- •Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні және курстің мақсаты.
- •Тарих ғылымының методологиясы. (2,3-сұрақ жауабы)
- •Тарих танымының әдістері.
- •Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері (4,5 бірге)
- •Тарихқа формациялық және Өркениеттілік көзқарас
- •Қазақстанның қазіргі заман тарихының периодизациясы
- •М. Хроханың ұлттық қозғалыс типологиясы туралы концепциясы
- •Жәдитшілдік Ресейлік мұсылмандардың ағартушылық идеологиясы
- •Қазақстандағы Жәдитшілдік мектептер мен медремселер
- •XXғ басындағы мұсылмандардың реформаторлық қозғалыстары
- •Ұлттық интеллигенция және оның 20-ғасыр басындағы қоғамдық саяси қызметі
- •14. I және II Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарының қатысуы
- •15. Мемлекеттік думаның мұсылмандық фракциясы. Жер мәселесі және қазақ депутаттары Бірімжанов пен Қаратаевттардың сөйлеген сөздері.
- •16. Қазақ депутаттарының Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясына қатысуы
- •20. Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары, олардың қызметі
- •22. Отандық тарихнамадағы қазақ интеллигенциясының көтеріліске қатысу мәселесі
- •24. Ресейдегі Ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның демократиялануына әсері
- •25. Қазақстандағы қосүкімет және оның ерекшеліктері
- •26. Қазақ комитеттерінің құрылуы, олардың қоғамдық-саяси қызметі
- •27. «Алаш» партиясы: бағдарламасы, әдісі.
- •28 Ә. Бөкейханов – алаш қозғалысының көшбасшысы, XX ғасырдың көрнекті қайраткері.
- •29 А. Байтұрсынов –мәдени қайраткер және көрнекті саясаткер Ахмет Байтұрсынов (1873-1938)
- •30. «Үш жүз» партиясы, бағдарлама тезисі, әдісі.
- •31.«Алаш» және «Үш жүз» ұлттыұ саяси партиялары. Олардың бағдарламалық құжаттарының негіздері
- •32 «Шура-и-Ислами», «Шура-и-Улема» мұсылмандық партиясы
- •33.1917 Жылғы қазан төңкерісі. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауы
- •34. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауының қиыншылықтары мен ерекшелігі
- •35. 1917 Жылғы қазан оқиғасына жаңаша баға
- •37.Қазақстан Азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
- •42. Кеңес үкіметі және Алаш Орда мен Қоқан автономиясының басшыларының тағдыры
- •47. ҚазАкср-нің құрылуы. Қазақ жерлерінің ҚазАкср-нің құрамына біріктірілуі.
- •49 Қазақстан Кеңестерінің учредительдік сьезі. ҚазСсРнің құрылуы.
- •51.Қазақстан одақтық республика дәрежесінде ҚазСср-нің Конституциясының қабылдануы.
- •52.XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдени құрылыс.
- •53.Қазақстандағы өндірістік модернизация жүзеге асудағы қиыншылықтары мен ерекшеліктері.
- •54.Қазақстандағы индустриализация: кеңестік үлгі.
- •55.Қазақстандағы индустрияланудың жүзеге асу жолдары жайындағы пікірталас.
- •56.Ф.Голошекиннің Кіші Қазан революциясы.1928-1930 жж. Төтенше жағдай.
- •60.Кеңес үкіметінің аграрлық және жер-су саясаты.
- •61.Саяси қуғын-сүргін. Қазақстандағы Сталиндік лагерлер.
- •74. Тарих ғылымындағы Ұлы Отан Соғысының даулы мәселелері
- •1986 Жылғы Желтоқсан оқиғасы. Жаңаша баға
- •88,89,90,92,93-Сұрақтар. М.С.Горбачевтің жаңа бағыты. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету
- •1991 Ж 21-ші желтоқсандағы Алматы Деклорациясы
- •«Қазақстан – 2050» Стратегиясы
- •Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
- •Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.
- •«Нұрлы жол» – Қазақстанның жаңа бағыты
- •1991 Жылы 16 желтоқсанда Парламент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады.
- •Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
24. Ресейдегі Ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның демократиялануына әсері
Қазақстан халқының қалың топтары Ресей патшасы ІІ Николайдың құлатылуын,
Ақпан революциясын ірі саяси және экономикалық өзгерістерге деген үмітпен қабылдап,
өздерінің ғасырлар бойғы тілектерінің орындалу мен толғағы жеткен ұлттық және
экономикалық өзгерістерге деген үмітпен қабылдап, өздерінің ғасырлар бойғы тілектерінің орындалу мен толғағы жеткен ұлттық және әлеуметтік проблемалардың шешілуін сонымен байланыстырады. Халықтың қоғамдық белсенділігі едәуір артты, көптеген қалалар мен теміржол станцияларында стихиялы түрде митинглер, демонстрациялар мен жиналыстар болып, оларға жұмысшылар, солдаттар, зиялылар, кҽсіпкерлер және өлкедегі басқа да топтардың өкілдері қатысты. Саяси тұтқындар түрмелерден босатылды. Басқа аймақтарда орнаған қос үкiмет Қазақстанда да орнады, Уақытша ҥкiметтiң органдарымен қатар жұмысшы, солдат жҽне шаруа Кеңестерi пайда болды. Олардың құрылуына өлкенiң қалаларында, темiр жол бойларында және өнеркҽсiп орындарында болған митингiлер әсер еттi. Ақпан революциясының жеңiсiнен кейiн Қазақстанда қоғамдық-саяси ұмiрдiң жанда-
нуына Ресейдiң саяси партиялары, олардың жетекшi ұйымдары мен топтары жетекшi рөл
атқарды. Уақытша үкiмет Қазақстандағы жағдайды қалпына келтiру үшiн қадамдар жаса-
ды.Қазақ халқы, әсiресе, ұлттық зиялылар Ақпан революциясын қҧптады, уақытша үкiмет
пен оның комиссарларына қолдау көрсеттi. Облыстық уездiк жҽне болыстық қазақ комитеттерi қҧрыла бастады. Ә.Бөкейханов Торғай облысы бойынша, М.Тынышпаев Жетiсу облысы бойынша Уақытша өкiметтiң Комиссарлары болды.
25. Қазақстандағы қосүкімет және оның ерекшеліктері
Уақытша үкімет және ұлттық мемлекеттілік мәселесі Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газетінің 9 наурызындағы санында: “Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Русия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш”-деп, бостандық күні туды деп жар салды.
Ақпан революциясының өзіндік ерекшелігі-елде қос өкімет орнады: буржуазиялық Уақытша үкімет және жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңестері орталықта және жергілікті жерлерде буржуазияның саяси билігінің ұйымдарын құрудың нақты негізі Мемлекеттік дума, қалалық думалар және әр түрлі комитеттер болып табылды. Уақытша үкімет биліктен отарлы әкімшіліктің әскери губернаторларын, генерал-губернаторларын, чиновниктерін аластатты. Олардың орнына облыстық комиссиялар, азаматтық атқару комитеті, коалициялық комитет тағы басқа құрылды. Болыстарда, ауыл мен селоларда сол баяғы болыстық және ауылдық басқарушылар, селолық старосталар, станицалық атамандар қалды. Уақытша үкімет облыстардың басшылығына патша өкіметінің бұрынғы шенеунік-отаршыларын, сондай-ақ қазақ зиялыларының өкілдерін де тағайындады. Мәселен, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссары болды. Самодержавияның құлатылғаны жайлы хабарлар жергілікті жерлерге жетісімен түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың өкілдері жоғарыдан нұсқау күтпей-ақ өздерінің қоғамдық ұйымдары арқылы жергілікті басқару ұйымдарын құруды қолға ала бастады. Азаматтық атқару комитеті, біріккен қоғамдық ұйымдардың құрама атқару комитеті тәрізді қоғамдық негіздегі комитеттер патша өкіметінің билігі жойылған жерлерде дереу бой көтерді. Ақпан революциясының алғашқы күнінен 5 наурызға дейінгі аралықта, яғни Уақытша үкіметтің жергілікті үкімет ұйымдарын құру жайлы қаулысына дейін 29 губерниялық комитеттер құрылды. Сол кезеңде жергілікті билікті жүзеге асыруға тырысқан бұл ұйымдардың бұқарашылдығымен бірде-бір қоғамдық - саяси институт тең келмеді. Буржуазиялық-демократиялық революция ұлт аймақтарында жаңа әкімшілік жүйені негіздеу мен олардың өзін - өзі басқарып, билеу мүмкіндігін туғызды. Облыс, уезд болыс және ауылдарда Уақытша үкіметтің басқару орындары қалыптаса бастады. Бүкіл Ресейдегі тәрізді қазақ өлкесінде де Азаматтық комитеттер құрыла бастады. Азаматтық комитеттердің төменгі, яғни ауыл мен болыс дәрежесіндегі жүйесін құру ісі тез қарқынмен өрістеді. Бұлармен қатар уездік және облыстық комитеттерді құру ісі де қатар жүрді. Олардың құрылуы мен жергілікті атқару билігі жүйесін ұйымдастыру ісі толық жүзеге асырылды. Қазақ қайраткерлерінің отарлық езгіден құтылуды, елдің өз билігі өзіне тиіп, басқа ұлттар қатарлы өз алдына ел болуды көздеген қозғалысы да осы Ақпан революциясынан кейін күшейе түсті. Революция жеңісінен кейін іле- шала Ә.Бөкейханов Семейге, Қарқарлыға, Оралға, Қызылжарға және басқа қалаларға жеделхаттар жолдап өзінің серіктерін жергілікті жерлерде қазақ комитеттерін құруға, Уақытша үкіметті жақтауға бағытталған іс - әрекеттер жасауға шақырды. Осы кезеңде қазақ халқының бостандыққа ұмтылуының әрі оянған сананың негізінде қазақ комитеттері пайда болды. 1917 жылдың ақпан мен желтоқсан айларының аралығында өзінің шарықтау шегіне көтерілген ұлт- азаттық қозғалыс тарихында өзіндік орны бар қоғамдық ұйым - Қазақ комитеттері өз ұлтының жоғын жоқтап, азаттық үшін күрестің мол ауыртпалығын өз мойнына алған қазақ зиялыларының белсенді қоғамдық қызметі нәтижесінде өмірге келді. Алайда Уақытша үкіметтің жергілікті басқару органдарын құру кезінде де облыс және уезд орталықтарындағы орыс жұртының қолында еді, комитеттердегі басшы орындар да солардың үлесіне тиді. Сондай-ақ олардың құрамына енгендердің арасында ұлтаралық қатынас мәселесінде ескі патшалық әкімшілік көзқарасында тұрғандар, әрине, аз емес болатын . Жергілікті халық мүддесін ескермеу секілді кертартпа әрекеттері атқару комитеттерінің құрылу барысында-ақ көрініс бере бастады
