Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sessia_2016-2017uch_god.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.34 Mб
Скачать

63.Созылмалы панкреатит. Этиопатогенезі. Қауіп факторы . Клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі.Дәрігерлік еңбек сараптамасы. Болжамы. Алдын алуы.

Анықтамасы

Созылмалы панкреатит – диффузды немесе сегментарлы фиброзбен қосарланған, функционалды жеткіліксіздік пен этиологиялық факторлардың əсері тоқтағаннан кейін үдеумен дамитын, фокальдық некрозбен мінезделетін ұйқы безіндегі қабынулық-деструктивті процессі.

Этиопатогенезі

Этиологиясына қарай СП бірінші және екінші ретті болып бөлінеді.

Бірінші ретті созылмалы панкреатит алкогольдік, алиментарлық, метаболизмдік, тұқым қуалайтын және идиопатиялық болып келеді.

Екінші ретті созылмалы панкреатит қосымша ауру ретінде өт жолдарының ауруларында, созылмалы гепатиттерде және бауыр циррозында, жара ауруында, созылмалы гастриттер мен дуодениттерде, жаралы колитте және басқа ауруларда кездеседі.

Ұйқы безінің зақымдану негізін аутолиз процестері, ұйқы безінің өз ферменттерінің әсерінен «өзін - өзі қорытуы» құрайды. Айта кетерлік жағдай – аурудың себебіне байланысты аутолиз тудыратын механизмдер де әр түрлі болып келеді.

Ұйқы безінің аутолизі оның өз ферменттерінің – трипсогеннің, химотрипсиногеннің, проэластазаның, фосфолипазаның және басқаларының активтенуінің нәтижесі болып табылады. Бездің аутолизіне қоса ісіну және коагуляциялық некроз орын алады, кейін без тінінің фиброзы бой көрсетеді. Ацинарлық клеткалардың ыдырауы және ұйқы безі ішілік түтіктердің обструкциясының нәтижесінде ұйқы безі ферменттерінің он екі елі ішекке құйылуы азаяды, ұйқы безінің экзокриндік жетіспеушілігі бой көрсетеді. Лангерганс аралшықтарының талқандалуы ұйқы безінің эндокриндік жетіспеушілігін де тудырады.

Қауіп факторы

  Алкоголь, өт тас ауруы, метаболикалық бұзылыстар (алмасулық жəне гормоналдық бұзылыстар), тұқымқуалаушылық созылмалы панкреатит, алғашқы слероздайтын холангит, алғашқы биллиарлы цирроз жəне Шегрен синдромымен байланысты аутоиммундық панкреатит, операциялар, ұйқы безінің жарақаттары, вирустық инфекциялар, ұйқы безіндегі қанайналымның жіті бұзылыстары, аллергиялық реакциялар, уыттану əсері (бүйрек трансплантациясы кезіндегі уремия), тағамдағы антиоксиданттардың тапшылығы, гиперпаратиреоз - қандағы кальцидің артуы.

Клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:Зəр, қан амилазасы, қанның жалпы анализі, С-рективті ақуызды анықтау, АЛТ мен АСТ анықтау, жалпы билирубин мен фракцияларын анықтау, сілтілік фосфатазаны анықтау, ГГТП, қан липазасы,қан глюкозасы, қанттық қисық, копрограмма,ұйқы безі, өт қабын УДЗ, гастроэнтеролог консультациясы.

Емі

Медикаментозды емес: 

Диета №5

Медикаментозды:

1. Ауыру жəне төмен құрамдағы майлар мен клетчаткалар жоқ бөліктеп тамақтану. Науқасқа ішімдікті пайдалануды тоқтату.

2. Орын алмасулық (панкреатин 50 000-150 000 БІРЛІК*) терапия.

3. Антисекреторлық (Ранитидин 150-300 мг немесе Фамотидин 40-80 мг/тəу ішке) немесе протондық помпа ингибиторлары (Омепразол 40-80 мг/тəу, Пантопразол 40-80 мг/тəу, Рабепразол 40 мг/тəу).

4. Қантты диабетті емдеу (жеңіл пайда болатын гликемияны ескеріп, инсулинді аз дозада тағайындау қажет).

Дәрігерлік еңбек сараптамасы.

Жеңіл даму барысының қайталауында 10-14 күн, орта ауыртпалықты түрінің қайталауында – 18-30 күн (стационарда 3 аптаға жуық), ауыр даму барысының қайталауында – 6-8 апта.

 Болжамы

Қолайлы

Алдын алуы.

Бірінші ретті профилактика шараларына қауіпті факторларға әсер ету жатады: ішімдіктен бас тарту, дұрыс қоректену, семіздікпен күрес, организмнің реактивтілігін күшейту және дене тәрбиесімен шұғылдану. Екінші ретті профилактика шаралары болып диетаны сақтау, орнын толтыру емін жүргізу, ауру қайталаған кезде сәйкес ем жасау табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]