Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
касипкерлик емтиханкатя.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.83 Кб
Скачать

39.Мемлекеттің экономикаға араласуының қолайлы және қолайсыз жақтары

Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады.1. Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мына жағдайларда: мемлекеттік қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс, экономикадағы қолайсыз жағдай: өндірістің төмендеуі, инфляция, жоғары дәрежедегі жұмыссыздық, құрылымдық баланстың бұзылуы, бюджеттің жетіспеуі, дүниежүзілік нарықта отандық өнімдердің бәсеке қабілеттігінің жоқтағы, инвестицияның төмендеуі т.б. қоршаған ортаның нашарлауы.Мемлекеттің байыпты міндеттері – уақытында қолайсыз жағдайлардың алдын-ала себептерін анықтау және оны болдырмау.2. Қолайлы жағдайлар. Бұл экономикаға, кәсіпкерлік іске қолайлы ықпал жасайтын адамдардың барлық іс сферасындағы жағымды құбылыстарды уақытында мемлекет қолдауы керек. Қолайсыз жағдайларды бағалау үшін мемлекет оны бағалайтын критериелерін білуі керек. Мысалы, қолайсыз жағдайлар: инфляция, жұмыссыздық соның салдарынан өндірістің төмендеуі. Мемлекет бұл жағдайларға араласуы үшін олардың критерияларын білуі керек.Жұмыссыздық – бұл нарықтық экономикаға тән элемент. 4-6% жұмыссыздық бұл табиғи жұмыссыздық, табиғи деңгеге жатады. Мемлекеттің араласуы табиғи деңгейдегі жұмыссыздық асқан жағдайда басталады, яғни циклдық жұмыссыздық өндірістің төмендеуімен байланысты.Сонымен жұмыссыздықпен күресу үшін оның критериясы табиғи жұмыссыздық деңгейіне келтіру.

40-45. Жеке кәсіпкерлікті дамыту және инвестицияларды тарту үшін қолайлы ортаны құру 1990 жылдардан бастап бұрынғы социалистік блоктың барлық елдерінің алдында тұрған міндет болып табылады.       ХХ ғасырдың соңы батыс елдерінде мемлекеттік реттеу жүйелерін қайта қарау және қолданыстағы тәсілдер мен пайдаланатын практикаларды дамытумен сипатталды. Ол кезде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға тиімді көшудің халықаралық тәжірибесі, сондай-ақ дамыған нарықтық экономикаларда реттеуші ортаны реформалаудың жалпыға ортақ практикасы болған жоқ.       Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу жүйесі жаңа нарықтық жағдайларда құрылды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жеке меншік қатынастарын, азаматтық қоғам мен кәсіпкерлік еркіндігін реттейтін құқықтық база дамыды. Мемлекеттік органдар проблемаларды олардың туындау шамасына қарай жаңа реттеуші құралдарды енгізе отырып шешті.       Осыған орай, рұқсат беру құралдарына басымдық берілді. Рұқсаттар әкімшілендіру тұрғысынан ең қарапайым құрал болып табылады, бірақ жоғары жемқорлық тәуекелдерге ұшырайды. Бұл ретте реттеу субъектілері ретіндегі кәсіпкерлер үшін рұқсаттарды енгізу нарыққа кіруде елеулі кедергіге айналады. Ал күрделі және кейде орындалмайтын талаптар болған жағдайда, мұндай кедергіні шағын бизнес еңсере алмайды.       Кәсіпкерлік қызметті реттеуді ықтиярлы енгізуді шектеу қажеттілігін түсіне отырып, мемлекет мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыруға бағытталған реформалар жүргізді.       2006 жылы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда мемлекеттік органдар жанынан сараптамалық кеңестер құру көзделген. Нәтижесінде бизнестің орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар жанында құрылған сараптамалық кеңестер арқылы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға мүмкіндігі бар.       Сонымен бірге, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдау қағидалары, мөлшерлікті айқындау критерийлері және тағы басқалар көзделген.       2007 жылы «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда лицензияланатын қызмет түрлерінің толық тізбесі мен лицензиялаудың жаңа қағидалары бекітілді.       2011 жылы лицензиялар алу кезінде барлық мемлекеттік органдармен келісуге «жалғыз терезе» қағидаты енгізілді, «үнсіздік – келісу белгісі»барлық рұқсаттарға қолданылды. Сондай-ақ лицензияларды берудің бірегей мерзімі – 15 жұмыс күні, ұсынылған құжаттар жинағының түгелдігін тексеруге екі күндік мерзім белгіленді, құжаттарды міндетті нотариалды растау жойылды.       2012 жылы барлық лицензияларды беру электрондық форматқа ауыстырылды, азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей төнетін қауіппен байланысты емес, ақпараттық сипаттағы, жоғары қатерлерден қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейтін рұқсаттар үшін хабарламалық тәртіп енгізілді.       Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың маңызды реформасы 2011 жылы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын енгізу болып табылады, онда мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттары бекітілді.       Мемлекеттік органдардың норма шығару қызметінің ашықтығын, бизнестің нормативтік құқықтық актілерге еркін қолжетімділігін, сондай-ақ құқықтық білімді жоғарылату мақсатында бизнеске қойылатын міндетті талаптарды бекітетін мемлекеттік органдардың ведомстволық актілерінің деңгейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен заңдар деңгейіне дейін жоғарылатуды көздейтін түзетулер енгізілді. Көрсетілген норманы іске асыру үшін 251 нормативтік құқықтық акті Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары деңгейіне жоғарылатылды.       2012 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты оларға мемлекеттік тіркеу күнінен бастап үш жыл ішінде жоспарлы тексеру жүргізуге тыйым салынды.       Тұтастай алғанда, жүргізілген реформалар қорытындысы бақылаушы органдардың бизнеске қысымының азаюы болып табылады.       Бұдан басқа, соңғы жылдары кәсіпорынды ашу, салық салу, инвесторларды қорғау сияқты салаларда реформалар жүргізілді.       Соңғы уақытта Қазақстанда қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің реттеушілік ықпалын талдаудың жеке элементтері енгізілді. Осылайша, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу сапасын қамтамасыз ету, олардың реттелетін салаға және жемқорлық тәуекелдерді төмендетуге тигізетін әсерін бағалау үшін әзірленетін заңнамалық актілер жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау әдістемесі енгізілді, ол көп жағдайда реттеушілік ықпалды талдау моделіне негізделген. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің нормативтік құқықтық актілерді енгізуге байланысты шығындарын есептеу қажеттілігі көзделген. Қолданыстағынормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізудің тетігі бар. әсіпкерлік қызмет тек Қазақстан Республикасының заңдарымен ғана шектелуі мүмкін.       3. Мемлекеттік органдардың жекелеген кәсіпкерлік субъектілерінің артықшылықты жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауына тыйым салынады.  Кәсіпкерлік қызмет негізгі мынадай 4 кезеңнен тұрады:

Жаңа идеяны іздену мен бағалау – идея құндылығының өзектілігімен потенциалды зерттеу;

жана идея кәсіпкердің көз қарасы мен жеке сапаларына ықпал етуі. Кәсіпкердің жаңа өнімінің

бәсекелестердің өнімімен салыстырғанда басымдылығын бағалау.

Бизнес жоспарды құрастыру – бизнес жоспар нарық сегментін сипаттайды: өндірістік,

қаржылық, маркетингтік және басқа да жоспарлар жасайды.

Қажетті ресурстарды іздестіру: қаржылық, еңбек, өндірістік және басқа ресурстар көздерінің

тиімділігін қарастыру.

Қалыптастырылған кәсіпорынды басқару – бұл кезенде басқару стилі құрылымды

ұйымдастыру, жеңіске жету факторларын анықтау, кемшіліктерді анықтап олардың жою

жолдарын қарастыру және бақылау.

41. «Бизнес-инкубатор» - шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін бизнестің

түрлі салаларына қатысты, қажетті ақпараттармен және кеңестермен қамтамасыз ететін

бизнесті қолдау бағдарламасы болып табылады. Сондай-ақ «Бизнес-инкубатор» кәсіпкерлерге

қаржы жүйесі, басқару ісі және жаңа техника мен технологияларды енгізу шаралары секілді

бірқатар маңызды бағыттар бойынша жан-жақты қолдау көрсетеді. Осының негізінде, шағын

және орта бизнеспен енді-енді айналысып келе жатқан кәсіпорындар жұмыс тәжірибесін

жетілдіріп, нарықтағы орнын нығайтуға және сәттілікке жету жолында өз әлеуетін арттыруға

мүмкіндік алады. «Бизнес-инкубаторлардың» аясында жұмыс тиімділігі едәуір төмен

кәсіпорындар санын азайтып, олардың банкротқа ұшырау қаупін төмендетуге болады.

Осындай ШБО желісін құру бастамасын қолдай отырып бірқатар ескертпелер мен

толықтыруларды айтқымыз келеді. ШБО-тары ұсақ және орташа тауар өндірушілер тобының

құрылу үрдісіне мемлекет тарапынан ықпал етудің нақты құралы бола алады. Алайда барлық

орталықты бір қалыптан шыққандай ұқсастырып қою дұрыс болмас еді. Бұған басқа елдердің

тәжірибесімен танысу барысында көз жеткіздік. Әрбір нақты жағдай ерекше назар аударуды

қажет етеді. Әйтсе де әдістемелік нұсқаулар беру мен кері байланыстық жұмысты жолға қою

үшін зор маңызы бар.

Бүгінге дейін облыс орталықтарында құрылған ШБО-тары қаржыдан қиналуда,

бұл олардың орнығуына кедергі келтіруде. Кәсіпкерлікті қолдау қоры ұсынған ШБО-тарды

акционерлендіру жолы қажеттілік және қызмет етудің тиімді үлгісі секілді көрінеді. Солай

еткенде орталықтар бір жағынан -жергілікті жерлерде кәсіпкерлікті қолдау жөнінде

мемлекеттік саясатты жүргізуші, ал екінші жағынан - кәсіпкерлердің аймақтық проблемаларды

шешу үшін, мысалы, шағын индустрия саласында бірігуінің үлгісі бола алады.__

Бизнес-инкубаторлардың құрылу мақсаттары :

шағын кәсіпорындардың қалыптасып дамуына қолайлы жағдайлар жасау;

шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділігін көтеруге көмек көрсету;

шағын кәсіпорындардың санының өсуі, олардың тіршілік қабілетін жоғарылату ;

Бизнес-инкубаторлардың қызметтері:

шағын кәсіпкерлік субъектілерін конкурстық негізде тарту;

бизнес-инкубаторда орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін сүрыптау және олармен өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісім-шарттар жасасу ;

жаңа шағын кәсіпорындардың консалтингтік алып жүру ;

қаржылық құрылымдармен, халықаралық ұйымдармен, оның ішінде жобаларды тәуекелді қаржыландыру институттарымен қарым-қатынас жасау арқылы әлеуетті инвесторларды іздеу ;

ақпараттық және сарапшылық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету ;

табысты компаниялардағы стажировкаларды қоса алғанда оқу семинарларын, әр түрлі тақырыптардағы тренингтер, тәжірибе алмасу үшін форумдар ұйымдастыру ;

шағын кәсіпорындар үшін мамандарды іздеуде және жалдауда көмек көрсету ;

бизнес-инкубатордағы шағын кәсіпорындардың дамуы туралы ақпараттық-талдаулық базаны жасау .

42. жаңадан бастаған кәсіпкерлерге тиімді баға бойынша мекен-орын құру және жалға беру;

қаржы, материалдық және ақыл-ой ресурстарына жеңілдетілген шарттар негізінде қол жеткізуде шағын және орта бизнес нысандарына қолдау көрсету;

жаңадан бастаушы кәсіпорындардың дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына оқыту, кеңес және мағлұмат беру арқылы көмек көрсету;

инновациялық жобалардың ендірілуінде көмек көрсету.

2.б изнес — инкубаторлар бірнеше жаңа бастаушы орналасқан арнайы ғимараттарда орналасқан. Олар ғимарттар мен құрал – жабдықтарды бірігіп қолданып ғана қоймайды, сонымен бірге бизнес-инкубатор көрсететін барлық қызметтерге, бизнес кеңестерге қол жеткізе алады. Кейбір қызмет түрі, аренда құнына қосылған, көрсетілетін қызметтердің басқа түрлерінің бағасы төменірек.

Бизнес – инкубатордың негізгі ресурстарына келесілер жатады:

а) бизнес- инкубаторлар персоналы, соның ішінде кеңес берушілер;

б) құрал – жабдықтар, соның ішінде ұйымдастыру техникалары (көшірме машиналары, факс, компьютерлер т.б.);

в) бір жылға жалданатын ғимарттар мен жиһаздар;

Бизнес – инкубатордың басындағы тұлға – директор немесе атқарушы директор.

43.ш ағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы заңдар Қазақстан Республикасының  Конституциясына негiзделедi және  Азаматтық кодекстен , осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.       Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгендерден өзге ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

4-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың                негiзгi принциптерi Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:       Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;       шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi;       шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлер үшiн қол жеткiзерлiк болуы;       шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

5-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi                бағыттары    Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:       шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеу; <*>       шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн салық салудың, кеден бажын төлеудiң жеңiлдiктi режимiн қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық режимiн белгiлеу;       шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;       шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестермен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;       қаржы көздерiн анықтай отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын қабылдау;       өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып алуды орналастырған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар беру;       Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыру.       мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тексеру жүргізеді. <*>        Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26.  N 458 , 2002.07.10.  N 341 , 2003.10.13.  N 487 , 2004.12.20.  N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен. 

6-бап. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың                мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламалары 1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешені болып табылады.            2. Мүдделi мемлекеттiк органдар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар шағын кәсiпкерлiктi қолдауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламаларға жекелеген жобаларды енгiзу туралы дербес ұсыныс жасауға хақылы.       3. Қазақстан Республикасының Үкiметi шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк және салалық бағдарламаларын iске асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдында жыл қорытындысы бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен есеп берiп отырады.        Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26.  N 458 , 2002.07.10.  N 341 , 2004.12.20.  N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен. 

7-бап. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы                мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын iске                асыру    1. Қазақстан Республикасының шағын кәсiпкерлiктi қолдауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органы: <*>       шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестiрiп отырады;       шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, Үкiметке табыс етедi;       шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;       кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;       мемлекеттiк органдарды шағын кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты мәселелер жөнiнде аталған органдардың лауазымды адамдарын тыңдай отырып тексеруді жүзеге асырады;       мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол берген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметін хабардар етеді;       шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк, салалық бағдарламалар аясында осы қызметтi қаржыландыру арқылы шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қолдау мен дамытуды қамтамасыз етедi.           2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялармен бiрлесе отырып:       1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:       шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламаларын бекiтедi;       Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдардың шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы есептерiн тыңдайды;       2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдары:       шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың аймақтық бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады;       жергiлiктi жерлерде мемлекеттiк бағдарламаларды қамтамасыз етеді және олардың сапалы іске асырылуы мен орындалуына жауап береді; <*>       технопарктер желiсiн, лизингтiк орталықтарды, шағын инновациялық қызмет орталықтарын, венчурлiк фирмаларды және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мақсатында құрылатын басқа да инфрақұрылым объектiлерiн құру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi;       шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне ғимараттарды, құрылыстарды, өндiрiстiк үй-жайларды және коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiктi жеңiлдiкпен беру арқылы шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қолдау мен дамытуды қамтамасыз етедi;       Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыратын уәкілетті органына жергілікті жерлерде бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есептерді және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметімен байланысты өзге де ақпаратты табыс етеді.<*>       3. Табиғи монополия субъектiлерi саладағы бәсекенi дамыту стратегиясын қалыптастыру ерекшелiктерiн ескере отырып, өндiрiс саласына шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн интеграциялау мәселелерi көзделетiн бағдарламалар әзiрлейдi, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тиiмдiлiгi аз iрi өндiрiстердi бөлшектеудi жүзеге асырады.

44. 9-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк                қолдау шаралары 4. Өндiрiстiк қызметпен және кадрларды оқытумен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскелерiн беру (сату, жалға беру) олардың облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына жазбаша өтiнiшi бойынша жердi сатып алғаны немесе оны жалға алғаны үшiн сома төлей отырып, Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес жүргiзiледi.       5. Өндiрiстiк қызметпен және кадрларды оқытумен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi электр энергиясы, жылумен, сумен жабдықтау және канализация бойынша бiрiктiрiлетiн қуат үшiн ақы төлеуден босатылады.       6. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн екiншi деңгейдегi банктерде шоттар ашу ақы алынбай жүргiзiлуi мүмкiн.       7. Сауда-саттық (делдалдық) қызметiн қоспағанда, өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшiн мемлекеттік меншiктiң бiр жылдан астам пайдаланылмаған объектiлерi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiледi. <*>       8. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi шартта көзделген талаптарды орындаған жағдайда, өздерiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету салаларын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген объектiлерге меншiк құқығын шарт жасалған кезден бастап бiр жыл өткеннен кейiн тегiн алады. Бұл талаптар сауда-саттық (делдалдық) қызметiн жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылмайды. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалға алу немесе сенiмгерлiкпен басқару шартының талаптарын орындауын бақылауды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.       9. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне объектiлердiң меншiк иесi құқығының құжаттарын ресiмдеу заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледі.

46.Нарықтық экономика– еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.

Нарық экономикасының бірінші элементі

Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндіріушілер мем тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады — біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.

Нарық экономикасының екінші элемент

іНарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

Нарық экономикасының үшінші элементі

Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз.

Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады.

Екінші — осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды.

Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.

Нарықтық экономиканың мақсаттары: 1. жұмыспен толық қамтылу 2. экономикалық өсу 3. бағаның тұрақтылығы 4. экономикалық еркіндік 5. теңдік. 6. тиімділк.

Нарық экономикасының төртінші элементі

Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.

Нарық экономикасының бесінші элементі

Нарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінін, және пропордияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің — бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

47. Кәсіпкерлік құқық дегеніміз кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және тағы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кәсіпкерлік құқықтың пәні кәсіпкерлік іс-әрекет саласында қалыптасатын коғамдық қатынастар және сол қатынастармен тығыз байланыстағы коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды қамтиды. Бұл қатынастарды: а) кәсіпкерлік (кәсіпкер мен кәсіпкер арасындағы көлденең қатынастар) және коммерциялық емес (мемлекет пен кәсіпкер арасындағы тік қатынастар) қатынастар деп екі топтамаға бөлуге болады. Кәсіпкерлік құқықтың әдістері. Кәсіпкерлік қатынастарды реттеуде және кәсіпкерлік құқықтың субъектілерінің өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіншілік туғызатын келісім әдісі. Бұл әдістің мәні кәсіпкерлік құқықтың субъектілері бір-бірімен заңға сәйкес әрекеттер жасағанда ешкімнің күштеуінсіз, зорлауынсыз өз еріктерімен, өзара келісімге келу арқылы мәселелерін шешуге құқықтары мен бостандықтары бар. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу барысында міндетті тапсырма беру, белгілеу әдістері пайдаланылады. Бұндай қатынастардың барысында бір жақ (тарап) екінші бір тарапқа міндетті түрде орындалуға тиісті құқықтық кесімдер беруі мүмкін. Көп жағдайда бұндай қүқықтық кесімдер мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге беріліп жатады. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке не занды ұйым-ның кәсіпкерлік әрекетінің барысында қоршаған ортаға зиян келтірілетін болса, онда мемлекет сол келтірілген зиянды қайта қалпына келтіруді талап ете алады. Бұндай мемлекеттік құзыретгі органдар тарапынан берілген кесімдер кәсіпкерліктің субъектілері үшін орындалуға міндетті. Осындай әдістердің бірі тыйым салу әдісі. Оның мәні, егер де кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік іс-әрекетінің барысында крршаған ортаға қауіпті зиян келуі мүмкін болған жағдайда мемлекет оларға кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салуы мүмкін. Келесі әдістердің бірі кепілдеме, ұсыныс беру әдісі. Тараптар кәсіпкерлік қатынастардын барысында бір-біріне ұсыныс жасауға мүмкіншіліктері бар.

Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар мынандай қағидаттарга негізделеді: 1) кәсіпкерлік істің еркіндігі - кез келген ақыл-есі дұрыс, жасы толған адам заңнамаларда көрсетілген талаптарға сәйкес жағдайларда кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар;2) кәсіпкерлік іс барысында пайдаланылатын барлық меншік түрлері мен түрпішіндерінің құқықтық (заңдық) тендігі; 3) бәсеке еркіндігі және монополияны тежеу; 4) кәсіпкерлік істің негізгі мақсаты пайда табу;5) кәсіпкерлік іс барысындағы заңдылық; 6) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу.Кәсіпкерлік кұкыктың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады. Кәсіпкерлік құқықтың жалпы бөліміне: 1) кәсіпкерлік құкыққа кіріспе; 2) шет елдердің сауда құқығы; 3) кәсіпкерлік құқықтық қатынастар; 4) банкроттық; 5) республикалык және коммуналдық меншікті мемлекетсіздендіру, жекешелендіру; 6) кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу;7) кәсіпкерлік іс саласындағы құқық бұзушылық пен жауаптылық;8) кәсіпкерлік істің субъектілерінің мүддесін қорғау; 9) экономикалық қкауіпсіздіктің құқықтық салалары сияқты қатынастар жатады. Ерекше бөлімі: монополистік әрекетгі құқықтық реттеу; өнімдердің, қызмет көрсетудің сапасын құқыктық қамтамасыз ету; баға мен тарифтерді құқықтық реттеу; инвестицияландыру мен қаржыландыруды құқықтық реттеу; несие мен қарыз беруді құқықтық реттеу; есеп пен бақылауды құқықтық реттеу; сыртқы кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу; еркін экономиқалық аймақтарды қүқықтық реттеу сияқты қатынастарды қамтиды.Кәсіпкерлік құқықтың деректік негіздеріне (көздеріне) Конс­титуция, Конституциялық зандар, халықаралық шарттар мен келісімдер, зандар, Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің, жергілікті жердегі атқару және өкілетті органдарының актілері жатады.

Кәсіпкерлік құқықтың субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және аумақтық-әкімшілік бөлімдер жатады. Субъектілердің әрекет қабілеттілігімен құқық қабілеттілігі болуы шарт. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады.Азаматтар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда занды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалады және жеке кәсіпкер ретінде есепке алынады. Мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін: 1) жалданбалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайда-ланатын; 2) кәсіпкерлік қызметтен салық заңдарына сәйкес есептелген, Қазақстан Респбуликасының заң актілерінде жеке тұлғалар үшін белгіленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мелшерінен артық жиынтық жылдық табыс табатын жеке кәсіпкерлер міндеттімемлекеттік тіркеуге жатады. Занды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу жергілікті жердегі салык органдарында не ауылдық әкімшілікте жүргізіледі.Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде тіркеледі. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретіңце пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым занды тұлға бола алады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік коопера­тив нысандарында ғана құрылуы мүмкін. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.

Кәсіпкерлік дегеніміз меншік түрлеріне қарамастан, азамат­тар мен занды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік іс - мүліктік құқықтарды қоса алғандағы мүліктің жиынтығы, жеке кәсіпкер өз қызметін солардың негізінде және солар арқылы жүзеге асырады.

Кәсіпкерліктің жекеше және мемлекеттік кәсіпкерлік деген екі түрі бар. Жекеше кәсіпкерліктің бір түрі жеке кәсіпкерлік — азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес занды тұлғалардың (занды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе мемлекеттік емес занды тұлғалардын атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттік емес занды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.

Жеке кәсіпкерлік өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік деп екіге бөлінеді.

Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (не­месе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты дербес жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобы (жеке кәсіпкерлер) ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерліктің түрлеріне мыналар жатады: 1) ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асы­рылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі; 2) шаруа (фермерлік) шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырыла­тын отбасылық кәсіпкерлік; 3) кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.

Жай серіктестік бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) бойынша тараптар (жеке кәсіпкерлер) жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін бірлесіп іс-әрекет жасауға міндеттенеді.

48. Кәсіпкерлік құқық бұл белгілі бір мақсатқа бағытталған заң, жоба жағынан қолдап, қуатталған алдын-ала жүзеге асырылатын экономикалық құбылыстарды білетін тәуекелге бел буған іс-әрекет қимылдардың жиынтығын айтады.

Кәсіпкерлік құқықтың әдістері. Кәсіпкерлік қатынастарды реттеуде және кәсіпкерлік құқықтың субъектілерінің өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіншілік туғызатын келісім әдісі. Бұл әдістің мәні кәсіпкерлік құқықтың субъектілері бір-бірімен заңға әйкес әрекеттер жасағанда ешкімнің күштеуінсіз, зорлауынсыз өз еріктерімен, өзара келісімге келу арқылы мәселелерін шешуге құқықтары мен бостандықтары бар. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу барысында міндетті тапсырма беру, белгілеу әдістері пайдаланылады. Бұндай қатынастардың барысында бір жақ (тарап) екінші бір тарапқа міндетті түрде орындалуға тиісті құқықтық кесімдер беруі мүмкін. Көп жағдайда бұндай құқықтық кесімдер мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге беріліп жатады. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке не заңды ұйымның кәсіпкерлік әрекетінің барысында қоршаған ортаға зиян келтірілетін болса, онда мемлекет сол келтірілген зиянды қайта қалпына келтіруді талап ете алады. Бұндай мемлекеттік құзыретті органдар тарапынан берілген кесімдер кәсіпкерліктің субъектілері үшін орныдалуға міндетті. Осындай әдістердің бірі тыйым салу әдісі. Оның мәні, егер де кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік іс-әрекетінің барысында қоршаған ортаға қауіпті зиян келуі мүмкін болған жағдайда мемлекет оларға кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салу мүмкін. Келесі әдістердің бірі кепілдеме, ұсыныс беру әдісі. Тараптар кәсіпкерлік қатынастардың барысында бір-біріне ұсыныс жасауға мүмкіншіліктері бар.

49. Кәсіпкерлік құқық дегеніміз кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және тағы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кәсіпкерлік құқықтың пәні кәсіпкерлік іс-әрекет саласында қалыптасатын коғамдық қатынастар және сол қатынастармен тығыз байланыстағы коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды қамтиды. Бұл қатынастарды: а) кәсіпкерлік (кәсіпкер мен кәсіпкер арасындағы көлденең қатынастар) және коммерциялық емес (мемлекет пен кәсіпкер арасындағы тік қатынастар) қатынастар деп екі топтамаға бөлуге болады.

Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар мынандай қағидаттарга негізделеді: 1) кәсіпкерлік істің еркіндігі - кез келген ақыл-есі дұрыс, жасы толған адам заңнамаларда көрсетілген талаптарға сәйкес жағдайларда кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар;

кәсіпкерлік іс барысында пайдаланылатын барлық меншік түрлері мен түрпішіндерінің құқықтық (заңдық) тендігі; 3) бәсеке еркіндігі және монополияны тежеу; 4) кәсіпкерлік істің негізгі мақсаты пайда табу;

5) кәсіпкерлік іс барысындағы заңдылық; 6) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу.

Кәсіпкерлік кұкыктың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады. Кәсіпкерлік құқықтың жалпы бөліміне: 1) кәсіпкерлік құкыққа кіріспе; 2) шет елдердің сауда құқығы; 3) кәсіпкерлік құқықтық қатынастар; 4) банкроттық; 5) республикалык және коммуналдық меншікті мемлекетсіздендіру, жекешелендіру; 6) кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу;

7) кәсіпкерлік іс саласындағы құқық бұзушылық пен жауаптылық;

8) кәсіпкерлік істің субъектілерінің мүддесін қорғау; 9) экономикалық қкауіпсіздіктің құқықтық салалары сияқты қатынастар жатады. Ерекше бөлімі: монополистік әрекетгі құқықтық реттеу; өнімдердің, қызмет көрсетудің сапасын құқыктық қамтамасыз ету; баға мен тарифтерді құқықтық реттеу; инвестицияландыру мен қаржыландыруды құқықтық реттеу; несие мен қарыз беруді құқықтық реттеу; есеп пен бақылауды құқықтық реттеу; сыртқы кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу; еркін экономиқалық аймақтарды қүқықтық реттеу сияқты қатынастарды қамтиды.

Кәсіпкерлік құқықтың деректік негіздеріне (көздеріне) Конс­титуция, Конституциялық зандар, халықаралық шарттар мен келісімдер, зандар, Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің, жергілікті жердегі атқару және өкілетті органдарының актілері жатады.

Кәсіпкерлік құқықтың субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және аумақтық-әкімшілік бөлімдер жатады. Субъектілердің әрекет қабілеттілігімен құқық қабілеттілігі болуы шарт. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады.

Кәсіпкерлік дегеніміз меншік түрлеріне қарамастан, азамат­тар мен занды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік іс - мүліктік құқықтарды қоса алғандағы мүліктің жиынтығы, жеке кәсіпкер өз қызметін солардың негізінде және солар арқылы жүзеге асырады.

Кәсіпкерліктің жекеше және мемлекеттік кәсіпкерлік деген екі түрі бар. Жекеше кәсіпкерліктің бір түрі жеке кәсіпкерлік — азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес занды тұлғалардың (занды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе мемлекеттік емес занды тұлғалардын атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттік емес занды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.

Жеке кәсіпкерлік өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік деп екіге бөлінеді.

Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (не­месе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты дербес жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобы (жеке кәсіпкерлер) ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерліктің түрлеріне мыналар жатады: 1) ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асы­рылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі; 2) шаруа (фермерлік) шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырыла­тын отбасылық кәсіпкерлік; 3) кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.

Жай серіктестік бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) бойынша тараптар (жеке кәсіпкерлер) жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін бірлесіп іс-әрекет жасауға міндеттенеді.

50.2-бап. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк               туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.       2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.       3. Жеке кәсiпкерлiктiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыру ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.       4. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-бап. Жеке кәсiпкерлiктi құқықтық реттеу шектерi

1. Жеке кәсiпкерлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген негiздер бойынша ғана шектелуi мүмкiн.       2. Жеке кәсiпкерлiктi шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкiн.       3. Мемлекеттiк органдардың жекелеген жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң артықшылық жағдайын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауына тыйым салынады.     

4-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi               мақсаты мен принциптерi

1. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттiң мүдделерi мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.       2. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi:       жеке кәсiпкерлiк еркiндiгiнің кепiлдiгі (Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыруға рұқсат берілген) және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;       кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға барлық жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң теңдiгi;       жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепiлдiгi;       Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;       жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына сараптама жасауға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қатысуы;       жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қатысуы болып табылады.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.

Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.

Ал американдықтар ынтасы зор, шешімді, ұтымды ой пікірлерге бай әрбір адам өз кәсібін бастап, оны дамытуға мүмкіндігі мол мемлекетте тұратындығына қашан да сенімді болған. Іс жүзінде кәсіпкерлікке деген бұл сенім жеке кәсіппен шұғылданатын адамнан бастап ғаламдық конгломератқа дейінгі көптеген көріністерді қамтыды.

19-шы ғасырдың екінші жартысында бастау алып, 20-шы ғасырда жалғасуын тапқан бұл тенденция ақыраяғы үлкен өзгеріске және экономикалық әрекеттің күрделенуіне әкелді. Көптеген салаларда шағын кәсіпорындар  талғампаз және ауқатты халық қажет ететін тауарларды тиімді өндіруге мүмыкіндік берді қаржы табуда және өндіріс көлемін ұлғайтуда көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді. Осындай жағдайда көбінесе жүздеген тіпті мыңдаған жұмысшыларды жалдай алатын қазіргі заманғы корпорациялардың маңызы тұрақта түрде өсе түсті. Қазіргі кезде Америка экономикасында жекеменшік кәсіпорындардан бастап әлемдегі ірі корпорацияларға дейінгі кәсіпорындардың алуан түрлері бар.