Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих сессия 1-150.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308.76 Кб
Скачать

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы

2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.  

Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:  

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау

3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік

4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары

5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту

7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілді.

2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу кезеңі адамзат тарихындағы соңғы жетпіс жыл ішіндегі ең ауыр жаhандық қаржылық-экономикалық дағдарыстың басталу уақытына дәл келді. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу кезінде әлемдік немесе өңірлік дағдарыстың жағымсыз салдарларына ұлттық экономиканың орнықтылығын арттыруға бағытталған шаралардың жүзеге асырылуына баса көңіл бөлінді. 

Тау онжылдықта мемлекет қызметінде бес негізгі бағыт басымдықта болады:

  • дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық;

  • индустрияландыру және инфрақұрылымдық даму арқылы әртараптандыруды жеделдету есебінен орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету;

  • болашаққа инвестиция ­– орнықты экономикалық өсім, өсіп-өркендеу және қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатының жетістігі үшін бәсекеге қабілетті адам капиталын арттыру;

  • тұрғындарды сапалы әлеуметік және тұрғын үй-коммуналдық қызметімен қамтамасыз ету;

  • ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын нығайту.     

2020 – Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан мынадай негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:   

  • Қазақстан 2020 жылға қарай экономикасы әртараптандырылған және халқы жаңа экономикаға белсенді тартылған, әлемдік дағдарыстан шыққан анағұрлым күшті және бәсекеге қабілетті елге айналады.

  • Қазақстан 2020 жылға қарай қолайлы іскерлік ахуалы бар, елдің шикізат секторында елеулі шетел инвестициясы тартылған, әлемнің ең бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіретін болады.

  • 2020 жылға қарай еліміз әртараптандырылған экономиканы дамыту үшін қажетті адам ресурстарына, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер мен экспорттаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады.

  • 2020 жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты алғанда 2009 жылғы деңгейге қатысты алғанда үштен бірінен асады.

  • 2020 жылға қарай төменгі күн көріс мөлшерінен аз табыс табатын халықтың үлесі 8 пайызға дейін төмендейді.  

2020 – Стратегиялық жоспарын жүзеге асырудағы басты жетістік Қазақстанның экономикалық өсімінің құрылымын сапалық жақсарту және дәйектілікпен әртараптандырылуы нәтижесінде ел азаматтарының әл-ауқатын елеулі түрде арттыру болуы керек.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілді.

Бағдарлама мақсаты – экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы оның тұрақты және теңгерімді өсімін қамтамасыз ету.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  • экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігінің артуын қамтамасыз ететін басымдықтағы секторларын дамыту;  

  • индустрияландыру үшін қолайлы орта қалыптастыру;

  • экономикалық әлеуетті өңірлік ұтымды ұйымдастыру негізінде экономикалық өсім орталықтарын құру;

  • экономиканың басымдықтағы секторларын дамыту барысында мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығын қамтамасыз ету.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан 2014 жылға қарай төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:

  • 7 триллион теңгеден кем емес ІЖӨ өсімі, нақтылы түрде ІЖӨ өсімі 15%-ды құрайды;

  • ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 12,5%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;

  • экспорттың жалпы мөлшерінде шикізаттық емес экспорт үлесін 40%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;

  • өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің жиынтық мөлшеріндегі шикізаттық емес экспорт үлесін 43 %-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;

  • өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 1,5 еседен кем емес мөлшерде арттыру.

  • 130 Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

4-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:       1) заңдылық;       2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;       3) жариялылық пен ашықтық;       4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;       5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;       6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;       7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу;       8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.  

5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.       2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:       1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;       2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;       3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;       4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;       5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.  

2-тарау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ

6-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі:       1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті;       2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды;       3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды;       4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;       5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;       6) қаржылық бақылауды;       7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;       8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді;       9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын;       10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді;       11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;       12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды;       13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.  

7-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі.       2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау болып табылады.       3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің дереккөздері – құқықтық статистика мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың мәліметтері, әлеуметтік сұрау жүргізу деректері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де ақпарат көздері болып табылады.       4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараларды жетілдіру үшін негіз болып табылуы мүмкін.       5. Осы баптың ережелері арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіне қолданылмайды.  

8-бап. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

      1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.       2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мынадай бағыттар:       1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;       2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұйымдық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүзеге асырады.       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.       Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайды.       3. Осы баптың 2-тармағының күші мына салалардағы қатынастарға:       1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалауға;       2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуге;       3) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге;       4) сот төрелігіне;       5) жедел-іздестіру қызметіне;       6) қылмыстық-атқару қызметіне;       7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарының сақталуын бақылауға қолданылмайды.       4. Осы баптың 2-тармағының ережелері арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіне қолданылмайды.       5. Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.       Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік тәртібін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.  

9-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.       2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.       3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.       4. Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады.  

10-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар – қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі.       2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды жұртшылықтың қатысуымен мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері әзірлейді және олар заңнаманы әзірлеу кезінде және құқық қолдану практикасында ескеріледі.       РҚАО-ның ескертпесі!       11-баптың 9-тармағының қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 18.11.2015 № 410-V Заңының 27-бабынан қараңыз.  

131 «Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабылетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясы.

Бәсекеге қабілеттіліктің алғышарттары. Бәсекеге қабілеттілік — өзіңді танып анықтау арқылы көз жеткізілген барлық артықшылықтарды пайдалану. 2007 жылы Ұлт көшбасшысы Қазақстанның ғылыми сыйымды экономикасын құрудағы басты кедергі — өз мүмкіндіктеріне сенбейтін және орынды тәуекелге бармайтын шығармашылық ізденістері жоқ адамдар болуы мүмкіндігін айта келе, мұндай мәселені шешудің көзі ретінде индустриялды-инновациялық дамудың стратегиясын негіздеді, жауапкершілік алатын жастардың жаңа буынына үміт артты. Заманауи жағдайдағы Қазақстан өркендеуінің экономикалық негіздері халықтың қоғамдық белсенділігін көтеру мен өмір сүру сапасын арттыру болып табылады. Қазіргі экономикалық өсу жоғарғы тәуекелге бару арқылы жалпы ғылыми ортаның, ақпараттық инфрақұрылымның даму-деңгейіне, ғылыми зерттеудің қаржылық көлемінің мөлшеріне, олардың нәтижелерін коммерциялық жүзеге асырудың белгісіздігіне тәуелді басқару тәжірибесіндегі үздіксіз инновациялық үрдістерге көшуге жетелейді. Сондықтан да ғылыми-техникалық жетілдіруді мемлекеттік ынталандыру айқын қажеттілікке айналып отыр. Бұл өмір сапасына бағытталған «тұтыну қоғамынан» интеллектуалды қоғамға өтуді білдіреді. Инновациялық экономиканы құрудың экономиканы әртараптандыруға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асырумен тікелей байланыстылығы, Қазақстанның жетекші дамыған елдер сияқты жетістіктерге жету үшін адамдар әлеуетін, табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін түпкілікті көтеру қажеттілігі тұр. Әр елдің өзіндік ерекшеліктері бар, Қазақстанның да тиімді жүзеге асырылатын ұлттық бәсекелік басымдылықтары бар, олардың ішінде табиғи ресурстар қоры: вольфрамның әлемдік қорының 50%, уранның 25%, хром құрамды қазбалардың 23%-ын құрайды. Қазақстанда бүкіл дүниежүзіндегі фосфор қорының 90% орналасқан және сирек металдар монополиялық өндірушілерінің әлемдік клубына кіреді. Бірақ республика бай табиғи ресурстары бола тұра, ішкі өндірісте жоғарғы технологиялық туарлар мен қызметтің жетілдірілмегендігінен шығаратын өнімі жалпы әлемдік өнімнің 0,06%-нан аса алмады. Қазақстанның ұлттық басымдылықтарының бірі — аграрлық өндіріс. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және жетілдіру салаларында кластерлік бастамаларды жүзеге асыру арқылы аграрлық секторды индустрияландыру жұмысы қолға алынды, әсіресе нарықтық бәсекені қалыптастыру. Жаһандық бәсеке — заманауи қоғамдық даму заңдылығы, ол ұлттық мемлекетті ғана қамтымайды, ол трансұлттық корпорациялар (ТҰК) арасында да жүреді. ТҰК интеллектуалды, ғылыми-техникалық және қаржылық әлеуеттік ортада құрылады. Шамамен неғұрлым табысты салалардың әлемдік сауда және қаржы айналымының жартысынан көбі солардың бақылауында. Көптеген ТҰК өздерінің экономикалық айналымы жөнінен ірі елдерден асып түседі. Жетекші 500 трансұлттық корпорациялар өңдеуші кәсіпорындар экспортының үштен бірін, әлемдік саудадағы шикізаттық туарлардың төрттен үшін, жаңа технологиялық сауданың бестен төртін қамтиды, дүниежүзінің барлық елдерінде ондаған миллиондаған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Жүргізілген реформалар барысында Қазақстан бас аяғы он жылдан аса уақыт мерзімінде нақты нарықтық экономикаға қол жеткізді. Қазіргі кезеңде экономикалық өсімнің негізгі көзі елдің шикізаттық әлеуеті болып табылады. Республика экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар тартылды және ашық сыртқы сауда саясатын жүргізеді. 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемі 7 млрд. доллардан аса оң айырыммен, 33 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 1994 жылмен салыстырғанда үш есе өсімді берді. Сыртқы сауда жүргізу аймағы алғашында ТМД көлемімен шектелсе, 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында алғашқы орынды ЕО елдері, Ресей, Швейцария және Қытай тұрды. Осылайша Қазақстан жаһандық бәсеке орталығына қосылды. Әрбір ел ұлттық тәуелсіздігіне, жеке дамуына ұмтылғандықтан да ашық ұлттық нарық, шетел капиталын, халықарылық кооперацияны тарту, әсіресе экономиканың стратегиялық салалары қатаң бақылауды қажет етті. Елдің ұлттық мүддесі жергілікті капиталды толықтырумен, отандық тауар өндірушілерді қолдау, оларды ынталандырумен байланысты болды. Дамудың түпкі мақсаты — халықаралық еңбек бөлінісінде бәсекеге қабілетті, бірте-бірте легитимді пайда табу (заңнамалық негізде) арқылы ұлттық капиталды қалыптастыру[1,-344б.]. Шетелдік жұмыс күшін тарту ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы, шарттары және жұмыс берушіге рұқсат беру тәртібі Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылды. 2004 жылдың 1-ші наурызынан бастап шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша жұмыс берушілерге рұқсат беру қызметі жергілікті атқару органдарына (2004 жылдың 27 қаңтарындағы № 524-II «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес) берілді. Жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту 2004 жылы тұрғындардың экономикалық белсенді бөлігінің 0,28%-на (21179 адам) дейін ұлғайтылды, 2005 жылғы квота да (22077 адам) осы шамада бекітілді. Министрліктің құзырында ҚР Үкіметі белгілеген квотаны облыстарға, Астана және Алматы қалаларына бөлу қызметі қалдырылды. Қазақстан Республикасына 2001–2004 жылдар аралығында ҚР Үкіметімен бекітілген квота аясында жұмыс берушілер орта есеппен 13,8 мың шетелдік жұмыс күшін тартты [2]. Қазақстандағы шетелдік корпорациялар геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізді және кен орындарын бірінен соң бірін ашты. Сонымен қатар салық, ел үшін пайдасы аз келісімдердің бекітілуіне байланысты дау-жанжалдар, келіспеушіліктер, жемқорлыққа қатысты шу, экологияға қарсы әрекеттер-де белең алды. Бірақ Қазақстан күйзеліс пен әлеуметтік қақтығыстарға жол бермей, тұрақтылығын сақтай алды. Республикада жаңа технологияны игеруге жол ашылды, нарықтық басқару тәжірибесін меңгерді. Қазіргі кезеңде нақты сектордағы серпінді жобаларды жүзеге асыратын мемлекеттік-жеке серіктестікті дамытуға көңіл бөлінуде. Сыртқы нарықтағы өндірістің әлемдік технологиясы негізінде қазақстан бизнесінің көшбасшыларын шығару міндеті белгіленді. Мәселен, «Қазақмыста» жұмыс жасайтын «Самсунг» компаниясы, «ҚазМұнайГаз», «Қазатомөндірісі», «Еуразиялық өнеркәсіп ассоциациясы», «Теңізшевройл», «Маңғыстаумұнайгаз», «МитталСтил Теміртау», Оңтүстік Қазақстандағы «еркін экономикалық аймағы»-тоқыма кластері, Қызылордадағы әйнек құрылысы заводы, Павлодар алюминий заводы, Атыраудағы мұнай-химия кешені және басқа да корпоративті көшбасшыларды экономиканың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ете алатын шағын және орта кәсіпорындарға айналдыру мақсаты қойылды. Ірі корпоративті компаниялар дүниежүзілік нарыққа, ал содан соң Қазақстанның қор нарығына шығады. Бәсекеге қабілетті экономика — бұл бәсекеге қабілетті мамандар. Республикада 2007 жылы бір мың жұмыс жасайтындарға үш ғалымнан келсе, көрші Ресейде бұл көрсеткіш 7,5. Ал ЕО-5,8, АҚШ-9,3 келген[1,-366б.]. Қазақстандықтардың деңгейін ортаеуропалық деңгейге жеткізу үшін ғылымды қаржыландыруды 25 есе көтеру қажет болды. «Ғылым» туралы Заң бекіді. «Болашақ" бағдарламасында техникалық мамандықтарға басымдылықтар берілді. 2001–2006 жылдар аралығында республикадағы әлеуметтік-экономикалық серпіліс нәтижесінде Қазақстан аймақтық көшбасшыға айналды. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық жағдайлар, ауыл аймақтарындағы тұрғындардың өмір сүру-деңгейін көтеру, жұмыссыздыққа, нашақорлыққа және қылмысқа қарсы шаралар жасалуда. Бұл шаралардың нәтижелі болуында, әсіресе қоғамдық дамудың шешуші күші ретінде — адам капиталының рөлі ерекше екені айқындалды. Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі бағыттары. «Қазақстан-2030» Стратегиясын дәйектілікпен іске асыру елдің алға ілгерлеуіне берік негіз қалады. 2007 жылы бірден-бір дұрыс бағыт ретінде, Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі — жан-жақты жаңғыртуды жеделдетуге бағыт түзелді. Әлемде Қазақстан мен қазақстандықтардың лайықты орын алуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс-деңгейін көтеруді қамтамасыз ету үшін сыртқы нарықтарға шығып, онда мықты орнығу міндеті тұрды. Ол үшін табыстарға қол жеткен секторларда және басқа да салаларда жаңғырту қарқынын жеделдету міндеті қойылды. Елдің толық әлеуеті бәсекеге қабілеттілікке жұмылдырыла бастады. Басты мәселе ұлттық экономиканың әлемдік экономикаға кірігу белсенділігіне тікелей байланысты болды. 2004 жылы қазақстандық бизнестің қалыптасқандығы ресми жариялана бастады, бірақ ең алдымен ішкі ғана емес, сыртқы әлемдік рыноктардағы бәсекелестікке қол жеткізу міндеті тұрды. Қазақстан капиталының шетелге қозғалысына, оның сыртқы рыноктарды игеруіне қолдау жасалды және шетелдегі барлық мемлекеттік құрылымдар отандық бизнеске көмек пен қолдау көрсетті. Жаңа міндеттерді шешуде Үкімет және өңірлерден өкілдік ететін акционерлер қаржыландыру арқылы қол ұшын берді. Елдегі әлеуметтік-экономикалық жаңғыру мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне тағы бір қадам Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясы» Қазақстан халқына 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауы және «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдаулары негізінде Қазақстанның 2003–2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму Cтратегиясы қабылданды. Бұл құжат алдағы міндеттерді бәсекеге қабілетті даму ұғымына топтастырған ірі жаңғыртылған жоба болды. Қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылдығы мен іскерлігіне негізделген ашық нарықтық экономика — халық тұрмысының жоғарғы сапасы және алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз етуге қабілетті, халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде, Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттілік көрсету мүмкіндіктерінің негізі болды. 132 ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы «Қазақстанның – 2050 стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» XXI- ғасырға басты талабы және 2050 жылдарға жаңа саяси бағыт.

Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.

Бағдарламаның қарастыратын істері[өңдеу]

Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:

  1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм;

  2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;

  3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік;

  4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;

  5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;

  6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;

  7. Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.[1]

ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері[өңдеу]

  1. Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі

  2. Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік

  3. Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

  4. Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы

  5. Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

  6. Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы

  7. Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция

  8. Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық

  9. Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы

  10. Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]