- •1)Кәсіпкерлік:экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері
- •2)Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •4)Делдалдық кәсіпкерліктің түрлері
- •5)Құнды қағаздар түрлері
- •6)Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнесті жоспарлау
- •9)Бизнесті жоспарлаудағы негізгі қателіктер және оларды жою жолдары
- •10)Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
- •11)Кәсіпкерлік тәуекелдер:түсінігі,түтүрлері,жіктелуі
- •13)Кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару
- •16) Қаржылық ресурстарды жоспарлау
- •17) Кәсіпорынның қаржысын басқару жүйесі
- •18)Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар
- •20) Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы, Кәсіпорында салық салу жүйесі
- •22) Негізгі капиталдың тозуы Амортизация
- •23) Айналым капиталы оның құрамы және құрылымы
- •Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі[өңдеу]
- •28.Кәсіпкерлік ызметтің тиімділігін бағалау қағидалары және әдістері
- •37.Кәсіпкерлік қызмет инфрақұрылымының институттары. Шағын бизнес орталықтарының құрылуы мен қалыптасуы.
- •39.Мемлекеттің экономикаға араласуының қолайлы және қолайсыз жақтары
- •51. Кәсіпкерлік құпияның мәні.
- •52. Кәсіпкерлік құпияны қорғау жүйесі
- •53. Инновациялық өнімді коммерцилизациялау процесі
- •54. Инновациялық кәсіпкерлік және оның мәні
- •55. Инновациялық өнім түсінігі және инновациялық кәсіпорындар
- •56. Жаңалыққа патент алу шарттары
- •60. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру
- •61. Кәсіпкерлік қызметтегі әріптестік байланыстар
- •62. Кәсіпкерлік мәмілелер және түрлері
- •64)Кәсіпкерліктегі делдалдардың рөлі
- •67) Кәсіпкерлік қызметпен байланысты құқық бұзушылықтардың ішінен жиі кездесетін әкімшілік құқық бұзушылықтарға мыналар жатады:
18)Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар
Лизингтік қызмет-бұл мүлікті алу мен оны лизингке беруц бойынша инвестициялық қызмет
Лизинг субьектісі-лизингалушы,лизинг келісімшарты бойынша кәсіпкерлік қызметі іске асырушы,мүлікті уақытша иелені пайдалана алатын тұлға
Лизинг беруші-мүліктің меншік иесі мүлікті уақытша пайдалануға тапсыру үшін арнайы алатын лезингік қызметті іс жүзіне асыратын тұлға
Лизинг обьектісі-кәсіптік қызмет үшін пайдаланатын ғимараттар жабдықтар мекемелер
«Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік
операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль,
компьютерлерді) жалға беруді айтады.
Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни
қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдырунсыз
немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің
құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өнідірісті жаңа құрал-жабдықпен,
алдыңғы техникамен материалды-техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогрессивті
формасы.
Лизингті мәміледе 3 қатысушы болады. Олардың өзара қатынастары мәмілемен
реттеледі: бірінші қатысушы — мүлік иесі (лизинг беруші), екінші — мүлікті пайдаланушы
(лизинг алушы), үшінші — мүлікті сатушы. Олардың өзара қатынасы келесідей түрде
қалыптасады: болашақ лизинг алушы ақша-қаражаттары бар болашақ лизинг берушіні мәмілеге
қатысуын сұрайды, ол лизинг алушыға керекті мүлікті сатып алып, одан кейін оны лизинг
алушыға төлемді шартымен жалға береді. Коммерциялық банктер бұл жерде мүлік иесі ретінде
болады, яғни олар мүлікті өз меншігіне алады және лизинг алушыға (оған қаржылық қызмет
көрсете отырып) береді. Шын мәнінде олар осы мүліктің несиесін береді, сөйтіп несиелік
қатынастар пайда болады. Мұнда несиелеудің барлық приципі бар: мерзімділік,
қайтарымдылық, төлемділік (ақылық). Мерзімі біткенде лизинг алушы мүлікті иесіне кайтарып
береді, қызметті төлейді, яғни жалақысын төлейді. Формасы бойынша бұл ақшалы несие емес,
бұл өндірістік, негізгі қорларға тауарлық несие.
Лизинг түрлері әр түрлі:
Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдік
төзу қарқыны өте жөғары машиналар мен құрал-жабдықтар табылады.
Қаржылық лизинг аңағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал-
жабдықтардың амортизациялык тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай,
кушін тоқтата алмайды. Онда мүліқті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіңдігі көрсетілген.
Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал-жабдықтарды жалға беру.
Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады.
Лизингтік бизнестің дамуы үшін, лизингке беретін арнайы лизингтік компаниялар құрылады.
Олардың негізгі қаражат көзіне құрал-жабдықтарды сатып алу үшін берілетін банктік несиелер
жатады.
Құрылып жатқан лизингтік компанияларға қарағанда банктердің артықшылығы —
лизингті жүзеге асыру үшін, ұйымдастырылған лизинг жүргізу үшін олар арнайы бөлімдер мен
топтар қалыптастырады. Лизинг операциясын жүргізген тиімді: ол жоғары рентабельді, тәуекел
дәрежесі төмен, нақты материалдық қамтамасыз етілген.__
19) Кәсіпкерліктегі факторинг
Факторинг-тауарларды сату мен қызмет көрсету үрдісінде арасында туындайтын төленбеген қарыздардв факторингтік компанияларды төлеуімен байланысты комиссиялық операциялардың бір түрі
Түрлері:
Регресс құқығы бар,регресс құқығы жоқ,ашық факторинг,жабық факторинг,ішкі,сыртқы,тікелей,өзара,ауқымды,шеутеулі
«Факторинг» термині ағылшын тілінен алынған – делдал, агент. Факторинг –
коммерциялық банктер (олардың еншілес фактор - фирмалары) ұсақ және орта фирмаларға –
олардың клиенттерге көрсететін қаржылық қызметтердің түрі. Факторинг мәні фактор – фирма
немесе банктің клиенттен берешектерін өндіртіп алу құқына ие болуы және өз клиенттерінің
борышкерлеріне талапты жарым-жарты төлеуі, яғни борышкердің төлейтін мерзімі басталғанға
дейін берешектерін пайыздық мөлшерде қайтаруы. Борыштың қалған бөлігі мүддесі шегерілген
соң борышкер өз берешегін өтегеннен кейін клиенттерге қайтарылады. Нәтижесінде клиент
берешектерін жылдам қайтару мүмкіншілігіне ие болады, бұл үшін фактор – фирмаға немесе
банкке белгілі бір сыйақы төлейді. Факторинг жүзеге асырылғанда клиент борышкерден
берешектерді алу құқығын фактор-фирмаға немесе банкке тапсырады. Факторинг сауда
операциялары сияқты пайда болды, одан кейін несие беру нысанасы ие болған. Банктердің
факторинг операциялары мыналар: ішкі операциялары, мұнда жабдықтаушы және клиент
(сатып алу, сату шарты бойынша тараптар), сонымен қатар факторинг компаниясы белгілі бір
елде болады немесе халықаралық, ашық операциялар, борышкер факторинг компаниясының
мәмілесіне қатысу туралы хабардар етілсе немесе жабық (жасырын) операциялар. Борышкер
факторинг компаниясы не банк пайда болатын борыш бойынша құқықтық мирасқор болып
табылатынын және төлеу оның пайдасына жүзеге асырылуы тиіс екендігін; жабдықтаушыға
регресс құқығымен – кері талап құқығымен немесе құқықсыз төленген соманы; немесе белгілі
бір күнге алдын ала ақы төлеу немесе талаптарға ақы төлеу нысанында жабдықтаушыға несие
беру талабымен өтелетінін растайтын шотта фактураға тиісті жазу жазылу жолымен хабардар
етіледі.
Қазақстанда факторинг операцияларымен банктер, шарттық және ақылы негізде
тауарлар және қызмет көрсету үшін есеп-қисаптарды тезірек аяқтаумен байланысты несие-есеп
айырысу операцияларын жүзеге асырып, 1988-1989 жылдары айналыса бастады. КСРО
Мемлекеттік банкінің келді 1989 жылғы 12 желтоқсандағы «Жабдықтаушылардың банкке
жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлем талаптары
бойынша төлем алуға құқықты беру бойынша операцияларды жүзеге асырудың тәртібі туралы»
нұсқаулық хаты құқықтық негіз болады. Факторинг үшін ақы төлеу сатып алушыға қатысты
құжаттар картотекаға енгізілсе төлемдер кезінде жасалмайтын кездері несие қаражатының
сомасымен және оларды пайдалану мерзімдерімен және тұрақсыздық айыппұлмен анықталады.
Факторинг ерекшелігі сол: ол тек қана мәміленің негізінде іске асады; қаржыландыру талап
құқығымен; мәміленің ақылы болуы; ақшалай және кәсіпкерлік сипаты ғана бар және
болашақта талап құқығы мүмкіншілігі болады. Сондықтан факторинг міндеттемелердің дербес
түрі болып табылады.
Факторинг қызметінің мақсаты – төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік
келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.
Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес
фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.
Факторинг операцияларына үш тарап қатысады:
Факторингтік компания - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын
арнайы мекеме.
Клиент (тауарларды жабдықтаушы, несие беруші) – факторинг компаниялармен
келісім-шарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
Кәспорын (қарыз алушы) – тауарларды сатып алушы фирма. Факторинг мәмілесін
жүзеге асырудан бұрын талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң
факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық
және қаржылық жағдайын зерттейді.
Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізінде факторинг туралы келісім-шарт
жатады. Онда факторинг операцияларының мынадай жасалу шарттары көзделеді: төлем
талабының мәліметтері факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу
сыйақысының мөлшері, факторинг келісім-шартын бұзу және тараптардың ойлары бойынша
басқа да шарттар.
Факторингтің 2 түрі болады:
- Ауқымды (конвенционды);
- Шектеулі (конфиденциалды).
Қазіргі жағдайда бұл – бухгалтерлік есеп жабдықтаулар және сатып алушылармен есеп
айырысу, несиені сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет
көрсетушіліктің әмбебап жүйесін сипаттайды.
Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг
бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу
және т.б.
Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 ж халықаралық факторинг
туралы кез келген келісім-шарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:
Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік жағынан
өңдеу;
Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;
Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан
қорғау.
Факторинг операциялары банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол
үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуы тиіс.
Факторингтік операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:
- Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттері бойынша;
- Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша;
- Банктердің несиеден алынып тастаған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған
кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;
- Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімшелердің міндеттемелері бойынша;
Факторингтің ашық және жабық түрлері болады.__
