- •Стандартты математикалық функциялар
- •Жобаға жаңа форма қосу жолдары қандай?
- •Формаға компоненттерді орналастыру жолдарын атаңыз?
- •Компоненттердің өлшемдерін орнату және ығыстыру тәсілдері қандай
- •Айнымалы деген не
- •Жергілікті және ауқымды айнымалылар
- •Өрнектердегі типтерді түрлендіру. Типтерді келтіру
- •Тармақталу операторлары а) Шартты оператордың жазылу форматын көрсетіңіз б) switch таңдау операторларының жұмыс принципі қандай?
- •TLabel компоненті
- •For(инициализация; өрнек; модификация) операторлар;
- •While (өрнек) оператор
- •Мәтіндік ақпаратты енгізу және бейнелеу компоненттері
- •2) Функциялармен жұмыс. Функция аргументтері
- •Батырмалар, басқарушы элементтер
- •2) Көрсеткіштер және массивтер
- •Билет № __11_
- •1. Меню компоненттері .
- •2. Жолдармен жұмыс
- •Билет № __12_
- •1. Панельдер.
- •TLabel компоненті
- •Edit, MaskEdit компоненттерінде енгізілетін және шығарылатын мәтін AnsiString типті Text қасиетімен анықталады. TEdit компоненті
- •2. Құрылымдар мен біріктірулер
- •Билет 13
- •Билет 14
- •Файлдар. Файлдармен жұмыс
- •1Сурак Графикалық бейнелерді тұрғызу .
- •2Сурак. А)fprintf және fscanf функцияларын сипаттаңыз
- •1Сурак Графика және мультимедиа
- •2Сурак а) fwrite және fread функцияларын сипаттаңыз
- •1. Қолданбадан сыртқы программаларды жүктеу жолдары
- •2. А) Графикалық режимді тағайындау
- •2. Файлдық мәліметтерді өңдеу
- •Fwrite және fread функцияларын пайдалану
- •Fgets және fputs функцияларын пайдалану
- •Айнымалы деген не
- •Жергілікті және ауқымды айнымалылар
- •Өрнектердегі типтерді түрлендіру. Типтерді келтіру
- •Тармақталу операторлары а) Шартты оператордың жазылу форматын көрсетіңіз б) switch таңдау операторларының жұмыс принципі қандай?
Билет № __11_
1. Меню компоненттері .
а) Бас меню компонентінің қызметі қандай?
б) Жанама меню .
в) Компоненттердің негізгі қаситтері мен оқиғаларын атаңыз
Компонент- тұтынушы интерфейсінің пішінге түсіруге болатын элементі. Ол батырма, мәрін, түрлі мәліметтер енгізуге болатын өріс, төмен түсетін тізімдер –жалпы терезеде көрінетін нәрселердің бәрі. Терезелерді сыртқы қалыптастыратын компоненттері визулды (көрінетін) деп аталады.Онан басқа компоненттер палитрасында көрінбейтін, яғни, бағдарлама орындалу барысында көрінбейтін компоненттер де болады, олар көрінбейтін деп аталады, бірақ түрлі фондық қызмет атқарады.
Бас меню (Главное меню; main menu) — әдетте, қолданбалы программалардың жоғарғы жағында тақырыбынан соң орналасады. Бас меню қолданбалы бағдарламаның жалпы командаларын қамти отырып, оның жұмыстарын басқару үшін қолданылады.
Жанама (контекстік) меню (Контекстное меню; context-sensitive menu) белгілі бір объектіге қатысты орындалатын командалар тізімі бар меню. Жұмыс істеушінің алдыңғы әрекеттеріне байланысты жылдам өзгеріп отырады. Бұл менюді емлелік қателерді тексеріп, суреттер мен ерекшеленген мәтіндерді, кестелерді өзгерту, толықтыру үшін ашуға болады. Жанама менюді ашу үшін керекті объектіні таңдап алып, тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет немесе SHIFT+F10 пернелерін басу керек.
Name |
Компоненттің атауы. Бұл атау бағдарламадағы компонентке және оның қасиетіне қол жеткізу үшін қолданылады. |
Caption |
Мәзір элементінің атауы |
enabled |
Мәзір элементіне қол жеткізу белгісі. Егер қасиет мәні жалған болса, онда пункт атуы инверсті түспен беріледі және оны басқанда Click оқиғасы орындалмайды |
Bitmap |
Қасиет мәзір пунктінің сол жағында орналасқан суретке ВМР форматын береді |
ShortCut |
Қасиет батырмалар бірігуін көрсетеді, оларды басқанда мәзірдің сәйкес пункті таңдалады. |
Visible |
Мәзір қатарын көрсету немесе жасыру белгісі |
Image Index |
ТImage Index компоненттер коллекциясындағы сурет нөмірі |
Query компоненті алыстатылған SQL – серверлерге болмаса жергілікті мәліметтер қорына SQL-сұранысын құру және орындау үшін пайдаланылады.
DBGrid компоненті мәліметтерді жол немесе баған ретінде көрсететін, белгіленген мәліметтерге кестесін туғызу үшін пайдаланылады. Компонент визуальды.
DataSource компоненті — бұл компонент Table немесе Query компоненттері секілді мәліметтер қорымен байланыстыру үшін пайдаланылады.
MainMenu компоненті — бұл компонент формаға негізгі меню құру үшін қолданылады. Басты қасиеті Items арқылы менюге керекті сөздер жазылады. Я болмаса MainMenu компоненттінің үстінен 2 рет шерту арқылы жазуға болады. ShortCut қасиеті клавиатурадан басқаруға мүмкіндік береді.
Panel компоненті — бұл компонент кең ауқымда қолданылады. Бұл компонент бір-бірімен байланысты бірнеше компоненттерді біріктіріп, бір жерде орналастыруға ыңғайлы. Panel компонентіндегі жазуды Caption қасиеті арқылы өзгертуге болады. Bevellnner, BevelOuter, bevelWidth, BorderStyle,BorderWidth қасиеттері арқылы компоненттің жиектерін көркемдеуге болады.
Button компоненті — бұл компонент ең көп қолданылатын компоненттер қатарына жатады. Caption басты қасиеті болып табылады. Басты оқиғасы болып OnClick болып табылады. Осы оқиғаға батырманы басқан кездегі орындалатын операторлар жазылады.
ComboBox компоненті-ListBox және Edit компоненттерінің функциясын біріктіреді. Пайдаланушы текстті енгізуге және тізімнен таңдап алуына болады.
Edit компоненті бір жолды текст енгізу үшін немесе көрсету үшін қолданылады. Тексті енгізіп шығаратын қасиеті Text. BorderStyle қасиеті арқылы компоненттің түрін көркейтуге болады.AutoSelect қасиеті барлық текст автоматты түрде боялатынын анықтайды. SelLength, SelStart және SelText қасиеттері боялған тексттің өзін анықтайды. MaxLength қасиеті енгізілетін тексттің максимальды ұзындығын анықтайды.
Label компоненті формада әртүрлі жазуларды немесе белгілерді көру үшін компоненті қолданылады. Бұл компоненттегі тізімнен пайдаланушы тек бір ғана жолды таңдай алады. Басты қасиеті Items.
ExcelApplication компоненті — бұл компонент Microsoft Excel программасын шақыру үшін қолданылады.
WebBrowser компоненті -бұл компонент htm кеңеймесінде сақталған құжаттарды көрсету үшін арналған.
