Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-20_bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
141.71 Кб
Скачать

2) Функциялармен жұмыс. Функция аргументтері

С ++ тілінде модульдар функциялар деп аталады. Функцияны анықтауда анықталған барлық айнымалылар локальді айнымалылар болып табылады да, олар өздері анықтаған функцияларда ғана қызмет ете алады. Көптеген функциялар параметрлер тізімінен тұрады. Параметрлар функцияларға мәлімет алмасуға мүмкіндік береді. Функция параметрлары да локальді айнымалылар

int main () k=sqrt

Көптеген функциялардан тұратын программаларда main функциясы жұмыстың негізгі бөлігін орындайтын функцияларға қатынау тобы ұйымдастырылуы керек. Программаны бірненше функцияларға бөлу- біріншіден оны бақылауға ыңғайлы; екіншіден- программада қайтатын код болмайды; үшіншіден – программа кодын функция түрінде өрнектеу оны шақыру арқылы программаның кез-келген бөлігінен орындауға мүмкіндік береді. Әрбір функция программа мақсатын қамту керек.

Функцияны сипаттау

Тип функциясы (Тип1 Параметр1, Тип2 Параметр2, Тип n Параметр n )

{Айнымалыны сипаттау ;

Функция нұсқаулары;

return (мән) }

Программадағы әрбір нақты параметрлардың типі функцияны жариялауда көрсетілген сәйкес параметрлердің типіне және санына сәйкес келуі тиіс. С-дің маңызды ерекшеліктерінің бірі- функция прототипі б.т. Прототип функцияны оны алғаш қолданғанға дейін жариялайды. Прототип компиляторға функциямен қайтарылатын мәліметтер типін функция қабылдайтын параметрлер саны, параметрлердің типі мен ретін хабарлайды. Прототиптің соңында міндетті түрде үтір нүкте (;) қойылады:

int maximum (int x, int y, int z);

Егер функция мән қайтармайтын болса , оның типі void болуы керек.

10 БИЛЕТ

  1. Батырмалар, басқарушы элементтер

Батырмалар басқару элементтері болып табылады және қандай да бір функционалдық іс-әрекетті орындауға команда беру үшін қызмет етеді, сондықтан оларды көп жағжайда командалық батырмалар деп атайды. Батырма үстінде мәтін және/немесе графикалық бейне болуы мүмкін. Button – стандартты батырма, BіtBtn-суретті батырма, SpeedButton-жылдам рұқсат алу батырмасы.

Стандартты батырманың үстінде тек жазба ғана болады. Батырманың негізгі оқиғасы – OnClick оқиғасы.

BіtBtn батырмасы - суреті бар және анықталған типті әрекет жасайтын батырма. Бұл объектіге мынандай жаңа қасиеттер тән: Glyph– файлдан алынған батырмадағы сурет; Kіnd– стандарты әрекет типі.

SpeedButton батырмасын саймандар тақтасында батырма құру үшін қолданады. Объектінің келесідей қасиеттерін қарастырайық: Margin – сурет пен оған жақын тұрған батырманың арасындағы пиксельмен берілген арақашықтық; Layout – батырмадағы сурет пен мәтіннің орналасуы; Spacing – мәтін мен сурет арасындағы пиксельмен берілген арақашықтық.

TButton компоненті

* OnClick – тышқан батырмасын шерткен кезде пайда болатын оқиға

* Default – батырма келісім бойынша таңдалады және жиекпен қоршалады

* Caption – батырмадағы жазба

2) Көрсеткіштер және массивтер

Көрсеткіштер. Компилятор айнымалыны анықтау операторын өңдеген кезде мысалы int i=5; int типке сәйкес жады бөлінеді және көрсетілген мәнге меншіктейді. Программадағы айнымалыны оның аты ( i ) арқылы шақыру компилятор мен айнымалының мәні сақталатын жады аймағының адресіне ауыстырылады. Программалаушы жады аймағының адресін сақтау үшін жеке меншік айнымалыларды анықтауына болады. Бұндай айнымалылар көрсеткіштер деп аталады. Сонымен көрсеткіштер жады аймағының адресін сақтауға арналған. С++ -те көрсеткіштердің үш түрі бар. Олар:

1. объектілерге арналған көрсеткіштер.

2. функцияларға арналған көрсеткіштер.

3. қасиеттерімен және амалдар жиынтығымен ерекшеленетін void-қа арналған көрсеткіштер .

Көрсеткіштер өз алдында жеке дара тип болып табылмайды. Олар әрқашанда қандай да бір нақты типпен байланысты болады. Функцияның атқарылатын коды орналасқан код сегментінде функцияға арналған көрсеткіштің адресі болады, яғни ол функцияны шақырғанда басқару берілетін адрес.

Функцияларға арналған көрсеткіштер функцияларды қосымша түрде (оның аты арқылы емес адресін сақтап тұрған айнымалыны шақыру аты) шақыру үшін және функцияның атын басқа функцияға параметр ретінде беру үшін пайдаланылады

Массив дегеніміз- бір ғана атпен берілген бір типті айнымалылардың жиынтығы.

Массивтің элементтері тік жақшаға ([ ]) алынып жазылады, ал элементтері индекстермен беріледі. Ең соңғы элементтің индексі массивтің ұзындығын көрсетеді. С++ -те массивтің индексі 0-ден басталатындықтан оның ұзындығы көрсетілген мәннен 1-ге артық болады. Массив үшін инициализациялайтын мәндер фигуралық жақшаларда жазылады. Мәндер элементтерге рет-ретімен меншіктеледі. Егер массивтағы элементтер инициализаторлардан көп болса, онда мәндері көрсетілмеген элементтер ноль болады. Массив өлшемділігі оның элементтерінің типімен компиляция этапында орындалатын массивті орналастыру үшін қажетті жадтың көлемін анықтайды. Сондықтан өлшем бүтін оң таңбалы тұрақтымен немесе тұрақты өрнекпен берілуі мүмкін. Егер массивті сипаттау кезінде өлшем көрсетілмесе инициализатор болуы керек. Бұл жағдайда компилятор

инициализацияланған мәндер саны бойынша жадты анықтайды. Массив өлшемін атаулы тұрақтылар көмегімен берген қолайлы. Мұндай өзгерту үшін программаның бір жерінде тұрақты мәнін көрсетіп қойған жеткілікті. Массивтің соңғы элементі оның өлшемін сипаттауда берілген бірге аз номерден тұратынына назар аударыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]