Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих сессия 1-150.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308.76 Кб
Скачать

47. ҚазАкср-нің құрылуы. Қазақ жерлерінің ҚазАкср-нің құрамына біріктірілуі.

Азамат соғысы большевиктерге шет халықтардың ұлттық мемлекеттілігі идеясымен санаспауға болмайтындығын тағы бір рет көрсетіп өтті. Коммунистік партия мен Кеңес өкіметі Кеңестік бастауларда Қазақ автономиясын құру бойынша дайындық жұмыстарын бастады.

1919 жылы 10 шілдеде В.И.Ленин Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөнінде революциялық комитет құру туралы Декретке қол қойды. Мұнда Қазревком өлкенің Жоғары әскери азаматтық басқармасы ретінде бекітіледі делінген.

Декрет оның мақсаты мен міндеттерін белгіледі:

  • контрреволюция мен интервенцияға қарсы күрес;

  • өлкеде мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс үшін жағдай құру;

  • Қазақстанда Кеңестердің құрылтай съезін дайындау.

Ревком қарамағында Астрахань губерниясының қазақ аумақтары мен Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары болды. Қазревкомды Пестовский Станислав Станиславович басқарды (1882-1943 ж.ж.). Ревком құрамына Лухашев, Жангелдин, Байтұрсынов, Тунғанчин, Меңдешев, Қаратаев және т.б. енді:

С.Мендешев (1882-1937)

    • 1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;

    • 1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары;

    • 1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы;

    • 1937 жылы репрессия құрбаны болды.

Ә.Т.Жангелдин(1884-1953)

  • 1915 жылы коммунистік партия мүшесі;

  • 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;

  • 1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы;

  • 1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.

А.Байтұрсынұлы(1873-1937)

    • "Алаш" партиясын құрушылардың бірі - "Қазақ" газетінің редакторы;

    • 1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі;

    • 1937 жылы репрессия құрбаны болды.

Қаз АКСР құрамына енгізілген аймақтар:

1. Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері.

2. Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері жəне Омбы уезінің бір бөлігі.

3. Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері.

4. Орал облысы – Орал, Ілбішін Темір, Атырау уездері.

5. Маңғыстау уезі, Закаспий облысы Красноводск уезінің 4,5-адай болыстары.

6. Астрахань губерниясының бір бөлігі (Каспий теңізінің солтүстік шығысы).

7. Бөкей Ордасы жəне Каспий теңізі жағасындағы округтерге жақын жатқан болыстар.

Қазревком мен оның органдары жергілікті орындарда Қазақ даласында Кеңестерді ұйымдастыру, ұлттық интеллигенцияның жат пиғылды өкілдерін Кеңестік құрылысқа тарту жұмыстарын жүргізді.

48 Қазақ кеңестерінің құрылтай сьезі. «Қырғыз (Қазақ) АКСР-і еңбекшілерінің заңдық декларациясы»

1920 жылдың 4-12 қазанында Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі болып өтті. Съезге Қазақстанның барлық губернияларынан 273 делегат қатысты. Алтай губерниясынан 6 делегат қатысты. Делегаттардың қатарында 128 қазақ, 127 орыс және басқа да ұлттардың 18 өкілі болды. Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті төрағасы болып С.М.Меңдешев сайланды.Ал, Халық комитеті Кеңесінің төрағасы В.Радус-Зенькович сайланды. «Қырғыз (Қазақ) АКСР-і еңбекшілерінің заңдық декларациясы» қабылданды Декларация Қазақстан еңбекшілерінің саяси құқықтарын: - Кеңестерді сайлау және сайлану құқығын ; - Нәсілдік және ұлттық тегіне қарамастан, барлық азаматтардың тең құқықтығын ; - Тегін білім алу құқығын ; - Қазақ әйелдерінің тең құқықтығын ; - Сөз, жиналыс , баспасөз , ождан бостандығын қуаттап баянды етті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]