- •1)Кәсіпкерлік:экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері
- •2)Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •4)Делдалдық кәсіпкерліктің түрлері
- •5)Құнды қағаздар түрлері
- •6)Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнесті жоспарлау
- •9)Бизнесті жоспарлаудағы негізгі қателіктер және оларды жою жолдары
- •10)Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
- •11)Кәсіпкерлік тәуекелдер:түсінігі,түтүрлері,жіктелуі
- •13)Кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару
- •16) Қаржылық ресурстарды жоспарлау
- •17) Кәсіпорынның қаржысын басқару жүйесі
- •18)Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар
- •20) Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы, Кәсіпорында салық салу жүйесі
- •22) Негізгі капиталдың тозуы Амортизация
- •23) Айналым капиталы оның құрамы және құрылымы
- •Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі[өңдеу]
- •28.Кәсіпкерлік ызметтің тиімділігін бағалау қағидалары және әдістері
- •37.Кәсіпкерлік қызмет инфрақұрылымының институттары. Шағын бизнес орталықтарының құрылуы мен қалыптасуы.
- •39.Мемлекеттің экономикаға араласуының қолайлы және қолайсыз жақтары
- •51. Кәсіпкерлік құпияның мәні.
- •52. Кәсіпкерлік құпияны қорғау жүйесі
- •53. Инновациялық өнімді коммерцилизациялау процесі
- •54. Инновациялық кәсіпкерлік және оның мәні
- •55. Инновациялық өнім түсінігі және инновациялық кәсіпорындар
- •56. Жаңалыққа патент алу шарттары
- •60. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру
- •61. Кәсіпкерлік қызметтегі әріптестік байланыстар
- •62. Кәсіпкерлік мәмілелер және түрлері
- •64)Кәсіпкерліктегі делдалдардың рөлі
- •67) Кәсіпкерлік қызметпен байланысты құқық бұзушылықтардың ішінен жиі кездесетін әкімшілік құқық бұзушылықтарға мыналар жатады:
1)Кәсіпкерлік:экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері
Кәсіпкерлік - осы инициативті шаруашылық қызметінің барлық қатысушылары пайда
табу мақсатында өзіндік және басқа да мүліктер есебінен тәуекелге баратын іс-әрекет.
Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі белгілерге мыналар жатады: өз еркіндік, өзін өзі
қаржыландыруы, инициативы, белсенді ізденіс, серпінділік (динамика), мобильдік
(жұмылдыру).
Кәсіпкерлік – жалпыға бірдей ортақ қызмет түрі. Кәсіпкер болып жұмыс істеу қабілеті
бар ҚР-ның кез келген азаматы бола алады. Кәсіпкерлік қызметтін негізгі басқа коммерциалық
емес құрылымдардан ерекшелігі болып табыс пен шығын арасындағы айырмашылық ретінде
пайда табу саналады. Кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторларға мыналар жатады:
өндіріс ресурстары;
өндірісті қалыптастыру мен дамыту;
кәсіпкерліктің өсімін нарыққа шығару тиімді коммерциялық байланыстарды қалыптастыру;
нәтижесінде пайда табу.
Кәсіпкерлік қызмет негізгі мынадай 4 кезеңнен тұрады:
Жаңа идеяны іздену мен бағалау – идея құндылығының өзектілігімен потенциалды зерттеу;
жана идея кәсіпкердің көз қарасы мен жеке сапаларына ықпал етуі. Кәсіпкердің жаңа өнімінің
бәсекелестердің өнімімен салыстырғанда басымдылығын бағалау.
Бизнес жоспарды құрастыру – бизнес жоспар нарық сегментін сипаттайды: өндірістік,
қаржылық, маркетингтік және басқа да жоспарлар жасайды.
Қажетті ресурстарды іздестіру: қаржылық, еңбек, өндірістік және басқа ресурстар көздерінің
тиімділігін қарастыру.
Қалыптастырылған кәсіпорынды басқару – бұл кезенде басқару стилі құрылымды
ұйымдастыру, жеңіске жету факторларын анықтау, кемшіліктерді анықтап олардың жою
жолдарын қарастыру және бақылау.
Кәсіпкерлік өз бастауын терең ғасырлардан алып жатыр. Алайда нарық атрибуты ретінде
ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.
А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық
тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған
және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын
қызметі. Тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілікпен және белсенді
ізденумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады.
Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерліктің субъектілері жеке тұлғалар, әртүрлі ассоциациялар, акционерлік
қоғамдар, кооперативтер және мемлекет. Кәсіпкерлік объектілеріне шаруашылық қызметтің
кез-келген түрі, коммерциялық, делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру
қызметтері, бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар жатады.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді:
Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтер, ақпараттар, рухани
құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Бұл кәсіпкерліктің негізін өндіріс процесі құрайды.
Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді сатып алу – сатумен
айналысатын қызмет түрі. Өнім өндірісімен айналыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып
алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шеңберінде
болса алыпсатарлыққа жатпайды.
Қаржылық кәсіпкерлік – сатып алу- сату обьектісі ақша, бағалы қағаздар, валюта
болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі.
Делдалдық кәсіпкерлік – бір келісімге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын
қызмет. Осындай қызмет көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі – сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын
сақтандыру жарнасын алып отыратын ұаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы.
Кәсіпкерлік қызмет әрқашан да жаңалықты іздеу, игерумен тығыз байланыста болуы
қажет. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және
инновациялық. Біріншісінің мәні бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар ресурстардан
максимальды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұмтылады. Екінші модель өзінде бар
ресурстарын ғана емес, сондай-ақ сыртқы ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне
бағытталады. Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесі
дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады.__
