- •1)Кәсіпкерлік:экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері
- •2)Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •4)Делдалдық кәсіпкерліктің түрлері
- •5)Құнды қағаздар түрлері
- •6)Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнесті жоспарлау
- •9)Бизнесті жоспарлаудағы негізгі қателіктер және оларды жою жолдары
- •10)Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
- •11)Кәсіпкерлік тәуекелдер:түсінігі,түтүрлері,жіктелуі
- •13)Кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару
- •16) Қаржылық ресурстарды жоспарлау
- •17) Кәсіпорынның қаржысын басқару жүйесі
- •18)Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар
- •20) Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы, Кәсіпорында салық салу жүйесі
- •22) Негізгі капиталдың тозуы Амортизация
- •23) Айналым капиталы оның құрамы және құрылымы
- •Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі[өңдеу]
- •28.Кәсіпкерлік ызметтің тиімділігін бағалау қағидалары және әдістері
- •37.Кәсіпкерлік қызмет инфрақұрылымының институттары. Шағын бизнес орталықтарының құрылуы мен қалыптасуы.
- •39.Мемлекеттің экономикаға араласуының қолайлы және қолайсыз жақтары
- •51. Кәсіпкерлік құпияның мәні.
- •52. Кәсіпкерлік құпияны қорғау жүйесі
- •53. Инновациялық өнімді коммерцилизациялау процесі
- •54. Инновациялық кәсіпкерлік және оның мәні
- •55. Инновациялық өнім түсінігі және инновациялық кәсіпорындар
- •56. Жаңалыққа патент алу шарттары
- •60. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру
- •61. Кәсіпкерлік қызметтегі әріптестік байланыстар
- •62. Кәсіпкерлік мәмілелер және түрлері
- •64)Кәсіпкерліктегі делдалдардың рөлі
- •67) Кәсіпкерлік қызметпен байланысты құқық бұзушылықтардың ішінен жиі кездесетін әкімшілік құқық бұзушылықтарға мыналар жатады:
56. Жаңалыққа патент алу шарттары
Патент алу дегеніміз - ашқан жаңалықты куәлендіріп, авторлығын бекітіп, жаңалыққа толық құқықты ететін құзыретті мемлекеттік ұйым берген құжат. Құжатты беріп отырған мемлекет аймағында жарамды болып есептеледі. Қазақстан Республикасы заңы бойынша патент алу үшін автор немесе ұйым уәкiлеттi патенттік мекемеге өтінім береді. Патентті беру Қазақстан Республикасы патенттік құқығының нормаларына сай жүреді.
Өтiнiм берiлген күннен бастап екi ай мерзiм өткен соң сараптама жасау ұйымы ол бойынша алдын ала сараптама жүргiзедi. Алдын ала сараптама жүргiзу барысында өтiнiмге басымдық берiлген күн белгiленедi, қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға белгiленген талаптардың орындалуы тексерiледi. Патент беруге жасалған өтiнiмге алдын ала сараптама екi ай мерзiмде жүргiзiледi.
Қажет болған жағдайда өтiнiш берушi өтiнiм берiлген күннен бастап екi ай iшiнде оған нақтылау, енгiзе алады.
Уәкiлеттi органның алдын ала жүргiзген сараптамасынан оң нәтиже алынған жағдайда өтiнiмдi одан әрi қарау туралы шешiм қабылданады. Өтiнiмнiң және алынған жетiстiк жайлы сауал-сұрақтарының көшiрмелерi мемлекеттiк комиссияға жiберiледi.
Егер алдын ала жүргiзiлген сараптамада өтiнiмнiң белгiленген талаптарға сай келмейтiндiгi анықталса, оны одан әрi қараудан бас тарту туралы шешiм қабылданады, ол туралы өтiнiш берушiге бiр ай мерзiмде хабарланады.
Егер формальды сараптама нәтижесі оң болса патенттік уәкiлеттi мекеме тапсырыс берушінің өтініші бойынша шын мәнінде сараптама жүргізеді. Осы сараптама нәтижесінде ашылған жаңалық патенттеуге жарамды болса оны патенттеу жайлы шешім шығарылады.
Өтiнiмдi одан әрi қараудан бас тарту туралы шешiмге өтiнiш берушi шешiмдi алған күннен бастап екi ай iшiнде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Шағым кеңесi қарсылықты ол келiп түскен күннен бастап екi ай мерзiмде қарауға тиiс. Шағым кеңесi шешiмiне өтiнiш берушi ол шешiмдi алған күннен бастап алты ай iшiнде сотқа шағымдануы мүмкiн.
Алдын ала жүргiзiлген сараптама нәтижесiнде оң шешiм шығарылған өтiнiмдер туралы мәлiметтер өтiнiм түскен күннен бастап 18 ай өткеннен кейiн бюллетеньде жарияланады. Өтiнiш берушiнiң тілегі бойынша сараптама жасау ұйымы өтiнiм материалдарын аталған мерзiмнен бұрын да жариялай алады.
Патенттеуге жарамдылық - өндірістік меншіктің патенттік құжатпен бекітілетін қабілетін анықтайтын нысанның заңды қасиеті, ол белгілі бір елдің аймағында, патент мерізімі біткенге дейін жарамды болады.
Патенттеуге жарамдылықтың үш белгісі бар:
Пайдалылығы: ашылған жаңалық пайдалы болу керек, яғни өндірістік қолдануға жарамды болғаны жөн.
Жаңашылдығы: ашылған жаңалық жаңа болу керек (техниканың бұрыннан белгілі деңгейінің бір бөлігі болмауы қажет).
Айғақ еместігі: ашылған жаңалықтың өнертабыс деңгейі болғаны дұрыс. Патент алушының рұқсатынсыз оның ашқан жаңалығы қолданылмайды. Тек патент алушы ғана ойлап тапқанын қолдануға рұқсат береді.
Ойлап тапқыш өнерпаз ала алатын патенттің келесідей түрлері бар:
Өндірістік нұсқаға патент - Қазақстан Республикасы патенттік мекемесінің патент иесінің өндірістік нұсқаға құқылы екенін көрсететін, құқықтық қорғалған құжаты. Патент оның иесінің алғашқылығын, авторлығын, өндірістік нұсқаны қолдануға толық иелігін көрсетеді.
Селлекциялық жетістіктерге патент - Қазақстан Республикасының «Селлекциялық жетістіктер жайлы» Заңына сай берілген, оның иесінің селлекциялық жетістіктерді қолдануына толық құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N90 Заңы селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы қызметтiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi, селекциялық жетiстiктердi жасауға, ашуға, шығаруға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүлiктiк, сондай-ақ олармен байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастарды реттейдi.
Пайдалы үлгіге берілген патент - пайдалы үлгінің алғашқы екенін көрсететін, авторлықты бекітетін, патенттік мекеменің тапсырыс беруші ұсынған үлгіге берген құқықтық қорғалған құжаты.
Патент иеленушiнiң құқықтары мен мiндеттерi:
Егер мұндай пайдалану басқа патент иеленушiлердiң құқықтарын бұзбайтын болса, патент иеленушiнiң селекциялық жетiстiктi пайдалануға айрықша құқығы болады. Селекциялық жетiстiкке қатысты мынадай iс-әрекетке патент иеленушiнiң рұқсаты керек:
өндiру немесе молайту (көбейту);
көбейту мақсаты үшiн ұрықты себетiндей деңгейге жеткiзу;
сатуға ұсыну;
сату немесе өткiзудiң өзге де түрлерi;
Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;
Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
жоғарыда аталған мақсаттар үшiн сақтау.
Патенттік ізденістің негізгі түрлері: пәндік, атаулы (немесе фирмалық), нөмірленген, үйлестік-патент. Патенттік ізденудің типін анықтау ізденістің тереңдігіне, уақыт шектеулігіне, жеке ізденушінің немесе мекеменің ізденушілік мүмкіндігіне байланысты болады.
Пәндік іздену - жиі қолданылатын әрі негізгі болып табылады. Ізденістің бұл түрінде алдымен патенттік жіктеу рубрикасын таңдаумен техникалық міндет (ізденіс пәні) тұжырымдалып, тақырыптық іздеу аймағы анықталады, белгілі уақыт аралығында іздестірілетін патенттік материалдар анықталып, талданады.
Атаулы (немесе фирмалық) іздену - өнертапқыштың есімі немесе фирманың аты белгілі болғанда жүргізіледі. Патенттік іздеудің бұл түрі пәндік ізденуді толықтырады. Нөмірлік іздену - құжаттың қорғаушы нөмірі белгілі болғанда, сол нөмір бойынша ашылған жаңалық, пайдалы үлгі, өндірістік нұсқа жайлы басқа мәліметтер алуға болатын жағдайда жүзеге асырылады.
Үйлестік-патентті іздену - бір өнертабысқа әр мемлекетте берілген патентті анықтау үшін жүргізіледі. Мұндай патенттік іздеу егер маманды қызықтырып отырған мәлімет сирек қолданылатын тілде (мысалы жапон тілінде) берілсе, патентпен танысу үшін оның басқа кең тараған тілдегі баламасын (аналогын) іздеу үшін қолданылады. Сонымен қатар мұндай патенттік іздену пәндік патенттік ізденуге қосымша ретінде қолданылады.
58. Лицензиялау
Лицензия дегеніміз қызметтің белгілі бір түрімен айналысу үшін немесе белгілі бір іс-әрекеттер жасау үшін азаматқа немесе заңды тұлғаға мемлекеттік құзырлы органның беретін рұқсаты.
Лицензиат деген кім? Қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға немесе белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензия алған Сіз лицензиат болып табыласыз.
Лицензиар деген кім? Лицензиар лицензия беруші мемлекеттік орган. Лицензиар лицензия шарттарының сақталуын анықтау үшін лицензиатты тексеруге құқылы.
Лицензиялар беру лицензияның осы түрi үшiн белгiленген талаптарға сай келетiн барлық адамдар үшiн бiрдей негiздер мен тең шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк кәсiпорындарға басым лицензиялар беру құқығына тыйым салынады, бұған заң актiлерiмен мемлекеттiк монополияға жатқызылған қызмет түрлерi кiрмейдi.
Лицензиялар иелiктен алынбайды, яғни, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, лицензиат оларды басқа жеке немесе заңды тұлғаларға бере алмайды.
Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша ажыратылады:
Субъектiлер бойынша:
Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына берiлетiндер;
шетелдiк заңды тұлғаларға, шетелдiк азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдар мен халықаралық ұйымдарға берiлетiндер.
Қызмет көлемi бойынша:
бас — қызметтiң белгiлi бiр түрiмен айналысуға, мерзiмiне шек қойылмай, егер олар бірыңғай технологиялық кешенге енетін болса, қызметтің бірнеше түріне бас лицензия беруге жол беріледі;
бiр жолғы — рұқсат етiлген көлем, салмақ немесе мөлшер (заттай немесе ақша түрiнде), сондай-ақ капиталдың қозғалысына байланысты, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) үшін 180 күннен артық мерзімге төлемді кейінге қалдыруды не аванстық төлемді көздейтін экспорт-импорттық мәмілелер бойынша жүргізілетін операциялар үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңдарында белгіленген мерзім шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операциясын жүргiзуге, Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген мерзім шегінде ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерімен айналысуға берiлетiндер.
операциялық — банк қызметiнде белгiлi бiр операциялар жасауға және валюталық заңдармен белгiленген валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар берiлетiндер.
Қолданылатын аумақтық аясы бойынша:
қолданылуы Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағымен шектелетiн;
Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылатын;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қолданылатындар.
Лицензиялардың берiлетiндерiнiң нысандарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Кәсiпкерлiк қызметтiң мынадай түрлерi үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн, ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын, арнайы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, оларды құрастыратын элементтер мен приборларды, сондай-ақ монтажды, ретке келтіруді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру және сату;
ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi барлық қызмет түрлерi, оның iшiнде ракета-ғарыш техникасын жасау, өндiру, пайдалану, жөндеу мен жетiлдiру, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жер үстi инфрақұрылымдары (полигон, командалық-өлшеу кешенi, стендiлiк база және басқалар) пайдалану;
байланыс саласында телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнінде қызметтер жасау және көрсету, жалпы республикалық магистральдық, халықаралық байланыс жолдарын жобалау, салу, байланыс желілері мен жолдарын техникалық пайдалану;
электр және жылу қуаттарын өндiру, беру және бөлу;
босаған әскери-техникалық құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және ұқсату;
жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өнеркәсiбi өндiрiстерiн, электр станцияларын электр желілері мен көмекші станцияларын, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын жобалау және пайдалану.
химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, кен-шахта металлургиялық жұмыстарын жобалау, дайындау, монтаждау және жөндеу;
тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектiлерге газ жүргiзу, жөндеу және құрылыс жұмыстары;
күзет, өрт белгiсiн беру құралдары мен өртке қарсы автоматиканы жобалау, монтаждау, ретке келтiру және техникалық күтiм жасау, өртке қарсы техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғану құралдарын өндіру;
жолаушылар лифтiлерiн монтаждау, жөндеу және оларға күтiм жасау;
рентген жабдығын, радиоактивтi заттар мен изотоптар пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру және сату.
Лицензиясын жоғалтқан жағдайда лицензиаттың дубликат алуға құқығы бар. Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша лицензиар лицензияның дубликатын беруді он жұмыс күнi ішінде орындайды. Бұл орайда лицензиат жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді.
Лицензияланатын қызмет түрiнің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгерiс лицензияланатын қызмет түрi шеңберiнде орындалатын операциялар мәнінің өзгеруiне әкеп соқпаса, лицензиат лицензияны қайта ресiмдеуге өтiнiш бередi. Лицензиардың нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген жағдайларда лицензиат лицензияны қайта ресiмдеген кезде лицензияланатын қызмет түрiмен байланысты қосымша құжаттарды беруге мiндеттi.
Лицензияның қолданылуы, тек мынадай жағдайларда:
лицензия берiлген мерзiм аяқталғанда;
лицензия берiлген ic-әрекет (операциялар) жасалып, толық көлемiнде жүзеге асырылғанда;
лицензия қайтарып алынғанда;
лицензиялар берудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес белгіленетін жағдайлардан басқа, азаматтық кәсіпкерлік қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлғаның бір түрінің заңды тұлғаның екінші бір түрі болып қайта құрылуын (ұйымдық-құқықтық нысаны өзгеруін) қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда;
лицензияны лицензиарға ерікті түрде қайтарғанда тоқтатылады. 59. Қазақстанда венчурлық фирмалардың қызметі
Венчурлық бизнес – тәуекелділік дәрежесі жоғары ғылыми-техникалық немесе технологиялық бизнес. Венчурлық бизнес іргелі және қолданбалы ғылымнан туындаған және экономикалық дамуда, ғылым мен өндірістің арасындағы буын қажеттілігі ретінде өмірге келді. Жоғары технологияның кластерлерін құру мис- сиясын венчурлық инновациялық бизнес те орындайды. Венчурлық бизнес өзінің жүйелі ядросымен, толқындық инновациялық үдерістің басты креативті бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан экономика- сы мен бизнесіне инвестиция тарту мәселесі маңызды болып отыр. Бүгінгі таңда ең ұтымды инвестициялық құрал ретінде венчурлық қаржыландыру қарастырылуда. Венчурлық инвестицияның дамуы Қазақстанның нновациялық ортасында экономикалық саясаттағы басымдылығы мол сауалдардың біріне айналып отыр. Айта кететін тағы бір жайт, бұл Қазақстандағы венчурлық бизнестегі ең үлкен мәселе – ел халқының біразы дерлік бөлігінің осы терминді кездестіру мүмкіндігінің аздығымен не екендігінен хабарсыз болуы. Венчурлық бизнестің дамуының келесі айшықты мәселесі, билік басындағылардың жоғары көзқарасы бо- лып табылады. Расында да сайыстарда бірқатар жобалардың ішінен ең жақсысы емес, қалтасы қалыңдары алып жатқандығы белгілі. Тіпті, осы мәселемен күрескісі келмейтін жандар мұны жа- нына да жолатпауға тырысады. «Тәуекелділік» кәсіпкерліктің үшінші мәселесіне сапалы жоба- лар мен ойлардың таяздығы жатады,бір жағынан ойлап қарасаң бұл мәселеден көбіне демеушінің және инвестордың жетіспеушілігін көруге бо- лады. Мұның өзі ешбір жанның өз қаражатын күдікті жобаға тәуекел ете алмайтындығын көрсетеді. Осы орайда, жобаға бөлінген қаражаттың қайта өндіре алмау қаупі бар. Баршамызға белгілі тендерді ұтып алған жағдайда адамдар көбіне қаражатты жобаға емес, басқаға салады. Бүгінгі таңда, венчурлық бизнес Қазақстанда құрылу фазасында болып отыр. Баршамызға белгілі венчурлық қаржыландыру – бұл тәуекелі өте жоғары инновациялық жобаларды қаржыландыру құралы. Бүкіл әлемде аталмыш бизнес, инновациялық қызметтің инвестициялауының ең тиімді әдісі болып табылады. 2004 жылы ҚР ұлттық инновациялық жүйесінің дамуы бағдарламасының қолдауымен, инновациялық қызметтің жүзеге асуымен және сәйкесінше инновациялық инфрақұрылымның құрылуына орай, елімізде арнайы құрылған ме- кемелер қатары қызмет етеді: технопарктер, биз- нес жетілдіргіштері, ұлттық инновациялық қор және венчурлық қор. Қазақстанда венчурлық инфрақұрылымның дамуы – Ұлттық инновациялық қордың басты мақсаттарының бірі. 2005 жылдан бастап, Ұлттық инновациялық қор 2015 жылға дейінгі өңделетін және ұлттық инновациялық жүйенің (ҰИЖ) құрылуы мен дамуы бағдарламасының негізгі операторы болып отыр. Қазақстан Республикасында ұлттық инновациялық қордың қатысуымен алғашқы венчурлық қорлар құрылған болатын. Қор жарғылық капиталда (49%-ға дейiн) инвестициялан- дыратын әрі жалпы соммасы 6 млн АҚШ дол- ларынан аспайтын компанияларды жобалық қаржыландыруға қатысады. Жарғылық капиталдың қалған бөлігі (51% және одан да көп бөлігі) жобаны жариялаушының өзімен не- месе инвестормен негізделеді. Республикада қазiргi уақытта отандық серiктестермен қатар алты венчурлық қор құрылған: «АИФРИ» АҚ, «Венчурлық қор»АҚ, «Сентрас»АҚ, «жоғарғы технологиялардың «Әрекет» қоры, «Адвант» АҚ, «Glotur Technology Fund АИФРИ» АҚ, «Logycom perspective innovations» АҚ, сонымен бiрге «Almaty venture capital» АҚ. Одан басқа, ҰИҚ бес халықаралық венчурлық қордың акционерi боп табылады: Wellington Partners III Technology Fund LP; «CASEF LLC: «Орталық – Азиялық шағын кәсiпкерлікті қолдау қоры»; Flagship Ventures Fund 2004 LP; Jaic-Mayban Asian Fund, Vertex III Fund LP[1]. Ұлттық Инновациялық Қоры 2005 жылдан бастап венчурлық инвестиция салудың Еуропалық қауымдастығына – EVCA және Сингапур қауымдастығына – SVCA мүшелік етті. Соны- мен қатар Ұлттық Инновациялық Қор ағымдағы 2007 жылдың алғашқы жартысында өз жұмысын бастайтын Қазақстанның венчурлық қорлар қауымдастығының құрылуына бастама жасады. Қауымдастықты құрудағы негізгі мақсаттары, ҚР венчурлық қаржыландыруды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, венчурлық бизнесті қаржыландырудың тетiктерiн өңдеу, отандық және шетелдiк капиталдардың қатысуымен венчурлық қаржыландыру жүйесін қалпына келтіру болып табылады. Венчурлық қорларды құру, инновациялық қызметке капиталдың бөлiндiсiн тартуға мүмкiндiк туғызу, олардың тәуекелдерін төмендету, инновацияның ком- мерциялануы саласында мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің өзара тиімді iс-әрекет тетігін қалыптастыруға негізделеді. Қазақстандық венчурлық қорлар арқылы құрылған инвестициялық саясаттың басты белгiлерiнiң бiрi ретінде кәсiпорынның технологиялық потенциалының ұзаруын, венчурлық жобаның экономикалық өнімділігін және тауарлар мен қызметтердегі сапаның артуы мен көлемінің көбеюін айта аламыз
