Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
касипкерлик емтиханкатя.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆

9)Бизнесті жоспарлаудағы негізгі қателіктер және оларды жою жолдары

Бизнес-жоспар – ол бизнесті ұйымдастыру мүмкіндігін сипаттайтын және

менеджерлердің кәсіпорынды қандай түрде ұйымдастыруды ойластырып жатқанын анықтайтын

құжат.

Толық бизнес-жоспардың көлемі үлкен болады, бірақ көбінесе егжей-тегжейлірек

жоспарларды әзірлеу үшін бастапқы нұсқалар ретіндегі мини-бизнес-жоспарлар да

пайдаланылады. Бизнес-жоспар – ол өнімге қарағанда, көп дәрежеде үдеріс, әрі бизнесті

жоспарлаудың нәтижелері өзгеріссіз де емес, сондықтан фирма қызметінің бастапқы

белгіленген нәтижелерден ауытқуы орын алған жағдайда, міндетті түрде бизнес-жоспарды

түзету қажеттілігі болады.

Бизнес-жоспарды әзірлеуге ықпал ететін негізгі факторларды қарастырайық,олар:

Бизнестің күрделілігі. Шағын шаруа қожалығының бизнес жоспары шығарылатын

өнімінің көлемі үлкен, құрал-жабдықтары да, есеп-қисаптары да күрделі ірі кәсіпорынның

бизнес жоспарынан айтарлықтай дәрежеде өзгеше болады.

Бәсеке деңгейі. Егер кәсіпорын қиын бәсекелестік жағдайда жұмыс істесе, бәсекелестер

тарапынан қатты қысым сезінбейтін кәсіпорындармен салыстырғанда, ол бизнес-жоспар

әзірлеген кезде ұқыптырақ және мұқияттырақ болуға тиіс.

Айқынсыздық деңгейі. Кейбір кәсіпорындар жылдам өзгеретін, тұрақсыз ортада жұмыс

істейтіндіктен, бұл жоспарлау үдерісін қиындатады, ал керісінше, орнықты жағдайларда

жұмыс істейтін кәсіпорындарға келешектегі қызметін болжау айтарлықтай оңай.

Кәсіпкер және оның менеджерлер командасы. Бизнес-жоспар кәсіпкер мен оның

командасының бизнес ішінде де, сыртқы ортада да күрделі қарым-қатынастарды аңдау

қабілеттеріне және кәсіпорынның стратегиясы мен тактикасын дұрыс тұжырымдай білетініне

байланысты.

Бизнес-жоспар өндіріс пен қызметтер көлемдерін арттыру үшін капитал келтіру

мақсатында инвесторлар іздестірген кезде міндетті болып саналады.

Жоспарлау барысында кәсіпорынның тап болуы мүмкін кейбір қиындықтарды

қарастырайық. Технологиясы жылдам өзгеретін салаларда жаңа бәсекелестер пайда болғанда,

нарықтық орта өзгергенде, бизнес-жоспар басылымға шықпай жатып ескіретін жағдайлар

болуы мүмкін. Сондықтан ортаның өзгергіштігінің бизнесті тиімді жоспарлау жолындағы

маңызды факторға айналуы ғажап емес.

Екінші себеп елдегі жалпыэкономикалық және саяси ахуал болуы мүмкін: дағдарыс,

қоғамдағы басқа да түбегейлі өзгерістер жобалардың іс жүзінде асырылуын мүмкін емес ете

алады. Айқынсыздық және алдын ала болжай алмау жағдайында қандай да бір міндеттемелер

алу қиын. Ақырында, қуат мәселесі әсіресе жаңадан құрылып жатқан, кәсіпорынның

қалыптасуының алғашқы күндері мен айлары олар үшін аса маңызды болып саналатын

кәсіпорындарға аса қиын факторға айналуы мүмкін.

Бұл жағдайда уақыттың нақ осы кезеңдерін егжей-тегжейлі зерттеу талап етіледі, әрі

кейінгі жылдарды соншалықты айқын жоспарламауға да болады. Бизнес-жоспарларды әзірлеу

барысында жиірек жол берілетін негізгі қателіктерді және оларды жоюға мүмкін болатын

жолдарын қарастырайық (кесте 1).

Бизнес-жоспар әзірлеген кезде ұсынылатын және ұсынылмайтын іс-әрекеттер деп екі

топқа бөлуге болатын ұсыныстарды басшылыққа лау қажет. Алдымен тиімділіг жоғары бизнес-

жоспарға қойылатын талаптарды қарастырайық.

- бизнес-жоспар қисынды, байланысты, толық, оқуға ыңғайлы және мүмкіндігінше қысқа

болуға тиіс;

- бизнес-жоспар инвесторды қызықтыруға және оның назарын аударуға тиіс, сондықтан

меншікті капиталдың үлесі қандай болатынын және инвестор өз капиталын салу нәтижесінде

қанша үлес алатынын айқын белгілеу керек.

Бизнес-жоспарда бизнесті қаржыландырудың бірнеше балама көздерінің көрсетілгені

дұрыс. Өз инвесторларының, олардың қандай талаптары бар екенін, не ұнайтынын, не ұнамауы

мүмкін екенін жақсы білу керек және жоспарды олардың қалауларына сай құру қажет:

- сыртқы сарапшылардан, тұтынушылардан кәсіпорынның, тіпті ол біраз уақыт алса да,

бизнес-жоспар жазуды кейінге қалдыруға тура келсе де, оң ақша ағынын тудыра алатыны

туралы растау алу қажет. Ондай растауды алу бизнес-жоспардың құндылығын және

нақтылығын айтарлықтай көтеруге мүмкіндік береді.

- бизнес-жоспар жасау барысында оны әзірлеуге менеджерлердің барша командасының

қатысқаны аса маңызды. Сонымен қатар іске асыру барысында бизнес-жоспар қашанда

талқылау үшін ашық болуға тиіс.

Енді бизнес-жоспар жасаған кезде ненің ұсынылмайтынын қарастырайық:

- команда мүшелерінің қатарында қазіргі уақытта басқа фирмаларда жұмыс істейтін және

кейіннен келіп қосылуды жоспарлайтын адамдарды көрсетуге болмайды;

- күмәнді, негізсіз және айқын емес, мысалы, сатылымдар көлемін бағалау команданың

жорамалына құрылған мағлұматтарды айтуға болмайды;

- техникалық өнімдерді немесе өндіріс үдерісін осы саладағы мамандарға ғана түсінікті

терминдерде сипаттауға болмайды, өйткені ол бизнес-жоспардың тартымдылығын төмендетеді.

Мысалы, инвестор өзі түсінбейтін нәрсеге қаражатын салмайтын болады. Тиісті саланың маманы емес адамға мәселенің мәнін жай сөздермен түсіндіре алмайтын команданың

біліктілігіне күмән келтіру жиі кездеседі;

- асыра боямалы брошюраларға, слайдтарға, дабыра таныстыруларға әуестенудің керегі

жоқ – барлығы да табиғи көрінуге тиіс;

- бизнес-жоспарды әзірлеуді тым ұзақ мерзімге созып жіберуге болмайды, ол уақытта

мүмкіндігінше бизнесті ұйымдастыруды және іске қосуды бастап кету керек.

Бизнесті тиімді жоспарлау – ол уақтылы, іс жүзіндегі тәжірибені, белгілі бір

міндеттемелер мен күш-жігерді қажет ететін қиын үдеріс. Тиімді жоспарлау, ең алдымен, іс-

әрекеттерге емес, мақсаттарға бағдарлануға тиіс. Нақты іс-әрекеттер белгіленген мақсаттарға

жету үшін кейін жоспарланады. Мақсаттар төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:

- нақтылық және егжей-тегжейлілік;

- санмен өлшеу мүмкіндігі;

- мерзімдір бойынша үйлестік;

- шынайылық және қолжетімділік;

- жаңа жағдайларға бейімделу мүмкіндігі.__