- •1.Жабдықты ағымдық жөндеу. Жұмыс құрамы. Мгмж ағымдық жөндеуді ұйымдастыру ережелері мен тәсілдері.
- •2. Цбпо құбыр цех жұмыстарының ұйымдастырылуы. Цех учаскісін жоспарлау. Технологиялық жабдықтардың орналастырылуы.
- •1. Жабдықты күрделі жөндеу. Мгмж күрделі жөндеуді ұйымдастыру ережелері мен тәсілдері.
- •2) Жабдықтың техникалық жағдай жөніндегі акт, апаттық жағдайда болса – апаты жөніндегі акт.
- •2. Жөндеу және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажетті адам және өндірістік қорларды бағалау.
- •1.Жөндеу кәсіпорнының жөндеу шаруашылығын басқару жүйесі.
- •2.Кәсіпорынның қосымша цехтарындағы жұмысты ұйымдастыру.
- •1.Жөндеу және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажетті энергоқорларын есептеу.
- •2.Тж Жұмыс көлемі мен мазмұны .Бұрғылау жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.
- •1.Цбпо цехына электромеханикалық жұмысын ұйымдастырылуы. Цех және телімдер жоспарлары. Технологиялық жабдықтардың орналастырылуы.
- •2.Жұмыс жабдықтарын желілік жоспарлау және басқару.
- •2.Сорғы жабдықтарын жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
- •2.Жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің сапасын басқару.
- •1.Мұнай-газ машиналары мен жабдықтарының техникалық диагностикасы. Пайдалану және жөндеу жүйесінің диагностикалық орны. Жеткізу кезеңі.
- •2.Жабдықты пайдаланудан шығарып, жөндеуге жіберуге дайындау реті.
- •1. Мұнай-газ жабдықтарының жеж графигін өңдеу орны. Өндіріс қоры және еңбек есептеулері.
- •1. Жжм қызметінің жұмысын цбпо-ға және бас механик қызметін пайдалану цехтарының жұмысын ұйымдастыру.
- •2. Жөндеу кәсіпорнындағы механикалық цехының жұмыстарын ұйымдастыру. Цех және телімдер жоспарлары. Технологиялық жабдықтардың орналастырылуы.
- •1. Бұрғылық қондырғылардың жөндеу базасын ұйымдастыру жұмыстары. Технологиялық жабдықтардың жоспарлары және орналастырылуы.
- •2. Өқкб, цбпо, рмз және т.Б. - жөндеу кәсіпорындарының басқару құрылымы.
- •2.Сорғы кәсіптік жабдықтарын жөндеу цехтарын ұйымдастыру жұмыстары. Цех және телімдер жоспарлары. Технологиялық жабдықтардың орналастырылуы.
- •1.Жөндеу кәсіпорнындағы жөндеу жабдықтарының жоспарлы-графигін дайындау.
- •2.Жазғы және қысқы жағдайларға сай кәсіпшілік жабдықтарды жөндеу-сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және пайдаланудың ерекшеліктері.
- •1.Мұнай қоймаларын жөндеу және тазалау жұмыстарын ұйымдастыру. Өнеркәсіптегі қауіпсіздіктер шаралары.
- •1.Мұнай құбырлық тораптарындағы сорғы станцияларының жөндеу жабдықтары және тж ұйымдастыру.
- •2.Жөндеу кәсіпорнындағы құрастыру аймақтарын ұйымдастыру.
- •1.Газ құбырлық тораптарындағы компрессорлық станцияларының жөндеу жабдықтары және тж ұйымдастыру.
- •2.Тж жұмыс шаралары және аумағы. Мұнай кәсепорын жабдықтарындағы техникалық қызмет көрсету жабдықтарының жұмысын ұйымдастыру.
2.Жабдықты пайдаланудан шығарып, жөндеуге жіберуге дайындау реті.
Машиналарды, агрегаттар мен түйіндерді жөндеуге қабылдаудың қанағаттандырылуы керек барлық талаптары көрсетілген ресми техникалық шарттар бар. Сол шартарға сәйкес шаруашылық машинаны жөндеуге тапсыру кезінде мынадай құжаттарды көрсетуі керек: мерзімдік техникалық тексеру актісі, алдындағы жөндеуден машинаны қабылдау актісі, қажетті белглері қойылған заводтық техникалық төлқұжат, машинаны пайдалану кезінде ауыстырылған түйіндердің тауар құжаттамасы.
Барлық машиналар жөндеуге жөнелтір алдында мұқият тазаланады. Машинаны жөндеуге шаруашылықтың техникалық қызметінің жауапты өкілі тапсырады, ал қабылдауды, алдын-ала агрегаттары мен механизмдерін сыртай тексеріп, тыңдап көріп, олардың жұмысын тексеріп, жөндеу кәсіпорнының техникалық бақылау бөлімінің жұмысшысы жүргізеді.
Сыртай тексеруде жабдықтың комплектілігін, механикалық және басқа қатерлік зақымдануын, сырлынуының күйін және басқаларды анықтайды.
Әрбір машинаны қабылдау сәйкес актімен рәсімделеді. Актіде алдындағы жөндеуден кейінгі қызметмерзімін (жұмыс істеген уақытын), сондай-ақ базалық бөлшектерінің күйін және қатерлік сипаттағы ақауларды ерекше көрсетеді. Машинаны жөндеуге дайындау кезінде суыту, қоректендіру жүйелерінен және картерден суытқыш сұйықтарды, отынды және майларды құйып алады. Сонан соң оларды кальцийленген сода ерітінділерімен, 5% тұз қышқылымен немесе кальцийленген сода немесе натрий сілтісі қосылған керосинмен жуады. Май картерлері мен отын шанақтарын жуып болған соң қосымша бумен де өңдейді. Буды пайдаланудың көптеген артықшылықтары бар: ол қол жетуі қиын жерлерге енеді, сырын зақымдамайды, сонымен қатар бумен үрлегеннен кейін бөлшек тез кебетіндіктен, коррозияға ұшырау қаупі болмайды.
Күйелер мен қақтардан басқа, металл беттерден ажырату – қиын процесс болып табылатын кірлеткіштерге майлар мен жағармайлар жатады. Менерал майлар мен жағармайларға судың жұғымы нашар болғандықтан, жуғыш ерітінділердің құрамына сілтілердіқосады. Олар май пленкасының беттік тартылысын шұғыл төмендеткенмен, оларды металл беттерінен ажырата алмайды. Бұл процесті жеңілдету үшін ерітінділерге эмульгаторлар: сабын, сұйық әйнек, спирттер, ОП-7, ОП-10 жуғыш заттарын және басқаларды қосады. Бөлшектерді тазалаудың ең қарапайым түрі майсыздандыратын ерітінді құйынған ваннаға батырып жуу. Бөлшекпен жанасатын қабаттардың белсенділігі оны майлармен қанықтырған сайын төмендейтіндіктен, бөлшекті ерітіндіде жылжыта шайқау керек. Бөлшектейтін орындарда пайдаланылатын жылжымалы ванналарды осы жуу әдісін пайдаланады.
Жабдықты жөндеуге тапсыру тәртібі
1. Жөндеу кәсіпорны, басшы ұйымдар бекіткен, жоспар бойынша белніленген тәртіпке сәйкес жабдықты жөндеуге қабылдайды. Жабдықта жасаушы завод негізгі параметрлері мен техникалық сипаттамаларын кепілдегенін куәландыратын, төлқұжаты немесе формуляры болуы керек.
Төлқұжаттан формулярдың ерекшелігі онда жабдықтың техникалық күйі мен оны пайдаланғаны жөнінде мәліметтер – жұмыс істеген сағат (ай) саны, жұмыстың шарты, техникалық күтім мен жөндеудің түрлері – көрсетіледі.
Пайдаланушы ұйым төлқұжатты (формулярды) жүргізуге міндетті.
2. Жөндеуге жіберілетін жабдық немесе оның жекелеген агрегаттары сол жабдықтың жалпы көрінісінің сызбасының спецификациясына сәйкес барлық бөлшектермен және түйіндермен жинақталуы керек. Жабдықты жөндеуге жіберуде пайдалануға жарамды бөлшектерін тозған немесе басқа жабдықтан алынғандармен ауыстыруға қатаң тыйым салынады.
3. жөндеуге жіберілер алдында жабдық кірден, балшықты ерітіндіден, мұнай мен құмнан тазартылуы, ал майлары мен қатып қалатын сұйықтары төгіліп тасталуы керек. Сырланбаған беттері консервациялық майлармен жабылуы керек.
4. Әрбір жөндеуге жіберілетін жабдықпен оның техникалық күйі жөніндегі акт пен пайдаланылу мен жөндеуі бойынша мәләметтері бар төлқұжат бірге жіберіледі.
Егер жабдақ қатердің салдарынан жөндеуге жіберілетін болса, онда ол актіде көрсетілуі керек.
Төлқұжаттқа барлық жасалған жөндеулер жөндеу түрлері, оларды орындау уақыты, және қысқаша сипаты көрсетіліп, пайдалану және жөндеу процестері кезінде алмастырылған бөлшектер мен түйіндер жөнінде мәліметтер мен жұмыс істеген уақыты және өтуі мен пайдаланылуы бойынша орындалған жұмыс көлемі көрсетіліп жазылады.
Жабдықта жөндеуге тапсыру актісі екі дана етіп жасалады. Жабдықты қабылдап алған жөндеу кәсіпорны оны бөлшектейді, жуады, тозуларын, ақауларын және зақымдануларын анықтау үшін бүкіл бөлшектерін тексереді және өлшейді. Бұл кезде анықталады: бөлшектер мен түйіндерді мұқият тексеру, өлшеу және бөлшектердің іс жүзіндегі өлшемдерін сызбадағы өлшемдерімен салыстыру негізінде олардың техникалық күйлері; қажетті жөндеу жұмыстарының сипаты мен көлемі.
Жабдықтың анықталған техникалық күйі негізінде ақаулау ведомостысы жасалады.
5. Жөнделген жабдық сыналуы және жөндеудің техникалық шартына сәйкес заводтың ТББ қабылданылуы керек.
6. Госгортехнадзор қадағалайтын жабдық техника қауіпсіздігі ережелері мен Госгортехнадзордың ережелеріне сәйкес болуы керек.
7. Жабдықты жөндеуден қабылдау актісімен рәсімделеді. Жабдықты қабылдау актісінен басқа жөндеу кәсіпорны тапсырыс берушіге жабдықты сынау актісі мен жүргізілген жөндеу жөнінде барлық техникалық мәліметтер жазылуы керек төлқұжатты да жібереді.
8. Жөндеуден қайтарар алдында жабдық қажет болса қапталып, коррозия мен жолдағы зақымданудан қорғалуы керек.
Жөндеуден кейін жабдық сырттай тексеруден басқа, зая жүрісте және жүктемеленіп сыналады.
№9
