Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих сессия 1-150.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308.76 Кб
Скачать

74. Тарих ғылымындағы Ұлы Отан Соғысының даулы мәселелері

Осыған орай  айта кетер өкінішті жайт, кейбір тарихшылар екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбымен арнайы және терең айналыспағандықтан, кейбір сенім тудырмайтын әдеби шығармаларға сүйеніп қана, Ұлы Отан соғысының сипаты мен мақсаты жөнінде алып-қашпа пікірлер айтып жүр. Мақала көлемі мүмкіндік бермегендіктен, тек Ұлы Отан соғысының кері пікір тудыратын бір-екі мәселесіне ғана тоқталайық. Осыған байланысты біз Астанадағы Мемлекет тарихы институты даярлап, «Өнер» баспасында 2010 ж. шығарылған (640 б.) «Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында» деген «тарихи-құжаттық зерттеудің» 13 беттік алғы сөзіндегі кейбір пікірлердің сын көтермейтіні, өйткені дәлелсіз екені туралы өз ұстанымдарымызды айтпақшымыз. Алғы сөзінде профессор Б.Ғ. Аяған “өзінің ойынша”(осы «зерттеудің» редакторы да, алғы сөз авторы да, құрастырушыларының бірі де, яғни, орыс мақалы бойынша: «и кузнец, и жнец, и на дуде игрец» – қазақша: «Ұста да өзі, орақшы да өзі, сырнайшы да өзі» рольдерін бірақ атқарыпты): «Біз жүргізген зерттеулер Кеңестік кезеңнің идеологемасымен қайшы келетін қорытындылар жасауға мүмкіндік берді», – [8] деп, өзі ашқан ғылыми «жаңалықтарын» тізбектепті. Бірақ әлгі бас авторымыз қандай «соңғы документалдық деректерді» тапқанын, қандай «жаңалықтар ашқан» «зерттеулер» жүргізгенін атын атап, түсін түстеп көрсетпейді. Есесіне құрметті профессор, ең алдымен, «екі жақ та, яғни Германия да, Кеңес Одағы да соғысқа белсенді даярланған. Сталин және оның жақтастары экономиканы милитаризациялауды күшейту арқылы Гитлерді алдап соқпақшы болды. Алайда Гитлер большевиктер көсемдерінің алдын орағытып кетті», – деп бастап, тарихи шындықты бұрмалайды. Осы ретте айта кетер гәп-бұл пікір Б. Аяғандікі емес, ол Кеңес Одағы келмеске кеткеннен кейін жарыққа шыққан сан алуан Ресей авторларының зертеулерінде үнемі айтылып жүр. Б. Аяғанның аталмыш «зерттеудің» алғы сөзінде ашқан басқа да «жаңалықтары» жөнінде де айтпасқа болмайды. Екіншіден, Молотов-Риббентроп пактісі Кеңес Одағы үшін зиян болды, үшіншіден, соғыс басталғаннан кейін бірнеше күн И.В. Сталин Кремльден көрінбеді, – деп, төртіншіден, У. Черчилльдің бұл соғыстағы рөлі әсіресе өте жоғары болды-мыс және т.б. «жаңалықтар» ашады [9]. Бұл жерде «жаңалық» пен «ойынша» деген сөздерді тырнақшаға алып отырған себебіміз, қадірменді профессор аталмыш пікірлердің бәрін Ресей ғалымдарының еңбектерінен алып отыр (мақаланың көлемі мен атқарар жүгі көтермейтіндіктен, бұл этикалық мәселенің егжей-тегжейіне тоқталып жатпадық). Сол профессор Б.Ғ. Аяғанның Кеңес Одағына таққан «айыптарын» осыдан 38 жыл бұрын Н.М. Некрич деген «1941. 22 июня», М., 1965, деген кітабында (176 бет) жазып, біраз шу шығарып, кейіннен 1976 ж. Израиль визасымен Лондонға, АҚШ-қа кетіп тынған-ды.

75. М.Шоқай және Түркістан легионы. Түркістан ұлттық бірлігі ұйымының негізі Түркияда қаланып, жұмысы 1924 жылдан Парижде жүрді. Оны азамат соғысынан жеңіліс тапқан орталық Азия елдерінен қашып келген ұлтшыл, түрікшіл саяси эмигранттар құрды. Түркістан ұлттық комитетінің мақсаты Орталық Азияда Кеңес билігін құлату болатын. Комитетті кейіннен М.Шоқай басқарды. 1930 жылдары комитет жұмысы біршама тоқырауға ұшыраса да, М.Шоқай «Жас Түркістан» газетін шығарып отыруға қаржы тауып отырды.  Екінші дүние жүзілік соғыс басталысымен Түркістан ұлттық комитетінің қамқоршысы пайда болды. Ол фашистік Германия болатын. Тұтқынға түскендерден Түркістан Легионын құруға кіріседі. Оған басшылық жасауға Мұстафа Шоқайды лайықты деп тауып, оны 1941 жылдың жазында Парижден Берлинге шақыртады және өз мақсаттарына пайдаланғысы келді. М.Шоқайдан кейін легионды өзбек ұлтының өкілі Уәли Каюмов басқарды. Оның орынбасары болып Баймырза Хайтұлы сайланды. Ал Стамбулдағы саяси эмигрант башқұрт Заки Валиди өзін Түркістан легионының басшысымын деп санады. Ол У.Каюмовты Германиядағы менің өкілім деп есептеді. Ал У.Каюмов Заки Валидидің бұл талабын орындай алмады.Легионды жасақтау жұмысы 1941 жылдың тамыз айынан басталып, 1942 жылдың соңына қарай аяқталды. Легион құрамын негізінен Орталық Азия халықтары құрады. Түркістан легионы фашистердің арнайы қызметінің қатаң бақылауында болды. Сонымен қатар, КСРО ның НКВД сының назарына іліккен болатын. Белгілі тарихшы Көшім Есмағамбетов «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған «Соғыс тұтқындары» атты зерттеу мақаласында мынадай деректерді келтіреді: «Түркістан Легионын басқарған Баймырза Хайт өзінің «Түркістан ХХ ғасырда» деген еңбегінде: Германия жағында 181.402 түркістандық соғысты» десе, неміс тарихшысы Иоахим Гофман «Шығыс легиондары» атты кітабында «неміс формасын киген кеңес түріктерінің саны 250 мыңдай болды деп жазады». Ал қазақтардың легиондағы санының қанша болғандығы анықталмаған. 1942 жылдың жазынан бастап Түркістан легионы өзінің басты әрекетіне көшті. Азиат нәсіліндегі соғыс тұтқындарын легионға арбау және дайын-даумен айналысатын бірнеше арнайы лагерлер жұмыс істеді. Солардың бірі, Варшава қаласының түбінде орналасқан «Легиново» лагері мен Бреславл қаласы маңындағы «СС-20 жазғы лагері» болатын. Лагерлерде барлау-диверциялық мектептер жұмыс істеді. Кеңес-герман майданына төрт зондеркоманда аттандырылды. Олар тұтқындарды тергеу, арбау және лагерге аттандырумен айналысты. Сонымен қатар, команда агенттері Орталық Азияға да жіберілді. Олар ел арасында тыңшылық, антикеңестік арандату, бандиттік-бүлікшілікпен айналысты. Бірақ жергілікті халықтың қырағы көмек көрсетуі арқасында олар анықталып, арнайы қызмет, милициялар тарапынан көзі жойылып отырды.Польшадан Түркістан легионының алты ротадан тұратын бірінші батальоны 1942 жылы жазда Сум облысына партизандармен соғысу үшін аттандырылды. Батальонның  күз айларында Калмақ жері арқылы Қырымға өтуге қолдары жетті. 1943 жылы қыркүйекте 130 адамнан тұратын екі рота Макеевка қаласында қызыл Армия қатарына өз еріктерімен өтіп кетті. Олар сол мезетте ақ гитлершілдермен шайқасқа жіберілді.1942 жылдың шілдесінде Уәли Каюмов 300 тұтқынды таңдап алып, олардан легионның жетінші батальонын жасақтады. Польшада дайындықтан өткен соң желтоқсан айының соңында кеңес-герман майданына жіберілді. Батальон 1943 жылы 27-қаңтарда Касторное ауданында шайқасқа түсіп, жеңіліс табады. Тірі қалған 46 жауынгері тұтқынға түседі.Түркістан Легионының фашистік Германияға барынша адал мүшелері Дрездендегі тыңшылық жоғары мектебінде тәлім алды. Оларды СС гауптштурманфюрері доктор Ольцша басқарды.  Дегенмен, 1943 жылы неміс әскери барлау ісінің басшылығы Түркістан легионына сенімін жоғалта бастады. Легионды кеңес-герман соғысына жіберуін тоқтатып, басқа мақсаттарға қолдануды шешеді. Олар Каспий маңына, Түркменстанға диверциялық жұмыстар үшін жіберілді.Соғыс аяқталған соң Түркістан легионының жауынгерлері ағылшын және американдықтарға өз еркімен беріле бастайды, бірақ оларды одақтастар КСРО ның әскери әкімшілігіне қайтарады. Аман қалғандары Түркияға қашты. Кейіннен олардың кейбіреулері «Азаттық Радиода» жұмыс істеп, антикеңестік үгіт-насихат жүргізді.КСРО-ға қайтарылған легионшылардың ішінде Хамза Абдуллин, Мәулікеш Қайбалдин, Хәкім Тыныбеков секілді ақын-жазушылар болды.  «Түркістан легионында» құрамында болғаны үшін оларға кеңестік билік аяушылық танытпады.М.Шоқай Дебиса лагеріне барып тұтқындармен сөйлескенде ондағы 40 мың түркістандықтардың ауру мен аштықтан шамамен 25 мыңдайы ғана қалғандығын анықтайды. М.Шоқай 1941 жылы 27- желтоқсанда Берлиндегі Виктория ауруханасында жұмбақ жағдайда көз жұмады.

76-сұрақ. Соғыстан кейінгі Қазақстан экономикасы: негізгі мәселелері және даму үрдісі

Ҧлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміздің экономикасы ауыр жағдайда болды. Кеңес Одағының байлығының ҥштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, кҿптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңдаған шақырым теміржолдар жҽне т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста 30 млн.-ға жуық адам қаза болды. Бҧл елдегі адам ресурстарының тапшылығына алып келді. Осынау қиындықтарға қарамастан қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды. Қазақстан халқы халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне белсене араласты. Ондаған қалалар мен аудандарға туысқандық кҿмек жасады. Мыңдаған қазақстандық жҧмысшылар мен мамандар Ленинград пен Сталинградта, Брянск пен Донбаста, Солтҥстік Кавказда, Украинада, Белоруссияда жҽне Кеңес Одағының басқа да аудандарында аянбай еңбек етті. Ал Қазақстанда ел экономикасын бейбіт ҿмірге қайта бейімдеу шаралары жҥргізілді. Ҽсіресе ҿнеркҽсіпті дамытуға ерекше кҿңіл бҿлінді. Болат ҿндіру, цемент, қара жҽне тҥсті металл ҿндірісі жабдықтарын шығару, темір жҽне тау-кен кҽсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Ҿйткені, Қазақстанда ауыр енеркҽсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі кҥш осы салаға жҧмсалды. Бҧған елдің қорғаныс кҥшін арттыру бағыты қосылды. Қазақстан Кеңес Одағының ҽскери-ҿнеркҽсіптік кешенінің ірі ошағына айналды. Қазақ жерінде ҽскери ҿндірістің, Семейдегі атом полигонының, басқа да ҽскери нысандардың қҧрылымдық жҥйесі жасалды. Ақтҿбе темір балқыту, Теміртау металлургиялық зауыттарының жаңа қуатты бҿлімдері іске қосылды. Ҿскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы ҿнімін берді. Балқаш мыс балқыту зауыты ҿнім шығаруды ҧлғайтты. Ембі бассейнінде -Қаратон мен Мҧнайлыда жаңа кҽсіпорындар іске қосылып, 1950 жылы мҧнай ҿндіру соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда 52%-ға ҿсті. Қаратау тау-кен химия комбинаты қҧрылысының бірінші кезегі аяқталды. 1954-1958 жылдары Қазақстан бойынша ҿскемен, Ақтҿбе, Шымкент, Қарағанды, Семей, т.б. ірі қалаларда 730 ҿнеркҽсіп орны мен цехтар қҧрылып, іске кірісті. Жеңіл ҿнеркҽсіп саласында 65 кҽсіпорын ел игілігі ҥшін жҧмыс істеді. Бірақ бҧл Қазақстан экономикасындағы «Б» тобының артта қалуын білдіретін еді. Байланыс саласында Мойынты-Шу, Жамбыл-Шолақтау теміржолдары салынды. 1958 жылы Қазақстан аумағындағы барлық жолдар желісін бір жҥйеге келтірген «Қазақ теміржолы» қҧрылды. Алматы қаласында автоматты телефон станциясы іске қосылды. 1960 жылы Қазақстан электр қуатын 1945 жылмен салыстырғанда 10,5 есеге кҿп ҿндірді. Ауыл шаруашылығында колхоздарды ірілендіру ісі қолға алынды. Ол ҿндірістік кҥші аз жҽне ҧсақ шаруашылықтарды қосу арқылы жҥзеге асырылды. Бҧл колхоздардың санын 1945-1952 жылдары 3 есеге қысқартып, 2047-ге дейін тҿмендетті. Бҧл кезеңде мал басы ҿсіп, суармалы егістік кҿлемі 16%-ға ҧлғайды.

77,78-сұрақтар. Тың және тыңайған жерлерді игеру бағыты: мақсаты және себебі.

Қазақстандағы целинаның жүзеге асырылуы: жетістігі, қателігі

1954 жылы 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия OK пленумы болып, онда «Елде астық ҿндіруді ҧлғайту мен тың жене тыңайған жерлерді игеру» жҿнінде қаулы қабылданды. Бҧл КСРО-да нан тапшылығын жою ҥшін жасалды. Астық мҽселесін шешудің теориялық тҧрғыда екі бағыты болды: 1. Интенсивтік бағыт - экономиканы реттеудің нарықтық қатынасына кҿшу. Бірақта бҧл социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егор Кеңес Одағында тың игеруге дейінгі астық ҿндіруде гектарына 1 центнерден қосса, онда бҧл ҿнім бҥкіл игерілген тың жерлердің енімімен пара-пар болар еді. 2. Экстенсивтік бағыт - астық ҿнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-тҥлік мҽселесін шешуде Кеңес ҥкіметі осы екінші жолды таңдады. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн. гектар тың жҽне тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн. гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда. Осы-лайша жаппай тың жҽне тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде Қазақ ҿлкесінде жаңа 337 совхоз қҧрылды. Жаңадан қҧрылған совхоздардың атауларының ҿзі кҿп жайтты аңғартып тҧрса керек: «Мҽскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кантемировец», «Тамановец» совхоздары қҧрылды. Олар Ақмола, Кекшетау, Қостанай, Павлодар, Солтустік Қазақстан облыстарында қҧрылды. 1954-1955 жылдары букіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 млн. га тың жҽне тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 млн. га, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың жҽне тыңайған жерді игеру нҽтижесінде Кеңес Одағында жан басына шаққанда 2 мың кг астық ҿндіру мҧмкін болды. Ал дҥниежҥзілік тҽжірибеде жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын. Тың игерудің негізгі қорытындысы - ол сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мҽселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды. Тың жҽне тыңайған жерлерді игерудің зардаптары да болды. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың ҿлкелерінде 9 млн. га жер жел эрозиясына ҧшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру ҥшін Қазақстанға КСРОның тек еуропалық белігінен 2 млн. адам ҽкелінді. Республикада қазақ халқының ҥлесі 30%ға дейін темендеп, ҥлттық тіл, салт-дҽстҥр мен халықтың ҽлеуметтік институттарының жойылып кету қаупі туды. 1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен солтҥстік облыстар тың ҿлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп ҿзгертілді. Егіншілік мҽселесінен басқа мал шаруашылығын нығайту жолдары да қарастырылды. Елуінші жылдардың соңында Қазақстанда 36,4 млн-нан астам мал басы болды. Сонымен «Хрущев он жылдығы» (19531964 жж.) бір жағынан, XX съездегі «Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдау арқылы саяси ҿмірді демократияландыру саясатымен ерекшеленсе, екінші жағынан, валюнтаристік жҽне субъективтік шешімдер арқылы экономиканы экстенсивті жолмен дамыту ҽрекетімен тарихта қалды.

79,80-сұрақтар. ХХ съезд КПСС. Начало десталинизации.

Жеке басқа табынуды айыптау. Қоғамдық-саяси өмірдегі « De-десталинизация».

И. Сталин ҿлгеннен кейін (наурыз 1953 ж.) Коммунистік партияның ОК-нің бірінші хатшысы болып Н. Хрущев сайланды. Осы кезде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметінен Ж.Шаяхметов босатылып, оның орнына П.Понаморенко, екінші хатшылыққа Л.Брежнев, ал Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тҿрағасы болып Д.Қонаев сайланды. Н. Хрущев билікке келгеннен кейін қоғам ҿмірін демократияландыру бағытында ҽрекет жасады. 1956 жылы ақпанда партияның XX съезі ҿтіп, онда жеке басқа табынудың зардаптарын жою туралы мҽселе қаралды. Бҧл съезде сталинизм қылмыстары ҽшкереленіп, оның қуғын-сҥргін саясаты адамзатқа қарсы жасалған кылмыс деп бағаланды. Соған сҽйкес Қазақстанда Т. Рысқҧлов, С. Асфендияров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Н. Нҧрмақов сынды қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар ақталды. Бірақ Алаш қайраткерлері ақталмай қалды. Бҥл Кеңес Одағындағы тоталитарлық ҽміршіл-ҽкімшіл жҥйенің ҽлі де болса ҿз кҥшінде екенін білдірді.

Кеңес өкіметінің 1924 – 1953 жылдардағы басшысы, 15 Республикадан тұрған. Одақты жеке дара билеген Сталин қазақ халқына өте ауыр қасірет әкелгені тарихтан мәлім. Кезінде, Лениннің өзі Сталиннің кемшіліктері туралы «Өсиеттер» атты хаттарында жазған болатын. Сондай – ақ, Сталин жайлы Н.С.Хрущев ХХ съезде баяндама жасап, Сталиннің жеке басына табынушылықты әшкерлеп, былай деген болатын: «Біз Сталиннің тұсында орын алған, басқалардың пікірлерімен бүтіндей санаспау, оның нұсқауларына қайшы келетіндердің барлығына өзіне тән күдікшілікпен және қаталдықпен, дөрекі күшпен қысым жасаған тап осыған ұқсас әрекеттердің қандайының болса да қайта туу мүмкіндіктеріне жол бермеу үшін, бұл мәселені мұхият зерттеуге және дұрыс қорытындылауға тиіспіз…»

81,82-сұрақтар. Қазақстан «хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964)

«Жылымық». 1953-1964 жылдардағы реформалардың (орындалмауының) жүзеге аспауының

себептері

Қоғамдық – саяси өмір.

50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.

КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.

1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.

Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.

1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.

1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.

Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.

Республиканың индустриялық дамуы.

Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті.

Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б.

1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді.

1960 жылы қазақ КСР теміржолынаң ұзындағы 11,42 км. болды. 1958 жылы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқармасы құрылып, республикадағы барлық теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар аралығында Одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10,5 млн. кВт/сағат энергия өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз қалды.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады.

1. Орталықтандырылған басқару Территиориялық басқару

2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері

1957 жылғы реформаның кемшіліктері :

1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді.

Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді.

Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.

Ауыл шаруашылығы

1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді.

Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды.

1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.

1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.

Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.

1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.

1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.

Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;

1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).

2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.

3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.

4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.

5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.

6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.

7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.

8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.

Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.

Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.

1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды.

2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.

3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.

4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.

5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды.

6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.

7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.

8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.

9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді.

10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.

83-сұрақ. XX ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысындағы экономикалық реформа және оның аяқталмауы.

1964 жылы КОКП Орталық Комитетінің қазан Пленумында партия басшылығы ауысты. Пленум Н.С. Хрущевті партияның ОК-нің бірінші хатшылығынан босатты. Оның орнына Л.И.Брежнев, ҥкімет басына А.И.Косыгин тағайындалды. 60жылдардың ортасында шаруашылық реформалары жҥргізілді. 1965 жылы қыркҥйек айында партияның ОК-і Пленум ҿткізді. Онда экономиканы басқарудың ҽкімшілік ҽдісі сыналып, кҽсіпорындардың ҿз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту ҥшін материалдық жағынан ынталандыруға кеңіл бҿлінді. Бҧның бҽрі сегізінші бесжылдық (1966-1970) кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бері жоғары керсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бҧл бесжылдық тіпті «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды. 60-жылдары Қазақстанда ҿнеркҽсіп қҧрылысы кең кҿлемде жҥргізілді, бірақ республиканың экономикасы шикізаттық бағытта болғандықтан, негізінен ҿндіруші салалар ғана дамыды. 1961-1970 жылдар арасында Қазақстанда 1709 жаңа кҽсіпорын, сондай-ақ кҿпшілігі қайта жҿндеуден ҿткізілген жҽне жаңа техникамен жабдықталған нысандар іске қосылды. Қара металлургия ҿндірісі Соколов-Сарыбай жҽне Қарағанды комбинаттарында, Ермак темір балқыту зауытында, ал тҥсті металлургия Лениногор, Жезқазған, Павлодар, Ҿскемен комбинаттарында қарқынды дамыды. Бҧл кезеңде Маңғыстау мҧнай кені де маңызды мҧнай аймағына айналды. Ең ірі химия ҿнімін дайындайтын Қаратау тау-кен химия комбинаты болды. Қазақстан сары фосфордың бҥкілодақтық ҿнімінің 90%-ын, жемдік фосфаттың 40%-ын, мыс, мырыш, қорғасынның 70%-ын берді. Республика хром ендіруден КСРО бойынша бірінші орын, ал кҿмір, шойын жҽне марганец ҿндіруден ҥшінші орынды иемденді. 1965 жылы Компартияның ОК-нің наурыз Пленумы болып, онда тиімді аграрлық саясат жасау мҽселелері талқыланды. Ауыл шаруашылық ҿнімдерінің бағасын ҿсіріп, жоспардан тыс сатылуы ҥшін қосымша қаржы тҿленді, колхоздар мен совхоздардың материалдық базасы нығайтылды, салық саясаты ҿзгертілді. Аграрлық салаға шаруашылық есепті енгізу шаралары белгіленді. Бҧл шаралар жартылай сипатта жҥргізілгенімен, біршама алға жылжулар да кҿрініс берді.

84,85-сұрақтар. XX ғасырдың 70-ші және 80 жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтік-

экономикалық дамудағы қайшылықтар.

70 – 80 жж. Қазақстан. Дағдарыстың басталуы.

1970 жылы ҿндірістің тиімділігін арттыру нҽтижесінде ҿнеркҽсіп ҿнімдерінің ҿсу кҿрсеткіші 70%-ды қҧрады. 60-жылдардың екінші жартысында ауыл шаруашылығының жалпы ҿнімі де 28% ҿсті. 60-жылдары, 70-жылдардың басында басталған реформалар бірте-бірте тежеле бастады. Қоғамдық ҿндірістің тиімділігін арттыру жҥзеге аспады. Экономикалық ҽлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат жҽне отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енгізу арқылы жҥрді. 1970-1985 жылдар арасында ҿнеркҽсіп ҿнімінің жалпы кҿлемі екі есеге ҿсті, ал машина жасау, химия ҿнеркҽсібі ҿнімі ҥш есе артты. Мыңға жуық ҿнеркҽсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Казак газ ҿңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық буйымдарын шығаратын зауыты, Павлодар жҽне Шымкент мҧнай ҿңдеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастҧз жҽне Ермак ГРЭС-І, Қапшағай ГЭС-І. Жҽйрем тау-кен комбинаты жҽне т.б. болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл жҽне Павлодар-Екібастҧз аумақтықҿнеркҽсіптік кешендері қҧрылды. Кеңестік экономика негізінен директивалық ҧстаным мен орталықтың жоғарыдан бҧйрық беру ҽдісі арқылы басқарылды. Қазақстан ҿнеркҽсібінің 50%-ы одақтық министрліктердің қарауында болды. Одақтық министрліктер республиканың мҥддесін кҿздемеді, ҽлеуметтік салада, ҧлттық кадрларды дайындауда, қоршаған ортаны қорғауда (Семей полигоны мен Аралдың экологиялық апатқа ушырауы) қиыншылықтар туындады. Мысалы, сол кезеңде Арал теңізінің деңгейі 14 метрге, аумақтық кҿлемі 40%-ға, су кҿлемі 60%-ға тҿмендеді. Тартылған теңіз тҥбі тҧз ошағына айналды. Мҧндай жағдай гепатит, туберкулез сияқты эпидемиялық аурулардың ҿсуіне ҽкеп соқты, сонымен қатар онкологиялық аурулардың кҿрсеткіші бҧл елді мекенде одақ кҿрсеткішінен 15 есе асып тҥсті. 6717 км2 аумақты алып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағында да экологиялық мҽселе ете кҥрделі болды. Қазақстан территориясының4,6 млн. га аумағы оның пайдаланылған зымырандар қондырылатын жерге айналды. Онымен қоса Семей атом полигонында зиянды 200 жер асты нысаны (штолня) болды. КСРО-да жасалынған 715 ядролық жарылыстың 470-і Қазақстанда жасалды. Каспий маңы ойпатындағы Азгир полигонында 17 жер асты жарылысы, республиканың басқа жерлерінде тағы 21 жарылыс іске асырылған. 70-80жылдары Қазақстанның экономикасында шикізат ҿндіру басымдыққа ие болғандықтан, халық тҧтынатын тауарлардың 60%-ы басқа одақтас республикалардан ҽкелінді, ал оның кҿпшілігі Қазақстанда ҿндірілген шикізаттардан дайындалды. тҿмендеуі тҧрақты қҧбылысқа айналды. Мал шаруашылығының қҧс асыраудан басқа салалары кіріссіз шаруашылықтарға айналды. Егер 1970 жылы ҿзін-ҿзі ақтай алмаған колхоздар мен совхоздардың ҥлес салмағы 15% болса, 1985 жылы бҧл кҿрсеткіш 51%-ға жетті. Мысалы, қойдың саны 1971-1981 жылдары 3,4 млн. басқа ҿссе, 1981-1985 жылдары ҿсу тоқтаған. Қой етін ҿндіру 1970-1985 жылдары 19%-ға қысқарды, оның қҧндылығы да тҿмендеді. Дҥние жҥзіндегі ауыл шаруашылығына жарамды ең ҥлкен (603 миллион га) жері болса да, (мысалы, АҚШ-та ол 431,5 млн. га, Канадада 78 млн. га), Кеңес Одағы 1981-1985 жылдары ҽлемдегі ең ірі азық-тҥлік сатып алушы елге айналды. Бҧл кезеңде КСРО жыл сайын шеттен 3,8 млрд долларға азық-тҥлік сатып алып отырды. 1985 жылы КСРО-дағы ҽрбір ҥшінші белке нан, ҽрбір екінші қораптағы макарон шет елдерден - АҚШ, Канада, Аргентина, Тҥркиядан сатып алынған астықтан дайындалды. 1970-1980 жылдары халықтың нақты табысы тҿмендеп кетті. Халық тҧтынатын тауарлар тапшылығы ҿсіп, кҥні бойы дҥкендерде кезекте тҧру дағдыға айналды. 1985 жылы Қазақстанның орташа жағдайдағы тҧрғыны кҿпшілік тҧтынатын тауар алу ҥшін екі-ҥш айлық жалақысын жҧмсаса, ал қалған тоғыз-он айдың жалақысы тауар тапшылығына байланысты жҧмсалмай қалды. 1985 жылы КСРО-да тауар ҥшін дҥкендерде кезекке тҧруға халық шаруашылығында жҧмыс істейтін 35 млн. адамның жылдық қорына жҥмсалатын жҧмыс уақыты шығындалған. Кеңес Одағында қоғамдық саяси ҿмірде «басқаша ойлауға» қысым кҿрсетілді. Оның нақты мысалы, О. Сҥлейменовтың 1975 жылы шыққан «Аз и Я» деген кітабына тыйым салынуы. Оған пікір жазған «Молодая гвардия», «Москва», «Звезда» жэне т.б. журнал беттерінде авторды идеологиялық талаптардан ауытқып кетті деп айыптады. Автордың ҿзі идеологиялық қысымға алынды. 1979 жылғы Целиноград оқиғасы ҧлттық қатынастардың шиеленісуінің жҽне қазақ халқының мҥддесімен санаспаған орталықтың ҿктемдік саясатының кҿрінісі болды. СОКП ОК Саяси бюросы 1979 жылы кҿктемде Қазақстанда, орталығы Ерейментауда болатын, неміс автономиялық облысын қҧру туралы шешім қабылдады. Оған Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кҿкшетау облыстарының немістер тығыз қоныстанған бірқатар аудандарын беру кҿзделді. Орталықтың бҧл ҽділетсіз шешіміне қазақ жастары бірден жауап берді. Партия шешіміне қарсы Целиноградта, Атбасарда, Ерейментау жҽне Кҿкшетауда бейбіт шерулер мен демонстрациялар болды. Міне, қазақ халқының осындай саяси белсенділігінен қаймыққан Компартияның ОК қабылдаған шешімін ҿзгертуге мҽжбҥр болды. КСРО сыртқы саясатта халықаралық беделін нығайту жҽне Ауғанстанда саяси ҥстемдік орнату мақсатында 1979 жылы 27 желтоқсанда Ауғанстанға Кеңес ҽскерін кіргізді. Бҥл саясатқа жауап ретінде АҚШ Кеңес Одағына астық сатуға тыйым салып, Мҽскеуде ҿтетін жазғы олимпиадалық ойындарға қатысудан бас тартты. БҦҦ-да 104 мемлекет Кеңес Одағының Ауғанстанға қарулы кҥштерін енгізуге қарсы шығып, бҧл қадамын айыптады. Кеңес ҽскерлерінің «шектелген контингенті», яғни 80 мың ҽскер Ауғанстанда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жҥргізді. Ресми деректер бойынша, Ауған соғысында Кеңес Одағынан барлығы 13 мың адам қаза болды, 37 мың солдат пен офицер ҽр тҥрлі жарақат алып, мҥгедек болып қалды, ал жҥздеген жауынгер елге қайтып оралмады. 1982 жылы қарашада КОКП ОК Бас хатшысы Л. Брежнев қайтыс болғаннан кейін партия жетекшілігіне Юрий Андропов келді. Ол Кеңес Одағын 1984 жылға дейін ғана басқарды. Ю. Андропов мемлекет басшылығына келгенге дейін КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетін басқарған еді. Сол себепті оның басшылығы елдегі қоғамдық жҽне еңбек тҽртібіне ерекше маңыз беру-ден басталды. Ю. Андроповтың саясаты партиялық биліктің ҿз ішінде қатаң тҽртіп орнату мен қоғамдағы парақорлық пен маскҥнемдікке қарсы кҥрес жҥргізу болды. Бірақ та белгіленген шаралар жҥзеге аспай қалды. Себебі Ю. Андропов 1984 жылы ақпанда қайтыс болып, КОКП ОК Бас хатшылығына К. Черненко келді (19841985). Ол Ю. Андропов бастаған істі ескерусіз қалдырып, елді басқаруда ҽміршіл-ҽкімшіл ҽдістерге сҥйенді. Сонымен 1970-1980 жылдардағы дағдарыс қҧбылысы қоғамдық ҿмірдің барлық саласында тереңдей берді.

Экономикадағы дағдарыстық ахуалдың пісіп жетілуі ҿнеркҽсіп ҿнімдерін шығарудың тҿмендеуі мен ҧлттық табыстың азаюынан айқын кҿрінді. Егер 1970-1975 жылдары ҿнеркҽсіп ҿнімінің жылдық ҿсуі 8,4% болса, 1980-1985 жылдары 3,8%-ға, ал ҧлттық табыс осы жылдары 4,4%-дан 1,4%-ға дейін тҿмендеді. Осындай жағдайда 1977 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданып, онда Кеңес халқы «дамыған социализм» кезеңіне ҿтті деп жарияланды. Экономиканы ҽміршіл-ҽкімшіл басқару ҽдісі материалдық ынталандыруды жоққа шығарып, экстенсивті даму, мемлекеттік меншіктің ҥстемдігі, жҧмысшыларды ҿнеркҽсіп қҧралдарынан алшақтату, орталықтың билеп-тҿстеу жағдайына алып келді. Қазақстан экономикасы 1980 жылдары дағдарысқа тірелді. Республикада егістік кҿлемі ҿте ҥлкен болды, тек астықтың ҿзі 25 млн. га жерге себілді. Солай бола тҧрса да, ҿнім жинаудың

86,87-сұрақтар. 1986 жылғы Желтоқсан . Тәуелсіздік жаршысы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]