- •Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні және курстің мақсаты.
- •Тарих ғылымының методологиясы. (2,3-сұрақ жауабы)
- •Тарих танымының әдістері.
- •Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері (4,5 бірге)
- •Тарихқа формациялық және Өркениеттілік көзқарас
- •Қазақстанның қазіргі заман тарихының периодизациясы
- •М. Хроханың ұлттық қозғалыс типологиясы туралы концепциясы
- •Жәдитшілдік Ресейлік мұсылмандардың ағартушылық идеологиясы
- •Қазақстандағы Жәдитшілдік мектептер мен медремселер
- •XXғ басындағы мұсылмандардың реформаторлық қозғалыстары
- •Ұлттық интеллигенция және оның 20-ғасыр басындағы қоғамдық саяси қызметі
- •14. I және II Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарының қатысуы
- •15. Мемлекеттік думаның мұсылмандық фракциясы. Жер мәселесі және қазақ депутаттары Бірімжанов пен Қаратаевттардың сөйлеген сөздері.
- •16. Қазақ депутаттарының Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясына қатысуы
- •20. Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары, олардың қызметі
- •22. Отандық тарихнамадағы қазақ интеллигенциясының көтеріліске қатысу мәселесі
- •24. Ресейдегі Ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның демократиялануына әсері
- •25. Қазақстандағы қосүкімет және оның ерекшеліктері
- •26. Қазақ комитеттерінің құрылуы, олардың қоғамдық-саяси қызметі
- •27. «Алаш» партиясы: бағдарламасы, әдісі.
- •28 Ә. Бөкейханов – алаш қозғалысының көшбасшысы, XX ғасырдың көрнекті қайраткері.
- •29 А. Байтұрсынов –мәдени қайраткер және көрнекті саясаткер Ахмет Байтұрсынов (1873-1938)
- •30. «Үш жүз» партиясы, бағдарлама тезисі, әдісі.
- •31.«Алаш» және «Үш жүз» ұлттыұ саяси партиялары. Олардың бағдарламалық құжаттарының негіздері
- •32 «Шура-и-Ислами», «Шура-и-Улема» мұсылмандық партиясы
- •33.1917 Жылғы қазан төңкерісі. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауы
- •34. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауының қиыншылықтары мен ерекшелігі
- •35. 1917 Жылғы қазан оқиғасына жаңаша баға
- •37.Қазақстан Азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
- •42. Кеңес үкіметі және Алаш Орда мен Қоқан автономиясының басшыларының тағдыры
- •47. ҚазАкср-нің құрылуы. Қазақ жерлерінің ҚазАкср-нің құрамына біріктірілуі.
- •49 Қазақстан Кеңестерінің учредительдік сьезі. ҚазСсРнің құрылуы.
- •51.Қазақстан одақтық республика дәрежесінде ҚазСср-нің Конституциясының қабылдануы.
- •52.XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдени құрылыс.
- •53.Қазақстандағы өндірістік модернизация жүзеге асудағы қиыншылықтары мен ерекшеліктері.
- •54.Қазақстандағы индустриализация: кеңестік үлгі.
- •55.Қазақстандағы индустрияланудың жүзеге асу жолдары жайындағы пікірталас.
- •56.Ф.Голошекиннің Кіші Қазан революциясы.1928-1930 жж. Төтенше жағдай.
- •60.Кеңес үкіметінің аграрлық және жер-су саясаты.
- •61.Саяси қуғын-сүргін. Қазақстандағы Сталиндік лагерлер.
- •74. Тарих ғылымындағы Ұлы Отан Соғысының даулы мәселелері
- •1986 Жылғы Желтоқсан оқиғасы. Жаңаша баға
- •88,89,90,92,93-Сұрақтар. М.С.Горбачевтің жаңа бағыты. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету
- •1991 Ж 21-ші желтоқсандағы Алматы Деклорациясы
- •«Қазақстан – 2050» Стратегиясы
- •Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
- •Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.
- •«Нұрлы жол» – Қазақстанның жаңа бағыты
- •1991 Жылы 16 желтоқсанда Парламент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады.
- •Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
55.Қазақстандағы индустрияланудың жүзеге асу жолдары жайындағы пікірталас.
Қазақстанда индустрияландырудың басталуымен бүкіл Жезқазған-Ұлытау ауданындағы пайдалы қазба қорларын жоспарлы түрде анықтап отыруға негіз салған Жезқазған мыс және Байқоңыр көмір кен орындарында алғашкы тұрақты геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру ісі басталды. Жезқазғандағы геологиялық зерттеулер кен орындарында жүргізілетін кешенді, жеделтетілген геологиялық-барлау жұмыстарының ғылыми елшемдерін толығымен ақтады. Геологиялық зерттеулердің және Жезқазған-Ұлытау ауданындағы кең байлықтарының енеркәсіптік меңгерілуімен қатар республикадағы геологиялық ғылымдардың қалыптасуына негіз салған іздеу-барлау жұмыстары ұйымдастырыла бастады. Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар және Спасск кенді аудандарын, Қарағанды көмір алабын, Қаратау полиметалл кен орындарын зерттеудің болашағы зор болды. Темір (Қарсақбай), марганец (Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты), корғасын (Қорғасын) кең орындарын зерттеу ісі басталды.Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру барысында республикада ауыр өнеркәсіптің көптеген салаларын құрудың, сонымен қатар Қарағанды маңындағы Теміртауда ең ірі зауыт салынуының маңызы зор болды. Қазақстанның көрнекті ғалымдарының бірі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бұл зауытты салу қажеттігін дәлелдеді. Ғылымның жетістігі объективті шарттар жасаумен ғана емес, сонымен қатар жекелеген ғалымдардың ерен еңбегімен тікелей байланысты бодды. Геолог Қ. Сәтбаев республикадағы шашыраңқы геологиялық ұйымдардың күшін жүмылдырып, өнеркәсіпті стратегиялық шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бар күшін салды. Қазақстанның Жезқазған, Жезді, Қорғасын және басқа да көптеген кең орындары жұмыс істеп тұрған зауыттарды шикізатпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін игерілді. Қ. Сәтбаевтың бастамасы бойынша Маңғыстау, Мұғалжар және Торғай минерал қорларын зерттеу ісі жүргізілді. Ол 3 маңызды нәтижеге қол жеткізді: біріншісі - Жезқазған мыс кең орнын ашуы, екіншісі - Қазақстанның Ғылым академиясының ашылуына үлкен үлес қосып, оған басшылық етті, үшіншісі - Геологиялық ғылымдар институтын құруы.
56.Ф.Голошекиннің Кіші Қазан революциясы.1928-1930 жж. Төтенше жағдай.
1925-1933 жылдар арасында Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Голощекин келуімен социализмнің бұрмалануы күшейе түсті, Аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды. Қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан Кіші Қазан төңкерісін жасау қажет деген идеясын насихаттады. Бұл бағыт елде елеулі қарсылыққа ұшырады. Сол жағдайда Голощекин Сталинге хат жолдап, елдегі жағдайды жасап берді. Сталин жауап ретінде Голощекинге сіз жасаған жоспарыңыз бірден-бір дұрыс саясат деп ойлаймын деген жауап алды, Бұл Голощекин үшін өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік туды, Кіші Қазан идеясының негізгі бағыты екі бағытқа бөлінді:1)Елдегі өнеркәсіп саласын ұсақ және орташа деңгейге бағыттап, дамыту. 2)Елді шикізат аймағына айналдыру. Ірі саяси кайраткер және экономист Смағұл Сәдуақасов Кіші Қазан бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды 1 Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату, 2 Қазақстанды ірі өнеркәсіп еліне айналдыру. Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты, - Түйеден социализмге өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды.Қазақтар отар болып келді және солай болып қалады - деп күйінішпен жазады Садуақасов, Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді. Қазақтармен өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес, Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру кезіндегі ұсыныстары ескерілмеді. Голощекин, Құрамысов бұларды - Сәдуақасов пен Мыңбаев және сыбайластары жергілікті ұлтшылдық көрініс деп бағалады. Кейбір экономистердің өндіргіш күштердің даму деңгейне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы шақыруларын ұлы державалық шовинизм көрінісі деп есептеді.
57,58,59. Голощекин ауылды кеңестендіру ұранымен, жаңа революцияны жасауға бағыттанды. Бұған наразылық білдірген Рысқұлов, Сәдуақасов, Сейфуллин, Қожанов, Мыңбаев сияқты зиялыларымыз қарсылық білдірді. Оларды орталыққа шақыртып, қылмыстық айыптаулар ұйымдастыра бастады - Ұлтшыл деп айыптады. Кеңестік ұлт саясатын бұрмалау деп түсіндірді. 1928 жылы қаңтарда-ақпанда Сталиннің Сібірге іс сапар кезінде Омбы огруктік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат берді. Голощекин ауылдарға 4800 уәкіл жіберді. Астық дайындау барсында 31 мың шаруа жазаланды,1928 жылғы 1 қазан - 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығында - 277 шаруа атылды. 1927 жылы желтоқсанда Компартияның 15 сьезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Орталық Комитет Қазақ АКСР-інде негізінен - 1932 жылдың көктеміне дейін өлкеде ұжымдастыруды аяқтау белгіленді. 1933 жылға дейін Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді аяқтау көздеді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада ұжымшар құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС-тер құрылды. Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың негізгі формасы - ауыл шаруашылық артелі, Малды аудандардағы колхоз құрудың негізгі формасы - жерді бірлесіп өңдеу және шөп шабу серіктестігі. 1927 жылы қарашада өткен VI Жалпы- қазақтық партия конференциясы Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттарды жаппай жерге орналастыру қажеттігі жөнінде қаулы қабылдады. Ол қаулыны БОАК өзінің 1927 жылы 12 желтоқсандағы қаулысында толық мақұлдады. Соның нәтижесінде Қазақстан үкіметі 1928 жылы 4 наурызда «Қазақ АКСР-де жерге орналастыру тәртібі және жерді пайдалануды ретке келтіру туралы» арнайы қаулы кабылдады. Бұл қаулыны іске асыру барысында басымдылық қоныс аударушыларға берілді. Ал көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын отырықшы тұрмысқа аудару мынадай қарқында жүргізілді: 1930 жылы — 87 136, 1931 жылы — 77 508, 1932 жылы — 77 674 және 1933 жылы — 242 208 қожалықтар арнайы белгіленген жерлерге орналастырылды. Қазақ қожалықтарын жаппай отырықшы тұрмысқа аудару оларды мемлекет тарапынан материалдық және қаржылай қолдаусыз, құр науқаншылық шаралар арқылы жүргізілді. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер - Қатал жаппай қуғындаумен лаңкестікке негізделді.Даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді. Әкімшілдік-күштеу әдістермен жетелдете жүргізілді. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық обьектілер салу жоспары орындалмады. Ұжымдастыруды уақытында аяқтауды мақсат тұтып, 1932 жылдың ақпанында Шу ауданында аумағы 150 шақырым жердегі 100 деген шаруашылықты біріктіріп, 400 киіз үй қала үлгісіндегі поселка болып тігілді. Белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап жалған ұжымшар құра бастады. Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем-шөптің жетпеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің одақ бойынша тауарлары астық өндірудегі үлес салмағы 9 пайыздан 3 пайызға кеміді. Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпанда ұжымшар қожалықтардың 87 пайызы, жекешелердің 51,8 пайызы малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңындағы мал саны - 40,5 млн, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн мал қалды. 59) 1930 жылы 313 мыңнан астам адам қайтыс болды. 1931 жылы 755 мың адам қайтыс болды.1932 жылы 769 мыңнан астам адам қайтыс болған және шетелге көшіп кеткен. 1930-1932 жылдарда барлығы 1 млн 750 мың қазақ немесе халықтың 40 пайызы жаппай қырылды. Аштықтың зардаптары - 1931-1933 жылдары 2,1 млн адам қырылды (барлық халық саны - 6,2 млн). Оның ішінде қазақстан басқа халықтың шығыны 0,4 млн, Қазақстардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді, 1930-1932 жылдардағы аштық тарихқа ұлы жұт ретінде енді. 1931 жылы ақпан айының басында Абралы ауданының №6 ауылында Кемпірбаев Ысқақ пен Тұрғанбаев Уайда бастаған ашынған ауыл азаматтарын кеңес өкіметінің жүргізіп отырған саясатына ашық наразылық білдіру туралы шешім қабылдауға мәжбүр етті. Көтерілісті басқаратын 11 адамнан тұратын орталық құрылды. 14 ақпанда көтеріліс аудан жеріндегі ауылдарды түгелдей қамтып, көтерілісшілер саны 700 адамға жетті. Көтерілісті басу үшін Семейден 66-атты әскер дивизионының оперативтік отряды жөнелтілді. Жазалаушылармен таудағы айтыс кезінде көтерілісшілер жағынан 37 адам қайтыс болды. Қылмысты ретінде 274 адам тұтқынға алынып, оларға ПП ОГПУ-дің ерекше үштігі 1931 жылдың 17, 22 маусымында 3, 14 қарашасында, 14 желтоқсанында үкімдер шығарды: 86 адам ату жазасына кесілді. 137 адам еңбек түзету концлагеріне 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге қамалды. 10 адам осы мерзімдерге шартты түрде сотталды, тағы 10 адам Қазақстанның өз ішіндегі аймақтарға 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге жер аударылды.
