- •1. Жедел коронарлық синдром. Атеросклероз. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Алдын алу. Болжамы.
- •2:Пневмония. Пневмококктық пневмония. Этиопатогенезі. Классификациясы. Диагностикасы. Клиникалық хаттамаға сәйкес пневмонияның емі. Болжамы. Алдын-алу.
- •3.Созылмалы пиелонефрит. Этиопатогенезі Клиникасы. Клиникалық хаттамаға сәйкес пиелонефриттің диагностикасы және емі Диспансеризациясы. Болжамы. Алдын-алу.
- •12.Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы
- •17.Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы
- •22. Метаболизмдік синдром. Анықтамасы. Қауіп факторлары. Диагностикасы. Амбулаториялық жағдайда дәрімен және дәрісіз түзету принциптері. Алдын алу.
- •26. Созылмалы гепатит с. Анықтамасы. Классификациясы. Клиникалықкөріністері. Гепатит Сдиагностикасыжәнеемі. Диспансеризациясы. Дәрігерлікеңбексараптамасы. Болжамы. Алдын-алу.
- •27. Бейарнамалы жаралы колит. Анықтамасы. Классификациясы. Клиникалық көріністері. Диагностикасы және емі. Диспансеризациясы. Дәрігерлік еңбек сараптамасы. Болжамы. Алдын алу.
- •29.Тыныс жетіспеушілігі синдромы. Анықтамасы. Классификациясы,клиникалық көріністері. Тыныс жетіспеушілігінің диагностикасы және емі. Диспансеризациясы. Болжамы. Алдын-алу.
- •30.Гастроэзафагорефлюксті ауру. Этиопатогенезі. Клиникалық көріністері. Клиникалық хаттамаға сәйкес гастроэзофагорефлюксті аурудың диагностикасы және емі. Болжамы. Алдын-алу.
- •Емдеу тәсілі:
- •47. Хпн III б стадии клиникалық ағымы
- •50. Сбж ііб стадиясының клиникалық көріністері
- •51. Крон ауруы
- •53. Гипотоникалық типті өт жолдарының дискинезиясы
- •55. Гипо- апластикалық анемия
- •56.Гипертоникалық типті өт шығару жолдарының дискенезиясы.
- •58.Подагралық артрит. Негізгі себептері. Клиникасы.Диагностика және емі. Диспансеризация.Дәрігерлік еңбек сараптамасы.. Болжамы. Алдын алуы.
- •59.Семіздік.Анықтамасы. Эпидемиологиясы.Қауіп факторы . Диагностикалық критериі. Дәрігерлік еңбек сараптамасы.. Болжамы. Алдын алуы
- •60.Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Клиникасы. Анықтамасы. Атриовентрикулярлы блокада.1 дәрежесі. Диагностика және емі. (экг суретін сызыңыз )
- •61.Жедел ревматикалық қызба. Эпидемиологиясы.Қауіп факторы. Диагностикасы.Егде және қарт адамдардағы , жасөспірімдер мен балаларды жүргізу ерекшеліктері.
- •62.Созылмалы обструктивті өкпе ауруы. Этиопатогенезі. Қауіп факторы. Диагностика және емі.Дәрігерлік еңбек сараптамасы.Болжамы. Алдын алуы.
- •63.Созылмалы панкреатит. Этиопатогенезі. Қауіп факторы . Клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі.Дәрігерлік еңбек сараптамасы. Болжамы. Алдын алуы.
- •64.Жара ауруы. Асқазан жара ауруы.Этиопатогенезі. Қауіп факторы . Клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі. Дәрігерлік еңбек сараптамасы. Болжамы. Алдын алуы.
- •65.Жара ауруы . Он екі елі ішектің жара ауруы..Этиопатогенезі. Қауіп факторы . Клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі. Дәрігерлік еңбек сараптамасы. Болжамы. Алдын алуы.
- •66.Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Жыбыр аритмиясының анықтамасы. Классификациясы. Клиникасы. Диагностика және емі. Диспансеризация.Дәрігерлік еңбек сараптамасы. Болжамы. Алдын алуы.
- •67.Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Клиникасы. Анықтамасы. Атриовентрикулярлы блокада.1 дәрежесі. Диагностика және емі. (экг сұлбасын сызыңыз ).
- •68.Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Клиникасы. Анықтамасы. Атриовентрикулярлы блокада.2 дәрежесі. Диагностика және емі. (экг сұлбасын сызыңыз )
- •69. Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Клиникасы. Анықтамасы. Атриовентрикулярлы блокада.3 дәрежесі. Диагностика және емі. (экг сұлбасын сызыңыз)
- •3 Этапты реабилитацияда:
- •Информация
- •Неудобства, связанные с беременностью
- •Тревожные сигналы
- •10. Кандидоз
- •2.1 Воспалительные заболевания органов малого таза у девочек
- •1. Осложнения беременности:
- •2. Внематочные кровотечения:
- •3. Воспалительные заболевания тазовых органов:
- •4. Миома матки
- •2. Дисфункциональные маточные кровотечения
- •3. Альгодисменорея.
- •21. Контрацепция у подростков, родильниц.
- •22. Конрацепция женщин с соматическими заболеваниями.
- •23 Внутриматочная спираль, виды спирали. Показания и противопоказания. Условия введения и удаления вмс.
- •24. Послеродовый эндометрит. Этиология. Диагностика. Тактика врача воп.
- •25. Лактостаз. Клиника. Диагностика. Лечение.
- •I. Повышенная секреция молока
- •II. Анатомо-физиологические факторы возникновения лактостаза
- •III. Поведенческие факторы возникновения лактостаза
- •IV. Другие факторы
- •26. Климактерические расстройства
- •27. Алгоритм диагностики беременности в амбулаторных условиях. Выявление группы риска.
- •28. Диагностика гипертензивных состояний у беременных
- •29. Диагностика раннихгестозов
- •31 Диагностика нарушения менструального цикла
- •32 Профилактика мастита
- •33 Диагностика и лечение кольпита
- •34 Скрининг выявления рака молочной железы
- •35 Скрининг выявления рака шейки матки
58.Подагралық артрит. Негізгі себептері. Клиникасы.Диагностика және емі. Диспансеризация.Дәрігерлік еңбек сараптамасы.. Болжамы. Алдын алуы.
Анықтамасы
Подагра (грек. podos – аяқ + agra – қақпан, “қақпандағы аяқ”) – пурин алмасуының бұзылуынан туындайтын, қайталамалы жедел артрит және ішкі органдардың зақымдануымен сипатталатын созылмалы ауру.
Негізгі себептері.
Аурудың негізгі себебі гиперурикемия болып табылады. Оның біріншілік және екіншілік түрі бар. Біріншілік гиперурикемия себептері:
эндогендік пуриндер синтезінің күшеюі (гиперурикемияның метаболизмдік немесе өнімдік типі; аурулардың 60%),
бүйректің несеп қышқылын бөлуінің бұзылуы (гиперурикемияның бүйректік немесе ретенциялық типі, аурулардың 10%);
екі себептің қоса кездесуі (гиперурикемияның аралас типі, аурулардың 30%),
Екінші ретті (симптоматикалық) подагра 2-5% жағдайда кездеседі:
клеткалық нуклеотидтердің ауыр катаболизмі мен клеткалық ядролар ыдырауының нәтижесінде
несеп қышқылының өзекшелік секрециясының тежелуі (гипертония ауруы, гипотиреоз, қант диабеті)
несеп қышқылының экскрециясының (бүйрек жетіспеушілігі) салдарынан және медикаменттер әсерінің нәтижесінде пайда болады.
Клиникасы. Аурудың негізгі симптомы жедел подагралық артриттің ұстамасы болып табылады. Ұстаманың түрткі факторлары: салқын тию, күш түсу, жүйке күйзелісі, ашығу.
Ұстама алдында продромальды белгілер болады: көңілдің көтеріңкі күйі немесе депрессия, делсалдық, қызба, диспепсия. Ұстама кенет, көбіне түнде басталады, өте күшті ауырғандық бой көрсетеді. Буын тез ісінеді, буын үсті қызғылт-көкшіл түске боялады, буын қимылы өте азаяды. Артрит ұстамасы көбіне бірінші табан-башпай буынында болады. Қол ұшы буындарының, шынтақ, тізе және иық буындарының зақымдануы мүмкін. Артрит ұстамасына қоса қызба, қалтырап тоңу болады. 5-6 күннен кейін қабыну белгілері біртіндеп азаяды және кейінгі 5-10 күн ішінде науқас адамның көбінде жойылып кетеді. Жедел подагралық артритке тән ерекшелік – ауру адамның толық спонтанды жазылуы – болатыны.
Ұстама аралық подагра аурудың дамуының келесі сатысы және ол подагра белгілерінің болмауымен сипатталады. Мұндай күй созылмалы подагралық артрит бой көрсеткенге дейін созылады. Бұл кезеңде болатын буынның ауыруы әдетте буынның қосымша ауруларымен, оның ішінде көбіне остеоартрозбен байланысты болады.Ұстама аралық кезең біртіндеп қысқара түседі, ұстамалар ауырлай түседі, ақырында процесс созылмалы полиартрит сипатын алады.
Созылмалы тофусты подагра аурудың соңғы сатысы болып табылады, онда полиартрит белгілерінен басқа тофустар пайда болады. Қараған кезде тофустар тығыз, қозғалмалы, сарғылт немесе ақшыл сары түсті түйіндер болып көрінеді.Тофустың орналасатын жерлері: құлақ жарғағы, зақымданған буын үсті, буын беттерінің субхондральды бөліктері, білектің сырт беті, шынтақ аймағы, ахилл және тін асты сіңірлердің үсті.
Подаграның клиникасында басқа органдар мен жүйелердің зақымдану белгілері болады (висцеральды подагра). Висцеральды подаграның ішінде ең жиі кездесетіндері тынжытас ауруы, интерстициальды нефрит, несеп жолының инфекциясы, гломерулосклероз, гипертензиялы нефросклероз, СБЖ түріндегі подагралық нефропатия (подагралық бүйрек).
Диагностика және емі
Диагностика: жалпы қан анализі, биохимиялық қан анализі (креатинин, К+, Na+, АЛТ, АСТ, жалпы және тікелей билирубин, липидті спектр, глюкоза, зәр қышқылы, СРБ, РФ), микрореакция, жалпы зәр анализі, флюорография, ЭКГ, бүйрекке УДЗ, буын рентгенографиясы
Емі.
Подаграның жедел ұстамасын басу үшін БҚҚП, глюкортикоидтар және колхицин қолданылады.
Подагралық нефропатияны емдеу үшін гиперурикемияға мақсатты күресу қажет. Базисті терапияның негізі қан құрамындағы зәр қышқылын төмендету болып табылады және ол ұзақ уақыт бойы, урикемия деңгейін бақылау арқылы орындалады. Гиперурикемияға диета, урикодепрессивті, урикозуриялық, аралас әсер ететін препараттар тағайындау арқылы жүзеге асады.
Негізі медикаменттер:
БҚҚП
Глюкокортикоиды: 1. Бетаметазон 1 мл, амп 2. Метилпреднизолон 4мг, табл. 3. Метилпреднизолон 250мг,фл.
Зәр қышқылына әсер ететін препараттар: 1. Колхицин 1 мг, табл 2. Калия цитрат 1080мг, табл 3. Аллопуринол 100мг, табл 4. Лозартан 50мг ,табл.
Диспансеризация Аурудың жеңіл даму барысында науқасты ревматолог пен терапевт жылына 2 рет қарайды (қанның, несептің жалпы анализі, Нечипоренко сынамасы, қандағы несеп қышқылы мен креатининнің деңгейін анықтау).
Орташа ауыртпалықты және аурудың ауыр түрінде ревматологпен терапевт ауру адамды 3 айда 1 рет қарайды, қосымша тексерулер жиілігі де осындай.
Буын рентгенографиясы мен бүйректі УДЗ жылына 1 рет жасалады.
Дәрігерлік еңбек сараптамасы
Уақытша еңбекке жарамсыздықтың орташа мерзімдері: 2-4 апта
Болжамы: Қолайлы
Алдын-алуы: Профилактикалық шараларға гиперурикемияға жағдай туғызатын факторларды (диуретиктер қабылдау, емдік ашығу, ішімдік, шамадан тыс тамақ жеу, тағамда майдың, пурин қосындыларының көп болуы) азайту немесе жою жатады. Гипереурикемияда (0,53 ммоль/л жоғары) құрамында май мен пуриндер аз диета тағайындалады және ұзақ уақыт аллопуринол беріледі. Дене шынықтыру, жүгіру, жаяу қыдыру қолданылады
