- •1)Кәсіпкерлік:экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері
- •2)Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •4)Делдалдық кәсіпкерліктің түрлері
- •5)Құнды қағаздар түрлері
- •6)Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнесті жоспарлау
- •9)Бизнесті жоспарлаудағы негізгі қателіктер және оларды жою жолдары
- •10)Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
- •11)Кәсіпкерлік тәуекелдер:түсінігі,түтүрлері,жіктелуі
- •13)Кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару
- •16) Қаржылық ресурстарды жоспарлау
- •17) Кәсіпорынның қаржысын басқару жүйесі
- •18)Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар
- •20) Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы, Кәсіпорында салық салу жүйесі
- •22) Негізгі капиталдың тозуы Амортизация
- •23) Айналым капиталы оның құрамы және құрылымы
- •Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі[өңдеу]
- •28.Кәсіпкерлік ызметтің тиімділігін бағалау қағидалары және әдістері
- •37.Кәсіпкерлік қызмет инфрақұрылымының институттары. Шағын бизнес орталықтарының құрылуы мен қалыптасуы.
- •39.Мемлекеттің экономикаға араласуының қолайлы және қолайсыз жақтары
- •51. Кәсіпкерлік құпияның мәні.
- •52. Кәсіпкерлік құпияны қорғау жүйесі
- •53. Инновациялық өнімді коммерцилизациялау процесі
- •54. Инновациялық кәсіпкерлік және оның мәні
- •55. Инновациялық өнім түсінігі және инновациялық кәсіпорындар
- •56. Жаңалыққа патент алу шарттары
- •60. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру
- •61. Кәсіпкерлік қызметтегі әріптестік байланыстар
- •62. Кәсіпкерлік мәмілелер және түрлері
- •64)Кәсіпкерліктегі делдалдардың рөлі
- •67) Кәсіпкерлік қызметпен байланысты құқық бұзушылықтардың ішінен жиі кездесетін әкімшілік құқық бұзушылықтарға мыналар жатады:
61. Кәсіпкерлік қызметтегі әріптестік байланыстар
Кәсіпкер өз қызметін нәтижелі түрде жүзеге асыра алатын, тиімді әріптестік байланыстарды қажет етеді. Сондықтан әрбір кәсіпкер өз қызметін ұйымдастыру және бизнес-жоспарды жасау барысында міндетті түрде қажетті және тиімді әріптестік байланыстарды орнату мүмкіндігін қарастырады. Осы жұмыстың аясында нарықтың қажетті инфрақұрылымын құрайтын, көптеген қызмет көрсететін ұйымдар бар, олардың көмегімен кәсіпкерлер іскерлік қарым-қатынастарды орнатып коммерциялық операцияларды жүргізе алады.
Әріптестік байланыстар негізінде кәсіпкерлер экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін әрбір жеке әріптес-кәсіпкермен өзара қарым-қатынастардың ең тиімді түрін таңдап алуы қажет. Бизнес аясында әріптестік байланыстар іскерлік жобаны жүзеге асыру бойынша кәсіпкерлік іс-әрекеттердің маңызды құраушы элементі ғана емес, кәсіпкерлердің коммерциялық қызмет нәтижесінде олардың белгілі бір деңгейде пайда табу мен бірнеше кәсіпкерлер арасындағы мәмілелік жұмыстардың тиімділігінің көрінісі де болып табылады.
Әріптестік байланыстардың келесідей түрлері болады:
тұрақты немесе ұзақ мерзімді;
қысқа мерзімді;
кездейсоқ келісімшарт.
Тұрақты немесе ұзақ мерзімді әріптестік байланыстар кәсіпкер нарыққа тауар шығару мен қызмет көрсетуді ұзақ мерзімге жоспарлаған кезде қолданылады. Байланыстың мұндай түрі жасалған келісімшартты қажеттілікке байланысты ұзарту жолымен жүзеге асырылады.
Қысқа мерзімді әріптестік байланыстар кәсіпкер тауардың тәжірибелік партиясын нарыққа әкеліп, оның жаңа тауарға деген сұранысын анықтау және өзара келісуші тараптар ретінде шығатын екі кәсіпкер де өзіне жүктелген міндеттерді орындау арқылы, бір-бірінің мүмкіндіктеріне сенімді болған жағдайларда қолданылады.
Кездейсоқ келісімшарттық әріптестік байланыстар кәсіпкерлер қызметінде әрқашан қосалқы рөл атқарады және қосымша пайда табудың қарапайым түрі болып табылады.
Кәсіпкерлік әріптестік байланыстар келісімшарттар, келісімдер, контрактілер, негізінде құрылады және қалыптасады. Олар әріптестердің құқықтары мен міндеттерін, шығындардың орнын толтыру мен пайданы үлестіру тәртібін, әріптестік қызметтің мерзімдерін, оны тоқтату шарттарын және т.б. реттейді. Әрбір кәсіпкер әріптестік байланыстардың ең тиімді түрін іздеуге мүдделі. Бұл тұрғыда жақсы нәтижеге, ынтымақтастықтың әр түрлі ұтымды нұсқаларын салыстыру, талдау арқылы жетуге болады (кесте-1).
Қойылған міндетке байланысты келтірілген жіктеме әрбір жеке әріптеспен өзара қарым-қатынастардың тиімді түрін таңдауға мүмкіндік береді.
Әріптестік қатынастар кәсіпкерлік қызмет аясында кәсіпкерге оның әріптестерімен, серіктестерімен ынтымақтастық орнату үшін міндеттері мен құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкердің мұндай құқықтары мен міндеттері, кәсіпкер мен оның әріптесі арасындағы жасалатын келісімшартпен бекітіледі.
62. Кәсіпкерлік мәмілелер және түрлері
. Экономиканың кез келген саласындағы кәсіпорындардың қызметі шаруашылық жүргізуші әріптестермен жүргізілген және тараптармен орындалатын мәмілелермен бекітіледі. Мәміле деп азаматтық құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған азаматтар мен заңды тұлғалардың іс-әрекеттері танылады. Мәмілелердің сипаттамаларын келесі кестелерден көруге болады (кесте-2).
Мәмілелер бір жақты, екі жақты және көп жақты болуы мүмкін. Бір жақты деп заңнамаға немесе тараптардың келісіміне сәйкес, тараптардың бірінің еркі қажетті және жеткілікті болатын мәміле танылады. Мәмілелердің соңғы екі түрі келісімшарттар болып табылады. Яғни оларды жүзеге асыру үшін екі тараптың, үш немесе одан да көп тараптардың еріктері қажет. Келісімшарт мәміленің бір түрі болып табылады және әрқашанда жазбаша түрде жасалады.
Бір жақты мәміле мәмілені жасаған тұлғаға міндеттемелер жүктейді. Бұл мәміле жағдайында заңнамалық актілермен немесе осы тұлғалармен жасалған келісім жағдайларында ғана басқа тұлғалар үшін міндеттер жүктей алады.
Бір жақты мәмілелерге сәйкесінше міндеттемелер мен келісімшарттар туралы жалпы ережелер қолданылады. Өйткені бұл жағдай мәміле заңнамасына, табиғатына және мәніне қарама-қайшы келмейді.
Егер тараптар өз құқықтары мен міндеттерін тоқтатудың болуы немесе болмауы белгісіз жағдайларды ескере отырып жасаған кезде мәміле кейінге қалдырған шартпен жасалды деп саналады. Сондықтан мәмілелік құқық пен міндет оны жасаған кезде емес, жағдайдың туындауына байланысты болады.
Мысалы, бір азамат екіншісіне жиһаз сатқанда, ол жаңа жиһаз сатып алғаннан кейін, сатып алушы меншік иесі болады деген мәмілеге енгізеді.
Келісім-шарт — жеке түлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат. Шарттың (келісім-шарттың) жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмүны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді. Шарт мынадай жағдайларда жасалады: 1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер: а) түрғын үйді сатып алу — сату туралы; о) түрғын үйді сыйға беру туралы; б) түрғын үйді ауыстыру туралы. 2. Жер учаскелері туралы мәмілелер: а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт; ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісім-шарт; б) жер учаскесін сатып алу — сату туралы келісім-шарт. 3. Көлік қүралдары жөніндегі мәмілелер: а) автомашинаны сатып алу — сату жөніндегі келісім-шарт; ә) автомашинаны залогқа беру жөніндегі келісім-шарт; б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісім-шарт. 4. Ақша қаражатын заемға алу — заемға беру жөніндегі мәмілелер: а) процент төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт; ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт.
Келісімшарт бір тарапқа екінші тараппен оферта (келісімшартты жасау туралы ұсыныс) және акцепті (осы ұсынысты қабылдау) жіберу арқылы жасалады.
Оферта – бұл бір немесе бірнеше тұлғаға келісімшарт жасауға жіберілген ұсынысы қабылданған жағдайда, ұсыныс жасаушының адресатпен келісім жасалғанын білдіретін шешім.
Акцепт – бұл оферта жіберілген тұлғаның оны қабылдау туралы жауабы. Акцепт толық және сөзсіз қабылдануы керек.
Офертада акцепт үшін мерзім көрсетілсе, егер акцепт офертаны жіберген тұлғамен, онда көрсетілген мерзімде алынса, келісімшарт жасалған болып саналады. Егерде тараптар келісілген түрде келісімшарт жасау туралы келісімге келсе, ол осындай түрде жасалған болып саналады. Келісімшартта оның жасалған жері көрсетілмегендіктен, келісімшарт кәсіпкердің тұрғылықты жерінде немесе офертаны жіберген коммерциялық ұйымда жасалды деп саналады. Егер басқаша көрсетілмесе, келісімшарт сауда жүргізу жолымен жасалуы мүмкін. Келісімшарт аукцион немесе конкурс түрінде де жасалады. Сауданы жүргізуді жеңіп алған тұлға, және сауданы ұйымдастырушы конкурсты немесе аукционды өткізу күні кезінде келісімшарт күші бар сауда нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды.
Келісімшартты өзгерту немесе бұзу Азаматтық кодекспен, заңнамалық актілермен немесе келісімшартпен қарастырылмаған жағдайда, тараптардың келісімі арқылы жүзеге асады.
Егерде тараптар өз құқықтары мен міндеттерін тоқтатуды белгілі бір жағдайдың туындауына байланысты жасаған кезде мәміле болдырмайтын шартпен жасалды деп саналады.
Мысалы, азамат өз саяжайын басқа біреуге жалға беру кезінде, оған әйелі шетелден ғылыми іс-сапардан келгенге дейін береді, ал ол келгеннен кейін, жалға алушының құқығы тоқтатылады.
Мәміленің абстрактілігі оның жарамдылық негізіне байланысты емес, яғни мәміле мақсатына байланысты болмайтындығын білдіреді.
Мақсатты байланыстық мәмілелер – мазмұнынан оның тараптары қандай мақсатты көздейтіндігі көрсетілетін мәмілелер. Каузальды мәміленің шынайлығы оның мақсатына байланысты қойылады. Мақсат заңды және қолжетімді болуы керек. каузальды мәміле абстрактілі мәміленің қарама-қайшы түрі болып табылады.
Мәміленің жарамдылық шарттары 1-суретте көрсетілген.
Мәміленің жазбаша түрі (келісімшарт) тараптармен қол қойылған бір құжатты құрастыру жолымен, сонымен қатар электронды, телефонды, телеграфты, почталық немесе басқа да байланыс құралымен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Мәміленің нотариалды куәландырылуы жазбаша түрде орындалған құжатқа, нотариалды іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы нотариустың немесе басқа лауазымды тұлғаның куәландырылатын қолының қойылуымен жүзеге асырылады. Мәмілелерді нотариалды куәландыру келесідей жағдайларда міндетті: заңда көрсетілген жағдайларда, заң бойынша аталған қызмет түрлері үш тараптардың келісімімен қарастырылған жағдайда. Заңға сәйкес жылжымайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуымен, басқа біреуге өтуімен немесе тоқтатылуымен және басқа да құқықтармен байланысты мәмілелер мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Жылжымайтын мүлікке жер учаскелері, жер астындағы байлықтар, су объектілері, ормандар, көп жылдық өсімдіктер, үйлер, ғимараттар және т.б. жатады.
