- •Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні және курстің мақсаты.
- •Тарих ғылымының методологиясы. (2,3-сұрақ жауабы)
- •Тарих танымының әдістері.
- •Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері (4,5 бірге)
- •Тарихқа формациялық және Өркениеттілік көзқарас
- •Қазақстанның қазіргі заман тарихының периодизациясы
- •М. Хроханың ұлттық қозғалыс типологиясы туралы концепциясы
- •Жәдитшілдік Ресейлік мұсылмандардың ағартушылық идеологиясы
- •Қазақстандағы Жәдитшілдік мектептер мен медремселер
- •XXғ басындағы мұсылмандардың реформаторлық қозғалыстары
- •Ұлттық интеллигенция және оның 20-ғасыр басындағы қоғамдық саяси қызметі
- •14. I және II Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарының қатысуы
- •15. Мемлекеттік думаның мұсылмандық фракциясы. Жер мәселесі және қазақ депутаттары Бірімжанов пен Қаратаевттардың сөйлеген сөздері.
- •16. Қазақ депутаттарының Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясына қатысуы
- •20. Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары, олардың қызметі
- •22. Отандық тарихнамадағы қазақ интеллигенциясының көтеріліске қатысу мәселесі
- •24. Ресейдегі Ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның демократиялануына әсері
- •25. Қазақстандағы қосүкімет және оның ерекшеліктері
- •26. Қазақ комитеттерінің құрылуы, олардың қоғамдық-саяси қызметі
- •27. «Алаш» партиясы: бағдарламасы, әдісі.
- •28 Ә. Бөкейханов – алаш қозғалысының көшбасшысы, XX ғасырдың көрнекті қайраткері.
- •29 А. Байтұрсынов –мәдени қайраткер және көрнекті саясаткер Ахмет Байтұрсынов (1873-1938)
- •30. «Үш жүз» партиясы, бағдарлама тезисі, әдісі.
- •31.«Алаш» және «Үш жүз» ұлттыұ саяси партиялары. Олардың бағдарламалық құжаттарының негіздері
- •32 «Шура-и-Ислами», «Шура-и-Улема» мұсылмандық партиясы
- •33.1917 Жылғы қазан төңкерісі. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауы
- •34. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауының қиыншылықтары мен ерекшелігі
- •35. 1917 Жылғы қазан оқиғасына жаңаша баға
- •37.Қазақстан Азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
- •42. Кеңес үкіметі және Алаш Орда мен Қоқан автономиясының басшыларының тағдыры
- •47. ҚазАкср-нің құрылуы. Қазақ жерлерінің ҚазАкср-нің құрамына біріктірілуі.
- •49 Қазақстан Кеңестерінің учредительдік сьезі. ҚазСсРнің құрылуы.
- •51.Қазақстан одақтық республика дәрежесінде ҚазСср-нің Конституциясының қабылдануы.
- •52.XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдени құрылыс.
- •53.Қазақстандағы өндірістік модернизация жүзеге асудағы қиыншылықтары мен ерекшеліктері.
- •54.Қазақстандағы индустриализация: кеңестік үлгі.
- •55.Қазақстандағы индустрияланудың жүзеге асу жолдары жайындағы пікірталас.
- •56.Ф.Голошекиннің Кіші Қазан революциясы.1928-1930 жж. Төтенше жағдай.
- •60.Кеңес үкіметінің аграрлық және жер-су саясаты.
- •61.Саяси қуғын-сүргін. Қазақстандағы Сталиндік лагерлер.
- •74. Тарих ғылымындағы Ұлы Отан Соғысының даулы мәселелері
- •1986 Жылғы Желтоқсан оқиғасы. Жаңаша баға
- •88,89,90,92,93-Сұрақтар. М.С.Горбачевтің жаңа бағыты. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету
- •1991 Ж 21-ші желтоқсандағы Алматы Деклорациясы
- •«Қазақстан – 2050» Стратегиясы
- •Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
- •Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.
- •«Нұрлы жол» – Қазақстанның жаңа бағыты
- •1991 Жылы 16 желтоқсанда Парламент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады.
- •Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
1991 Ж 21-ші желтоқсандағы Алматы Деклорациясы
Беловеж келісімі - 1991 ж. 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Беларусь республикалары басшылары арасында жасалынған келісім шарт. 1991 жылғы тамыз бүлігінен кейін КСРО-ның ыдырау процесі бұрынғыдан да үдей түсті. Бүлікті ұйымдастырушылар тұтқынға алынып, коммунистік партия таратылды. Өз тәуелсіздіктерін жариялаған бұрынғы одақтас республикалардың кейбіреулері (Литва, Латвия, Эстония, Грузия) өздерінің КСРО құрамынан шығатындықтарын мәлімдеді. Орталықтың билігі күннен күнге әлсіреп, елде саяси толқулар күшейді. Осындай жағдайда үш республика басшылары (Ресейден - Б.Ельцин, Украинадан - Л.Кравчук, Беларусьтан - С.Шушкевич) Минскінің маңайындағы Беловеж орманында келіссөз өткізді. Келіссөзде Кеңес Одағын сақтап қалудың бұдан былай мүмкін еместігіне байланысты олар өз республикаларының одақтан шығатынын және өзара одақтастық (саяси, экономикалық, әскери) жөнінде жаңа шартқа қол қоятындықтарын мәлімдеді. Сөйтіп, КСРО тынысы тоқтады. Бұған жауап ретінде 1991 ж. он екінші желтоқсанда Ашхабад қаласында Орталық Азия республикалары президенттері (Қазақстаннан - Н.Назарбаев, Қырғызстаннан - А.Ақаев, Өзбекстаннан - И.Каримов, Тәжікстаннан - Т.Махкамов,Түрікменстаннан - С.Ниязов) кездесу өткізді. Кездесуде олар өзара одақтастық жөніндегі шартқа қол қойды және өздерінің Беловеж келісімімен толық келісетіндіктерін мәлімдеді. Бұған қоса олар Беловеж келісіміне қатысушы елдерге және басқа да бұрынғы одақтас республикаларға жаңа одақтық шарт жасасу жөнінде үндеу жолдады. Көп ұзамай 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамында болған 11 республика (Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан,Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина) басшылары жаңа келісімшартқа қол қойды. Сөйтіп бұрынғы КСРО аумағында жаңа одақ - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрылды. [1]
94,99,100-сұрақтар. Қазақстан және ТМД. Қазақстандағы президенттік биліктің енгізілуі
«Каз.ССРнің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Деклорацияның қабылдануы.
ҚР-ғы саяси партиялар және қоғамдық қозғалыс
1980-1990 жылдардағы КСРО дағдарысы жҽне оның себептері. 1989 жылы Г.В. Колбин Қазақстаннан Мҽскеуге ауыстырылды. ҚКП ОК бірінші хатшылығына Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлы Назарбаев сайланды. Қазақстан Республикасының Ҥкіметін Ҧзақбай Қараманов басқарды. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Ҽ. Назарбаев жаңаша ойлайтын саясаткерлерді топтастырды. Орталық Комитеттің екінші хатшылығына Владимир Ануфриев, хатшылықка Ерік Асанбаев пен Владислав Двуреченский келді. Идеология бҿлімін — Мырзатай Жолдасбеков, аграрлық бҿлімді — Жҽнібек Кҽрібжанов, ҧлтаралық қатынастар бҿлімін Ҽбіш Кекілбаев басқарды. 1989 жылы мамыр-маусым айларында ҿткен КСРО халық депутаттарының I съезінде саясаттағы, экономикадағы жҽне қоғамдық ҿмірдің ҽлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға ҿткір сындар айтылып, коммунистік партия жҧмысына талдау жасалды. Кеңес қоғамына тҿнген дағдарыстың себептері іздестірілді. Қоғамдық-саяси ҿмірдің аса маңызды мҽселелері тҿңірегіндегі тартыс бір-біріне қарама-қарсы ҧстанымдағы депутат топтарының қҧрылуына алып келді. Халық депутаттарының I съезінің жҧмысын бастасымен-ақ аймақаралық депутаттық топтар қҧрылды. Халық депутаттарының I съезі қабылдаған шешімдердің
кҿпшілігі жҥзеге асқан жоқ. Соған қарамастан ол партия комитеттерінің билігін едҽуір ҽлсіретті. Е.Лигачев, П. Соломенцев тҽрізді КОКП жҽне мемлекет басшыларынын, тіпті. КОКП ОК Бас хатшысы М.С. Горбачевтің де қызметтері ҥздіксіз сынға алына бастады. Кеңестер, кҽсіподақтар, комсомол бірте-бірте КОКП ҿктемділігінен арылып, сайлау кезінде демократиялық ҧстанымдар .алға шығарылды. Осындай жағдайда партия комитеттерінің лидерлері жеңілістерге ҧшырады. Қоғамда, саяси қарсыластар арасында ымырасыздық, табансыздық пен тҧрақсыздық кҥшейді. Демократиялық сенімдегі адамдар кҿбіне «кҥйе жаққыш», «сатылғыш», «екі жҥзді» деп айыпталды. Демократиялық қоғамға ҿтудің басталуы одақтас республикалар мен олардың мемлекеттік қҧқықтық формациялары арасындағы қатынастардың қалыптасқан практикасын қайта қарауға ҽкелді. Жаңа одақтық келісімшарттың жасалу мҥмкіндігі жайлы мҽселені — 1988 жылдың ҿзінде-ақ, ең алдымен Балтық жағалауы республикалары ҧлттық-демократиялық қозғалыстарының ҿкілдері кҿтере бастаған болатын. КСРО Халық депутаттарының I съезінде депутаттар тарапынан бҧл мҽселе қайта кҿтерілді. Съезде унитарлық мемлекетке тҽн хал-ахуалдың тҥрін ҿзгертіп, қалыптасқан қҧрылымды жаңа мазмҧнмен байытуға, орталық пен республикалар арасындағы қҧқықтар мен міндеттерді қайта бҿлуге деген ҧмтылыстар жасалды. 1989 жылдың ҿзінде-ақ, КСРО-ны конфедерация қағидалары негізінде ҿзгертудің нақты кҿріністері байқалды. Алайда ол жҥргізілмеді. Осыдан соң республикалар ҿздерінің бҿлінетіндігі жайлы неғҧрлым батыл мҽлімдей бастады. Орталық теледидар, «Правда», «Советская Россия» газеттері Балтық жағалауы республикаларына қарсы науқан бастап, оларда адам қҧқықтары бҧзылып, Орталық басшылық бҧл республикаларға экономикалык жҽне саяси қысым кҿрсетіп жатыр деген бағытта дауды кҥшейте тҥсті. 1990 жылдың 25 наурызында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылымында депутаттық орындарға сайлау алды науқаны жҥргізілді. Депутаттыққа кандидаттарды ҧсыну қҧқығы еңбек орындарын, азаматтардың жиналысына берілді. Сайлау ҥдерісіне саясаттандырылған топтар, ресми емес бірлестіктер енгізілді. Сайлау алды науқанында 360 депутаттық мандатқа 2000-нан артық кандидат қатысты. Сайлауды ҿткізу барысы, нҽтижесі егемендік жҽне тҽуелсіздікке бағыт алған кҥштердің басымдыққа ие бола бастағанын танытты. Жҧмысшы жҽне шаруа тобымен қатар, қайта сайланған Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне ғалымдар, заңгерлер, ЖОО ректорлары, діни қайраткерлер енді. 1990 жылдардың екінші жартысынан бастап Қазақстан саяси жҥйенің заманға сай негізін қалауға батыл қадамдар жасады. Ҧлттық қҧрамы жағынан — 181 қазақ, 100 орыс жҽне 340 депутаттың 51-і компартия органдарынын қызметкерлері болды. Жоғары Кеңестің тҿрағалығына — Ерік Асанбаев сайланды. 1990 жылдардын басында КСРО-дағы саяси жағдай декларативтік сипаттағы кҿптеген демократиялық ережелерден тҧратын қолданыстағы 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясын ҿзгертуді, Қазақстанның егемен қҧқықтарына бекітетін мҥлдем жаңа заңнама актілерін қабылдауды қажет етті. КСРО-ны жайлаған саяси дағдарыс, одақтың аса ауыр жағдайда ыдырау ҥдерісі саяси жҥйені реформалауды қажет етті. Дағдарыстан шығудын бір жолы — Президенттік қызметті енгізу болатын. 1990 жылы 24 сҽуірде Жоғарғы Кеңес «Қазақ КСР Президенті қызметін бекіту мен Казақ КСР Конституциясына ҿзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Негізгі Заң)» заң қабылдап, Қазақ КСР Президенті қызметін бекітті. 1990 жылы 24 сҽуірде қызу талқылаудан кейін Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР-інің Президенті етіп Н.Ҽ. Назарбаевты сайлады. Жасырын дауыс беруге қатысқан 335 депутаттың 317-сі — Н.Ҽ. Назарбаевқа дауыс берді, 18 депутат қарсы болды. Қазақстанда Президенттік институт Ресейге қарағанда бір жыл бҧрын енгізілді. Мемлекеттік егемендік туралы декларация 1990 жылы қазанда қоғамдағы жағдай барынша шиеленістірді. Халық депуттары арасынан парламент жҧмысын жандандыруға баламалы қозғаушы кҥш болу мақсатында «Демократиялық Қазақстан» депутаттық тобы қҧрылды. Марат Оспанов бастаған «Демократиялық Қазақстан» депутаттық тобына Б. Қадырбеков, Е. Ертісбаев. Ю. Сытых, М. Оспанов, П. Своик жҽне облыс орталықтарындағы жҧмысшылар комитеттерінің ҿкілдері мҥше болды. 1991 жылы олардың саны 54 депутатқа жетті. Олар «Азат», «Единство» қозғалыстарымен жҽне басқа да ресми, ресми емес топтармен байланыс орнатты. Бҧл кҥрделі кезеңде — «Демократиялық Қазақстан» депутаттық тобы барынша белсенді қызмет атқарды. Олардың билік қҧрылымын партиядан тазарту туралы ҧсыныстары Жоғарғы Кеңестің партиялық-шаруашылық активінде наразылық тудырды. Сондай-ақ, «Демократиялық Қазақстан» депутаттық тобы мҥшелері ҧсынған «Егемендік туралы декларацияның» баламалы жобасы республикалық жҽне одақтық баспасҿз беттерінде ерекше дҥмпу тудырды. Жоба авторлары 1990 жылдары барлық одақтас республикаларда қабылданған ҧлттық мемлекеттілік жҽне қҧқықтық мемлекет туралы тҧжырымдамалар қарама-қайшы болды дегенді алға тартты. «Демократиялық Қазақстанның» жетекшілері полиэтникалық қоғамда ҧлттық мемлекеттілік тҧжырымын жҥзеге асыру жағымсыз салдарға ҽкеледі деп санады. Ҧлттық республиканың орнына азаматтық қоғам қҧрылуы тиіс деген ҧстанымда болды. Қазақ зиялылары «егемендік алдымен тілге берілсін» деген ҧсыныс тастады. Филология ғылымдарының докторлары Бабаш Ҽбілқасымов, Сапарғали Омарбеков «Социалистік Қазақстан» газетінің 1990 жылғы 3 қазандағы санында Қазақ КСР-інің мемлекеттік Егемендігі туралы Декларациясының жобасы тіл туралы заңға қайшы келіп тҧрғанын айтып, дабыл кҿтерді. Тіл туралы заңда орыс тілі — Қазақстан жерінде ҧлтаралық қарым-қатынас тілі деп жарияланған болатын. Декларация жобасын жасаушылардың оны ресми тіл деп ҿзгертіп жібергені сынға алынды. Ғалымдар орыс тілін Қазақ КСР-інде ресми тіл деп жариялау — қазақ тілінің мемлекеттік статусын жоққа шығарумен пара-пар екенін, ҿзі кҿктеп, ҿркен жайған туған топырағында қазақ тілінің ресми тіл болуға да ҽбден қҧқығы бар екенін дҽлелдеді. Декларация жобасы қызу талқыланды. Декларацияның негізгі жобасы жҽне оған балама негізде ҧсынған «Демократиялык Қазақстан» тобының жобасы, депутаттардан, жалпы жҧртшылықтан тҥскен пікірлер мен ескертулерді Декларация жобасына енгізу жҿнінде арнайы комиссия қҧрылып, депутат Салық Зимановтың басшылығымен бір аптадан астам уақыт жҧмыс істеді. 1990 жылы 15 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екінші сессиясында «Егемендік туралы Декларацияның» жобасы жҿнінде талас пікірлер болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің тҿрағасы Е. Асанбаев тарапынан «Демократиялык Қазақстан» жобасы ҿте кеш ҧсынылды. Жоғарғы Кеңеске мҽлім етілмей, баспасҿзге жарияланды. Сондай-ақ, оның қҧрамындағы 30 депутат сессияға дейін белгісіз болып келді деген пікірлер айтылды. Декларацияның негізгі жобасына толықтырулар мен ҿзгерістер енгізу ҥшін қҧрылған комиссия мҥшесі депутат Сҧлтан Сартаев «Демократиялық Қазақстан» тобындағы депутаттардың «ҧлттык республика дегенді жойып, азаматтық қоғам қҧрайық» деген пікіріне қарсылық білдірді. Депутат С. Сартаев ҽлемдік тҽжірибеге сҥйене отырып: «Ҧлттық мемлекет азаматтық қоғамға, яғни қҧқықтық мемлекетке қайшы келмейді. Мҽселен. Англия — кҧқықтық мемлекет. Алайда ол ағылшындардың ҧлттық мемлекеті. Сондай-ақ, Франция, Испания, Жапония тағы да басқа кҿптеген ҧлттық негіздегі қҧқықтық мемлекеттерді мысалға келтіруге болады. Біз де осы мемлекеттердің ҥлгісінде ҿзіміздің егеменді, ҧлттық республикамызды дамытамыз, гҥлдендіреміз. Декларациядағы қазақ деген сҿзден қорқатын ештеңе де жоқ. Қазақ ҧлты, сонау ерте дҽуірден тілі, ділі калыптасқан, кіндік қаны тамған ҿз атамекені бар халык қой. Енді келіп оны мҥлде сызып тастау мҥмкін емес», — деген тҥсінік берді. Келешекте республика ҿмірінде аса маңызды рҿл атқаратын бҧл қҧжат жобасы қызу талқыланды. Парламент мҥшелері Декларацияның ҽрбір сҿйлеміне. сҿзіне жете мҽн беріп, айтылған ҧсыныстарды сол бойда дауысқа салып отырды. Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» 1990 жылы 25 қазан кҥні 18 сағат 55 минутта қабылдады. «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда» Қазақстан аумағынын біртҧтастығы мен оған жат кҿзкарас, қарсы ҽрекеттер болмайтындығы бекітілді. Декларацияда аса маңызды мҽселе — республиканың ҿз бюджетін қалыптастыратындығы айқындалды. Казақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация — еліміз Конституциясының негізіне айналған республиканың тҧңғыш заң актісі. Бҧл қҧжатта Қазақстан «халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болуға, сыртқы саясатты ҿз мҥдделеріне сай белгілеуге, халықаралық ҧйымдардын қызметіне қатысуға қҧқығы бар» егемен мемлекет деп жарияланды. Декларация алғаш рет табиғи ресурстардың, экономикалык жҽне ғылыми-техникалық ҽлеуетінің Қазақстан меншігінде болуының ерекше қҧқығын баянды етті. Егер егемендік қағидаттарына қайшы келетін болса, Қазақстан аумағында КСРО заңдарын тоқтату қҧқығын белгіледі. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігін жариялау — Қазақстан ҥшін ҿз дамуының жолын дербес анықтау мҥмкіндігін ашқан тҧңғыш акті болды.
2. 1991 жылы сҽуір-мамыр айларында (Новоогоровте) (президенттің резиденцияси) М.С. Горбачев тоғыз одақтас республикалардың басшыларымен келісім жҥргізді. Бҧл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мҽселе кҿтерілді. Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жҿніндегі шартты қолдады. Шарта Суверенді Мемлекеттердің Одағын қҧру кҿзделді. Сонымен қатар, ҿкімет органдарын жҽне басқару қҥрылымын, жана Конституцияны қабылдау, сайлау жҥйесін ҿзгерту белгіленді. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді. Жаңа одақтық шарттың жобасын жариялау жҽне талқылау қоғамда жікке бҿлінушілікті тереңдетті М.С. Горбачѐвті жақтаушылар бҧл қҧжатта қарама -қарсылықтың деңгейін тҿмендету жҽне елде азамат соғысының болуы қауіпінен қҧтқару мҥмкіндігін кҿрді. Бір топ ғалымдар бҧл шартқа қарсы шықты. Жаңа шартқа қарсыластар КСРО-да қалыптасқан халықшаруашылығының кешенін (комплекс) ыдыратып елде экономиқалық дағдарысты тереңдетеді, деп сескенді. Жана шартқа қол қоюға бірнеше кҥн қалғанда, аппозициялық кҥш реформалық саясатқа қарсы шығып, мемлекеттің (КСРО) ыдырауын тоқтатуға ҽрекет жасады. 1991 жылы 19 тамызда КСРО ҥкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачовтің денсаулығына байлынысты қызыметінен босатып, оның орнына вице – президент Г.И.Анаевтың тағайындалғаны туралы мҽлімдаме жасады. Мемлекетті басқару ҥшін 8 адамнан тҧратын КСРО-дағы тҿтенше жағдай жҿніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) қҧрылды. ТЖМК-ның басында КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, примъер-министр В.С. Павлов, КСРО қорғаныс министрі Д.Т. Язов жҽне оның замы О.Д.Бакланов, КСРО МХҚ-тің тҿрағасы В.А.Крючков, ішкі істері министрі Б.К. Пуго сияқты жоғарғы биліктегілер тҧрды. ТЖМК-ның мақсаты КСРО-дағы ауыр экономиқалық жҽне саяси жағдайды пайдаланып, билікті қолдарына алу. КСРО Жоғарғы Қеңесінің тҿрағасы А.Лукьяновтың қолы қойылған ТЖМК қолдау кҿрсетуге шақырған «Кеңес халқына ҥндеу» жарияланды. КСРО Президентінің міндетін атқарушы Г. Янаев еліміздегі тетенше жағдайдың 6-ай мерзімге созылатынын жҽне БҦҦ-на жҽне мемлекеттермен ҥкімет басшыларына тҥсінікпен қарау туралы мҽлімдеме жасады.ТЖМК-ның бірінші қаулысы бойынша барлық қоғамдықсаяси қозғалыстардың қызметіне тыйым салынды. Бҧл ҽрекет-мемлекеттік тҿнкіріс. Қырымда дем алып жатқан КСРО Президенті М.С. Горбачев бҧл оқиғадан бейхабар болды. ТЖМК-ның ҽрекетіне ҽлем жҧртшылығының кҿзқарасы ҽртурлі болды. Қырғызстан, Украина ҿз территорияларында жаңа ҥкіметтің жарлықтары жҥрмейтіндігін мҽлімдеді. Ҽскерлердің бір бҿлігі халық жағына шықты. АҚШ Президенті Д.Буш КСРО-ғы Конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы РКФСР Президенті Б.Н.Ельциннің ҽрекеттерін қолдады. Европа экономиқалық Кеңесінің ҿкілдері М.С. Горбачевтің қайтып оралуын талап етті, талап орындалмаған жағдайда КСРО-ға берілетін кҿмекті тоқтататындығын мэлімдеді. Ирак жҽне Қытай ҥкіметтері ТЖМК-ның қҧрылуын жақтады. Москвадағы тамыз тҿңкерісіне Қазақстан халқының кҿзқарасы ҽр тҥрлі болды. «Желтоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты кҿпшілік қоғамдық саяси ҥйымдар ТЖМК-ны (Тҿтенше жағдай жҿніндегі мемлекеттік Комитет) айыптады.
101. 1991 жылы 16 желтоқсан қабылданды.
Қазақстан Республикасы - тәуелсіз, демократиялық және хұқылық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленедi, өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргiзедi.
102.2007 жылы 4 маусымда қабылданды.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.
103.Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
халықтық егемендік
мемлекет тәуелсіздігі
билікті бөлісу принципі
қазақ тілін мемлекеттік деп тану
Президентті мемлекет басшысы деп тану
сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.
104.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Конституция құрылымы
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
105.Конституцияда бекітілген құқықтық нормалар 1998 жылы саяси жүйенің жаңғыртылуы жолындағы маңызды бір қадам болып есептелетін жаңа түзетулердің енгізілуіне мүмкіндік берді. 1998 жылы 7 қазанда бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының біріккен отырысында Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын оқыды.
Конституцияға өзгерістер енгізу 2007 жылы да жалғасты. Президенттің бұл шешімі 2007 жылы 16 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының біріккен отырысында оқылып, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.
I «Жалпы ережелер» бөлімінің 2-бабының бұрынғы редакциясында республика астанасы статусының заңмен анықталатыны жазылған еді. Баптың жаңа редакциясында конституциялық статусқа ие болған «Қазақстанның елордасы — Астана қаласы» деп жарияланды.
III «Президент» бөліміне-де елеулі өзгерістер енгізілді. Президент өкілеттігінің мерзімі бұрынғы редакциядағы жеті жылдың орнына бес жыл болып бекітілді. Бұл ереже іс жүзіндегі Президенттің жеті жылдық өкілеттік мерзімі аяқталған соң қолданылатын болады. Елбасы «біз бұл қадам арқылы демократиялық ұмтылыстарымыздың нық екендігіне ерекше көңіл бөліп, биліктің маңызды сайланатын субъектілерінің өкілеттік мерзімдерін теңестіргіміз келеді», деп атап өтті.
42-баптағы «бір адам қатарынан екі мәрте Республика Президенті болып сайлана алмайды» деген қағида сол күйінде қалдырылды. Бұл бап сондай-ақ «бұл шектеу Республиканың Тұңғыш Президенті үшін жүрмейді», деп толықтырылды.
106.
107.Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.
108. Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады.
2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.
109. 1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.
2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.
2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.
110. Кітапта Қазақстан үшін жаһанданудың әлемдік саяси жүйесі мен әлемдік трансұлттық экономика процесіне тартылу қаншалықты маңызды деген сұраққа жауап ізделінеді, яғни ұлттық, аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелері қарастырылады. Мұнда автор деректі материалдар негізінде ХХІ ғасырдың басындағы ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздікке төнетін барлық қауіп-қатерлерге жан-жақты баға береді.
111. Бұл кітап өз көзімізбен көргенімізді, өз басымыздан кешкенімізді, жүздес-сұхбаттас болған тұлғалардың мінездемелерін қамтығанымен, мемуар жанрына жатпайды. Егер бізге салса, бұл шығарманың жанрын «болашақ жайлы естелік» деп санаған орынды сияқты. Әрине, бір-біріне көпе-көрінеу кереғар ұғымдардан тұратын бұл сөз тізбегіне біз атымен басқаша мағына беріп отырмыз. Адамдар, әдетте, өткеннің мәніне ертеңнің тұрғысынан үңіліп түсінеді. Біз оқырмандарымыздың мәселенің байыбына басқаша тұрғыдан зер салғанын қалар едік. Өйткені сөз болатын гәптер белгілі бір нақты кезеңде, сол кезеңнің ағымдағы саясатының арнасында, белгілі бір ретпен жүзеге асқандығы даусыз. Бұл кітаптың мақсаты – расында да, болмыстарынан бедерлі жаратылған саяси ықпалдастарымыздың бейнелерін жарқыратып сомдап шығу емес. Біздің көздегеніміз – кешегі кеңестік үрдіс құлағаннан бергі кезеңде кездескен саяси мәселелердің күрделі табиғатына оқырмандарымызды өз көзімен үңілдіріп, өз тұжырымын жасауына көмектесу.
112. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықгық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді.
Нарықтақ экономиканың Бірінші кезені шағын жекешелендіруден басталдық Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың катарында ұжымдық меншікке берілгендердің саны 470-тен астам болды.
Екінші кезең «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ,Ұлттық бағдарламасы» негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын жэне орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме сауда буынын қоса алғанда бүрынғы кеңеетік сауда жүйесін өзгерту басталды, Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды.
Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар «Жекешелендіру туралы» Жарлықтан басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатында жүзеге асырылды.
Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықты экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді.
113. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. «Жапондық», «Немістік» тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған «есеңгіретіп емдеу» деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді.Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда кажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы калыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты (инфляция).Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай калды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмады. Бесіншіден, Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын катаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапкерсіздік қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, экономиканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дұрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.
http://bigox.kz/kazakstan-respublikasyndagy-naryktyk-katynastardyn-damuynyn-negizgi-kezenderi-zhane-ony-kalyptastyudagy-kiynshylyktar-men-kajshylyktar/
114. Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық құжатқа мүқтаж бо- латын. Олар “Қазақстан — 2030” ел дамуының Стратегиясын- да түжырымдалды. 1997 жылдың қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына “Қазақстан — 2030” деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе “Қазақстан барысын” қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді. Онда елдің ішкі бекем түстарын және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген. Олар: 1) ұлттық қауіпсіздікті сақтау; 2) ішкі саяси түрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту; 3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу; 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру; 5) энергетика ресурстарын жете пайдалану; 6) инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту; 7) демократиялық кәсіби мемлекетті құру. Тек осы аса маңызды шараларды іске асырғанда ғана Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы мүмкін екендігіне сенім білдірілді.
115. Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 ж. 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.
Қарашаның 13-і барлық газеттер жаңа валютаның суреттерін берді. Ақша купюрасы теңге мен қағаз тиындар, ауыстыру тәртібі туралы республикалық, облыстық баспасөз хабарлап жатты. Ал қарашаның 15-інен 20-сына дейінгі уақыт сомды теңгеге ауыстыру үшін берілді. Тура алты күнде халық қолдағы ақшасын тәуелсіз елдің валютасына айырбастауы керек еді. Халық бес жүз сомы бір теңге алып жатты. Қағаз ақшасын қапшықтап жинаған ағайын енді теңгенің кезегіне тұрды. Бұл күндер әр тұрғынның есінде. Қобыраған “шөп ақшаны” жинап, сақтағанды шығарып, қолға жаңа купюраны көргендер төл теңгені бірнеше күн қызықтаған. Ағартушы Әл-Фараби, күйші Сүйінбай, ғалым Шоқан Уәлиханов, ақын Абай, Әбілқайыр хан бейнеленген теңге халықтың арасына ене берді. Ұлттық банктің облыстық басқармасы, екінші деңгейлі он екі банктің филиалдары, есеп айырысу кассалары тәулігіне 19 сағатқа дейін тұрғындар қаржысын ауыстырып жатты. Ескі ақша түні бойы есептеліп, сұрыпталып, жөнелтуге даярланды. Жұмыстың ең ауыры облыс орталығындағы есеп-касса орталықтарына түсті. Бұл ұжым алты күннің ішінде 8 миллиард рубль ескі ақша қабылдапты. Осы күндері ақша тапсыруға 362 мың тұрғын келген. Тұрғындар 19,6 миллиард ескі рубль жинаған. 770 қапқа салынған 20 тонна рубль отқа жағылған. 1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Ал осы жылы қарашаның 22-сінде зейнетақы мен еңбекақы теңгемен беріле бастады. Елімізде валюта айырбастау пункттері ашылып жатты. Кейін Алматы қаласында Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы, Өскеменде Монета сарайы ашылды. Уақыт талабына сай теңгенің дизайны өзгерді. Бүгінде купюраларымыздың қорғаныштық қасиеті дамыған елдер валютасымен бәсекелесе алады. Республикада ақша айналысындағы монетамен қатар мерейтойлық және ескерткіш монеталар да қолданылады . Мерейтойлық және ескерткіш монеталар оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдени — ағарту мақсатында шығарылған . Әдеттегідей , олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.
116. Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп түрған нарықтық экономика бар. Нарықтық экономикаға көшу бастапқыда өнеркәсіптің дамуына жол ашпады. Халық шаруашылығының бұл саласын дамытуда көптеген қиыншылықтар кездесті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өнеркәсіп салалары, әсіресе, ауыр индустрия, халыққа аса қажет жеңіл өнеркәсіп орындары біртіндеп тоқтай бастады. Кәсіпорындардың көпшілігі қажетті материалдық ресурстардың жоқтығынан немесе қаржының жетіспеуінен өз қуаттарын толық пайдалана алмады. Күрделі құрылыстың қысқаруы экономикаға кері әсер етті. Экономиканың тұрақтануына қаржы-ақша жүйесінің терең дағдарысы кесірін тигізді. Өнеркәсіп орындарының жарты- сы 1992 жылы 1991 жылғы деңгеймен салыстырғанда өндірістің құлдырауына жол берді. Халық тұтынатын тауарлар күрт азайып кетті. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемінің бес- тен бір бөлігін ғана құрады, сөйтіп 1991 жылмен салыстырғанда 21,5%-ке кеміді. Республика бойынша мұнай мен көмір өндіру қысқарды. Металлургия өнеркәсібінде күрделі жағдай қалыптасты: шойын, болат, прокат құю азайды. Түсті металлдар өндірісі қыс- қарды. Құрылыс және ауыл шаруашылығы техникаларын шығару едәуір кеміді.
117. Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
1) ұлттық қауіпсіздікті сақтау;
2) ішкі саяси түрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту;
3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу;
4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру;
5) энергетика ресурстарын жете пайдалану;
6) инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту;
7) демократиялық кәсіби мемлекетті құру.
118. 1991 жылы ҚР президентінің жарлығымен Семей полигоны жабылып, Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет болды.
Еліміздің басшысының: «Қазақстан Республикасының ең алғашқы мемлекеттік шешімі Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы жарлық болды. Ұзақ мерзімнен зардапқа ұшыраған осы аймақтың тұрғындары мен табиғи ортасына ядролық сынақтардың зардаптарын айқындау мен келген зиянның шығындарын қайтару жолындағы алдымызда қиын да ыждағатты жұмыс тұр. Осындай қадамға бара отыра жас республика және оның президенті ретіндегі мен ядролық астам державалардың бұл бағыттағы істеріне және ядролық қаруды кез келген жағдайдағы сынауды тоқтату, жер планетасындағы осындай барлық сынақ алаңдарын жабу жолындағы нақты қадам жасауларына үміттенеміз» [3] деген мәлімдемесі бүкіл әлем алдына Қазақстанның өз территориясындағы ядролық қаруға деген бір жақты шешімін жүзеге асыра бастағандығына айғақ болды.
119. Елбасының Қазақстан халқына 2005 жылғы Жолдауында Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен жерінде тұр, біздің міндет-осынау бірегей жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесі үшін табиғатты ұтымды пайдалану деген еді. Еліміздің алдына Президент қойған осы міндеттің Қазақстандағы экологияның жағдайына тікелей қатысы бар. XX ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Материалдық өндірістер көбейді, барған сайын шикізатқа сұраныстың өсуінің нәтижесінде жерасты мен үсті қазба байлықтары жеделдетіп игерілді. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер, экожүйенің өзгеруі, дауылдар, су тасқындары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстармен тепе-тең жағдайға жетті, тіпті олардан асып түсті десе де болады. Олар табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл күшейтіп, биосферадағы табиғи жағдайдағы энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті жағдайға айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша экологиялық сипат алды.
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды.
Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.
120. 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.
121. Жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) — (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру банктері, Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай.
122. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді. Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж. 6-шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан әрі жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ал 2002 ж. желтоқсанда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында екі ел арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса айтылды. Сондай-ақ, аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақты деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭқ, ШЫҰ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақтағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді. 2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларға жетті, мұның өзі 2003 жылғы сондай көрсеткіштен 40% дерлік көп (Егемен Қазақстан, 12.01.2005). 2005 жылдың басында Қазақстанда тұтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ долларынан асатын, Ресеймен бірлескен 1100 кәсіпорын болды. Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет - Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуы өте жоғары қарқын ала бастады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғашқы сапарынан бастап, барлық байланыс жолдарын ашудың сәті түсті. Екі елдің арасында сауда соңғы жылдары ондаған есе өсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан және Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырына шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5 млрд. доллар жұмсалатыны жөніндегі шартқа қол қойылды. Мұның өзі саяси-экономикалық байланысты нығайтуға, шекара маңында тыныштық пен бейбіт өмірді сақтауға кепілдік берді. 1998-1999 жж. белсенді дипломатиялық әрекеттер арқылы Қытай мен Қазақстан арасында тағы да жаңа маңызды уағдаластықтарға қол жетті. Ең алдымен шекараны нақтылау негізінен аяқталды. Қытаймен арадағы шекараны айқындап белгілеу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қосымша кепілдіктер берілгенін білдірді. Қазақстан Президентінің Қытай мемлекетіне 2002 ж. желтоқсан айында жасаған сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындады. Екі мемлекет басшыларының кездесуі барысында 5 құжатқа қол қойылды. Оның ең маңыздысы “Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт” болып табылады. Сондай-ақ, бұдан басқа екі ел деңгейінде халықаралық ланкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күресте ынтымақтастық жөнінде, екі мемлекет арасындағы қауіпті әскери әрекетті болдырмау туралы және т.б. құжаттарға қол қойылды. Екі арадағы сауда-экономикалық байланыстар жылдан-жылға артып, 2004 жылы оның көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асты. Жалпы соңғы жылдары ҚХР басшыларымен өзара кездесу, келіссөздер жүргізу біздің елдің сыртқы саясатындағы тұрақты құбылысқа айналды. Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мемлекет арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. 1991 ж. желтоқсанында Мемлекеттік хатшы Дж. Бейкер Алматыға келіп, Н.Ә.Назарбаев және басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992 ж. көкек айында Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ Конгресі комиссиясының делегациясы келді. Сол жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы сапармен барды. Осы сапардың барысында: “Сауда қатынастары жөніндегі келісім”, “Қаржы салымдарын өзара қорғау жөніндегі шарт”, “Қазақстан Республикасы және АҚШ үкіметтері арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум”, “Қос қабат салық салуды болдырмау жөніндегі конвенция келісімі туралы бірлескен мәлімдемелерге” қол қойылды. Сөйтіп, екі жақты қарым-қатынастардың шарттық-құқылық негіздері қаланды.
123. Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатынасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олардың әрқайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы аймақтар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД – ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 –жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айта аламыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты – 54,6 %, оның ішінде үлкен 7 – ке – 43,0% кіреді, АҚШ – 20,9%, 12 – мемлекет кіреді Евроодақ – 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 – мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД – ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 – 1998 жылығы Азия – Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.
Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде.
Қазақстандағы тауар экспортының өсуі әлемдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда жоғары.
ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі.
124. Тауарлардың негізгі топтары бойынша көлем деңгейі өсті, олар: мәшине, құрал, транспорт, құбырлар және аппараттар. Металл өнеркәсібі, минералды өнім, химиялық өнеркәсіп өнімі бойынша импорттың түсу деңгейі байқалуда. Импорт өнімін негізгі жеткізушілері: Ресей, Германия, Қытай, Украина, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Корея, Өзбекстан, Нидерланд болып табылады. ТМД мемлекеттері Қазақстандық нарықта өнімді импорттаушы болып табылады. Еуропа мемлекетіндегі импорттың жалпы 28,9 % түсуінен 50 % әртүрлі мəшине түрлерін әкелуден, Германия және Италиядан әкелінетін бөлшек құралдардан, жеңіл автокөліктер, Италия жиһазынан өсті. Азия импортының өсуіне Жапония көлігі, Үндістан шайы, Қытай және Жапония құбыры, Қытай және Түркияның аллюминий заттары әсерін тигізді. 2003 жылмен салыстырғанда АҚШ – тің импорты 30 % өсті. Тауардың негізгі бөлігі АҚШ-тан түседі.
Қазақстан өнімінің басты сатып алушылар Швейцария (18,7 %), Италия (15,5%), Ресей (14,1%), Қытай (9,8%), Франция (7,3 %), Виргин аралдары (3,8%), Иран (3,5%), Нидерланд (2,3%), Израиль және Португалия (1,6%), Əзербайжан, Испания, АҚШ және Украина (1,4%) тен алады. ТМД мемлекеттері үшін экспорттың жалпы көлемі 20,4 % құрайды. 2003 жылмен салыстырғанда ТМД мемлекеттеріндегі экспорт 38% өсіп, 4097, $ 2 млн. құрады. Осы аралықта Қазақстандық өнім, түгел ТМД мемлекеттерінде өсті. Әлемдегі басқа мемлекеттердің жалпы экспорт көлемі 79,6 % үлесін құрады. Қазақстан экспортының көлемін Еуропа мемлекеттері құрайды, олардың салыстырмалы салмағы 54,6 % құрайды, оның 34,8 % Еуропа Одағына әкеледі. Еуропа мемлекеттерінің арасында Қазақстан экспортының негізгі тұтынушылары Швейцария, Италия, Франция, Нидерланд, Португалия, Ұлыбритания және Германия болып табылады.
125. Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. Қарашаның 29—30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.
126. ҚР заманауй мәдени үдерістер
127 Тәуелсіздіктің рухани негізі. Қазіргі заманңы Қазақстан мәдениеті.
Қазіргі Қазақстандағы мемлекет және мәдени процестердің жаңа форматы Қазақстандағы қазіргі мәдени процестер көпқырлы және әр алуан. Оның астында қазіргі таңда дамып жатқан өнердің түрлері мен жанрын қоса алғанда, өзгерістердің, инновациялардың, білім берудің, ғылымның және мәдениеттің әртүрлі салалары мен аясын қамтитын түбегейлі қайта құрылудың кең көлемдегі спектрін түсінуге болады. Тарихи жағдайларды кешендендіру себебінде Қазақстан саяси этникалық қоғамы бар мемлекет болып табылады. Сондықтан бұл жердегі мәдени процесс өзіне ұлттық өзара іс-қимыл жасасумен және өзара ықпал етумен байланысты құбылыстарды таңдайды. Қазақстанда, оның аумағында орын алып жатқан алуан түрлі саяси, тарихи, қоғамдық-экономикалық өзгерістердің арқасында адамзаттың рухани мұрасындағы ең жақсыларын сіңіріп алуға мүмкіндігі бар берекелі тетік әзірленді. Қазақстанда 1980 жылдың екінші жартысынан бастап қалыптасқан мәдени процестер бір жағынан алып қарағанда тоталитарлық жүйедегі кеңестік дағдарыста, партияларда, әлеуметтік реализмде көрінді. Елдің мәдени дамуы қиындықтар мен коллизияларда жаңа тәуелсіз мемлекеттің құрылуымен сипатталады. 1986 жылғы декабрь оқиғасынан кейін Қазақстанда мәдени мәселелерді шешуге қазақ халқын «ұлтшыл» деп жазалау да өз таңбасын қалдырды. Екінші жағынан 1980 жылдың аяғындағы 1990 жылдың басындағы мәдени мәселелерде әртүрлі меншік нысанын, әр алуандылықты, қоғамдық-саяси жаңаруды және алуан түрлі пікірлерді бекітетін алғашқы қадамды көруге болады. Егеменді Қазақстанда мәдениеттің қалыптасу процесі көптеген қиындықтарды және қарама-қайшылықтарды бастан кешірді және бастан кешіруде. Жоспарлы экономикаға ауысу жолының басында өндіріс көлемінің құлауымен ілесе жүрген нарықтық қарым-қатынас рельсінде «мәдениетті, халықтық білім беруді және ғылымды материалды-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету маңызды шыңындарды алып келді. Ізгілендіру зиялылары және өндірістік емес саладағы мамандар әлеуметтік қорғаусыз қалды, ол Қазақстанда 1992 жылы оқытушылар мен дәрігерлердің ереуілге шығуына себеп болды. Сол кезде мәдениетті коммерцияға айналдыру үрдісі де байқалды. Қоғамды демократиялауды сылтау етіп рухани салаға төмен сынамалы изолар – порнографияны, күштеуді, қаталдылықты насихаттайтын кино өнімдері енді». Посткеңестік кеңістіктегі мемлекет айтарлықтай қысқа тарихи мерзім ішінде рухани және мәдени даму саласындағы проблемалардың кешеніне тап болды. Олардың ішінде: бұрын болған бірыңғай мәдени кеңістіктің өткенге кетуі және ұлттық идентификациялаудың жаңа парадигмінің өмірге келу; коллективтендіру көзқарастарының құнсыздануы және оның құлаған орнында өзінің идеясы және дүниетаным бағытыны бойынша әртүрлі құндылықтардың қалыптасуы болды. Соңғысы түпкілікті есепте бірқатар дәстүрлі бірлестікті және мемлекеттің қалыптасуын айқындады. Демократизация процесіндегі эволюция қоғамдық құрылымның әр алуандылығын және шынайы континентін тікелей анықтады. Сол кезде плюрализм және мультимәдениет идеялының бірқатар көрсеткіштері өзін ақтамады және кері процестер туғызды. Бұл жағдайда Қазақстанның қайта дамуы үшін ұлтты, қоғамдық тұрақтылықты, ұлттың бірлігін және қоғамдық келісімді сақтаудың кілті қазақтардың және басқа да этностардың бай тарихи және мәдени мұрасын нысанаға алу болды. Ғаламдандырудың өсу қарқыны этникалық ерекшелікті және қайталамаушылықты сақтаудың әмбебап үлгісін әзірлеу міндеттеріне белсенді жағдай жасады. Мәдени мұраға жүгіну ұлттық мәдениетті дамытуда этнодифференцияциялау функцияларын анықтау міндеті келген кезде ерекше өзектілікке ие болады. Біздің жүз жылдығымыздағы психология ауқымды идеяларда, үлгілерде немесе идея жүйелерінде және санасыздық сферасынан адамдардың ойлау қабілеті шығатын үлгілерде анықтау қиындыққа соқтыратын архетиптер туралы бірнеше рет ойлады. Ұлттық ертегі, мифология, ертедегі заңдар, сәулет, әдебиет, тарих, мәдениет, әуен және т.б. әрбір адамның сана-сезімінде тарих пен мәдениеттік өзіндік бағасын, сондай-ақ «Біз» және «Өзгелер» деп бөлуді тудыруға мүмкіндік туғызатын, құпия құбылыс арқылы бейнені қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Мұндай архетипсіз ұлттық ой, әлемнің ұлттық бейнесі, ұлттық рухани және материалдық мұра туралы айту тіптен мүмкін емес. Қазіргі таңда Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың тепе-тең субъектісі ретінде өркениетті қалыптасуы, оған республика берген, халықтың мәдени байлығындағы орны мен рөлін терең ойлауды талап етеді. ЮНЕСКО қабылдаған «Бүкіләлемдік мәдениет және табиғи мұра туралы конвенцияға», сондай-ақ «Мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы ұсынымға» сәйкес, осы саладағы нормативтік жүйелердің реттелуін сақтауға және айрықша құзыретке жауап беру мемлекеттік құрылымның арқасына жүктелген. Алайда, кең жұртшылықты тарта отырып, жалпы ұлттық деңгейде куәландыруды жүргізу және тілді, материалдық, интеллектуалдық және рухани жетістіктерді сақтау мен дамыту тұрғысында тарихи-мәдени мұраларды анықтау қажеттілігі туды, оның негізінде қазақ халқының қазіргі заманғы этникалық бейнесі қалыптасады. Барша адамзаттың ізгілік құндылықтары контекстінде қазақстандық қоғамның тарихи-мәдени мұрасына салыстырма талдау жасау тек қана имманентті әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымды байытуға ғана емес, сондай-ақ Қазақстанды қазіргі әлемде бірегей тарихы мен мәдениеті бар ел ретінде көрсетуге мүмкіндік туғызады. XXI ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық қарқында қол жеткізген жетістіктері мәдени процестерді дамытуға болмай қалмайтын оң ықпал көрсетті. Қазіргі Қазақстандағы мемлекеттің және мәдениеттің жемісті диалогы ретінде «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын есептеуге болады. Осы Бағдарлама міндеттері елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру; көркем және ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту; әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің негiзiнде гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру; eлдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын қалпына келтiру мен қазiргi заманғы аудиотаспаларға көшiру болып табылады. Осы Бағдарламаны әзiрлеу мәдени мұра саласында қалыптасқан ахуалға неғұрлым белсендi де сындарлы ықпал ету қажеттiгiнен туындады. ХХ ғасырдың 80 жылдарының екінші жартысынан бастап философия, тарих, құқықтану және т.б. салалардағы әлемдік ғылыми ойдың негізін қалайтын еңбектерді, сондай-ақ қазақ тіліндегі аудиторияларға арналған көркем әдебиеттерді шығару тоқтап қалды. Осыған байланысты, өскелең ұрпақты қазақстандық отаншылдық рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдақтарды жабу, сондай-ақ қазақ халқының сан ғасырлық рухани тәжiрибесiн қорыту мақсатында мемлекеттік тiлде тарихи, көркем, ғылыми толық дестелердi шығарудың мәселелерi ерекше өзектi болып отыр. Жоғарыда аталған проблемаларды осы Бағдарламаның шеңберінде кешенді шешу Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және жария ету жүйесін одан әрі дамытуға мүмкін туғызады. «Мәдени мұра» - «Культурное наследие» Мемлекеттік бағдарламасы қысқа тарихи уақыт ішінде жалпы адамзаттың тарихи-мәдени және өркениетті процестерінің толыққанды құрамы ретінде, Қазақстанның аумағында мемлекеттіліктің ұрпағын және дәстүрін, уақыт байланысын, рухани мирасқорлықты кейіптейтін біздің елдің классикалық бренді ретінде сақталып қалды. Жалпы тарихи жоспарда – ол өзінің ауқымы мен нәтижесі бойынша барлық посткеңестік кеңістікте ұқсастығы жоқ, қазіргі заманның бірегей жоспары болып табылады. Елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырудың алдыңғы кезеңі бұрынғы дәуірлердегі аға ұрпақтың материалдық және интеллектуалдық құндылықтарын сақтау мен оны одан әрі дамытуға мемлекеттің үлкен қамқорлығының қажеттілігін көрсетті. 128 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстанның мәдени мұрасы[өңдеу]
Еліміздің мәдени мұрасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.
Мемлекеттік рухани бағдарлама[өңдеу]
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани және білім беруді дамыту салаларындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып табылады.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың инициативасы бойынша әзірленді.Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады. Бағдарламаны әзірлеу мәдени құндылықтарымызды тиімді пайдалану және сақтау жөніндегі жұмыстарды жоспарлы қаржыландыру жолында мәдени мұра саласындағы қордаланған жағдайларға барынша белсенді, сындарлы түрде кірісу қажеттігімен негізделген.
Бағдарламаның мақсаты[өңдеу]
Облыс кітапханаларында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында түрлі мәдени іс-шаралар атқару арқылы насихаттау: - «Мәдени мұра» қорын қалыптастыру; - Мәдени – әдеби мұраларды сақтау және оны насихаттау; - Сирек кездесетін және құнды әдебиеттерді насихаттау; - Заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін дамыту; - Тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері туралы әдебиеттерді насихаттау; - Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасын оқып-үйрену; - Жастарды мәдени құндылықтарды білуге және оны дамытуға баулу;
Қазақстанның «Мәдени мұра» бағдарламасының ерекшеліктері[өңдеу]
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.
Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратигиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.
«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.
Бағдарлама төрт бағыт бойынша жұмыс істейді: - ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; - археологиялық зерттеулер; - қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар; - ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.
Зерттеу жұмыстары[өңдеу]
2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған.
Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.).
Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 объектов) және жергілікті (11 277 объектов) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды.
Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды.
Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш рет «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ тіліндегі толымды гуманитарлы білім беру қоры құру басталды. 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды, олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты қайталанбас сериялар кездеседі.
Орта ғасырлардағы әуендерді терең зерттеулер жүргізілді, оның ішінде күйлер, терихи өлеңдер.Қазақтың дәстүрлі әндерінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» антологиясы шығарылды. Бұл масштабы мен қайталанбастығы бойынша ұлттық мәдениетт тарихындағы қазақ халық әндерінің түпнұсқалық орындауларын жинау, даярлау, өңдеу, реставрациялау, цифрлундіру мен CD-дискілерді шығару бойынша орасан зор еңбек.
Сәтті аяқталған шетелдік жобалар – Дамаскідегі Сұлтан Аз-Захир Бейбарс кесенесінің, Каирдегі Сұлтан Бейбарс мешітінің, реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық және кесенесін салу.
Ұнытылмас мұрағат[өңдеу]
“Қазақтың байырғы мәдениетіне қатысты сирек кездесетін деректерге талдау”, “Ғ. Мүсірепов және архив” атты еңбектер дайындалып, баспадан шығарылды. Профессор Ж.М. Төлеубаева Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы Шығыстану институтының қолжазба қоры бөлімінде болып, Қазақстан мен Орталық Азияның саяси тарихы мен мәдениетінен мол мәлімет беретін түркі, араб, парсы және қытай тілдеріндегі қолжазбаларды анықтап, аудармасына жан-жақты талдау жасады. Нәтижесінде «Материалы по истории Казахстана и Центральной Азии» зерттеу монографиясының бірінші шығарылымы дайындалды. «Академик Б.А. Ахмедов. Избранные труды» жинағына өңдеу жұмысы жүргізілу үстінде. «Хрестоматия по истории межгосударственных отношений и дипломатии в Центральной Азии в XIII-XV века» атты жинағы баспадан шығарылды. Ұлттық орталықта «Қазақстанның тарихи мұрағаты» - «Исторический архив Казахстана» альманахы сериясын шығару қолға алынды. Алманах «Дайк-Пресс» баспасына берілді. Оның ІІ және ІІІ шығарылымын жоспарлап, онда Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатынан, Өзбекстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатынан, Омбы, Орынбор облыстарының мемлекеттік мұрағаттарынан, сондай-ақ Ресей мұрағаттарынан Қазақстан тарихына қатысты алынған құжаттар енгізілді. Осыған сәйкес альманахқа біраз өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Альманахқа жаңа ұсыныс бойынша Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Тарих институтының қызметкерлерінің қатысуымен Н.Г. Малицкийдің «Казахи» атты бұрын жарияланбаған этнографиялық очеркі енгізілді. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жауапты редактормен бірінші шығарылымды төңкеріске дейінгі Жетісу облысындағы археология туралы материалдармен толықтыру шешілді.
Өнер саласы[өңдеу]
«Казахфильм» АҚ киностудиясы ұлттық мәдениеттің маңызды тарихи орындары мен мұралары туралы 20 деректі фильм түсірген. Бұл «Мәдени мұра» «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі Түркістан сәулет ескерткіштері», «Жүсіп Ата кесенесі», «Тамғалы петроглифтері» және басқалар циклындағы деректі фильмдер.
«Мәдени мұра» бағдарламасында саяхаттық кластерді дамытатын бағыттағы шаралар іске асырылады. Туристік маршруттарды құрғанда археологтардың кеңестері қолданылады.
Жыл сайын елімізде және шет елдерде тарихи-мәдени мұрамызды дәріптеу бағытында шамамен 200 шара ұйымдастырылады.
Жобаның масштабтылығын мұндағы қазіргі Қазақстанның бүкіл интелектуалды потенциалы қатысқаны көрсетеді: әдебиет пен өнет, философия, тарих пен этнография, тіл білу және т.б. академиялық институттар, Ұлттық кітапхана, еліміздің жоғарғы оқу орындары.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында кітаптар басып шығару[өңдеу]
2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамасымен негізгі приоритеті тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру болып табылатын «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама жасалып, қабылданды.
Бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды. Олардың арасында: «Бабалар сөзі», құрамына Еуропа, Америка, Австралия, Африка, Азия мемлекеттерінің әдеби шығармашылығы кіретін «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы», «Әлемдік мәдениеттанушылық ойлар», «Экономикалық классика», «Әлемдік философиялық мұра» сериялары кездеседі.
Қазақ халқының философиялық мұрасының байлығын көрсететін барлық шығармалар мысалдарын біріктіру алғашқы әрекеті «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы» болған. Қорқыт-атаның айтқан сөздерінен бастап Абай мен Шәкәрімнің көзқарастарымен жалғасатын Ұлы дала ұлдарының философиялық көзқарастары әлемдік гуманистикалық рухани мәдениеттің алтын қазынасы болып саналады.
Бұл басылымдардың әрқайсысы – ғалымдар, жазушылар, аудармашылар, архивистер, кітапханашылардың бірлескен еңбек нәтижесі.
Асыл мұра[өңдеу]
Қазақ халқының дәстүрлі әуені – рухани мұраның ең бай қазынасы. Ғасырлар бойғы сынақтан өтіп, халық дарындылығы мен даналығын көрсете білген, үшінші мыңжылдықта ол ерекше тарихи маңызға, көркемдік те, мәдени де бағылылыққа ие болды.
Қазақ даласы ғасырлар бойы шабытты поэзиямен, орынды шешендікпен, жалынды күйлер және шын жүректен шыққан әндермен өмір сүрген. Әуенмен қазақтың бүкіл өмірі байланысты – ол тойларда, салт-дәстүрлер мен ырымда, күнделікті еңбекте және басқа жерлерде айтылады. Қазақ халқы таңқаларлық музыкалық дарындылығымен ерекшеленеді, әр отбасында дерлік жақсы ән айтатын немесе халық аспаптарында дарынды ойнайтын ең болмағанда бір адам табылады. Халық арасында былай дейді: «Құдай әрбір қазақты жаратқанда жүрегіне күйдің бір бөлігін сіңірген».
Ғасырлар бойы музыкалық мәдениеттің сақтаушысы да, оны көтере білген де халықтың өзі. Ұқыпты сақтап және жақсы дамыта келе ол ұрпайқтан ұрпаққа жеткізіп отырған.
Көптеген 18-19 ғасырларда қазақтардың өмірі мен тіршілігін зерттеген ғалым-фольклористер, өздері басқа ұлт пен мәдениет өкілдері болса да, қазақ халқының ерекше ақындық, прозалық және музыкалық таланттарына, халықтың шығармашылыққа, қарқынды музкалық-ақындық импровизацияға қабілеттілігіне, халықтың музыкалық өнерге молынан қатысуына таң қалғанын қоймаған.
Қазақ халқының дарындылығы туралы Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша «Қазақ даласының Геродоты» А.И.Левшин былай деп тура айтқан: «Қазақтер адамның сазгер немесе ақын болып туылатынының бір дәлелі болып табылады». А.Эйгхорнның қазақтар музыкасы туралы өз еңбегінде жазғаны: «Қазақтың әндері көкке көтеріліп бара жатқан бүркіттей өктем де, ерікті. Олар кішкентай баладан қария шалдарға шейін, бойжеткен қыздардан үлкен апаларға шейін барлығы айтатын мызғымайтын халық игілігі». Қазақ халқының ән дәстүрлеріне таң болған танымал орыс ғалымы Г.Потаниннің жазғаны: «Мен үшін бүкіл қазақ даласы әндетіп тұрғандай».
Талантты жыраулар, ақындар, өлеңшілер, күйшілер, әншілер өнер тудыра отырып адамдарды «тамаша құпия» – музыкаға ортақтастырды. Ұлы далада намысшыл және рухани азат олар өз халқында патшалармен, әйгілі мемлекеттік қайраткерлермен және ірі қолбасшылармен бірдей құрметті болды.
Қазақ халқы өз тарихында бай музыкалық мәдениеттің өте бағалы негізін қалады. Қазақтардың ежелгі тұқымдары – көптеген номадтар өркениетінің тайпалары – бай аспаптық, аспаптық музыка, қазіргі заманғы дәуірге лайық жалғасын тапқан өзіндік музыкалды-ақындық салттар құрды.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама аясында «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» («Вечные напевы: 1000 кюев, 1000 песен») қазақтың дәстүрлі әуендерінің Антология жобасы құрылды. Бұл өлшемі бойынша ұлттық тарихтағы түпнұсқалық орындаудағы әндерді жинау, дайындау, өңдеу, реставрациялау, цифрлік ету және оларды CD-дискілерге шығару боайынша теңдессіз еңбек. Қазақтың дәстүрлі музыкасының антологиясы - бүгінгі күнгі қазақ дәстүрлі музыкалық шығармаларының цифрлік тасымалдауыштағы жалғыз толық жинағы. Жазбалардың көбісі қалың елге қолжетімсіз болатын, архив жұмысшыларынан басқа. Енді кез-келген қалаушы орындаудың классикалық мысалдарын тыңдай алады.
Рухани байлық[өңдеу]
«Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстан тарихындағы теңдессіз гуманитарлы акция бола тұрып, қазақ халқының ұлттық рухани байлығын әлемге паш етті.
129 Тіуелсіз Қазақстанның даму стратегиясы: басымдықтары мен нәтижесі.
