- •1)Кәсіпкерлік:экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері
- •2)Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •4)Делдалдық кәсіпкерліктің түрлері
- •5)Құнды қағаздар түрлері
- •6)Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнесті жоспарлау
- •9)Бизнесті жоспарлаудағы негізгі қателіктер және оларды жою жолдары
- •10)Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
- •11)Кәсіпкерлік тәуекелдер:түсінігі,түтүрлері,жіктелуі
- •13)Кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару
- •16) Қаржылық ресурстарды жоспарлау
- •17) Кәсіпорынның қаржысын басқару жүйесі
- •18)Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар
- •20) Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы, Кәсіпорында салық салу жүйесі
- •22) Негізгі капиталдың тозуы Амортизация
- •23) Айналым капиталы оның құрамы және құрылымы
- •Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі[өңдеу]
- •28.Кәсіпкерлік ызметтің тиімділігін бағалау қағидалары және әдістері
- •37.Кәсіпкерлік қызмет инфрақұрылымының институттары. Шағын бизнес орталықтарының құрылуы мен қалыптасуы.
- •39.Мемлекеттің экономикаға араласуының қолайлы және қолайсыз жақтары
- •51. Кәсіпкерлік құпияның мәні.
- •52. Кәсіпкерлік құпияны қорғау жүйесі
- •53. Инновациялық өнімді коммерцилизациялау процесі
- •54. Инновациялық кәсіпкерлік және оның мәні
- •55. Инновациялық өнім түсінігі және инновациялық кәсіпорындар
- •56. Жаңалыққа патент алу шарттары
- •60. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру
- •61. Кәсіпкерлік қызметтегі әріптестік байланыстар
- •62. Кәсіпкерлік мәмілелер және түрлері
- •64)Кәсіпкерліктегі делдалдардың рөлі
- •67) Кәсіпкерлік қызметпен байланысты құқық бұзушылықтардың ішінен жиі кездесетін әкімшілік құқық бұзушылықтарға мыналар жатады:
16) Қаржылық ресурстарды жоспарлау
Қаржылық жоспарлау - бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы
басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың
құрамды бөлігі. Ол экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық
шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің
жоғарғы қарқының қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық
жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай
элементтеріне ақшамен қауыштырылған бөлудің қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал
жасауына ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігіне байланысты ақшалай нысанда
жүзеге асырылады.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны экономикалық субъектілердің ақшалай табыстар мен
қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық үдерістермен оңтайландырудың
күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған
және орталықтандырылмаған ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлаудың объекті шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің
қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен қаржыландырудың дара
жоспарларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын
жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен
шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.
Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржылық саясатпен айқындалады. Бұл:
қаржылық ресурстарды қалыптастыру көздерін және олардың мөлшерін анықтау;
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар, ұлттық
шаруашылықтың салалары және әкімшілік-аумақтық бөлімшелер арасында қаражаттарды
бөлудің оңтайлы үйлесімдерін белгілеу;
ресурстарды пайдаланудың нақтылы бағыттарын анықтау және қажетті резервтер
жасау.
Қаржылық жоспар-бұл ағымдық және ұзақ мерзімге ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуын сипаттайтын жоспардың қорытынды құжаты.
Мақсаттары:Ең алдымен кәсіпорын өз қаражаттары есебінен кәсіпорынның өндірістік,әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету.
Сату көлемінің мөлшерін көбейту,пайданы арттыру
Төлем қабілеттілігін және өтімділігін қамтамасыз ету
Міндеті:Орта мепрзімді қаржылық перспевтивті болжау үшін.Ағымдық табыстар мен шығындарды анықтау үшін
Ерекшеліктері:1)Экспенсивтілігімен 2)Интенсивтілігімен 3)Тиімділігімен
Тәсілдері:
1)Автоматты-уақыт тапшылығы болған жағдщайда қолданылады 2)Статистикалық-шығындарды жинақтап алдымен жылдардың санына бөледі 3)Нөлдік базалы мүмкіндіктерімен байлыныстырады
17) Кәсіпорынның қаржысын басқару жүйесі
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы − бірыңғай қаржы жүйесінің
құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған
бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы
ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет
көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын
қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты − халықтың қажеттіліктерін,
өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы
бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып
табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде
қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және
материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының
сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі
шоғырладырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы
сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-
әрекетімен байланысты.
Басқару обьектісі-ақшалай түсімдер мен төлемдердің тұрақты ағымын сипаттайтын шаруашылық субьектінің ақшалай айналымы түріндегі қаржы ресурстары 1 қаржылық қызмет 2 қаржы менеджері 3 әдістері мен тәсілдері
Басқару субьектісі-пайданы алу мен тиімді пайдалану арққылы кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттігін арттыру мақсатында қаржы менеджметінің тактикасыв мен стратегиясын жасап шығаратын және жүзеге асыратын қаржы қызметі
