- •Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні және курстің мақсаты.
- •Тарих ғылымының методологиясы. (2,3-сұрақ жауабы)
- •Тарих танымының әдістері.
- •Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері (4,5 бірге)
- •Тарихқа формациялық және Өркениеттілік көзқарас
- •Қазақстанның қазіргі заман тарихының периодизациясы
- •М. Хроханың ұлттық қозғалыс типологиясы туралы концепциясы
- •Жәдитшілдік Ресейлік мұсылмандардың ағартушылық идеологиясы
- •Қазақстандағы Жәдитшілдік мектептер мен медремселер
- •XXғ басындағы мұсылмандардың реформаторлық қозғалыстары
- •Ұлттық интеллигенция және оның 20-ғасыр басындағы қоғамдық саяси қызметі
- •14. I және II Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарының қатысуы
- •15. Мемлекеттік думаның мұсылмандық фракциясы. Жер мәселесі және қазақ депутаттары Бірімжанов пен Қаратаевттардың сөйлеген сөздері.
- •16. Қазақ депутаттарының Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясына қатысуы
- •20. Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары, олардың қызметі
- •22. Отандық тарихнамадағы қазақ интеллигенциясының көтеріліске қатысу мәселесі
- •24. Ресейдегі Ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның демократиялануына әсері
- •25. Қазақстандағы қосүкімет және оның ерекшеліктері
- •26. Қазақ комитеттерінің құрылуы, олардың қоғамдық-саяси қызметі
- •27. «Алаш» партиясы: бағдарламасы, әдісі.
- •28 Ә. Бөкейханов – алаш қозғалысының көшбасшысы, XX ғасырдың көрнекті қайраткері.
- •29 А. Байтұрсынов –мәдени қайраткер және көрнекті саясаткер Ахмет Байтұрсынов (1873-1938)
- •30. «Үш жүз» партиясы, бағдарлама тезисі, әдісі.
- •31.«Алаш» және «Үш жүз» ұлттыұ саяси партиялары. Олардың бағдарламалық құжаттарының негіздері
- •32 «Шура-и-Ислами», «Шура-и-Улема» мұсылмандық партиясы
- •33.1917 Жылғы қазан төңкерісі. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауы
- •34. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауының қиыншылықтары мен ерекшелігі
- •35. 1917 Жылғы қазан оқиғасына жаңаша баға
- •37.Қазақстан Азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
- •42. Кеңес үкіметі және Алаш Орда мен Қоқан автономиясының басшыларының тағдыры
- •47. ҚазАкср-нің құрылуы. Қазақ жерлерінің ҚазАкср-нің құрамына біріктірілуі.
- •49 Қазақстан Кеңестерінің учредительдік сьезі. ҚазСсРнің құрылуы.
- •51.Қазақстан одақтық республика дәрежесінде ҚазСср-нің Конституциясының қабылдануы.
- •52.XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдени құрылыс.
- •53.Қазақстандағы өндірістік модернизация жүзеге асудағы қиыншылықтары мен ерекшеліктері.
- •54.Қазақстандағы индустриализация: кеңестік үлгі.
- •55.Қазақстандағы индустрияланудың жүзеге асу жолдары жайындағы пікірталас.
- •56.Ф.Голошекиннің Кіші Қазан революциясы.1928-1930 жж. Төтенше жағдай.
- •60.Кеңес үкіметінің аграрлық және жер-су саясаты.
- •61.Саяси қуғын-сүргін. Қазақстандағы Сталиндік лагерлер.
- •74. Тарих ғылымындағы Ұлы Отан Соғысының даулы мәселелері
- •1986 Жылғы Желтоқсан оқиғасы. Жаңаша баға
- •88,89,90,92,93-Сұрақтар. М.С.Горбачевтің жаңа бағыты. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету
- •1991 Ж 21-ші желтоқсандағы Алматы Деклорациясы
- •«Қазақстан – 2050» Стратегиясы
- •Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
- •Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.
- •«Нұрлы жол» – Қазақстанның жаңа бағыты
- •1991 Жылы 16 желтоқсанда Парламент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады.
- •Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
34. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауының қиыншылықтары мен ерекшелігі
Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұру Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылғы 26 қазанда Петроградта өткен Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде большевиктер барлық делегаттың үштен екі бөлігіне жетпейтініне, яғни — 390 адам болғанына қарамастан, 690 делегаттың төрттен үш бөлігіне жуығы билік Кеңестердің қолына берілсін деушілер жағында болды; «Бүкіл билік демократияға берілсін» деген әсер-меньшевиктерге дауыстың 15%-ы тиді, 7%-ы «Коалиция» ұранын қолдады.Дәл осының өзі большевиктердің көсемі В.И. Ленинге жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің басым көпшілігі съезге қатысты, шаруа Кеңестерінен делегаттар келді, ОАК-нің (Кеңестердің Орталық Атқару Комитеті) бұрынғы құрамы өкілеттігін аяқтады деп атап көрсетуіне мүмкіндік берді, яғни оның пікірі бойынша «жұмысшы, солдат және шаруалардың басым көпшілігінін еркі» айқын білдірілді, сондай-ақ «жұмысшылар мен гарнизонный жеңіске жеткізген күресі» Кеңестердің II съезінде билікті өз қолына алуға негіз болды.
Съезд лениндік ұсыныс бойынша «барлық билік жергілікті жерлерде жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңестеріне өтеді» деген шешім шығарды. Қазақстан тәрізді «Ресейде қоныстанған барлық ұлттарға болашақта дамуы бағытын өзі анықтауға шынайы құқық беріледі» ұраны ұлттық өңірлер үшін аса маңызды болды.
Съездің Бейбітшілік және Жер туралы қабылдаған декреттері аштық пен шаруашылық күйзелістен қалжыраған халықтың басым көпшілігінің жаңа биілікті бірден қолдап шығуын қамтамасыз етті.
35. 1917 Жылғы қазан оқиғасына жаңаша баға
Бұрынғы империядан Уақытша үкіметке ауыр мұра қалды: таптық, әлеуметтік, экономикалық, ұлттық, діни қайшылықтар. Империалистік соғыс ұзаққа созылып кетті. Уақытша үкімет ұлт мәселесін, аграрлық мәселені түбегейлі шешіп бере алмады. Елге ашаршылық қаупі төнді. Еңбекшілердің Уақытша үкімет саясатына наразылығы күшейді. Сырдария, Жетісу облыстарының тұтас аудандарын аштық жайлады.
Жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары Кеңестерінің ықпалы барған сайын арта түсті. 1917 жылғы мамырда Семей облысындағы Даубай кенішінде, Риддерде жұмысшылар ереуілі болып өтті. Жұмысшы депутаттары Кеңестерінің бастамасымен Петропавл, Семей, Орал, Перовскінің кәсіпорындарында, кен зауытында, мұнай өнеркәсібінде 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді.
Уақытша үкіметтен жер де, астық та алмаған шаруалар аграрлық мəселені өздерінше шеше бастады. Болыстар мен ауылнайлардың жері мен малын күшпен тартып алды. Верный уезінің болыстарында болыстарды орнынан түсіріп, байлардың көп малын айдап кетті. Қарқаралы, Павлодар уездерінде Бөкей Ордасында қазақ шаруаларының бой көрсетулері болды.
1917 жылғы 29 тамызда Перовск Кеңесі бүкіл өкімет билігін Кеңестерге беру қажеттігі туралы қарар қабылдады. Семейде бүкіл өкімет билігі Кеңестерге берілгендігі туралы қарар қабылданды. Черняев, Әулиеата Кеңестері де оындай көзқарас ұстанды. 1917 жылдың күзіне қарай революциялық өрлеу қуатты серпін алды.
Темір, Қостанай, Петропавл уездерінде, Бөкей даласында, Жетісу, Сырдария, Ақмола облыстарында шаруалардың жаппай бой көрсетулері көбейді. Перовскіде солдатқа алынғандар əйелдерінің манифестациясы өтті. Павлодар, Петропавл, Верный, Əулиеатада еңбекші əйелдердің бой көрсетулері болды.
1917 жылғы 22 қарашада Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше ІV сьезд ашылды. Съезді ашқан Мұстафа Шоқай: “Орталықта болып жатқан оқиғалар шет аймақтарды өзін-өзі қорғаудың және ұлы ұлттық төңкерісті құтқарудың жайын ойлауға мәжбүр етуде” – деп мәлімдеді. Съезде Түркістан үкіметі – Уақытша Кеңестің құрылғанын жариялады. Министр-төраға және ішкі істер министрі болып М.Тынышбаев сайланды. Кейін оны М.Шоқай алмастырды. Жаңа мемлекеттік құрылым Түркістан автономиясы деп аталды. Ислам – мемлекеттік дін деп танылды.
1917 жылғы қарашада Қоқанда мұсылмандардың манифестациясы болды. Ташкентте Жәми мешітінде мыңдаған адам қатысқан митинг өтті. Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі орталыққа: "Қоқанда кертартпа тап өкілдері Түркістан өлкесінің автономиясын жариялады" – деп хабарлады. 1918 жылы қаңтарда Ташкент Кеңесі мұсылман үкіметін жоймақшы болып ұйғарды. Қызыл жұмысшылар отрядтары, армян партиясының милиция отрядтары, Ташкент гарнизонының бөлімі Қоқанға аттандырылды. 5 ақпанда Қоқан қаласы шабуылмен алынып, өртелді.
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда жалпықазақ съезі өткізілді. Съезде қазақ халқының автономиясы туралы мәселе қаралды.
1. Аумақтық-ұлттық автономия құру.
2. Қазақ (қырғыз) облыстарының автономиясына Алаш атауын беру.
3. Автономиялы Алаш облыстарының аумағын Алаштың мемлекеттік меншігі деп жариялау.
4. Алаш автономиясының барлық мекемелерінде барлық ұлттардан өкілдер болуы тиіс.
5. Алашорда Уақытша Халық Кеңесін 25 мүшеден құрып, оның 10 мүшесін орыс жəне басқа халық өкілдерінен сайлау.
6. Алашорданың уақытша орталығы етіп Семей қаласын таңдау.
Алашорда Кеңесінің төрағасы болып Ə.Бөкейханов сайланды.
1917 жылы “Қазақ” газетінде “Алаш” партиясы бағдарламасының 10 бөлімдік жобасы жарияланды. Бұл құжатта партияның мемлекеттік құрылыс, қорғаныс, дін, ғылым мен ағарту, аграрлық мәселелер көрсетілді. “Алаш” партиясы сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды.
1917 жылғы қараша мен 1918 жылғы қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің көпшілігі «Алаш» партиясының бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті. Жетісу губерниясында – 57,5%, Семей уезінде – 85,6%, Торғай, Орал губернияларында – 75% жинады.
Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысу жолдарын қарастырмады. Əр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды. “Алаш” партиясы өкімет билігі жолындағы күресте большевиктерге оппозиция болды.
36. «Ресей халықтарының деклорациясы» және Кеңес үкіметі басшылығының «Ресей мен барлық Шығыс халықтарының еңбекші мұсылмандарына» жолдауы Ресей халықтары құқықтарының декларациясы - Кеңес билігінің алғашқы құжаттарының бірі, 1917 жылды 3 қарашада РСФСР 2 Халық Комиссарлары Кеңесі қабылдаған. Онда Ресей халықтарының теңдігі, еркіндігі, өзін-өзі басқару құқықтары, тіпті жеке бөліну және дербес мемлекет құру құқығы, сондай ақ ұлттық және діни шектеулерді жою, саны аз халықтар мен этникалық топтардың еркін дамуын қамтамасыз ету туралы уәде берілді. Қазақстанда діни мекемелерді мемлекеттен бөлу саясатының жүзеге асырылуы. Тарихта Кеңес билігінің исламға қатысты саясатының мәнін ашып көрсетуге жәрдемдесетін құжаттар белгілі. Бұл құжаттарды талдау негізінде олардың мазмұнының шын мәніндегі саясатқа қаншалықты сәйкес болғанын анықтауға болады. 1917 ж. 20 қарашада ХКК «Ресей және шығыстың барлық мұсылмандарына үндеуін» жариялады. Біз үшін құжаттың төмендегі үзіндісі қызығушылық тудырады: «…Ресей мұсылмандары, Еділ бойы және Қырым татарлары, Сібір және Түркістан қырғыздары мен сарттары, Кавказдың арғы беті түріктері мен татарлары, Кавказ шешендері мен таулықтары, Ресей патшалары мен қанаушылары тарапынан мешіт пен ғибадатханаларына қол сұғылған баршаларыңыз! Бұдан былай сіздердің наным-сенімдеріңіз бен әдет- ғұрыптарыңызға, ұлттық және мәдени мекемелеріңізге бостандық беріліп, қол сұғылмайтын болып жарияланады…Біз сіздерден мейірімділік пен қолдау күтеміз» [105,с. 17-18]. Құжат мазмұнына сәйкес большевиктік үкімет бұған дейін айдауда болған мұсылмандарға дін бостандығын уәде етті. Егер патшалық билік кезінде ислам дініне қысым жасалса, енді мұсылмандар еркін дем ала алатын болады. Шын мәнінде солай болды ма деген заңды сұрақ туады. Большевиктердің мұсылмандарға қатысты аталғаш шараны жүзеге асырудағы негізгі мақсаты – мұсылман халықтарын өз жағына тартып, қолдауларына ие болу еді. Бұның себебі, біріншіден , 1897 ж. халық санағы бойынша 15 конфессиялық топтың ішінде мұсылмандар правослатықтардан кейін екінші орында болды (православтықтар 69,4 % болса, мұсылмандар – 11,1 %) Екіншіден, мұсылман аудандарының өркениеттік негіздері православиеден ерекшеленді. Ғасырлар бойы мұсылман діні мен мәдениеті православтықтың ықпалына ұшырамады. Осыған байланысты Ресей империясы аумағындағы мұсылмандармен есептесуге тура келді, яғни кез-келген жаңа билік халықтың бұл бөлігін өзіне бағындыру жолдарын қарастырды. Билікке келген большевиктер де мұсылмандарды өз жағына тартуға тырысты. 1917 ж. 17 қаңтарда Мұсылман істері жөніндегі комиссариат (бұдан былай МІК – автор) жариялаған декретке сәйкес ҰІХК қарамағында Ішкі Ресей мұсылмандарының істері жөніндегі комиссариат құрылып, Мулланур Вахитов комиссар болып тағайындалды [88,с. 367]. Жаңа орган мұсылмандардың діни өмірін реттеумен айналысуы тиіс болды. Іс жүзінде ол бақылау қызметін атқарды. Большевиктер дәстүрлі ислам тараған аудан халықтарының қоғамдық санасына өз ықпалын кеңейту тетіктері мен арнайы мамандардың жоқтығын түсінді. Олар Қазақстан және Орта Азия мұсылмандарының 1918 жылы Уфадан Омбыға Колчакқа көшкен ОМДБ-ның қолдауына жүгінуіне жол бермеуге тырысты. МІК мұсылмандар арасында социалистік идеяны таратумен 97 айналысты. Большевиктер кеңес үкіметіне оң көзқарас танытушы беделді ислам дін тұлғаларын пайдалануға тарысты. 1918 ж. мауысымда ХКК жергілікті жерлерде «Мұсылман комиссариаттарын ұймдастыру туралы» қаулы жариялады. Қазақстанда олар Семей және Верный қалаларында құрылды. 1917 ж. 4 желтоқсанда ХКК-не Петроград ұлттық округі өлкелік мұсылман съезінің мұсылмандарға Осман Құранын қайтару туралы өтініш жіберілді. 1917 ж. 6 желтоқсанда ХКК-нің көпшілікке арналған мемлекеттік кітапханада сақталып тұрған Құранды қайтару туралы қаулысы шықты.
