Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-20_bilet.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
141.71 Кб
Скачать

2. Файлдық мәліметтерді өңдеу

а) fwrite және fread функцияларын сипаттаңыз

Fwrite және fread функцияларын пайдалану

Құрылымдарды пайдаланатын файлдармен жұмыс істеу кезінде fread()/fwrite() функцияларын пайдаланған ыңғайлы. Олардың жазылуы:

fread(ptr,size,n,fp);

мұнда fp файлынан әрқайсысы size байттан тұратын мәліметтің n блогы ptf нұсқауышы көрсетіп тұрған жады аймағына оқылады (оқылатын блок үшін алдын ала орын дайындап қою қажет).

fwrite(ptr,size,n,fp);

мұнда ptf нұсқауышы көрсетіп тұрған жады аймағында орналасқан әрқайсысы size байттан тұратын мәліметтің n блогы ашық тұрған fp файлына жазылады.

б) fgets және fputs функцияларын сипаттаңыз

Fgets және fputs функцияларын пайдалану

Сөз тіркестерімен жұмыс істегенде fgets және fputs функциялары қолданылады:

fgets функциясының жазылу түрі:

fgets(нұсқауыш,MAXLEN,fp); нұсқауыш – компьютер жадындағы орынға сілтейтін нұсқауыш;

MAXLEN – оқылатын тіркестің максимальды ұзындығы;

fp – файл нұсқауышы.

Файлдарға сөз тіркестерін жазу үшін fputs функциясы келесі түрде қолданылады:

status=fputs (қатар нұсқауышы,fp);

status – бүтін сан, оның мәні eof функциясында жазылады, егер fputs() функциясы файлдың соңына шыққан болса немесе қате тапса, fputs функциясы жазылатын жолдың соңына /0 символын жазбайды.

Билет № __19_

1

Айнымалылар және өрнектер

а) айнымалы дегеніміз не? Оны сипаттау

б) Жергілікті және ауқымды айнымалылар

в). Өрнектердегі типтерді түрлендіру. Типтерді келтіру

    1. Айнымалы деген не

Айнымалылар  латын  әріптері мен  цифрларының кез – келген тіркесі түрінде  беріледі.  Айнымалы деп программаның орындалу  барысында  әртүрлі  мәндерді қабылдайтын  шамалар.

Айнымалылардың негізгі типтері: int — бүтін сандар типі.(int x; int y=37;) double, float — үтірі бас сандар типі.(float a; double b; float pi=3.14;) Char — символдық тип (Char q; q='w'; Char t;) String — сөздер, жолдар типі. (String str; String tost=«Ал, не дейміз енді))»;) Boolean — логикалық тип.(Бұл типпен кейінірек «очно» танысамыз)

Машиналар сондай ақылсыз, оларда жолай түсініп кету деген жоқ. Айнымалымен жұмыс істеу үшін міндетті түрде алдымен бір рет ЖАРИЯЛАУ керек. Ол үшін оның типін және атын көрсетеміз. Мысалға, int x; (бұдан түсінетінімз x бүтін санды айнымалы, 5 болуы мүмкін, 777 болуы мүмкін, әйтеуір бір бүтін сан).

    1. Жергілікті және ауқымды айнымалылар

Айнымалылардың әрекет ету аймағы – программаның ағымдағы әрекеттеріне қандай мәліметтердің қатынасуға болатынын анықтайтын қағида. Айнымалылардың үш типі болады: ауқымды, локальді (жергі­лікті) және формальды.

Жергілікті айнымалылардың әрекет ету айма­ғы – олар сипатталған программа бөлігі, яғни олар сол функция тұлға­сында ғана белгілі болып табылады. Программаның осы бөлігінен шыққан соң, жергілікті айнымалылар мен олардың мәндері жоғалады.

Формальды айнымалылар – тұтынушы функциясының тақыры­бын­да көрсетілген параметрлер. Формальды параметрлер функция тұлғасында жергілікті айнымалылар сияқты қолданылады. Формальды параметрлердің әрекет ету аймағы – функция тұлғасы болып табы­латын блок.

Ауқымды айнымалылар программадағы функциядан тыс сипат­та­лады. Олар программаның кез келген жерінде қолданылуы мүмкін, сондықтан ауқымды айнымалыларды алдын ала сипаттау және бас­тап­қы мәндерді меншіктеу керек. Ауқымды айнымалылардың әрекет ету аймағы – олар сипатталғаннан бастап, программа соңына дейін болып саналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]