- •Стандартты математикалық функциялар
- •Жобаға жаңа форма қосу жолдары қандай?
- •Формаға компоненттерді орналастыру жолдарын атаңыз?
- •Компоненттердің өлшемдерін орнату және ығыстыру тәсілдері қандай
- •Айнымалы деген не
- •Жергілікті және ауқымды айнымалылар
- •Өрнектердегі типтерді түрлендіру. Типтерді келтіру
- •Тармақталу операторлары а) Шартты оператордың жазылу форматын көрсетіңіз б) switch таңдау операторларының жұмыс принципі қандай?
- •TLabel компоненті
- •For(инициализация; өрнек; модификация) операторлар;
- •While (өрнек) оператор
- •Мәтіндік ақпаратты енгізу және бейнелеу компоненттері
- •2) Функциялармен жұмыс. Функция аргументтері
- •Батырмалар, басқарушы элементтер
- •2) Көрсеткіштер және массивтер
- •Билет № __11_
- •1. Меню компоненттері .
- •2. Жолдармен жұмыс
- •Билет № __12_
- •1. Панельдер.
- •TLabel компоненті
- •Edit, MaskEdit компоненттерінде енгізілетін және шығарылатын мәтін AnsiString типті Text қасиетімен анықталады. TEdit компоненті
- •2. Құрылымдар мен біріктірулер
- •Билет 13
- •Билет 14
- •Файлдар. Файлдармен жұмыс
- •1Сурак Графикалық бейнелерді тұрғызу .
- •2Сурак. А)fprintf және fscanf функцияларын сипаттаңыз
- •1Сурак Графика және мультимедиа
- •2Сурак а) fwrite және fread функцияларын сипаттаңыз
- •1. Қолданбадан сыртқы программаларды жүктеу жолдары
- •2. А) Графикалық режимді тағайындау
- •2. Файлдық мәліметтерді өңдеу
- •Fwrite және fread функцияларын пайдалану
- •Fgets және fputs функцияларын пайдалану
- •Айнымалы деген не
- •Жергілікті және ауқымды айнымалылар
- •Өрнектердегі типтерді түрлендіру. Типтерді келтіру
- •Тармақталу операторлары а) Шартты оператордың жазылу форматын көрсетіңіз б) switch таңдау операторларының жұмыс принципі қандай?
Жергілікті және ауқымды айнымалылар
Айнымалылардың әрекет ету аймағы – программаның ағымдағы әрекеттеріне қандай мәліметтердің қатынасуға болатынын анықтайтын қағида. Айнымалылардың үш типі болады: ауқымды, локальді (жергілікті) және формальды.
Жергілікті айнымалылардың әрекет ету аймағы – олар сипатталған программа бөлігі, яғни олар сол функция тұлғасында ғана белгілі болып табылады. Программаның осы бөлігінен шыққан соң, жергілікті айнымалылар мен олардың мәндері жоғалады.
Формальды айнымалылар – тұтынушы функциясының тақырыбында көрсетілген параметрлер. Формальды параметрлер функция тұлғасында жергілікті айнымалылар сияқты қолданылады. Формальды параметрлердің әрекет ету аймағы – функция тұлғасы болып табылатын блок.
Ауқымды айнымалылар программадағы функциядан тыс сипатталады. Олар программаның кез келген жерінде қолданылуы мүмкін, сондықтан ауқымды айнымалыларды алдын ала сипаттау және бастапқы мәндерді меншіктеу керек. Ауқымды айнымалылардың әрекет ету аймағы – олар сипатталғаннан бастап, программа соңына дейін болып саналады.
Өрнектердегі типтерді түрлендіру. Типтерді келтіру
C++ Builder бағдарламасында есептер орындау барысында компонеттерден мәліметтер алғанда немесе компонентке мәлімет шығару қажет болған типтерді түрлендіру функциясын орындау қажет:
StrToFloat – жолдық типті нақтыға түрлендіру
FloatToStr - нақты типті жолдыққа түрлендіру
IntToStr – бүтін типті сандарды жолға түрлендіру
StrToInt – жолдық типті бүтін типке түрлендіру
Билет № __6_
Формалар.
а) Формаларды басқару. Әдістер. Оқиғалар. Қасиеттер
б) Модальды формалар ерекшеліктері.
Кез келген қолданбаның негізгі элеменнті форма – басқа визуалды және визуалды емес компоненттер орналасатын контейнер болып табылады. Форма маңызды визуалды компонент болып табылады және кез келген қосымшаның орталық бөлігі. Жобаға жаңа форма қосу File/New Form командасымен орындалады. Әрбір автоматты түрде құрылатын форма үшін C++ программа файлына оны құрудың сәйкес операторын СreateForm әдісі арқылы қосады.
Application->Initialize();
Application->CreateForm( _classid(TForm1, &Form1);
Application->CreateForm(_classid (TForm2, &Form2);
Application->Run();
Форманы құру және оны пайдалану кезiнде:
OnCreate - құру;
OnShow – бейнелеу;
OnReSize – өлшемін анықтау ;
OnActivate –белсенділігі;
OnPaint – сурет; оқиғалары тізбектей пайда болады. Олар пайда болу ретiмен көрсетілген.
Форманың көрiнетiндiгiн басқаруды басқа тәсiлмен Show және Hide әдiстерiн пайдалана отырып, орындауға болады. Show процедурасы модалды емес режимде форманы бейнелейдi, ал Hide процедурасы форманы бұғады.
Модалды форма деп берілген қолданбаның кез келген басқа формасына өту кезiнде жабылуы керек болатын форманы айтамыз. Егер де пайдаланушы кезектегi модалды форманы жаппай бiрден басқа формаға өтуге қадам жасаса, Windows жүйесi бұл әрекеттi болдырмайды және ескерту сигналын шығарады.
Модалды режимде форманы бейнелеу үшiн ShowModal әдiсi қолданылады.
Форманың негізгі қасиеттерінің бірі - FormStyle қасиетi, ол келесi мәндердiң бiрiн қабылдайды:
– fsNormal – стандартты стиль, көптеген терезелер, соның iшiнде сұхбат терезелер үшiн пайдаланады;
– fsMDIChild – көп құжатты қосымшадағы iшкi форма;
– fsMDIForm – көп құжатты қосымшадағы аталық форма;
– fsStayOnTop – жүктелгеннен кейiн басқа формалардың үстінде орналасатын форма - әдетте, жүйелiк ақпаратты немесе бет басын шығару үшiн пайдаланады.
Форманы бейнелеу кезiнде Visible қасиетiнiң мәнi true болады және оның Show оқиғасы пайда болады. Ал бұғу кезiнде Visible қасиетiнiң мәнi false болады және OnHide оқиғасы пайда болады.
Әрбір форма өзін шектейтін жиекке ие. Жиектердiң түрiн және күйін BorderStyle қасиетi анықтайды. Ол: – bsDialog (сұхбат форма);
– bsSingle (өзгермейтiн өлшемдегi форма);
– bsNone (формада көрiнетiн жиек болмайды және өзiнiң өлшемдерiн өзгерте алмайды);
– bsSizeAble (өлшемдерiн өзгертетiн қарапайым форма, келісім бойынша тақырып жолына ие және батырмалардың кез келген жиынын қамтуы мүмкiн) ;
– bsToolWindows (құрал-саймандар формасы);
– bsSizeToolWin (өлшемдерiн өзгертетiн құрал саймандар формасы) сияқты мәндердiң бiрiн қабылдауы мүмкiн.
Форманың тақырып облысында батырмалардың 4 түрi бейнеленуі мүмкін. Мүмкiн болатын батырмалардың жиынтығын TВorderIcons типті BorderIcons қасиетi анықтайды. Ол:
biSystemMenu (терезе жүйелік менюден тұрады және жүйелік меню батырмаларын қамтуы мүмкін);
biMinimize(терезе жинақталу батырмаларынан тұрады);
biMaximize (терезе ашылу батырмаларынан тұрады);
biHelp (терезе сұрақ белгiсiн бейнелейтiн және анықтама шақыратын анықтама батырмасынан тұрады) сияқты мәндер жиынын қабылдауы мүмкiн.
