Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
касипкерлик емтиханкатя.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.83 Кб
Скачать

55. Инновациялық өнім түсінігі және инновациялық кәсіпорындар

Инновациялық  өнім – түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім. Мына бұйымдарды қамтиды:

жаңа (қайта енгізілген) - радикалдық өнімдік инновация;

жетілдірілген бұйымдар;

жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған бұйымдар - өзгеде инновациялық өнімдер.

Инновациялық  белсенді кәсіпорындар – кәсіпорынның инновациялық белсенділігінің деңгейі, яғни зерттелетін кәсіпорындардың жалпы санына қандай да бір инновациялық қызмет түрлерімен қамтылған инновациялық- белсенді кәсіпорындар сандарының қатынасы ретінде анықталады.

Ғылыми  зерттеулер мен әзірлемелер – ғылыми білімнің және оларды  тәжірибеде қолдануға жаңа салалар іздеу жиынын көбейту мақсатында жүйелілік негізде жүзеге асырылатын ғылыми қызмет.

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер құрамына іргелі, қолданбалы зерттеулер мен ғылыми – техникалық әзірлемелер кіреді.

Іргелі  зеттеулерге жаңа білімдерді пайдалануға байланысты қандай да бір нақты мақсат қоймай жаңа білім алуға бағытталған эксперементтік және теориялық зеттеулер жатады. Олардың нәтижесі – болжамдар, теориялар, әдістер және т.с.с. Іргелі зеттеулер алынған ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану мүмкіндіктерін ашу үшін қолданбалы зеттеулер жүргізу туралы ұсыныс берумен, ғылими жариялымдар, т.с.с. жасаумен аяқталуы мүмкін.

Қолданбалы  зеттеулер дегеніміз – нақты түпнұсқа міндеттерді шешу мақсатында жаңа білімдер алуға бағытталған жаңа маңызды жұмыстар. Қолданбалы зеттеулер іргелі зеттеулердің нәтижелерін пайдаланудың мүмкін болатын жолдарын, бұрын қалыптасқан проблемаларды шешудің жаңа әдстерін айтады.

Ғылыми  – техникалық әзірлемелерге бар білімге негізделген, зеттеулер мен практикалық тәжірибе нәтижесінде алынған және жаңа материалдарды, өнімдерді, процесстерді, құрылғыларды, қызмет көрсетуді, жүйелерді немесе әдістерді құруға бағытталған жүйелік жұмыстар жатады. Бұл жұмыстар сондай-ақ бар объектілерді елеулі жетілдіруге бағытталуы мүмкін.  

Инновациялық процестің интенсификациясына  бағытталған ұйымдастырушылық формалар ішінде маңыздысы венчурлік инжинирингтік фирмалар болып табылады. Инжинирингтік фирмалар – бұл ғылыми зерттеулер мен өңдеу арасындағы біріктіруші звено. Инжинирингтік қызмет өнеркәсіптік меншік объектілерімен, өндірістік процестің ұйымдастырылуымен қауіпсіздік пен үнемдеумен байланысты.

Инжинирингтік фирмалар мыналарды  жүзеге асырады:

коммерциялы конъюнктуралар мен инновациялық идеяны техникалық болжауға, жаңа техникалар, пайдалы модельдер, ойлап табуларды бағалауды;

жаңалықтардың өнеркәсіптік жүзеге асуын орындайды;

өңдеу объектілерін енгізу процесінде кеңес пен қызмет көрсету;

өнеркәсіптік кәсіпорындардың мақсаты бойынша сынау жұмыстарын жүргізу.

Инновациялық қызметтің дамуын  қолдайтын құрылымдар арасында  маңызды рөлді технопарктер алады. Олар шығатын инновациялық қызметте кіретін ресурстарды (негізгі және айналым қорлары, инвестициялар) қалыптастырады. Өсу деңгейіне байланысты технопарктік құрылымдардың күрделілігін келесі түрде қоюға болады: инкубаторлар, технологиялық парктер, технополистер, ғылым мен технологиялар аймағы.

Инкубатор инновациялық қызметтің кең тізімін өңдейтін күрделі көп функционалды кешен болып табылады, ережеге сәйкес ол бір  немесе бірнеше мекемені алады.  Инновациялық фирма өзінің 

технологиялық  профиліне тәуелді инкубатордан инновациялық фирманың қандай да бір жиынын жалға немесе сатып алады, оған міндетті түрде мекемені жалға алу кіреді. Клиент - фирманың инкубациялық кезеңі әдетте 2-3 жыл, бұл мерзімнің аяқталуына байланысты инновациялық фирма инкубаторды тастап, өз қызметін бастайды.  Технологиялық парк – күрделі функционалды құрылымы бар ғылыми-өндірістік территориалдық кешен болып табылады, ал аса маңызды орталықтарға мыналар: зерттеу орталықтары, инкубатор, ғылыми-технологиялық кешен (инновациялық орталық), өнеркәсіптік аймақ, маркетингтік орталық, оқыту орталығы және т.б жатады. Аталған орталықтардың әрқайсысы арнайы қызмет тобын өңдейді, мысалы зерттеу жұмыстарын жүргізумен немесе мамандарды қайта даярлаумен байланысты қызметтер. Технополис экономикасында маңызды рөлді технопарктер мен инкубаторлар алатын жеке қала негізінде құрылған ғылыми-өндірістік құрылымның тұтастығы болып табылады. Ғылыми орталықтарда жасалған жаңа тауарлар мен технологиялар қаланың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу үшін қолданылады.

Ғылым мен технология аймағының  шекаралары әкімшілік аймақ шекараларымен қиылысатын маңызды территорияны  қамтиды. Мұндай аймақ экономикасында үлкен рөлді технопарктік құрылымдармен  қолданылатын инновациялық қызмет  алады.  Ғылым мен технология аймағында ірі ғылыми мекемелер мен ғылыми сыйымды өнім өндірісіне бағытталған өнеркәсіптік кәсіпорындар қалыптасады. Бұл кешенге, сондай-ақ өндірістік және тұрмыс инфрақұрылымдары мен мәдени мекемелер және т.б кіреді.