- •1)Кәсіпкерлік:экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері
- •2)Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •4)Делдалдық кәсіпкерліктің түрлері
- •5)Құнды қағаздар түрлері
- •6)Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнесті жоспарлау
- •9)Бизнесті жоспарлаудағы негізгі қателіктер және оларды жою жолдары
- •10)Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
- •11)Кәсіпкерлік тәуекелдер:түсінігі,түтүрлері,жіктелуі
- •13)Кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару
- •16) Қаржылық ресурстарды жоспарлау
- •17) Кәсіпорынның қаржысын басқару жүйесі
- •18)Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар
- •20) Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы, Кәсіпорында салық салу жүйесі
- •22) Негізгі капиталдың тозуы Амортизация
- •23) Айналым капиталы оның құрамы және құрылымы
- •Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі[өңдеу]
- •28.Кәсіпкерлік ызметтің тиімділігін бағалау қағидалары және әдістері
- •37.Кәсіпкерлік қызмет инфрақұрылымының институттары. Шағын бизнес орталықтарының құрылуы мен қалыптасуы.
- •39.Мемлекеттің экономикаға араласуының қолайлы және қолайсыз жақтары
- •51. Кәсіпкерлік құпияның мәні.
- •52. Кәсіпкерлік құпияны қорғау жүйесі
- •53. Инновациялық өнімді коммерцилизациялау процесі
- •54. Инновациялық кәсіпкерлік және оның мәні
- •55. Инновациялық өнім түсінігі және инновациялық кәсіпорындар
- •56. Жаңалыққа патент алу шарттары
- •60. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру
- •61. Кәсіпкерлік қызметтегі әріптестік байланыстар
- •62. Кәсіпкерлік мәмілелер және түрлері
- •64)Кәсіпкерліктегі делдалдардың рөлі
- •67) Кәсіпкерлік қызметпен байланысты құқық бұзушылықтардың ішінен жиі кездесетін әкімшілік құқық бұзушылықтарға мыналар жатады:
64)Кәсіпкерліктегі делдалдардың рөлі
Өндіруші мен тұтынушының мүдделерін қорғайтын, бірақ өнім өндіруші немесе тұтынушы болып табылмайтын заңды немесе жеке тұлғалар делдалдар деп аталады.
Делдалдық аясындағы кәсіпкерлік белсенділік ең қысқа мерзімдерде өндіруші мен тұтынушының экономикалық мүдделерін сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Өндіруші көзқарасы тұрғысынан, делдалдық оның жұмысының тиімділігін арттырады. Өйткені, тауарды тұтынушыға жеткізудегі қызмет функцияларын делдалға жүктей отырып, өнім өндіруші өз белсенділігін толығымен тек өндіріске жұмылдыруға мүмкіндік алады.
Тауарды бөлу каналы – бұл тауар қозғалысының өндірушіден тұтынушыға жеткізілу жолы. Бөлу каналдары тиімдірек болады, егер ол тікелей байланыстармен ғана шектелмейді, делдалды қосу негізінде жүргізілсе.
Делдалды пайдалану ең алдымен, оның қызметінің жоғары тиімділігімен анықталады. Оған тауар өндіруші көптеген жағдайда өзі қол жеткізе алмайды. Делдалды «өндіруші-тұтынушы» тізбегіне қосу арқылы тауардың барлық тұтынушылары үшін кеңейтілген қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, делдал өндіруші тауарын мақсатты нарықтарға жеткізуді тиімді түрде жүргізе алады.
Тұтынушы көзқарасы жағынан делдалдық – тауарды тиімді каналдар арқылы жеткізіп, оның қажеттіліктерін мүмкіндігінше тез және толығырақ қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Делдалдықтың ең кең таралған түрі агенттік болып табылады, яғни онда агент өндіруші мен тұтынушы арасында делдал ретінде шығатын қатынастар типі. Агент – бұл тауарды өндіруші немесе тұтынушы мүдделерін қанағаттандыру мақсатында іс-әрекет ететін тұлға. Агенттің мүдделерді қанағаттандырудағы іс-әрекет ететін тұлғасы принципал деп аталады.
Принципал ретінде агентке сатуды тапсыратын тауар иесі немесе агентке сатып алуды тапсыратын тауар тұтынушысы шығуы мүмкін. Осылайша, агенттің қатысуымен жүргізілетін делдалдық екі немесе үш субъектінің өзара қатынастарынан тұрады. Агенттер бірнеше түрге бөлінеді: өндірушілердің агенттері, өткізу бойынша құзыретті агенттер, сатып алу бойынша агенттер.
66) Кәсіпкерлердің жауапкершілігі – мемлекеттіңғ қызметкерлердің, тұтынушылардың, шаруашылық субъектілердің құқықтарын бұзуға, орындалмаған міндеттемелерді қалпына келтіруге бағытталған белгілі бір іс-әрекеттерді жасау қажеттілігі, міндеті
Кәсіпкерлер жауапкершілігінің түрлері
Азаматтық жауап-кершілік – қарас-тырылған міндеттер мен міндеттемелерді мүлдем орындамау немесе дұрыс орын-дамаудың азаматтық заңнамамен орнатыл-ған заңды салдары
Әкімшілік жауапкершілік – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында кәсіпкерлермен және кәсіпкерлік ұйымдардың лауазымды тұлғаларымен әкімшілік құқық бұзу-шылықты жасағаны үшін орнатылады
Қылмыстық жауап-кершілік – бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында, заңға қарама-қайшы іс-әрекеттерді жүзеге асыру кезінде пайда болатын кәсіпкер-лердің заңды жауапкер-шілік түрлерінің бірі
Тәртіптік жауапкер-шілік – еңбек тәртібін бұзғаны үшін бұзушылар-ға әсер ету түрі түрінде. Тәртіптік шаралардың келесідей түрлерін қолда-нады: ескерту, бұйрық шығару, жұмыстан босату
Материалдық жауапкершілік – қызметкердің заңға қайшы және кінәлі мінез-құлқы жағдайында зиян тигізгені үшін орнатылады. Материалдық жауапкершіліктің 2 түрі болады: шектеулі (орташа айлық жалақының 1/3 шегінде). Толық, дара немесе ұжымдық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт жасаған қызметкер үшін орнатылады
Моральдық жауап-кершілік – адам іс-әрекеттерінің моральдық норма-ларға сәйкес болу немесе болмауын, сонымен қатар өз қылықтарының нәтижелері мен салдарын сезінуі
