- •1)Кәсіпкерлік:экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері
- •2)Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •4)Делдалдық кәсіпкерліктің түрлері
- •5)Құнды қағаздар түрлері
- •6)Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнесті жоспарлау
- •9)Бизнесті жоспарлаудағы негізгі қателіктер және оларды жою жолдары
- •10)Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
- •11)Кәсіпкерлік тәуекелдер:түсінігі,түтүрлері,жіктелуі
- •13)Кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару
- •16) Қаржылық ресурстарды жоспарлау
- •17) Кәсіпорынның қаржысын басқару жүйесі
- •18)Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар
- •20) Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы, Кәсіпорында салық салу жүйесі
- •22) Негізгі капиталдың тозуы Амортизация
- •23) Айналым капиталы оның құрамы және құрылымы
- •Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі[өңдеу]
- •28.Кәсіпкерлік ызметтің тиімділігін бағалау қағидалары және әдістері
- •37.Кәсіпкерлік қызмет инфрақұрылымының институттары. Шағын бизнес орталықтарының құрылуы мен қалыптасуы.
- •39.Мемлекеттің экономикаға араласуының қолайлы және қолайсыз жақтары
- •51. Кәсіпкерлік құпияның мәні.
- •52. Кәсіпкерлік құпияны қорғау жүйесі
- •53. Инновациялық өнімді коммерцилизациялау процесі
- •54. Инновациялық кәсіпкерлік және оның мәні
- •55. Инновациялық өнім түсінігі және инновациялық кәсіпорындар
- •56. Жаңалыққа патент алу шарттары
- •60. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру
- •61. Кәсіпкерлік қызметтегі әріптестік байланыстар
- •62. Кәсіпкерлік мәмілелер және түрлері
- •64)Кәсіпкерліктегі делдалдардың рөлі
- •67) Кәсіпкерлік қызметпен байланысты құқық бұзушылықтардың ішінен жиі кездесетін әкімшілік құқық бұзушылықтарға мыналар жатады:
54. Инновациялық кәсіпкерлік және оның мәні
Кәсіпкерлік шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Ал, жаңашылдық ең біріншіден жаңалықпен немесе инновациямен тығыз байланыстыруға болады.әсіпкерліктің инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады. Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік тәжірибедегі ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Инновация – жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Жаңалықты жасау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Инновация – жаңалықты енгізудің нәтижесі. “Жаңалық енгізу”- бұл жаңа техника мен технологияны меңгеру, басқару мен ұйымдастырудың жақсарған әдістері. Инновацияның негізгі мақсаты- өндіріс орындарының өнімділігін арттырып, мейілінше жұмыс сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін нығайту болып табылады.
Инновациялық кәсіпкерліктің қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады. Инновациялық кәсіпкерліктің қызметін әзірлеу бірнеше міндетті сатыдан құралады. Олар:
өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін қажетті материалды таңдау;
технологиялық процесті әзірлеу;
сынақтан өткізу;
ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді әзірлеу;
ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу;
қызметкерлеге жаңа әдісті меңгерту;
қажетті құжаттарды алу;
маркетингтік зерттеулерді жүргізу.
Инновациялық кәсіпкерлік – бұл ерекше жаңашыл процесс, жаңа нәрсенің пайда болуы, оның негізінде үнемі жаңа мүмкіндіктерді іздеу мен инновацияға негізделу. Инновациялық кәсіпкерлікті жандандыруда венчурлік, лизингттік және франчайзингілік бизнестерді қалыптастыру және дамыту бойынша механизмдерді жетілдірудің негізгі бағыттары болып табылады. Қазақстанның дамуының басты бағыттары – ең жақсы өмір стандарттарын ұсынатын, адамдардың өзіндік таланттары мен қабілеттерін жүзеге асыра алуға мүмкіндік беретін қоғам құру. Яғни инновациялық типті экономика құру. Ең алдымен инновация деген терминге тоқталып кететін болсақ, инновация бұл – жаңа немесе жетілдірілген өнім (жұмыс, қызмет) немесе технологиялар түрінде іске асырылған, практикалық қызметте пайдалану кезінде сапалық артықшылықтарға ие әрі экономикалық және қоғамдық пайдасы бар ғылыми-техникалық нәтиже. Инновациялық кәсіпкерлік қызмет субъектілері деп ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды, өнертапқыштарды, технологтарды, конструкторларды және экономиканың түрлі аймақтарына жаңашылдық жасап, оны енгізетін шығармашыл тұлғаларды жатқызамыз.
Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту процесі.
Инновациялық кәсіпкерлік қызметтің мақсаты:
жаңа идеяларды қолдану;
бастама көтеру және оларды бақылау;
инновациялық өнімді нарыққа шығару.
Инновациялық кәсіпкерліктің міндеттері:
индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыру үшін кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қаржыландыру;
мемлекет және жеке қаржылық мүмкіндіктерді бірлікте қолдау;
инновациялық тәуекелділік деігейін төмендетудің бағалау жүйесін құру;
кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіру үшін инфрақұрылымды қалыптастыруда мемлекет рөлін анықтау;
Инновациялық дамуы алғашқы кезекте нарықтық бәсекелестікті қарастырады. Нарық жағдайында өндірушілермен қызмет көрсетушілер өндірісте дағдарысты болдырмау мақсатында тауарды өткізудің жаңа нарықтық әдістерін іздестіру.
Инновациялық қызметті қаржыландыру көздері:
кәсіпорындардың өз қаржысы;
республикалық және жергілікті бюджет қаражатары;
инновациялық қорлар қаражаты;
мемлекеттік гранттар;
заңға қайшы емес қаржыландырудың басқа да көздері.
Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін кәсіпкерлік қызметті болжау мына әдістер бойынша қарастырылады:
Сараптық бағалау әдісі - болжаудың бұл әдісі арқылы болжау жасаған кезде туындайтын мәселелердің көбісі шешуге мүмкіндік береді. Сараптық болжауда бірнеше негізгі қадам бар. Сараптау тобы мақсатты болжауды әдістемелік жағынан дайындалуы қажет. Маманданған топ құрамына болжам жасауда кәсіби білім бар адамдар енуі керек.
Сценарий жасау әдісі - басқа шешімдер дайындаған кезде өзгерістердің барысын ең ықтималды жолын және қолданған шешімнің мүмкін нәтижелерін анықтауға мүмкіндік беретін сценарий әдісі кең қолданыс тапты. Сценарий әдісінің мәні - жоғары ықтималдықпен тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретін сценарий жасаудың технологиясы болып табылады.
Математикалық әдіс - бұл әдіс факторлардың көптігіне байланысты туындаған күрделі экономикалық құбылыстарды зерттеуде қолданылады. Бұл әдісті К.Маркс өте шебер іскерлікпен қолданған. К.Маркстің сөзімен айтқанда: математиканы қолданудың сәті түскенді ғана ғылымның кемеліне келетінін көрсетті.
Үлгілеу әдісі - инновациялық кәсіпкерлікті болжауда жиі қолданылатын әдістердің бірі.
Инновациялық кәсіпкерліктің дамуы көптеген факторларға тәуелді, оның ішінде экономика салаларында жұмыс істейтін, әсіресе экономикалық өсуді анықтайтын жұмыскерлердің ғылыми деңгейі мен санын бөлуге болады. Инновациялық кәсіпкерліктің қалыптасуы қабілетті халықтың білімінің деңгейі, инновациялық идеяны ұсынып қана қоймай, оны іс-жүзінде жүзеге асыра алатын ғылыми кадрларды «тартумен» айналысады, ол бұл елдерге аз шығынмен және жылдам темппен инновациялық кәсіпкерлік пен ғылыми-техникалық прогресстің дамуына мүмкіндік береді.
Экономиканың барлық саласындағы ғылыми-техникалық прогресс пен инновациялық кәсіпкерліктің дамуы заңды тұлғалардың болуымен – ғылыми-зерттеу ұйымдарының болуымен анықталады.
