Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-20_bilet.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
141.71 Кб
Скачать

Билет № _1__

1

C++ Builder өңдеу ортасы.

а) Ортаның негізгі терезелерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз

б) Компоненттер палитрасы терезесін сипаттаңыз

в) Форма және код редакторы терезесін сипаттаңыз

C++Builder- C++ тілінде программалық құралдарды өңдеу үшін программистер пайдаланатын программалық өнім, қолданбаларды жылдам өңдеу аспабы , программалаудың біріктірілген ортасы,жүйе.

Бастапқыда Borland Software компаниясы өңдеген, ол компанияның бөлуінуі себебінен қазіргі кезде Embarcadero Technologies компаниясына тиесілі

C++Builder құрамында объектілер кітапханасының жиыны (STL, VCL, CLX, MFC және т.б.), компилятор, баптаушы, код редакторы және басқа да компоненттер қосылған. Өңдеу Delphi ортасына ұқсас. Delphi өңделген көптеген компоненттерді C++Builder –де пайдалануға болады.

C++Builder объектіге бағытталған программалаудың – инкапсуляция, полиморфизм және жинақтық туындауды және тіл стандартындағы кілттік сөздер мен жаңадан ендірілген спецификаны қолдайды.

C++ Builder-де әрбір компонент үш түрлі сипаттамаға ие: қасиеттер, оқиғалар және әдістер.

Егер палитрадан компонентті формаға қосатын болсақ. Объектілер инспекторы терезесі автоматты осы компонентке пайдалауға болатын қасиеттер мен әдістерді көрсетеді.

Форма маңызды визуалды компонент болып табылады және кез келген қосымшаның орталық бөлігі. Жобаға жаңа форма қосу File/New Form командасымен орындалады. Әрбір автоматты түрде құрылатын форма үшін C++ программа файлына оны құрудың сәйкес операторын СreateForm әдісі арқылы қосады.

Форманы құру және оны пайдалану кезiнде:

  • OnCreate -құру;

  • OnShow – бейнелеу;

  • OnReSize – өлшемінанықтау ;

  • OnActivate –белсенділігі;

  • OnPaint –сурет; оқиғалары тізбектей пайда болады. Оларпайда болу ретiмен көрсетілген.

Форманың көрiнетiндiгiн басқаруды басқа тәсiлмен Show және Hide әдiстерiн пайдалана отырып, орындауға болады. Show процедурасы модалды емес режимде форманы бейнелейдi, ал Hide процедурасы форманы бұғады.

2

C++ тілдің жалпы сипаттамасы. Негізгі ұғымдар

а) Тілдің құрамы.

б) Алфавиті

в) Идентификаторлар.

Кез келген табиғи тіл негізгі төрт элементтен тұрады. Олар символдар, сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер. Бұндай элементтер алгоритмдік тілде де бар, бірақ мұнда сөздер – лексемалар (элементарлы конструкциялар), сөз тіркестері- өрнектер, ал сөйлемдер – операторлар деп аталады.Лексемалар- символдардан, өрнектер- лексемалардан және символдардан, ал операторлар- симвлодардан, өрнектерден және лексемалардан құралады.

Тілдің алфавиті немесе оның символдары негізгі бөлінбейтін белгілер. Олардың көмегімен тілдегі барлық текстер жазылады.

Лексема немесе элементарлы конструкция- өзіндік аты бар тілдің минималды бірлігі.

Өрнек-қандайда бір мәнді есептеу ережесін береді.

Оператор- қандайда бір әрекеттің аяқталған сипаттамасын береді. Күрделі әрекетті сипаттау үшін операторлардың тізбегі қажет етіледі. Операторлар құрама операторларға немесе болкқа біріктірілуі мүмкін. Бұл жағдайда олар бір оператор ретінде қарастырылады. С++ тілінде болк болып фигуралы жақшаның ( { }) ішіне жазылған операторлар тізбегі алынады.

Препроцессор -программалардың алғашқы текстімен программа трансляторға түспей тұрып кейбір өзгерістерді жүргізуге арналған программа.

Препроцессордың операторы (формат)# символынан басталатын және одан кейін оператор немесе операндалар аты жазылатын бастапқы текстің бір жолы. Препроцессордың операторы программаның кез келген жерінде пайда болу мүмкін және олардың әрекеті бастапқы файлға түгел таралады.

Препроцессордың мына операторлары жиі пайдаланылады:

# іnclude, # defіne. Бұдан басқа да # prаgma, # іf, # errorт.б. директивалары бар.

Препроцессордың маңызды қызметі бастапқы текстке басқа файлдардың мазмұнын қосу болып табылады. Бұл мүмкіндік негізінен программаларды қандайда бір бәріне ортақ мәліметтермен, анықтамалармен қамтамасыз етуде пайдаланылады.

С++ тілінің алфавитіне кіретін символдар:

  • Латынның үлкен, кіші әріптері және төменгі сызықша;

  • Араб цифрлары;

  • Арнайы символдар:” {} [] | , () + - / % * . \ /: ? ‘ <= >= ! & # ~ ;^

  • Бос орындық символдар: бос орын, табуляция және келесі жолға өту символдары жатады.

Алфавиттің символдарынан тілдің лексемалары қалыптасады. Олар: идентификаторлар, кіліттік сөздер(қызметші сөздер), амалдар белгілері, тұрақтылар және ажыратқыштар (жақшалар, нүкте, үтір, бос орындық символдар жатады).

Идентификатор – программалық объектінің аты. Идентификаторда латын әріптері, цифрлар және төменгі сызықша пайдаланылады. Үлкен және кіші әріптердің айырмашылығы болады. Мысалы esep деген идентификатор алайық, оны esep, ESEP, EsEp деп жазсақ , онда ол әртүрлі идентификатор болып табылады. Идентификатордың алғашқы символы әріп немесе төменгі сызықша болуы керек. Бос орындарды идентификатор алдында қолдануға болмайды. Идентификатор айнымалыны, функцияны, типтерді тағы басқаларды сипаттау кезінде құрылады. Стандарт бойынша идентификатордың ұзындығы шектелмеген, бірақ кейбір компоновшиктер оның шектеуін қажет етеді. Идентификатор қызметші сөздерге сәйкес келмеуі қажет. Сонымен қатар идентификаторды төменгі сызықшадан бастамау ұсынылады.

Билет № _2__

1

C++ Builder-де қолданбаны ұйымдастыру.

а) Жобаның негізгі файлдарын атаңыз?

б) Жаңа жобаны құру және оны сақтау жолдарын көрсетіңіз.

в) Жоба менеджері қандай қызмет атқарады?

C++ Builder-де форма қолданбаның негізі болып табылады. Қолданушы интерфейсін құру форма терезесіне компоненттер деп аталатын C++ Builder объектілер элементтерін қосумен қорытындылады Компоненты C++ Builder компоненттері компоненттер палитрасында орналасады. C++ Builder жеке компоненттер құру және компоненттер палитрасын баптау мүмкіндігіне ие.

C++ Builder-де компоненттер көрінетін (визуалды) және көрінбейтін (визуалды емес) болып бөлінеді. Визуалды компоненттер қолданбаны орындау кезінде жобалау кезіндегіндей пайда болады. Визуалды компоненттер мысалдары батырмалар және редакцияланатын өрістер. Ал визуалды емес компоненттер жобалау кезінде формадағы пиктограммалар түрінде пайда болады. Олар қолданбаны орындау кезінде көрінбейді.

Жаңа жоба құру үшін File/New Application меню пунктін орындау керек. C++ Builder келісім бойынша Project1.cpp атаудағы жоба файлын және келісім бойынша Project1.mak make-файлын құрады. Жобаға өзгеріс енгізген кезде C++ Builder жоба файлын жаңартып отырады.

Әдетте қолданба бірнеше формаға ие. Жобаға формалар қосу келесі қосымша файлдарды құрады:

  • .DFM кеңейтпедегі формалар файлдары

  • C++ -те кодты қамтитын .CPP кеңейтпедегімодулдар файлды

  • Формалар класының сипаттамасын қамтитын .H кеңейтпедегі тақырыптық файл.

Егер жобаға бір немесе одан да көп формалар қосу үшін File/New Form меню пунктін таңдаймыз. Сонда жобаға қосылатын жаңа форма шығады. Немесе File/New меню пунктін таңдап, объектілер қоймасының ішінен қажетті парақты таңдап, онда дайын шаблондарды қосу мүмкіндігі бар.

Жоба администраторы кеңейтілуі .срр болатын ағымдағы жоба файлын манипуляциялау үшін қажет. Жоба администраторы терезесін ашу үшін View [ Project Manager командасын орындаймыз. Терезе ағымдағы жобамен ассоциацияланған барлық құрайтын файлдардың тізімін құрайды. Тез шақыру панелі батырмаларының немесе контекстік мәзір опцияларының көмегімен ағымдағы жоба файлын қосуға, өшіруге, сақтауға және көшіруге болады.

Жобаадминистраторыныңконтекстікмәзірі

Жобаадминистраторыныңконтекстікмәзірін администратор терезесініңкез-келгенжерінетышқанныңоңжақпернесін басу арқылынемесе Alt+FlO пернесін басу арқылыашамыз. Контекстікмәзірмынаопциялардықұрайды:

• Save Project жобафайлыныңөзгерістерінсақтайды. Сондайәрекетті File | Save Project Asкомандасыорындайды.

• AddToRepository жобашаблонынобъектілерқоймасынақосуғаарналған SaveProjectTemplate  диалогынашады.

• New Unit код редакторы терезесіндежаңа модуль құрадыжәне оны жобафайлынақосады. ЖаңамодульгеUniti, Unit2, ... атауларыберіледі. Сондайәрекетті File | New Unit командасышақырады.

• New Form бос форманыжәне код редакторы терезесіндежаңа модуль құрадыжәнеолардыжобафайлынақосады. Жаңаформаларға Form1, Form2 атауларыберіледі. Осындайәрекетті File | New Form командасышақырады.

• AddFile жобафайлынаағымдағымодульдіжәнеоныменбайланыстыформанықосуғаарналғанAddToProject диалогынашады.

• RemoveFile ағымдағыжобаныңассоциацияланғанфайлдартізіміненмодульдіалыптастайды. Осындайәрекетті Project | RemovefromProject командасышақырады.

Ескерту: модульдерфайлынтікелейнемесебасқабағдарламаларарқылыөшіріптастамаңыз.

• ViewUnit таңдалғанмодульді код редакторы терезесіндебелсендіреді. Осындайәрекетті View | Units командасышақырады.

• ViewForm форма редакторы терезесіндетаңдалғанмодульменбайланыстыформаныбелсендіреді. Осындайәрекетті View | Forms командасышақырады.

• ViewProjectSource код редакторы терезесіндеағымдағыжобафайлыныңмәтінінбелсендіреді.

• Options жобаопцияларынорнатуғаарналғанOptions | Project диалогынашады. Осындайәрекетті Options | Project командасышақырады.

• Update жобафайлынажобамәтінініңөзгерісінжазады. Ескерту: Жобанықолменредактрлемеңіз – C++Builderавтоматтытүрдеөзіорындайды!

2

Амалдар және тұрақтылар

а) Амалдар белгілері қандай?

б) Тұрақтылар түрлері

в) Түсініктемелер.

Амалдар белгісі- операндаларға қолданылатын әрекеттерді анықтайтын бір немесе бірнеше символдар. Амалдар белгілері арасында бос орын қойылмайды. Амалдар ондағы операндалар санына қарай унарлы (бір операнда), бинарлы (екі операнда) және тернарлы (үш операнда) болып бөлінеді.

Унарлы амалдар

++

--

sizeof

~ (тильда)

!

-

+

&

*

1-ге арттыру

1-ге кеміту

өлшем

разряд бойынша терістеу

логикалық терістеу

арифметикалық терістеу(унарлы минус)

унарлы плюс

адресті алу

адресті алып тастау

Бинарлы және тернарлы амалдар

*

/

%

+

-

<<

>>

<

<=

= =

!=

&&

||

,

көбейту

бөлу

бөлуден қалған қалдық

қосу

алу

солға жылжыту

оңға жылжыту

кіші

кіші не тең

тең

тең емес

логикалық ЖӘНЕ

логикалық НЕМЕСЕ

Тұрақтылар деп өзгермейтін шамаларды айтады.Тұрақтылар бүтін, нақты, символдық және жолдық болады.

Бүтін

Ондық: ондық цифрлар тізбегі. Бұл тізбек 0 цифрынан тек қана санымыз нолге тең болған кезде ғана басталады.(0..9)

Сегіздік:нолден кейін сегіздік цифрлар орналасады(0..7)

Оналтылық: Ох немесе ОХ кейін оналтылық цифрлар(0..9,A,B,C,D,E.F)

5,4,3,0,1985

012,05,071,т.б.

OxA, Ox1B8, OXOOFF

Нақты

ондық: [цифр].[цифр]

экспоненциалды:[цифр][.][цифрлар]{Е:е}[+:][цифрлар]

1,3000000000Е-02

102=0,013

Символдық

Апострфқа (‘) алынған бір немесе екі символдар

‘A’,’LO’,’*’,’Lb’,

’\0’,’\n’,’1012’т.б

Жолдық

Тырнақшаға алынған символдар тізбегі

“Бұл 35-ші руппа”, “Мен студентпін”

Түсініктеме (комментарий)

Коментарий //- символынан басталып жазылады немесе /* және */ символдарының арасына жазылады. Түсініктеме үшін //- символын, ал

/* ...*/ символын программаны жөндеу барысында блоктарды уақытша ала тұруда пайдалануды ұсынады.

3-билет

1.C++ Builder компоненттері. Көрінетін және көрінбейтін компоненттер.

а) Компоненттердің қасиеттері нені анықтайды?

б) Оқиғалар түрлері қандай?

в) Әдістер дегеніміз не?

Қолданушы интерфейсін құру форма терезесіне компоненттер деп аталатын C++ Builder объектілер элементтерін қосумен қорытындылады Компоненты C++ Builder компоненттері компоненттер палитрасында орналасады. C++ Builder жеке компоненттер құру және компоненттер палитрасын баптау мүмкіндігіне ие.

C++ Builder-де компоненттер көрінетін (визуалды) және көрінбейтін (визуалды емес) болып бөлінеді. Визуалды компоненттер қолданбаны орындау кезінде жобалау кезіндегіндей пайда болады. Визуалды компоненттер мысалдары батырмалар және редакцияланатын өрістер. Ал визуалды емес компоненттер жобалау кезінде формадағы пиктограммалар түрінде пайда болады. Олар қолданбаны орындау кезінде көрінбейді.

C++ Builder-де әрбір компонент үш түрлі сипаттамаға ие: қасиеттер, оқиғалар және әдістер. Егер палитрадан компонентті формаға қосатын болсақ, объектілер инспекторы терезесі автоматты осы компонентке пайдалауға болатын қасиеттер мен әдістерді көрсетеді.

++Builder арнайы класс- компонент (components) ұғымын енгізеді. Компоненттің қасиеттері объектілер атрубуттарын білдіреді, ал олардың әдістері компонентті кластардың сәйкес даналарына амалдарды орындауды іске асырады. C++Builder-де қасиетті жариялау үшін_property кілттік сөзі пайдаланылады.  Компоненттің әдістерінің көмегімен қолданушыға оған қандай да бір алдын ала анықталған әрекет жасалғаны туралы хабарлайдыҚарапайым оқиғалар – батырманы не пернетақтаны басу оқиғалары. Компоненттер өз қасиеттерін, әдістерін және оқиғаларын инкапсуляциялайды. Әдістер деп өрістерді өңдеуге арналған процедуралар мен функцияларды айтамыз. Ал қасиеттер өрістер мен әдістер ішінен аралық орынды таңдайды.

2. С++-те программаны құру технологиясы

а) Программаның жалпы жазылу құрылымын жазып көрсетіңіз

б)С++ тіліндегі енгізу- шығарудың негізгі функцияларын атаңыз

в) Стандартты математикалық функциялар.

С++ тіліндегі программа функциялардан, сипаттамалардан және препроцессордың директиваларынан тұрады. Функциялардың біреуінің аты main болуы керек. Программаның орындалуы осы функцияның бірінші операторымен басталады. Функция қандай да бір мәнді есептеу үшін пайдаланылады, сондықтан функция атының алдынан оның типі көрсетіледі. Мысалы, квадрат түбірді табатын функция былай жазылады:

double sqrt(double x);

Функцияға қажетті мағлұматтардың негізгілері:

  1. егер функция мәнді қайтармау керек болса, онда void типі көрсетіледі.

  2. функция денесі блок болып табылады және фигуралы жақшаға алынып жазылады.

  3. әрбір оператор нүктелі үтірмен (;)аяқталады (құрама оператордан басқасы).

Программаның жалпы жазылу құрылымы:

Препроцессордың дерективалары

int main( ) {

айнымалыларды сипаттау;

[Операторлар тізбегі];

return 0;

}

Программа бірнеше модульден тұруы мүмкін. Си тіліндегі енгізу- шығарудың негізгі функциялары:

-scanf(const char*fmt[,par1,par2,…,parn])- параметрлер жолын белгілі бір форматта енгізу.

-printf(const char*fmt…)- параметрлер жолын белгілі бір форматта шығару.

Си тілінде енгізу- шығару функциялардың пайдалану мысалы:

#include<stdio.h>

int main ( ) {

inti;

printf(“Бүтін сан енгіз\n”);

scanf (“%d”,&i);

printf(“сіз” %d санын енгіздіңіз”);

return 0;

}

Бұл программаның бірінші жолы препроцессордың директивасы. Оның көмегімен программаның текстіне еңгізу- шығару функциясының сипаттамасынан тұратын <stdio.h> тақырыптық файлы қойылады.Үшінші жолда бүтін типті і айнымалысы сипатталған. printf функциясы экранға «бүтін сан енгіз» сөздерін шығарады. Ал \n курсорды келесі жолға түсіреді. scanf функциясы клавиатурадан енгізілген бүтін санды і айнымалысына меншіктейді, & белгісі адресті алу операциясын білдіреді.

Стандартты математикалық функциялар

Math.h тақырып файлында стандартты математикалық функциялардың анықтаулары берілген, оларды программа құру кезінде дұрыс жаза білу керек (2.1-кесте).

2.1-кесте

Функция прототипі

Қайтаратын мәні

double acos (double x)

arccos x

double asin (double x)

arcsin x

double atan (double x)

arctg x

double atan2 (double x, double y)

arctg (y/x)

double ceil (double x)

«жоғары» қарай дөңгелектеу

double cos (double x)

cos x

double cosh (double x)

ch x

double exp (double x)

ex

double fabs (double x)

|x|

double floor (double x)

«төмен» қарай дөңгелектеу

double log (double x)

ln x

double log10 (double x)

lg x

max (a,b)

максимум (a,b) типі үлкен аргумент типімен бірдей болады

min (a,b)

минимум (a,b) типі кіші аргумент типімен бірдей болады

double pow (double x, double y)

xy

double pow10 (int p)

10p

double sin (double x)

sin x

double sinh (double x)

sh x

double sqrt (double x)

x-тің квадрат түбірі

double tan (double x)

tg x

double tanh (double x)

th x

double hypot (double x, double y)

x22 квадрат түбірі

double poly (double x, int n, double *a)

полином мәні

double l dexp (double x, int n)

x*2n

Бұл кестедегі max және min функцияларының прототиптері, негізінде, функция емес, өздеріне сәйкес макроанықтаулар түрінде stdlib.hтақырып файлында берілген.

Аргуменнтері типі де, өз типі де double болып келген функциялардың long double типіндегі аналогтары бар. Олардың аттары жоғарғы кестеде көрсетілген функция аттарынан l әрпін қосу арқылы алынады, мысалы, (fabs, fabsl), (acos, acosl), т.с.с.

Ceil (x) және floor (x) функцияларының айырмашылығы – алғашқы берілген нақты санды жоғарғы жақтағы бүтін санға, ал екіншісі – төменгі жақтағы бүтін санға қарай дөңгелектейді. Екі функция да double форматындағы бүтін санды қайтаратынын есте сақтаған жөн

4-билет

1. C++ объектіге-бағытталған жобалау тілі.

а) C ++-те программалар туралы жалпы мағлұматтар

б) Жобаның бас файлының құрылымы қандай?

в) Формалар модулдері файлының құрылымы қандай?

C++Builder (си-плас-плас-Билдер, си-Билдер) - C++ тілінде программалық құралдарды өңдеу үшін программистер пайдаланатын программалық өнім, қолданбаларды жылдам өңдеу аспабы(RAD), , программалаудың біріктірілген ортасы,(IDE) жүйе.

Бастапқыда Borland Software компаниясы өңдеген, ол компанияның бөлуінуі себебінен қазіргі кезде Embarcadero Technologies компаниясына тиесілі

C++Builder құрамында объектілер кітапханасының жиыны (STL, VCL, CLX, MFC және т.б.), компилятор, баптаушы, код редакторы және басқа да компоненттер қосылған. Өңдеу Delphi ортасына ұқсас. Delphi өңделген көптеген компоненттерді C++Builder –де пайдалануға болады.

C++Builder объектіге бағытталған программалаудың – инкапсуляция, полиморфизм және жинақтық туындауды және тіл стандартындағы кілттік сөздер мен жаңадан ендірілген спецификаны қолдайды.

C++ Builder өз алдына SDI –қолданбаны білдіреді. Оның бас терезесі баптауға болатын аспапты панель және компоненттер палитрасын қамтиды. Сонымен қатар C++ Builder жүктегенде объектілер инспекторы терезесі және жаңа қолданба формасы пайда болады.

Жаңа жоба құру үшін File/New Application меню пунктін орындау керек. C++ Builder келісім бойынша Project1.cpp атаудағы жоба файлын және келісім бойынша Project1.makmake-файлын құрады. Жобаға өзгеріс енгізген кезде C++ Builder жоба файлын жаңартып отырады.

Әдетте қолданба бірнеше формаға ие. Жобаға формалар қосу келесі қосымша файлдарды құрады:

  • .DFM кеңейтпедегі формалар файлдары

  • C++ -те кодты қамтитын .CPPкеңейтпедегімодулдар файлды

  • Формалар класының сипаттамасын қамтитын .H кеңейтпедегі тақырыптық файл.

Егер жобаға бір немесе одан да көп формалар қосу үшін File/New Form меню пунктін таңдаймыз. Сонда жобаға қосылатын жаңа форма шығады. НемесеFile/New меню пунктін таңдап, объектілер қоймасының ішінен қажетті парақты таңдап, онда дайын шаблондарды қосу мүмкіндігі бар.

Кезекті жоданы комиляциялау үшін Compile менюінен Compile пунктін, ал орындалатын файл құру үшінRun /Run командасын орындау керек.

2. С++ мәліметтердің типтері

а) Негізгі мәліметтер типтерін атаңыз

б) Қолданушымен анықталатын типтер қандай?

Тілдің алфавиті. С++ тілінің алфавитіне кіретін символдар:

  • Латынның үлкен, кіші әріптері және төменгі сызықша;

  • Араб цифрлары;

  • Арнайы символдар:” {} [] | , () + - / % * . \ /: ? ‘ <= >= ! & # ~ ;^

  • Бос орындық символдар: бос орын, табуляция және келесі жолға өту символдары жатады.

Мәліметтер типі айнымалылардыжариялау кезінде меншіктеледі. Төменде негізгі мәліметтер типі көрсетілген:

  • int — бүтін типті.

  • float — тип данных с плавающей запятой.

  • double — тип данных с плавающей запятой двойной точности.

  • char — симводық тип

  • bool — логикалық тип.

Айнымалыларды жариялау мысалы:

int a; // объявление переменной a целого типа.

float b; // объявление переменной b типа данных с плавающей запятой.

double c = 14.2; // инициализация переменной типа double.

char d = 's'; // инициализация переменной типа char.

bool k = true; // инициализация логической переменной k.

Түсініктеме (комментарий)

Коментарий //- символынан басталып жазылады немесе /* және */ символдарының арасына жазылады. Түсініктеме үшін //- символын, ал

/* ...*/ символын программаны жөндеу барысында блоктарды уақытша ала тұруда пайдалануды ұсынады.

Билет № __5_

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]