Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
касипкерлик емтиханкатя.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.83 Кб
Скачать

22) Негізгі капиталдың тозуы Амортизация

Амортизация (латын. amortisatio — өтеу; франц. arnor- tir - бәсеңдету, жүмсарту) - Тозымпұл / Өтемпұл — жалпы ұлттық өнімді өндіру барысында тозған немесе пайдаланылған (тұтынылған) капиталдың көлемін бағалау; негізгі қорлардың тозуына қарай олардың құнын өндірілетін өнімге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бірте-бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу үдерісі. Тозымпұл аударымының сомасы тозымпұл нормаларына сәйкес өндіріс пен айналыс шығынына енгізіледі, негізгі қорлардың тозуы дәрежесін сипаттайды және олардың толық қалпына келтірілуі (ұдайы өндірілуі) үшін ақшалай өтемпұл қорын құрады. Тозымпұл бейматериалдық активтердің тозуын есептеу кезінде де есептеледі. Тозымпұл термині басқа мағыналарда да қолданылады: жеке адамның немесе ұйымның дүркіндік жарналар төлеу немесе міндеттемелерді сатып алу жолымен борышты бірте-бірте өтеуі; борышқорлық міндеттеменің ұрлануы, жоғалуы, т. б. себепті оны жарамсыз деп тану; машиналарда, құрылғыларда - машиналардың конструкцияларындағы арнаулы қондырғылардың (тербелістерді өшіргіштердің), оларды салмақтан қорғайтын құрылғылардың көмегімен соққының, серпудің күшін жұмсарту, бәсендету.

23) Айналым капиталы оның құрамы және құрылымы

Үздіксіз  өндірістік  үдерісті  қамтамасыз  ету  үшін  негізгі  өндірістік қорлармен  қатар  оған  заттармен  материалдық  ресурстар  қажет. Еңбек заттары  еңбек  құралдарымен  бірге   үдерісіне  қатысып, олардың  құны өндірілетін  өнімнің материялдық  негізін  жасап,  өнімнің  өзіндік  құнын құрайды.

Өндірістік  айналым  капиталдың заттық элементтерінің айналымдылығымен,  еңбек  үдерісімен   және  негізгі  өндірістік  қорлармен тығыз  байланыста  болады. Кәсіпорынның  айналым   қоры мен  айналым капиталы  түсінігін, оның  мәнін, қызметімен  құрамын   қарастырайық. Бұл түсініктер  барабар  ұғымдар  емес  екенін  естен  шығармау  керек. Айналым қоры  бұл  өндірістік  мүндетті, ал  өндірістің  өзіндік  құнының   негізгі бөлігі. Оның  негізгі  өндірістік  қорлардан  ерекшелігі  айналым  қоры  әрбір өндірістік   толығымен  тұтынылып, өзінің  құнын  өндірілген өнімге толығымен  өткізеді.

Айналым  қоры  өндірісте  пайдалануға  немесе белгі бір жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған  жартылай  өңделген  өнімдер, құрастырушы өнімдер, отын, ыдыс, ыдысқа  арналған материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар, қосалқы  бөлшектер  және  басқа  да  материалдар аяқталмаған өндіріс түрінде болады. Өнім бірлігіне жұмсалған шикізат, материалдар, отын мен энергия шығыны неғырлым аз болса, өнімді өндіруге және дайындауға жұмсалатын еңбек шығыны соғырлым үнемді әрі оның өзіндік құны арзан болады. Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық санат ретінде кең мағынаны береді. Ол айналым қоры  мен айналыс қорынан тұрады. Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылғандайын өнім, тауарлар, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айрысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде корінеді. Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі — ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз ету. Сонымен, айналым капиталы деп өндірістік айналым қоры мен айналыс қорына арналған кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын айтамыз.

Айналым капиталы дегеніміз — өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын ала бөлінген ақшалай қаражаттардың жиынтығы. Өндірістік айналым қорлары — бұл еңбек заттары (шикізат, негізі материалдар мен жартылай өнделген өнімдер, қосымша материалдар, отын, ыдыстар, қосалқы бөлшектер және т.б.) мен аяқталмаған өндіріс өнімдері. Өндірістік айналым қорлары өндіріске өзінің табиғи-заттық күйінде қатынасады да, өнім дайындау үдерісінде толығымен тұтынылып, өзінің құнын жасалатын өнімнің өзіндік құнына өткізеді. Өндірістік айналым қорлары құрамындағы өндірістік қаражаттардың мөлшерімен, ең алдымен өндірісі ұйымдастырудың техниакалық денгейімен және дайындалатынө өнімнің өндірістік цикілінің ұзақтығымен сипатталады. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін жеткілікті көлемдеайналым капиталының болуы қажетті алғышарт болып саналады. Демек айналым капиталы өндірістің үздіксіз жұмыс атқарауын қамтамасыз етеді. Ең бастысы, мына мәселені анықтауы қажет: кәсіпорын айналым қоры мен айналыс қорын мейлінше тиімді пайдалану үшін не істеу керек және өнімнің материал сыйымдылығын төмендетіп,айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдету үшін қандай шаралар қолданған жөн деген мәселеге қатты көңіл бөлу керек.

Кәсіпорынның іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт — қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым капиталы — бұл өндірістік айналым қорларын құру, айдалану және үздіксіз өндірістік роцестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні — ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

Айналым капиталы — бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.

Айналым капиталының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым капиталының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды.

Кәсіпорында айналым капиталының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы, өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.

Айналым капиталы 2 бөлімнен тұрады:

өндірістік айналым қорлары;

айналыс қорлары;

Кесте-1. Айналым капиталы

Айналым қорлары

Айналыс қорлары

өндірістік запастар

Аяқталмаған өнадіріс

Болашақ кезең шығындары

Қоймадағы дайын өнімдер

Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар

Есептеулердегі ақша құралдары

Ақша және т.б. қаражат айналымы

Нормаланған

Нормаланбаған


24.Салық: мәні, салық салу элементтері

Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір

мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.

Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі

арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын

экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық

жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір

бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының

белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын

көрсетеді.

«Салық»ұғымымен «салық жүйесі»ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын

салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы

органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды

Салық салу элементтері мыналар:

Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық

жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі

органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.

Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік.

Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген

жеке және заңды тұлғалар.

Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын

операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және

т.б.

Салық көзі – салық салынатын табыс.

Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.

Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді.

Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз,

өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады.

*Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және

пропорционалды.

Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес

ұдайы үдеп, өсіп отырады.

Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес,

азайып отырады.

Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты

бір процентпен тағайындалады.

Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.

Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық

төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын

минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.

Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт.

Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке

қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.

Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:

- салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;

- заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын

шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

- салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен

салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы

хабарлап отыру.

Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:

уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;

мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы

есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;

белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;

атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық,

төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген соммалар туралы ақпарат

беруге;

салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға.__

25.ҚР салықтың түрлері