Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих сессия 1-150.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308.76 Кб
Скачать

Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 3 шілде күні Астанада өткен Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында сөз сөйлеп, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын жария етті.

Еліміздің алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылды. Алайда, бірнеше жылдан бері әлем мазасыз күй кешуде. Дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерілген жоқ және әлемдік қоғамдастық қысымдық турбулентті жағдайда тұр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында еңбек адамның еңсесін көтеретіндігі жөнінде аталы сөздер айтып, әркімнің еңбек етуіне жағдай жасау мәселесі тиянақталып, Үкіметке осы міндетті орындау үшін 20 тапсырма бергені белгілі. Елбасының тапсырмасын орындау барысында өмірге келген «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасының халық үшін берер жақсылығы өлшеусіз. Еңбек адамына мұндай жағдай әлемді қаржылық дағдарыс шарпып тұрған сәтте ешбір елде жасалынған емес. Бұл жөнінде талай биік мінбелерден аузы дуалы азаматтар және шетел сарап­шылары сан мәрте айтты. Жұмыс­пен қамту бағытында ешбір елде мұндай бағдарлама қабылдаған емес. Еңбек адамына жасалынған қамқорлықты пайдалана білу маңызды.

Шынын айтқанда, қоғамда әлі өз орнын таба алмай еңбек етуге құлқы болмай жүргендер бар. Сондықтан да біздің басқарма жыл сайын бағдарламаны тұрғындар арасында түсіндіру, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу бағытында нақты шараларды жүзеге асыруда. Жұмыспен қамту бағыттары бойынша 3000 буклет, 2500 плакат және 570 әдістемелік нұсқаулар дайындап, барлық ауылдық округтерге жіберілді. Баспасөз беттерінде, телеарналарда, радио хабарларында басқарма қызметкерлері тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағ­дар­ламаның мәні мен маңызын білмей­тіндер де табылды. Сондықтан да бас­қарма қызметкерлері және осы бағытта жұмыс істейтін аудандық буын­дар тұр­ғындар арасында жиі болып, игі бағ­дарлама әркімнің еңбек етуіне жол ашқандығын нақты мысалдармен түсін­діруден жалыққан емес.

145 ҚР-ның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы

- Қазір Қазақстан - әлем назарындағы ел. Тарих сахнасына жаңадан қадам басқан 2010 жылдың алғашқы күнін Қазақстан Республикасы халықаралық беделді ұйым - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық ету қызметінен бастады.  Өткен жылғы желтоқсанның 1-2-сі күндері Афиныда өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің 17-ші отырысында осы ұйымға төрағалық етіп келген грек тарапы Қазақстанға ЕҚЫҰ төрағалығын ресми түрде тапсырғанына барлығымыз куә болдық. Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ төрағалығына бірден бел шешіп кірісіп кетті. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету міндеті - ТМД елдерінен және мұсылман жұртының арасынан алғаш рет бізге сеніп тапсырылып отыр. Мұның өзі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы, сарабдал басшылығымен тәуелсіздігіміздің 18 жылында еліміздің халықаралық саясат сахнасында беделі арта түскендігінің, еліміздегі тұрақтылық пен өркендеудің зор айғағы деп білемін. 2009 жылдың 22 желтоқсанында елімізде тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдерімен Ақордада өткен кездесуінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «ЕҚЫҰ-ға төраға болып сайлану - Қазақстанға деген еуропалық және әлемдік қауымдастық тарапынан зор сенімге ие болып отырғанымыздың арқасы»,- деп, бұл миссияның қазақ елі үшін аса маңыздылығы мен үлкен жауапкершілігін анық айтты. Одан әрі ЕҚЫҰ қызметін қамтамасыз ететін қауіпсіздік, экономикалық және гуманитарлық саладағы тепе-теңдікті сақтау еліміздің алдына қойылған жаңа міндеттер екенін атап өткен болатын. Ашығын айту керек, төр­­ағалық қызметі үлкен беделі­мен, мәртебесімен қоса, барлығымызға айрықша мін­деттер жүктейді. Сондай-ақ бүкіл әлем елдерінің, оның ішінде атал­ған ұйымға мүше мемлекет­тер­дің жүктеп отырған зор сенімі тағы бар. Бұл жауапты жұмыстан беде­лімізді түсірмей, абыройы­мызды асқақтатып шығу үшін тек Елбасы беделі мен отандық дипломатия­ның табанды жұмысы ғана емес, сонымен бірге біз сана­лы қоғам ре­тін­де, бүкіл халық бо­лып жұмыла жұ­мыс жасап, барын­ша қолдау көр­сетуге баршамыз мүдделіміз деп ойлаймын. Себебі бұл - біздің елі­міз­дің басқа дүниежүзі елдерімен те­ре­зесі теңескен күн, туған еліміз­ Қазақстан Республикасының асқақтаған абы­ройы! Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ға және бүкіл әлемге ағылшын тілінде алғанда төрт "Т" ұранымен ай­шық­­талған құндылықтарды ұсы­нып отыр. Еліміздің төрт негізгі ұстанымы мемлекеттік және ағылшын тілінде: Сенім (Trust), Дәстүр (Tradіtіon), Ашықтық (Transpa­ren­cy), Төзім­ділік (Tolerance).

146 ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары «Қазақстан 2050-стратегиясы»

1. Қуатты да табысты мемлекет 2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі 3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен  татулығы 4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз 5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат 6. Әлемдік қоғамдастық таныған ел 7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз 8.Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындылар   ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері   1. Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі 2. Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік 3. Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер 4. Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы 5. Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік 6.Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы 7. Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция 8. Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық 9. Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз  құндылықтарының дағдарысы 10. Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі   ІІІ. Қазақстан-2050  стратегиясы- жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты   1. Міндеттердің жаңа парадигмасы 2. Қайда бет алдық? Жаңа саяси бағыттың мақсаттары   1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм   1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм 2. Жаңа кадр саясаты 3. Макроэкономикалық саясатты жаңғырту 3.1. Бюджет саясаты 3.2.  Салық саясаты 3.3. Ақша-кредит саясаты 3.4. Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты   4. Инфрақұрылымды дамыту 5. Мемлекеттік активтерді  басқару жүйесін жаңғырту 6. Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі 7. Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары 8. Ауыл шаруашылығын жаңғырту 8.1.  Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен шағын және орта бизнесті дамыту 9. Су ресурстарына қатысты саясат   2. Ұлттық экономикамыздың  жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау   1. Шағын және орта бизнесті дамыту 2. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі  - «Қуатты бизнес - Қуатты мемлекет» 3. Жекешелендірудің жаңа кезеңі - мемлекет рөлінің өзгеруі   3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер мен  жеке жауапкершілік   1. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері 1.1. Ең төменгі әлеуметтік стандарт 1.2. Атаулы әлеуметтік қолдау 1.3. Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу 1.4. Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту   2.  Ананы қорғау. Әйелдерге қамқорлық 3. Баланы қорғау 4. Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі 4.1. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар 4.2. Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері 4.3. Медициналық білім беру жүйесін жақсарту 4.4. Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы 4.5. Дене шынықтыру мен спортты дамыту 4. Білім мен кәсіби машық - заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің  негізгі бағдарлары   1. Білім беру саласындағы жұмыстың  басымдықтары 1.1. «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту 1.2. Инженерлік білім беру жүйесін дамыту 1.3. Білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту  1.4. Білім беру  әдістемелерін жаңғырту 2. Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты 2.1. Технологиялар трансферті 2.2. Ғылым мен бизнестің кооперациясы 2.3. Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы 3.Жастарға үндеу   5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту   1. Мемлекетті басқарудың жаңа типі 1.1. Мемлекеттік жоспарлау мен болжау жүйесін жетілдіру 2. Басқаруды орталықсыздандыру 2.1. Орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің ара-жігін ажырату 2.2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы 2.3. Ауыл әкімдерін сайлау 3. Кәсіби  мемлекеттік аппарат қалыптастыру З.1. Әкімшілік реформаның екінші кезеңі 4. Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі 5.Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу 6. Жемқорлыққа қарсы күрес 7. Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау   6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат - ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту   1. Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары 2. Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту 3.Өңірлік қауіпсіздікті нығайту 4.Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу 5. Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери  доктринаны нығайту   7. Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі   1. Жаңа қазақстандық патриотизм 2.  Барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы 3. Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы 4. Мәдениет, дәстүрлер және даралық 5. Ұлттық интеллигенциясының рөлі 6. ХХІ  ғасырдағы Қазақстандағы дін 7. Болашақтағы Қазақстанды қалай елестетемін? 8. Ұлтқа үндеу

147 ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі басымдықтары «Қазақстандық жол- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

Мəңгілік ел“ — ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман-əлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, əлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тəуелсіз Мемлекет атану еді… Біз үшін болашағымызға бағдар беретін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол — „Мəңгілік ел“ идеясы» деп Елбасымыз бұл идеяның аса қажеттіліктен туындағанын ерекше атап өтті. «Мəңгілік ел» идеясының негізгі мақсаты — елімізді қарышты дамыған мемлекетке айналдыруда ұлттық мүддені, рухани дүниені жаңғыртуды жəне өзіміздің қазақ ұлтының мерейін асыруға, қалыптасқан тарихи үрдістерін жаңғыртуға арналған құжат деп білуге болады. Президенттің жалпы ұлттық идеясы — еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мəңгілік ел» — елімізді өз мақсатына талай дəуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы бастама. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлтымыз бар, деді Елбасымыз. Ел басшысы өз сөзін ары қарай жалғастыра келе: «Біз бəріміз бір атаның — қазақ халқының ұлымыз. Бəріміздің де туған жеріміз біреу — қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол — тəуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тəуелсіз елімізді «Мəңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мəңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері жəне жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мəңгілік Ел» боламыз. Тəуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өттік. Бүгін Қазақстанды бүкіл əлем танып отыр. Қазақстан таяудағы жылдар ішінде əлемдік бəсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз — бəсекеге төтеп беру. Əлемдік бəсекеге төтеп берудің басты шарты — күшті рух пен білім. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына да үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3–6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту əдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту-деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс жəне, ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Жаһандану заманы, баршаға мəлім, елдер мен ұлттарға аса қатал талап қоюда. Ең бастысы — ұлттық тіл ұлттық сананың, ұлттық намыстың жоғарылығына, оның қажеттілік-деңгейіне байланысты екенін жадымыздан шығармауымыз қажет. Қазіргі таңда өзін ешкімнен артық та, кем-де емес дəрежеде сезіну халқымызға жетпей отыр. Ал мəселеге тереңірек үңілсек, істің тетігі, яғни қазақ тілінің тағдыры қазақтың өз қолында. Қазақ тіліне мемлекеттік мəртебе берілген сəтінен басталған даму кезеңінің қай-қайсысында болмасын Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың қолтаңбасын көреміз. 1995 жылы қабылданған Ата заңның 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі» деген конституциялық шешім жасалды. Осыдан екі жыл кейін қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп атап көрсетіліп, оны барша азаматтардың еркін жəне тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасалатындығы айтылған болатын. Үкімет осы Заң баптарын жүзеге асыруда тиісті шешімдер мен қаулы-қарарлар қабылдады. Тілдердің қолданыс аясын кеңейту бағытында арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасалды. Ана тілімізді өркендетуге бағытталған игі шаралар мен құжаттардың бəрі осы өткен жылдар жемісі. Мемлекет басшысы ел экономикасы мен шаруашылығы, мəдениет пен ғылым-білім саясаты жөнінде өткен бірде-бір жиында қазақ тіліне соқпай кеткен емес. Елбасы қазақ тілі ұлтымыздың асыл қазынасы, басты құндылығы екендігін «…əрі қару, əрі қалқан, əрі байырғы, əрі мəңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!», оның тарихтағы рөлін «…ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мəдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған — оның ғажайып тілі». Мемлекеттік-деңгейдегі маңыздылығын «мемлекеттік тіл — бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Əнұран секілді дəл сондай нышан», ел бірлігі мен тұтастығын сақтаудағы əлеуметтік мəртебесін «…біз барша қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан əрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз», қоғамдағы қызметі мен баршаға міндеттелу негізін «Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды», қазақтың намысын жану мақсатында айтылған отты ойларын «…өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім-де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз». Қазақтың қазақтығының басты белгісі — қазақша сөйлеуі. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі əлі бірте-бірте мемлекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық саласында басымдық танытатын болады — деп нақты тұжырымдар арқылы атқарылар істің жүйелі-де жоспарлы жүргізілуін, басты мақсат-міндеттерін белгілеп берді. Елбасының қазақ тіліне байланысты айтылған орынды сөздері санаға сəуле түсіріп, барша жұрттың қазақ тіліне деген қадамдарын жеделдететін уақыт болды. 148 ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауының басты мақсаты «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»

Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығы еліміз үшін ерекше сынақ жылдары болды. «...Әлем тарихында капитализмнен социализге өткен елдердің тәжрибесі бар, ал кері қайтқан, яғни социализмнен капитализге көшкен бірде-бір ел, оның тәжірибесі болған жоқ. Осы бағыттағы алғашқы қадамды біздер, Кеңес Одағының құрамында болып, оны таратып егемендік алған республикаларға жасауға тура келді [1, 163 б].   «Алдымен экономика» деп ұран тастады тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдағы реформалардың алғашқы басталар шағында. Егемендік алғаннан кейінгі іс-қимылдың ең басты бағыты, шешуші басымдылығы осы экономика саласы деп атап көрсетті. Бұл дұрыс пікір еді. Өйткені, жеке басты ғана емес, әр елді, әр халықты тұрмыс билейді. Ал, тұрмыстың негізі, оның жақсылық-жамандығы экономикада, оның тиімділігі немесе тиімсіздігінде. Сондықтан қоғам алдына қоятын үлкенді-кішілі мақсаттың, оның орындалуы ел экономикасының мүмкіндігіне байланысты. Саясат та экономиканың шоғырланған келбеті [2, 579-580 бб]. Сол алғашқы онжылдықта бұрынғы кеңестік республикалардың ішінде шетел инвестициялары молынан келген бірінші ел Қазақстан екенін біз мақтанышпен айтамыз. Жалпы тәуелсіздік жылдары елемізге 120 млрд. доллардан астам инвестициякелген [1, 167 б].  ТМД елдерінде бұл ең жоғары көрсеткіш. Ал қазіргі кезде оның көлемі 136-140 млрд. долларға өсіп отыр.  Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында белгілі бір дәрежеде ТМД елдеріне бағдарланған сыртқы сауданы әртараптандыру байқалды. Қазіргі кезде Қазақстан әлемнің 175-185 елдерімен сауда – саттық жасайды, оның ішінде 118 ел тауарларын экспортқа шығарады, ал 164 елден тауарларды импортқа шығарды. Соңғы жылдары Қазқстанның географиялық тауар айналымында алдыңғы кезекке Еуроодақ елдері, Ресей мен Қытай шықты [3, 11 б].  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» деген атаумен белгілі. Ол «Біз бүгін қай жерде тұрмыз?», «Қазақстан мұраты», «Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары» және «Ұлттық қауіпсіздік»; Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы»; Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары, ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; Энергетика ресурстары; Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; Кәсіби мемлекет деп аталатын жеті басымдық бойынша ұзақ мерзімді даму бағдарламасына негіз болды.  Сондай-ақ, еліміздің негізгі үш мүмкіндігіне тоқталды. Олар: Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналасқан географиялық жағдайдан туындайды. Еуразия идеясын дамыту; мемлекет құрылысы мен реформаларды жүргізудің ауыр процестерін шетелдік мемлекеттер мен донорлық ұйымдар тарапынан қолдау;  ауқымдану және ғылыми-техникалық прогресс үдерісі. Бірінші мүмкіндікке орай «Таяу жатқан сыйымдылығы 2 млрд. адамға жуық нарықтардың бірен-сарандары болмаса, қалған кез келгені Қазақстан өнімін, әлбетте оның бәсекелестік қабілеттілігі болған және тиісті көлік арналары дамыған жағдайда жұтып қоюға қабілетті. Бұл көршілер – Ресей, Қытай және ислам мен Орталық Азия мемлекеттерінің тобы. Таяу және Орта Шығыс елдері тарихи тұрғыдан маңызды әлемдік орталықтар екені» айтылып,  Қазақстан үшін зор мүмкіндіктерді пайдалану мақсаты көзделді [4, 43-49 бб]. Осы ретте Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы мемлекеттерге айналғаны, алғашқылары Корея, Тайвань және Сингапур болса, ал қазір оларға Малайзия, Индонезия және Тайланд қосылғаны  (Қытай, Үндістан мен Бразилия, Ресей де аталды) тілге тиек етілді. Экономикалық табыстарының нәтижесінде «бұл елдер күллі әлемде Азия жолбарыстары ретінде танылып отырғанын» жеткізіп, 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық  Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болатынына» сенім білдірді. Жануарлар әлемінде жолбарыс туыстас болғанымен, Барыстың өзіндік ерекшеліктері бар (тектілік, алғырлық, тәкаппарлық, батылдық, айлалық). Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды, әрі тікелей соқтығыстардан бойын тартатыны айтылып, [4, 50-51 бб] елімізді 30 жылда Азия барысына айналдыру мақсаты қойылды.  «Бүгінде оқшауланушылық саясаты, әсіресе Қазақстан үшін жеңіліспен тең. Ұлт пен мемлекеттің аман қалуының жалғыз жолы – экономиканы ашық ұстау, әлемдегі қуатты экономикалық аймақтармен ықпалдаса араласып-құраласу [4, 107 б]. ...Біздің экономикамызға тіке салқынын тигізген 1997-1998 жылдардағы бірқатар аймақтық дағдарыстарға қарамастан, стратегиямызда өрілген барлық экономикалық өлшемдеріміз іске асырылды... Бүгінгі таңда Қазақстан 32 млн. тонна мұнай өндірсе, енді он жылдан кейін 100 млн. тонна мұнай шығаруға жетеміз.  ...Ұзақ мерзімді стратегиямызда белгіленген реформалардың бірінші кезеңі аяқталды, ал алғашқы үш жылға алдымызға қойылған басты міндеттер орындалды [4, 112-114 бб]. Мамандардың айтуынша, дүние жүзінде 220-дан астам мемлекет болса, соның 20-ы ғана экономикалық дамыған елдер қатарына кіреді [5, 211 б].  Сондықтан, экономикалық жағынан әлем елдері бір-бірінен ажырағысыз, Қазақстан да әлем экономикасының құрамдас бір бөлігі. Соңғы мәліметтер бойынша АҚШ әлемдік экономиканың 30 пайызға жуығын иемденіп отыр. Ал, Қазақстан әлемдік мұнай қорының 2,9 пайызын иемденіп, бұл көрсеткіш бойынша 9-орынды иемденеді [6].  1993-2002 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестициясынан 18 млрд.- қа жуық АҚШ доллары тартылған, бұл қолайлы инвестициялық климатты қалыптастырды және инвесторлар тарапынан жоғары сенімділік тудырды [7, 75 п]. 1993-2002 (1 - тоқсан) жылдар аралығында ҚР Төлем теңгерімінің мәліметтері бойынша  17 716,8 млн. АҚШ долларын, оның ішінде Корея Республикасынан 1 628,3 млн. АҚШ долларын (9,2%) құрады. Оңтүстік Корея үкіметі KOTRA KOICA – KISC (Korea Inbestment Service Center) сияқты мемлекеттік және жартылай мемлекеттік мекемелер арқылы инвестициялық қызметке үлкен мән беред. Тікелей инвестицияның салалық негізгі бағыттары телекоммуникациялық инфрақұрылымдар, металлургия және электронды жабдықтау өндірісі болып табылады. Оңтүстік Корея үкіметі және Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар корейлік компаниялар Каспий теңіз асты жобаларына қызығушылық танытты. Осы ретте Оңтүстік Корея күкіртті сутегін тұтынушы ел, бұл көрсеткіш бойынша әлемде 6-орында және мұнай импорты көлемі бойынша 4-орында тұрды. Оңтүстік Корея Парсы шығанағында өндірілетін мұнайға тәуелділіктен құтылуға және қауіп-қатерді барынша әртараптандыруға тырысты [8, 56 п]. Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде республикадағы макроэкономикалық жағдай 1997 жылдың 1 - тоқсанында салыстырмалы түрде тұрақты, ал кейбір көрсеткіштер бойынша бірқатар жақсару бағыттары болды. 1996 жыл сияқты 1997 жылы ЖІӨ мен өнеркәсіптік өндіріс өсті. Кәсіпорын жұмысының қалыпқа келуінің негізгі факторлары: тікелей инвестиция үшін жағымды инвестициялық климатты жасау, жекешелендіру қарқынын жеделдетті, соның ішінде шетел капиталының қатысуымен, Ресей, Беларусь және Қырғызстанмен Кеден Одағын құру, кіші кәсіпорын мен үй шаруашылығының дамуы. 1997 жылдың ақпанында инфляцияның деңгейі 2,1 %-дан 1,7 %-ға, наурызда 0,8 %-ға төмендеді. Нәтижесінде, егер 1996 жылдың 1 тоқсанында инфляция 8,5%-ды құраса, сол жылдың осыған ұқсас кезеңінде оның өсімі 4,6 %-ды көрсетті [9, 50 п].

149 ҚР Президентінің Жолдауларындағы баяндалған негізгі идеялар мен бастамалар «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты »

Бүгінгі Қазақстан – қоғам өмірінің барлық салаларында оң өзгерістерге жетіп, экономикасы, білімі мен мәдениеті тұрақты дамыған, ынтымағы жарасып, берік нығайып келе жатқан еңселі ел болып табылады. Әлем таныған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне қол жеткізгенімізді Қазақстан халқы мақтан тұтады.

Жаңарған, серпінді дамумен алға ұмтылған бүгінгі Қазақстан – міне, осындай. Біз тәуелсіздік аясында айтулы жетістіктерге жетіп, өзіндік тәжірибе жинақтап, нығайып келеміз. Аз уақыттың ішінде егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, мәдени, рухани кел­бе­ті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтеріле түсті. Яғни, бұл жылдар барша қазақстандықтар үшін қайырлы жылдар болды. Түбегейлі экономикалық реформалардың нәтижесінде туған Қазақстанымыз көркейіп келеді.

Үлкен мақсатқа ұмтылғанның ғана биік белестерді бағындыра алары сөзсіз. Осы орайда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» аттыхалыққа жолдауы – елдің болашаққа жасалған бағыт-бағдары, келешектің айқын айнасы іспеттес. Сондықтан да ел болашағына – өз болашағына бей-жай қарамайтын халық жыл сайынғы Жолдауды зейін қоя тыңдауды, талқыға салып, ойымен бөлісуді де дәстүрге айналдырған.

Жолдау алда келе жатқан дүниежүзілік тығырықтан шығу жолдарын және болашақта атқарылатын индустриялық-инновациялық бағдарламаны басты бағытқа ала отырып, стратегиялық даму жолдарын саралап, айқындап көрсетіп берді. «Экономикалық жетістіктер теңгерімі мен әлеуметтік игілікті  қалыптастыру» Президенттің ойынша, қазақстандық қоғам дамуының басты бағытына айналады. Ұлттық экономиканы нығайту және халықтың әл-ауқатының артуы еліміздің дамуының басты басымдығы болып қала береді. Елбасы қазақстандықтарды жұмыспен қамтудың тиімді жүйесін құру, қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, өңірлерді дамыту, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, кадрлар әлеуетін жақсарту, сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту, адами капиталдың сапалық өсуі — білім беру және медициналық қызмет деңгейін арттыру, зейнетақы жүйесін жетілдіру, индустриялық-инновациялық жобаларды және  ауыл шаруашылығын дамыту  сияқты  міндеттер кешенін белгілеп берді.  Бұларды жүзеге асыру экономиканы диверсификациялауды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Жалпы экономика салаларының 2011 жылғы дамуын қарастыратын болсақ. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде жалпы ішкі өнімнің өсімі 7,5 пайызды құрады. Ал жан басына шаққандағы ЖІӨ $11 300 жетіп, инфляция 7,4 пайыз болды. Өңдеу өнеркәсібі өндірісі тау-кен өндірісі секторымен салыстырғанда (1,6 %) озық қарқынмен өсуде (6,7%). Бұл негізінен химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруді 22,5%-ға, машина жасауы 19,6%-ға, металлургия өнеркәсібін6,7%-ға ұлғайту есебінен болды. Тұтастай алғанда өнеркәсіп өндірісінің өсуі 3,8%-ды құрады. Өткен жылы астықтан рекордты өнім алудың арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2011 жылдың қаңтар-қарашасында 27,3%-ға ұлғайды. Астық жинау 2010 жылмен салыстырғанда 2,1 есе ұлғайып, таза салмақта 26 млн. тоннаны құрады. Тұтыну сұранысының ұлғаюы экономиканың өсуінің маңызды факторы болды, бөлшек сауда тауар айналымының 12,5% -ға өсуі осының айғағы. Бұл ретте барлық өңірлерде бөлшек сауда көлемінің өскені байқалды.

Елде белсенділіктің өсуі қызмет саласындағы жоғары өсу қарқынымен ілесе жүруде. Есепті кезеңде көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 22,0%-ға ұлғайды. Байланыс қызметінің көлемі17,5%-ға өсті. Ағымдағы жылдың басында байқалған экономикалық белсенділік көбінесе «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасын және Индустрияландыру картасы жобаларын іске асырудың арқасында қамтамасыз етілді. Индустрияландыру картасын және Бизнестің жол картасы-2020-ны іске асырудан ағымдағы жылы біздің бағалауымыз бойынша жалпы тиімділік ЖІӨ-нің 2%-ын құрады.

Экономиканың нақты секторындағы өсудің жоғары қарқыны сыртқы коньюктураның қолайлы болуымен қатар өткен жылдың қаңтар-қазанының қорытындысы бойынша сыртқы сауда айналымының 101,1 млрд. АҚШ долларды құрап, 39,7%-ке ұлғаюына ықпалын тигізді. Мұның алдындағы жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда тауар экспорты48,2%-ға (71,7 млрд. долл.) ұлғайды. Импорт 22,4%-ға (29,4 млрд. долл.) өсті. Сауда теңгерімінің оң сальдосы 42,3 млрд. долл., құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезенінен 1,7 есе жоғары. Өткен жылдың 10 айында Кеден одағы елдерімен өзара сауда 43,3%-ға (19,6 млрд.долл.) өсті, оның ішінде экспорт – 51,4% (6,2 млрд.долл.), импорт – 39,8%(13,4 млрд.долл.) өсті.

Елде макроэкономикалық тұрақтылық сақталып отыр. Үкіметтің тарифтік реттеу мен бәсекелестікті дамытуға, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке бағаның өсуіне жол бермеуге бағытталған белсенді шаралары экономикаға жасалатын инфляциялық қысымды төмендетуге мүмкіндік берді. Инфляция 2010 жылғы қарашадағы 0,8%-ға қарағанда өткен жылдың қарашасында 0,6%-ды құрады. Инфляция деңгейі 2011 жылғы қаңтар-қарашада 7,0% -ды құрады немесе өткен жылдың осындай кезеңінің көрсеткішінен 0,1 пайыздық тармаққа төмен болды. Инфляция жылдық мәнде, яғни 2011 жылғы қарашада 2010 жылғы қарашаға қарағанда 7,8% деңгейде сақталды және жылдың аяғына жоспарланған 6-8% дәлізінде тұр.

Экономиканың елеулі қаржы әлеуеті жасалды. Елдiң халықаралық резервтерi тұтастай күйде, шетелдiк валютадағы Ұлттық қордың активтерiн қоса алғанда (43,3 миллиард АҚШ доллары) 27,3%-ға өсiп,75,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Экспорттық пайда түріндегі валюта ағымы төлемдік теңгерім көрсеткіштерін оң тұрғыда сақтауға ықпал етеді. Төлемдік теңгерімнің ағымдағы шот профициті 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3 есеге дерлік ұлғайып, 2011 жылдың 9 айында 9,3 млрд. АҚШ долларын құрады.

Ел азаматтарының әлеуметтік әл-ауқаты жақсарып келеді, халықтың табысы мен айлық жалақы өсе түсуде. 2011 жылдың он айында нақты ақша кірісі 6,7%-ға, нақты айлық жалақы 5,5%-ға өсті. Бұған әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер мөлшерлерінің ұлғаюы,зейнетақы (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап) мен бюджет саласы қызметкерлері еңбекақыларының (1 шілдеден бастап) 30%-ға артуыықпалын тигізді. Өткен жылдың қарашасында бағалау бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,4%-ды құрады, бұл 2010 жылдың қарашасымен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмен.

Жолдаудағы 10 бағыттың әрқайсысының өзіндік орны бар. Осы айтылған бағдарламалардың ішінде Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі бізге, яғни білім беру саласындағы ұжымдарға арналған мәселе, жастарға заманауи талапқа сай, әлемдік бәсекеге төтеп бере отырып, өмірден өзінің мамандығы бойынша орнынан таба алатын мамандарды дайындау болды. Ол үшін оқу үрдісіне білім, ғылым және тәрбие берудің инновациялық технологиясын енгізу қажет деген мәселе көңілімізден шықты. Сонымен елді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың жаңа міндеттері, олар: білім саласында – кадрларды даярлаудың жаңа сапасына көшу;     ғылым саласында – зерттеулерді әлемдік деңгейге шығару және ғылымды инновациялық процеске тікелей қосу болып табылады.

150 Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Тәуелсіздік белестері» еңбектеріне сипаттама.

«Қазақстан жолы» – Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл - Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді. (Жібек Жолы, 2012) «Тарих тағылымдары және қазіргі заман» - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің бес жылдығына арналған салтанатты жиналыста жасалған баяндама. (Қазақстан, 1997) «Жүз жылға татитын он жыл» - Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі. (Атамұра, 2001) «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. 10 жыл» - Қазақстан халықтары Ассамблеясының 1-10 сессияларындағы баяндамалары жинағы. (Елорда, 2005) «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» - Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым да, қоғам да өмір сүре алмайды. Саналы мұратсыз асқақ армансыз өмір сүретін адамдарды ұсақ, тоғышарлық мүдде, бір сәттік жеке бастың материалдық пайдасын ойлау стихиясы сөзсіз арбап алады. Сөйтып соның салдарынан өоғамдық азғындау басталады. Бүгінде әркімге біздің қозғалысымыздың бағытын көруге, оқиғаны болжап білуге, түпкі мақсатқа қол жеткізуге сенімді болуға мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын және нақты тұжырымдамасы, міне, соңдықтан да қажет. (Дәуір, 1992) «Сындарлы он жыл» - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады. (Атамұра, 2003) «Тарих толқынында» - Кітапта автор өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады. (Атамұра, 1999) «Тәуелсіздік белестері» - Қадірлі халайық! Мeн сіздeргe, Қазақстан халқына, қoғамымыздың бoлашағы мeн мeмлeкeтіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жoлдап oтырмын. Мeн Сіздeргe oсынау бoлашаққа қoл жeткізіп, өз мұратымызды іскe асыруға жәрдeмдeсe алады-ау дeгeн сeнім ұялататын стратeгияны ұсынғым кeлeді. (Жібек Жолы, 2012) «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітабы оның «Постиндустриялық қоғамды қалыптастыру стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» атты алдыңғы басылымында бастау алған қоғамның постиндустриялық даму мәселелерін ғылыми зерттеуінің жалғасы болып табылады. (Жібек Жолы, 2012) «Ғасырлар тоғысында» - Бұл кітап өз көзімізбен көргенімізді, өз басымыздан кешкенімізді, жүздес-сұхбаттас болған тұлғалардың мінездемелерін қамтығанымен, мемуар жанрына жатпайды. Егер бізге салса, бұл шығарманың жанрын «болашақ жайлы естелік» деп санаған орынды сияқты. Әрине, бір-біріне көпе-көрінеу кереғар ұғымдардан тұратын бұл сөз тізбегіне біз атымен басқаша мағына беріп отырмыз. Адамдар, әдетте, өткеннің мәніне ертеңнің тұрғысынан үңіліп түсінеді. Біз оқырмандарымыздың мәселенің байыбына басқаша тұрғыдан зер салғанын қалар едік. Өйткені сөз болатын гәптер белгілі бір нақты кезеңде, сол кезеңнің ағымдағы саясатының арнасында, белгілі бір ретпен жүзеге асқандығы даусыз. Бұл кітаптың мақсаты – расында да, болмыстарынан бедерлі жаратылған саяси ықпалдастарымыздың бейнелерін жарқыратып сомдап шығу емес. Біздің көздегеніміз – кешегі кеңестік үрдіс құлағаннан бергі кезеңде кездескен саяси мәселелердің күрделі табиғатына оқырмандарымызды өз көзімен үңілдіріп, өз тұжырымын жасауына көмектесу. (Атамұра, 2003) «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар» - Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясындағы баяндама, Ақмола, 1997 жылғы 6 маусым. (Қазақстан, 1999) Елбасымыздың бұдан басқа «Еуразия жүрегінде», «Ой бөлістім халқыммен», «Өзекжарды ойлар», «Бейбітшілік кіндігі», «Туған елім – тірегім», «Қазақстан-Ресей қатынастары», «Қалың елім, қазағым», «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар», «Тәуелсіздігіміздің бас жылы», «Реформаларды түбегейлендіру, жалпыұлттық келісім арқылы - жаңарған Қазақстанға», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Әділеттің ақ жолы» және тағы да басқа кітаптары жарық көрген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]