Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
касипкерлик емтиханкатя.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.83 Кб
Скачать

60. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру

Кәсіпкерлік әріптестік байланыстар келісімшарттар, келісімдер, контрактілер, негізінде құрылады және қалыптасады.

Келісімшарт кәсіпкерлік мәмілелерді жүзеге асыру заңдылығын қамтмасыз ететін жетекші механизм болып табылады. Кәсіпкерлердің барлық шаруашылық серіктестермен жасалатын келісімшарттары, кәсіпорындар қызметін реттеудің жетекші түрлерінің бірі болып табылады. Келісімшартты жасау барысында міндеттемелердің орындалу мерзімін, қамтамасыз ету түрін және орындалу орнын қарастыратын, келісімшарт мәнінен шығатын міндеттемелерді орындау туралы ережелер ерекше маңызға ие болады. Келісімшарт туралы жалпы сипаттама 3-ші суретте көрсетілген.

Келісімшарт тараптардың құқықтарын, міндеттемелері мен жауапкершіліктерін бекітетін заңды құжат. Егер келісім жасалғаннан кейін жаңа заң қабылданып, келісімшарт жасалған кезге қарағанда тараптар үшін басқа ережелер белгіленген болса, бұрыңғы келісімшарт өз күшін сақтап қалады. Әдетте, келісімшарт жасау тараптардың келісімі ретінде үш сатыдан тұрады: жасалуы, орындалуы және тоқтатылуы (сурет-4).

Келісімшарт – екі немесе бірнеше тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді орындау, өзгерту немесе бұзу

Келісімшарт бір тарапқа екінші тараппен оферта (келісімшартты жасау туралы ұсыныс) және акцепті (осы ұсынысты қабылдау) жіберу арқылы жасалады.

Оферта – бұл бір немесе бірнеше тұлғаға келісімшарт жасауға жіберілген ұсынысы қабылданған жағдайда, ұсыныс жасаушының адресатпен келісім жасалғанын білдіретін шешім.

Акцепт – бұл оферта жіберілген тұлғаның оны қабылдау туралы жауабы. Акцепт толық және сөзсіз қабылдануы керек.

Офертада акцепт үшін мерзім көрсетілсе, егер акцепт офертаны жіберген тұлғамен, онда көрсетілген мерзімде алынса, келісімшарт жасалған болып саналады. Егерде тараптар келісілген түрде келісімшарт жасау туралы келісімге келсе, ол осындай түрде жасалған болып саналады. Келісімшартта оның жасалған жері көрсетілмегендіктен, келісімшарт кәсіпкердің тұрғылықты жерінде немесе офертаны жіберген коммерциялық ұйымда жасалды деп саналады. Егер басқаша көрсетілмесе, келісімшарт сауда жүргізу жолымен жасалуы мүмкін. Келісімшарт аукцион немесе конкурс түрінде де жасалады. Сауданы жүргізуді жеңіп алған тұлға, және сауданы ұйымдастырушы конкурсты немесе аукционды өткізу күні кезінде келісімшарт күші бар сауда нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды.

Келісімшартты өзгерту немесе бұзу Азаматтық кодекспен, заңнамалық актілермен немесе келісімшартпен қарастырылмаған жағдайда, тараптардың келісімі арқылы жүзеге асады. Келісімшарт тараптарының бірінің талабы бойынша келісімшарт сот шешімі арқылы келесідей жағдайларда ғана өзгертіледі немесе тоқтатылады: келісімшартты бір тарап бұзған жағдайда, Азаматтық кодекспен, басқа да заңнамалық актілермен немесе келісімшартпен қарастырылған басқа да жағдайларда.

Егерде келісімшартты орындауға тараптардың біржақты бас тартуы болған жағдайда келісімшарт өзгертілген немесе бұзылған болып танылады. Келісімшартты өзгерту немесе бұзу туралы келісім заңнамамен, келісімшартпен, яғни келісімшарт түрінде жасалады. Келісімшартты өзгерту немесе бұзу туралы талап келісімшартты өзгертуге немесе бұзуға басқа тарап бас тарқан жағдайда, сотқа өтініш берілгеннен кейін немесе келісімшартпен немесе заңнамамен орнатылған мерзімде жауап ала алмағаннан кейін, ал ол болмаған жағдайда отыз күн ішінде қойыла алады.

Шаруашылық тәжірибеде алуан түрлі типтегі келісімшарттарды жасау қажеттілігі кездеседі және соларға сәйкес алуан түрлі келісімшарттық міндеттемелерді ұстануы тиіс. Келісімшарттардың түрлері 5-ші суретте көрсетілген.