпалы.
- •88. Мектептегі педагогикалық кенес
- •89. Мектеп жұмысын жоспарлау
- •90. Педагогикалық психалогиялық консилиум
1.Шағын комплектілі мектеп туралы түсінік және оның сипаттамасы.
Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз. Нақты айтқанда, 1999 - жылғы маусымның 7 - сінде бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ - ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып - жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ - те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте - екі сынып, ал бір комплектілі мектепте - үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды. Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтын жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады. Егер мектепте барлық балалар саны 15 - тен аспайтын болса, 1 - сынып комплект, 15 - тен жоғары 2 немесе 3 - сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 - сынып – комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. Мұнда екі сынып - комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5 - тен 15 - ке дейін ғана бала болса онда 1 сынып – комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген. «ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызыметің ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерді» «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үрдісін ұйымдастыру мен оқу - тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі»,- делінген. ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты - бағдарлама мен мектеп белгіленген жоспарды орындап шығу. ШЖМ – нің оқу - тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: - біріншіден, сабақтың ерекшіліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрлысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді, өзіндік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс; - сабақтын екінші ерекшелігі - тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі; Осы екі ерекшелік - ШЖМ - нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады: - бір сыныптын өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты; - екіншіден, 3 - 4 сынып қатар оқытылғандықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет. ШЖБМ - тегі оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері: - бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтын мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8 - 16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32 - 40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеннің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет; - бір сабақтын үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой - өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс; - шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шындалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қауіпі туады; - мұғалім сабақ барысында ұйымдастырлатын өздік жұмыстардың мазмұның, көлемін, оларды орындау әдіс - тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім денгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет; - өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек. ШЖМ - нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар: - балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын артыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар; - дәптер тексеруге, жеке - дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады; - оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады; - оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді; - бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3 - 4 сынып) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді; - әрбір баланың білім денгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының денгейлерін көтеруге мүмкіндік мол; - аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кенінен қолдануға тырысады. ШЖМ - тің жоғарыда келтірілген артықшылықтармен қоса, кешшіліктері, кері жақтары да бар: - мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды; - сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды; - мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады; - мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады; - өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды; - белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ; - оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді; - ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады; ШЖБМ бағдарламасын өз денгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖМ - нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса; - егер мұғалім ШЖМ - гі математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса; - математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс - әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса. ШЖБМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.
