Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих сессия 1-150.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308.76 Кб
Скачать

1991 Жылы 16 желтоқсанда Парламент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады.

Тәуелсіз Қазақстанның бұл тұңғыш құжаты халқымыздың қуатты және пәрменді мемлекет құру арманының жүзеге асуын айғақтады. Заң Қазақстан егемендігінің оның ұлан-ғайыр аумағында және әлемнің саяси картасында мызғымастығын мәңгілікке бекітіп берді.

Еліміздің басты құжаты – Қазақстан Республикасы Конституциясын 1995 жылғы 30 тамыздағы референдумда бүкіл Қазақстан халқы бірауыздан қабылдады.

Конституция егемендіктің саяси және құқықтық негіздерін бекітіп, адамның өмірін, құқықтары мен бостандығын, тегіне, әлеуметтік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатыстылығына қарамастан, адам мен азамат құқықтарының теңдігін мемлекеттің жоғары құндылықтары деп жариялады.

Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы мемлекет пен қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің мызғымас негізіне айналды. Қазақстанда тиімді демократиялық институттар – президенттік институты, Парламент, сот жүйесі және белсенді азаматтық қоғам қалыптасты. Елімізде жаһандық сын-қатерлерге төтеп беруге және бүкіл қоғамның мүдделерінің жүзеге асуын қамтамасыз етуге қабілетті мемлекеттік құрылымның тиімді жүйесін құруға мүмкіндік берген тарихи маңызды экономикалық және саяси реформалар жүргізілді. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап еліміздің саясаты ұзақ мерзімге негізделді, қазақстандықтардың әл-ауқаты, өмірдің жоғары сапасына жүйелі де мақсатты ұмтылысы оның басты ұстанымдары болды және солай болып қала береді.

Қазақстан әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 елінің қатарына енді.

Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруді мақсат етіп қойған «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаңа сипаттағы стратегиялық құжат болып табылады.

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары әлемдік қаржы жүйесіндегі аса жағымсыз құбылыстарға қарамастан, елімізде өндіріс пен инновацияны, әлеуметтік саланы дамытуға және жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Қазақстан ядролық қауіпсіздік рейтингінде ең қауіпсіз елдердің қатарына кіреді.

Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды еліміздің ұлттық мүдделеріне нұқсан келтірместен ядролық қарусыз мемлекетке айналдыру жөніндегі тарихи маңызды міндетті шеше білді.

1991 жылғы 29 тамызда Елбасы Семей ядролық полигонын жапты. Қазақстан Президенті өз елінің ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзаттың тағдыры үшін өзіне жауапкершілік ала отырып, әлемдік деңгейдегі саясаткер ретінде танылды.

Семей полигонының жабылуымен ядролық қаруды таратпаудың және қарусызданудың жаһандық процесінің жаңа кезеңі басталды.

Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялады.

Қазақстан ядролық қаруды таратпау режимін нығайту жөніндегі нақты ұсыныстарын алға тартып, Ядролық қарусыз әлемнің жалпыға ортақ декларациясын қабылдауды ұсынды.

139 Н. Назарбаев Қазақстанның егемен ел ретіндегі қалыптасуы және стратегиялық дамуы

Қазақстан егеменді мемлекет болып қалыптасуында бірнеше саяси жүйені реформалау   кезеңдерінен өтті. Саяси жүйені реформалау нәтижесі көп жағдайда  мемлекеттің стратегиялық бағытының  дұрыстығы мен көлеміне тәуелді болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның саяси даму стратегиясын даярлау мен жүзеге асырудағы жауапты да қажырлы еңбектің арқасында елімізде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құрылды. Қоғамды пәрмендi саяси реформаның арқасында жаңа саяси институттар: парламент, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, Ассамблеялар дүниеге келiп, 1993 және 1995 жылдары республиканың конституциялары қабылданды, көптеген елдер 1992 жылдан берi БҰҰ деңгейiндегi мемлекетiмiздi мойындап, өз елшiлiктерiн аша бастады. Сол сияқты бiздiң мемлекетiмiздiң елшiлiктерi, өкiлдiлiктерi көптеген елдерде ашылып, нағыз тәуелсiз мемлекеттердiң толық атрибуттарын, қасиеттерiн иемденді.

Белгілісі, ұзақ мерзімге белгіленген саяси жаңғыртудағы стратегиялық міндеттерді шешуде кедергілер мен қиыншылықтар да кездесті. Дегенмен, Президент Н.Ә. Назарбаевтың ұстанған саяси стратегиялық бағытының тиімділігі нәтижесінде Қазақстанның саяси жүйесі даму жолына түсіп, халықаралық қауымдастықтың оң бағасына ие болды. Бұл жөнінде Н.Ә. Назарбаев «Мемлекетіміз бен қоғамымызды құрудың дұрыс стратегиясын таңдап алудың өміршең мәні бар. Екшеле талданып жасалған стратегиялық жоспар назарды жинақтайды, тәртіпке жұмылдырады және жәрдемдеседі» [1], – деп атап көрсеткен болатын.

Еліміздегі саяси даму стратегиясының негізгі бағыттары «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» (1992 ж.), «Қазақстан- 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» стратегиялық бағдарламасы (1997 ж.), «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары» (2010 ж.), «Қазақстан- 2050. Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»   (2012 ж.) сияқты бағдарламаларда айқындалған. Сонымен бірге, еліміздің саяси даму бағыттары ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдауларында және Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарында сөйлеген сөздерінде жан-жақты талданып, одан әрі дамыту жолдары ұсынылып отырылады. Президенттің «Ғасырлар тоғысында» (1996 ж.), «Тарих толқынында» (1997 ж.), «Сындарлы он жыл» (2002 ж.), «Тәуелсіздік белестері» (2003 ж.),  «Қазақстан жолы» (2007 ж.) атты кітаптары еліміздегі саяси жаңғыртудың ауқымы мен бағытын ұғынуға, сондай-ақ мемлекеттік саясат пен еліміз дамуының стратегиялық жоспарындағы негізгі басымдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Қоғамдық-саяси тұрақтылық уақыт бойынша тұрақты және өзгеріссіз болмайды. Бұл объективті және субъективті факторлар ықпал ететін қолдан жасалған процесс. Қазақстанның 20 жылдан аса әлеуметтік күйзеліссіз және этноконфессиялық шиеленіссіз болуы – бұл сөзсіз ел Президенті Н.Ә. Назарбаев пен оның командасының зор еңбегінің, өздерінің саяси шешімдерінде саясатта маңызы зор саяси көрегендік қабілеттеріне  ғана емес,  сондай-ақ саяси жаңғыртудың болжамдық нұсқаларын құрастыру мен жағымды және жағымсыз сәттерді қатал есептеуге негізделген салауатты прагматизмге де сүйенулері болып табылады.

Н.Ә. Назарбаевтың:  «Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым да, қоғам да өмір сүре алмайды. Саналы мұратсыз, асқақ армансыз өмір сүретін адамдар ұсақ, тоғышарлық мүдде, жеке бастың бір сәттік материалдық пайдасын ойлау стихиясы сөзсіз арбап алады. Сөйтіп, соның салдарынан қоғамдық азғындау басталады. Бүгінде біздің қоғамымыздың бағытын көруге, оқиғаны болжап білуге, түпкі мақсатқа қол жеткізуге әркімнің сенімді болуына мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын да нақты тұжырымдамасы, міне сондықтан да қажет» [2], –  деген сөзі бұл істің қаншалықты жауапты және аса күрделі екендігін көрсетеді

140 «ҚазССР-нің тіл жөніндегі» Заңы

Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесі болып табылады. Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді. «Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранды ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді. Өйткені ана тілі мәселесі – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Елдіктің негізгі шарттары, түптеп келгенде мемлекет тілінің, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенеді. Ата-бабамыз мұраға қалдырған ана тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілу жолын сөз еткенде, тарихты айналып өтуге болмайды. Елімізді ХХ ғасырда жетпіс жыл бойы билеген әкімшіл-әміршіл жүйенің ұстанған ұлт саясаты республикамызды мекендеген халықтардың табиғи даму заңдылықтарына ықпал етіп, туған тілінен, тарихы мен мәдениетінен айрылудың қатерлі жағдайына душар етті. Жалпы, қазақ тілінің мемлекеттік, саяси ауқымы сонау патшалық отарлау заманы кезінен бастап-ақ төмендей бастағаны белгілі. Бұл қауіптен қазақ тілі 1917 жылғы Қазан төңкерісінің арқасында құтылғандай болды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ұлт тілдеріне мемлекеттік және саяси тұрғыда жете мән беріліп, ұлт тілі мен мәдениетіне азды-көпті түсінушілікпен қарағандық байқалады. Себебі, жұмысшылар мен шаруалардың көсемі В.И. Ленин ұлт тілдері мәселелеріне жете көңіл бөліп, бірнеше ұлттардан тұратын мемлекетте ұлт тілдерін дамыту мәселесіне қатысты пікірлер қалдырды. Бұл нұсқаулық қағидалар Қазақ автономиялы республикасы алғаш құрылған уақыттан бастап жүзеге аса бастады. Мәселен, Қырғыз (Қазақ) АССР-інің 1920 жылы қазанда өткен І Құрылтайының декларациясында қазақ және басқа ұлт тілдеріне жете мән беру мәселесі талқыланып, нәтижесінде «ҚАССР-нің мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы» декреті /1/ қабылданды. Қазақ тілінде іс жүргізу мәселесін сөз еткенде, тағы да тарихқа тереңірек үңілуге туралы келеді. Бұл мәселе сонау 1920-30 жылдары оңды шешіліп, бірқатар тәжірибе жинақталғаны белгілі жайт. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы мен Халық Комиссарлары Кеңесі сол жылдарда конституциялық нормаларға сәйкес қазақ тілінде іс жүргізудің қалыптасуы мен дамуына жәрдемдесетін бірқатар қаулылар қабылдады: Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1921 жылғы 2 ақпандағы «Қазақ және орыс тілдерін республикалық мемлекеттік мекемелерінде қолдану туралы» декреті, 1923 жылғы 20 қарашадағы «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декреті қазақ тілінде іс жүргізудің алғашқы заңды құжаттары болды. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті КСРО Орталық Атқару Комитеті Ұлттар Кеңесі Төралқасының 1927 жылғы 26 тамыздағы мәжілісінде жасаған «Республика мемлекеттік аппаратын тұрғылықтандыру туралы» баяндамасында қазақ тілінде іс жүргізудің республикадағы жайын әңгімелеп, оны одақтық деңгейде мәселе етіп көтерді. Қазақ тілінде іс жүргізуді республикалық деңгейде дұрыс шешу мәселесі Қазақ өлкелік партия комитетінің 1929 жылы 11-16 желтоқсанда өткен V Пленумында қаралып, қаулы-қарарында ерекше көңіл бөлінді /2/. Алайда, ХХ ғасырдың 20-жылдары ортасынан бастап халықтардың тең құқықтығының принциптері, КСРО-дағы ұлттардың өз мәдениеті мен тілін дамыту құқығы шектеле бастады. Тіл саясаты өрескел бұрмаланып, оның орнына Сталиннің ұлттарды ұлттық рухани қазынасынан айыруды көздейтін «біртұтас кеңес халқын жасау» саясаты орнықты. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті халықтың және Кеңес Одағында, соның ішінде қазіргі Қазақстан Республикасында тұратын ұлттық топтардың мүдделері ескерілмей жүргізілді. Заңсыздық пен зорлық-зомбылық көп ұлтты мәдениетке орасан зор нұқсан келтірді, мұндай келеңсіздікке қарсылық білдірген зиялы азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады, көбісі ату жазасына кесілді. Ғалым Н. Жанақованың тарихи зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, Кеңестік кезеңде қазақ тілінің өркендеуіне кері ықпал еткен мынадай ішкі және сыртқы әлеуметтік-демографиялық процестерді атап көрсетуге болады: - ұжымдастыру немесе қолдан жасалған ашаршылық зардаптары; - Кеңес Одағы бойынша, әсіресе Қазақстандағы жаппай индустрияландыру; - Ұлы Отан соғысы жылдарында Ресей мен Украинадан ірі өнеркәсіп орындарының Қазақстанға көшірілуі; - Кеңес Одағын басқарған Н.С. Хрущевтің тың игеру саясаты. Ұжымдастыру жылдарында жіберілген қателіктер мен ашаршылық салдары Қазақстандағы демографиялық процестердің қалыпты арнасын бұзып, республиканың ұлттық құрамына ықпал етті, сайып келгенде, мұның өзі қазақ тілінің дамуына орасан зор зиян келтірді. Қазақ тілінің индустриясы дамыған республикада жетекші тіл бола алмауына кедергі жасаған объективті және субъективті факторлар болды. Көрнекті ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов қынжыла жазғандай: «қазақтар ірі кәсіпорындарына бармағандықтан тіліміз өндіріс тілі бола алмады» /3/. Сондықтан, Қазақстанның өнеркәсіп саласында орыс тілділердің үстемдігі орнықты. Ұлы Отан соғысы жылдарында да қазақ тілі мен басқа аз ұлттар тілдерінің қолданылу аясы тарылып, орыс тілінің ықпалы күшейе түсті. Бұлай болуы елдегі қалыптасқан қоғамдық-саяси, этнодемографиялық жағдайларға байланысты заңды құбылыс еді (әкімшіл-әміршіл билік жүйесі соғыс өрті шарпыған өңірлердегі көптеген ірі кәсіпорындарды жері байтақ, елі жомарт Қазақстанға көшірді).  Тың игеру саясаты Қазақстандағы жергілікті ұлт – қазақтарды өз туған жерінде аз ұлтқа айналдырып, қазақ тілінің өрісін тарылтты. Ал, тоқырау жылдарында біздің ғалымдарымыз қазақ тілінің тек ішкі құрылысын ғана зерттеді де, оның қоғамдық мәні, өмірдегі орны, ана тілінің тілдік қызметінің толық мәнді принциптері туралы сөз қозғамады. Жалпы, Кеңестік дәуірдегі зерттеулер, яғни 1989 жылы Қазақ ССР Тіл туралы Заңы қабылданған кезге дейінгі жарық көрген еңбектер ресми идеологияның шеңберінен шыға алмай, біржақты ғана жазылды. Бұл еңбектерде ұзақ жылдар бойы интернационалдық біртектілікті, «ұлттарды біріктіруді», яғни КСРО халықтары мен тілдерін жақындастыруды насихаттау мақсатты түрде көрініс берді. Мұның өзі кеңестік жүйе белгілегендей, Қазақстандағы ұлт тілдерінің дамуы негізінен алғанда, сол кезеңдегі партиялық мемлекеттік саясат ыңғайына сәйкес зерттелгендігін байқатады. Осылайша, 1980-жылдардың бас кезінде қазақ тілі өз республикамызда белгілі бір дәрежеде беделін жоғалтып алды деуге болады. Міне, осындай объективті себептерге байланысты қазақ тілінің беделінің төмендеуі, қолданыс аясының тарылуы оны республика бойынша мемлекеттік тіл деп тануға итермеледі. 1985 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Жазушылар Одағында «Соңғы жылдардағы қазақ көркем шығармаларының тілі» атты тақырыпта алқалы жиын өтіп, онда көрнекті жазушы-академик Ғабит Мүсірепов тіл туралы жасаған баяндамасында тілді – ең бірінші, ұлттың ұлттық белгісі, халықтың тарихы мен тағдыры, әдебиеті мен мәдениеті, дәстүрі мен салты, ән мен күйі, жаны мен тәні, тіпті мінез-құлқы деп танып, тілден айрылу – бәрінен айрылу екендігін, сол себепті ана тілін сақтап қана қоймай, оны одан әрі дамыту шараларын жан-жақты ойластыру қажет екендігін баса айтты /4/. Жазушының бұл сөзі қазақ зиялы қауымы ортасында үлкен серпіліс туғызып, Алматыдағы қазақ тілінде мектептеп ашуға, басқа да игі мәдени шаралар өткізуге итермеледі, ал нақтылы түрде, мемлекеттік деңгейде ана тіліне қамқорлық жасау мәселесі батыл көтерілмеді. Әкімшіл-әміршіл жүйенің темірдей тәртібі ана тілі туралы нақтылы шындықты айтуға мұрсат бермеді. 141 Орталық Азия елдері басшыларының Ашхабад келісімі

2014 жылғы 8-9 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Иран Ислам Республикасы Президентімен кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан «Иран Ислам Республикасы, Оман Сұлтандығы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы Үкіметтері арасындағы халықаралық көлік және транзит дәлізін құру туралы» Келісімге (бұдан әрі – Ашхабад келісімі) қосылу мүмкіндігін қарастыру тапсырмасы берілді.

«Ашхабад келісімі» 2011 жылғы 25 сәуірде аталмыш елдердің сыртқы саясы ведомстволарының басшылармен қол қойылған. Келісім Орта Азия елдерімен, Парсы шығанағы мен Оман теңізінің порттары арасында жолаушылар және транзитті жүктердің үздіксіз тасымалдануы үшін сенімді көлік дәлізін құруды, Халықаралық көлік және транзит дәлізі бойынша экпорт/импорт тауарларын тасымалдауды көздейді.

Қазақстанның Келісімге қосылуы көлік логистика саласындағы қатынастардың дамуына, физикалық және физикалық емес тосқауылдарды алып тастауға, Келісімге қатысушы-елдер арасындағы транзиттік тасымалдардың жылдамдығын ұлғайтуға және қазақстандық экспортты жылжытуға мүмкіндік туғызады, сондай-ақ Қазақстанның аумағы арқылы қосымша транзиттік жүк ағын тартуға және Парсы шығанағы мен Оман теңізінің порттарына шығуға жаңа серпін береді.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Ашхабад келісіміне қосылу бойынша ұстанымында қалады және қазіргі уақытта қосылу бойынша барлық қажетті мемлекеттікішілік рәсімдер өткізілуде.

 

142 ҚР «Қазақстан -2030» даму стратегиялық бағдарламасы

Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

  • Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.

  • Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.

  • Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.

  • Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.

  • Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.

  • Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.

  • Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.

Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялық ресми құжат болып табылады.

Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.

143 ҚР өндірістік-инновациялық даму стратегиясы.

Мемлекеттің негізгі инновациялық саясаты келесі шараларды қамтуы тиіс: -инновациялық шаралардың экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін қалау; -өндіріс тиімділігі мен ішкі нарықтағы тауар өндірушілердің өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін технологиялық жаңалықтар енгізу негізінде арттыру; -кәсіпкерлердің инновациялық белсенділігін көтеру және инновациялық іс-әрекеттерді асыруға бөлінген мемлекеттік қаржыларды тиімді қолдану; -отандық инновациялық өнімді халық аралық нарықта өткізуде қолдау және Республикадағы өнімнің осы түрі бойынша экспорттық әлеуетті арттыру. Жаңа инновациялық саясат іске асқаннан кейін келесі нәтижелерді күтуге болады: -өндірістік жүйедегі ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыра отырып, бәсекелік артықшылықтың ерекше түрімен ұлттық экономиканы жетілдіруде құрылымдық өзгерістер енгізу; -халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейінің жақсаруы. Инновациялық факторларды өндіріске енгізу арқылы жалпы ішкі өнім көлемін тез қарқынмен дамыту мүмкіндігі пайда болады және бұл факторлар ел экономикасының дамуын экстенсивті бағыттан, интенсивті бағытқа бет бұруға жағдай жасайды. Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде 2015 жылға қарай елдің ІЖӨ 50 пайызына қол жеткізу міндетіне қол жеткізу көзделген. Ол үшін басты үш бағытты атап өткен жөн. Ең алдымен – индустриалдандыру. Ол жаңа өндірістік қуаттылықтарды, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіпте қосылған құны жоғары өнімдерді жасауға бағытталған. Екіншісі – үдемелі индустриалдандыру. Бұл дағдарыстан кейінгі даму және Кеден одағына мүшелікпен байланысты жаңа перспективалар жағдайында өзіміздің бәсекелік артықшылықтарымызды барынша тиімді пайдалану. Үшінші міндет – инновациялық индустриалдандыру деп аталады.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 12-съезінде ел экономикасының алдағы бесжылдықтағы жедел индустриалды даму кезінде негізге алынатын жеті басым бағытын айқындап берген болатын: 1. Агроөнеркәсіп кешені; 2. Құрылыс саласы; 3. Мұнай өңдеу; 4. Металлургия; 5. Химия өнеркәсібі және фармацевтика; 6. Энергетика; 7. Көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту[2]. Инновациялық саясаттың іске асуының белсенділігі негізі қаржы мәселесіне, оларға деген экономикалық қажеттілікті анықтайтын нарықтық сұранымға, бәсекелік ортаның дамуына, ғылыми-техникалық әлеуеттің дамуы, тұрғындардың менталитеті, олардың білімі мен мәдени деңгейі және сыртқы экономикалық байланыстарға тәуелді. Бұлардың әрқайсысы инновациялық процесстерге тікелей немесе жанама түрде әсер етіп отырады. Қазақстанның «EXPO-2017» дүниежүзілік көрмесін өткізу құқығына ие болуы Қазақстанды әлем елдеріне танытудың жаңа кезеңі ғана емес, инновациялық дамудағы қуатты серпінге негіз болады. «ЭКСПО көрмесі – жаһандық ауқымдағы оқиға. Ол маңыздылығы жағынан ірі экономикалық форумдармен, туристік тартымдылығы бойынша әлемдегі ең танымал спорттық ойындармен салыстыруға болады. Көрме біздің елімізге ірі инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы Қазақстан «жасыл экономиканы» дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновация алады» - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде [3]. Қорытынды Республикада индустриалды-инновациялық стратегия негізінде, өңірлердің ішінде бәсекелестік қабілеті жоғары және экспортқа бейімделген секторларды анықтау арқылы, жалпы өңірлердің дамуына институционалды қолдау көрсету бүгін мемлекеттің негізгі мақсаты болып отыр. Жалпы айтқанда, ел экономикасын өрге сүйрейтін елімізде әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басты бағытының бірі - индустриялдық-инновациялық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигізетіндігі ақиқат. 144 Н. Назарбаев. «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]