Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
История.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
609.55 Кб
Скачать

144. Н. Назарбаев. «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам»

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тұжырымдамасын жария етті. Тұжырымдамада халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударылып, Үкімет алдына таяу мерзімде жүзеге асыру үшін 20 тапсырма жүктеді. Елбасы тапсырма беріп қана қоймай, қазіргі кездегі қоғамдық қатынастарға терең талдау жасады. Тапсырманың орындалуы бойынша Елбасы ай сайын сараптама жасап отыратындығын да нақты айтты.

Осы тапсырма арқылы Елбасы біздің қоғамда азаматтарды еңбекпен қамту, жұмыспен қамту қазіргі ең басты міндеттердің бірі екенін атап көрсетті. Елбасы бұл істі шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту арқылы шешуге болатындығын баса айтты.  Енді, сол тапсырмаларға тоқталып өтсек.

Орталық мемлекеттік органдарға елімізді әлеуметтік дамытудың жалпыұлттық Тұжырымдамалық Жоспарының жобасын әзірлеуді жүктеді. Біз осы жоспарды орындау бойынша нақты іс-шараларды атқаратын боламыз.  Әлеуметтік еңбек қатынастарының тиімді модульдерін қалыптастыру қажет. Сондықтан өзін өзі жұмыспен қамтыған белсенді халықтың жағдайын және еңбекпен қамту саласының мүмкіндіктерін саралай отырып, жұмыспен қамтуға қарай ойысу, жұмыссыздық деңгейін айқындаудың әдісін жетілдіру керек.

Үкіметке  2020 жылға дейінгі біліктіліктің ұлттық жүйесінкезең-кезеңімен әзірлеу Жоспарын дайындап, қабылдауды; ЖОО-лар мен колледждер түлектері үшін біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды белсендірек жүргізуді тапсырды.

2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік басқару жүйесінің, жоспарлау, үйлестіру, сараптамалық жолбасшылық, үкіметтік емес сектормен әріптестік және басқа да мәселелерді қоса алғанда, тиімділігін арттыру жөнінен кешенді ұсыныстар енгізу; азаматтық қызметті заңдық реттеу мәселесін зерттеу;Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жалпыұлттық жоспарының жобасын әзірлеу тапсырмасы.

145 ҚР-ның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге ұмтылысы еліміздің саяси және экономикалық тұрғыдан тәуелсіз дамуының 16 жылдық кезеңінің нәтижелі сатысы болып табылады. Бұл өтінім біздің қауіпсіз әлемге деген тұжырымдамалық көзқарасымыздың маңызды элементі болып табылады. Ол туралы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылы ЕҚЫҰ-ның Лиссабон саммитінде сөйлеген сөзінде атап көрсетілген. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жүргізіліп жатқан реформалардың күшті қозғаушы күші болуға, одан әрі ырықтандыру мен ашықтық бағытындағы таңдап алынған жолдың дұрыстығын қосымша растауға бағытталған.

Сонымен қатар, осы шешім Қазақстан үшін ерекше сын болып табылады және заңдар мен құқық қолдану практикасын ЕҚЫҰ-ның стандарттарына сәйкес келтіру жөніндегі қажырлы жұмысты талап етеді. Мадрид саммитінің шешімі демократиялық реформалардың елеулі стимулы және қозғаушы күші болады деп ойлаймын.

Мәселен, бірнеше жылдар бойы елімізде әртүрлі комиссиялар жұмыс істеді. Олардың ішіндегі ең соңғысы (Мемлекет басшысы төрағалық еткен Демократиялық бағдарламаларды әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия) осындай пікірталастардың қорытындысын шығарып, еліміздің Парламенті қабылдаған конституциялық реформалар топтамасын дайындады. Ал 2007 жылғы 14 қарашада Парламент Мәжілісінің шешімімен Қоғамдық палата құрылды. Ол барлық мүдделі тараптарға мемлекетіміздің экономикалық және саяси даму проблемасы тұрғысынан өз көзқарастарын білдіруге және оларды шешу тетіктерін айқындауға мүмкіндік беретін қоғамдық Үнқатысу алаңы болып табылады.

ЕҚЫҰ-ға төраға ретінде Қазақстан 1992 жылғы Хельсинки құжатына және 1994 жылғы Будапешт құжатына сәйкес Ұйымның қызметіне үкіметтік емес ұйымдардың ашық түрде қатысуының базалық қағидаттарын және Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроның мандатын сақтауды қолдайды. Сондай-ақ, Қазақстан гуманитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуға және ЕҚЫҰ-ға қатысушы барлық елдер үшін маңызы болуы мүмкін тиісті тәжірибені бөлісуге мүдделі. Біздің ел Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроны және оның қолданыстағы мандатын сақтайтынын және оларға нұқсан келтіретін қандай да бір әрекеттерді қолдамайтынын мәлімдейді.[31]

Қазақстан ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасының діни төзімділік және дін бостандығы жөніндегі үш жеке өкілінің мандаттарын ұзартуды да мақұлдап отыр. Бұл қағидаларды алға ілгерілетудегі біздің тәжірибеміз өзгеге үлгі болып табылады. Республикамыз әлемнің негізгі конфессияларының рухани көшбасшыларын бір шаңырақтың астына жинап, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін екі рет, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның төзімділік жөніндегі жоғары деңгейдегі кеңесін өткізді. Еліміз “Өркениет альянсымен” достасушылар тобының мүшесі болып табылады.

Атап айтқанда, біз ЕҚЫҰ-ның Ауғанстандағы қақтығыстан кейінгі реттеу үдерісіндегі рөлін күшейтуге бағытталған бастамаларды қолдаймыз. Бұл жерде, ең алдымен, осы ел үшін басым деп табылатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі жедел шараларды қабылдау қажеттігі туралы айтылып отыр.

Қазақстан өзінің экономикалық реформаларды ілгерілетуімен, бұрынғы Семей ядролық полигоны мен Арал теңізінің күрделі экологиялық проблемаларын шешудегі табысты тәжірибесімен мақтана алады.

Қазақстанның белсенді ұстанымы, оның ЕҚЫҰ-ның құндылықтарына адалдығы еліміздің Ұйымға төрағалық етуге қол жеткізуін қамтамасыз етті, сондай-ақ осы функцияларды атқарғаннан кейін де еліміз ықыласты ынтымақтастықты жалғастыра беретін болады. ЕҚЫҰ-ның белсенді қатысушысы ретінде Қазақстан біздің ортақ Ұйымымыздың болашағы үшін жоғары жауапкершілікті толық сезінеді. Біз ЕҚЫҰ-ның өзгермелі өмір шындығына бейімделіп, өзінің әлемдік деңгейдегі беделін сақтай алатынына, Солтүстік Атлантика және Еуразия кеңістіктерін жалғастыратын жаңарған үнқатысу алаңына айналарына үміттіміз. Қазақстан осы міндеттерді іске асыруға ЕҚЫҰ төрағасы ретінде және “Үштікке” қатысушы ел ретінде де өз үлесін қосуға әзір. Қазақстанның Сыртқы істер министрі. Қазақстан ТМД мемлекеттері атынан ұсынылған ортақ кандидат болып табылады. Мұның үстіне, біздің өтінішімізді ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің дені қолдап отыр.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің тәжірибелерін бөлісу мақсатымен, оның негізгі принциптерін басшылыққа алуға міндеттеме қабылдап, екі жақты тығыз байланыс орнатты. Хельсинкиде өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға қатысушы елдердің жоғары дәрежедегі кездесуінде бұл ұйымға жаңадан қосылған елдерге жан-жақты көмек көрсетуге арналған бағдарлама қабылданды. Бағдарламада Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы елдердің бай тәжірибесін жаңадан қосылған елдерге тарату жоспарланған. Осы бағдарлама аясында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым басшылығының өкілдері Қазақстанға бірнеше рет (1992 — 99) іссапармен келді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым басшыларының Қазақстанға алғашқы ресми сапары 1993 жылы болды. Делегацияны ұйымның сол кездегі төрағасы, Швеция сыртқы істер министрі Маргарет Аф Углас бастап келді. Сапар нәтижесінде ұйымның Орталық Азиядағы ықпалы кеңейе түсті. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы елдер мемлекет және үкімет басшыларының жоғары дәрежедегі басқосуларына (1994 жылы Будапештте, 1996 жылы Лиссабонда өткен) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, Лиссабон саммитінің пленарлық мәжілісіне төрағалық етті. Қазақстан сыртқы істер министрі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым сыртқы істер министрлер Кеңесінің мәжілісіне (1995 жылы Будапештте, 1997 жылы Копенгагенде, 1998 жылы Ослода) қатысып, онда Еуропадағы қауіпсіздік мәселелері мен Қазақстан ішкі саясатындағы реформалар барысы туралы сөз етілді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Венада өткен (1999) Тұрақты кеңесінің мәжілісінде Қазақстан Сыртқы істер министрі баяндама жасады. Қазақстанның Венадағы тұрақты өкілдігі (1995) Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының түрлі құрылымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Алматыда Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының өкілдігі ашылған. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Аз ұлттар жөніндегі бас комиссары Макс Ван Дер Стул Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын 1994 жылы бастады. 1995 жылы екі рет болып, Қазақстанның барлық аймақтарын аралады. Іс жүзінде елдегі этносаралық қатынастардың қандай дәрежеде екенін көрді. Соның нәтижесінде, Локарнода (Швейцария, 1996) Макс Ван Дер Стулдың ұйымдастыруымен “Қазақстан: ХХI ғасыр табалдырығында біртұтас көпэтносты қоғам орнату” деген тақырыпта дөңгелек үстел; Алматыда “Жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттерде этникалық қатынастарды жан-жақты жетілдіру” деген тақырыпта конференция өтті. Мәжілістің аяқталуына арналған сөзінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Бас комиссары Қазақстан басшылығының елдегі этносаралық келісімді сақтау мен нығайтудағы табыстарын жоғары бағалады. Орталық Азиядағы адам құқығының қорғалуы жөнінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Демократилық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюросының (Алматыда, 1994) семинары өтті. 1997 жылдың соңы, 1998 жылдың бас кезінде Алматыға Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Бас хатшысы Джонкарло Арагон, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның қазіргі төрағасы, Польшаның сыртқы істер министрі Б.Горемек келді. Сапар барысында олар Қазақстан Президентімен, Премьер-Министрмен, Парламенттің палата Төрағаларымен, Қорғаныс және Сыртқы істер министрімен кездесулер өткізді. Әскери қауіпсіздік — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның қызметіндегі маңызды сала. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым шеңберінде Еуропадағы әскери күштер туралы келісім 1990 жылы жасалған. Оған Қазақстан 1992 жылы қосылды. Бұл Келісім Атлантикадан Оралға дейінгі ядролық емес құрлықтағы әскер және әуе күштерін халықаралық заңдармен шектеп отыруға арналған. Қазақстан Парламенті мүшелері 1996 жылдан бастап Стокгольмдегі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Парламенттік ассамблеясының жұмыстарына араласып, ұйымға қатысушы елдер парламенттерімен тұрақты байланыс орнатқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]