Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
История.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
609.55 Кб
Скачать

115. Ұлттық валютаның енгізілуі . Теңге курсін тұрақтандыру шаралары.

1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау.

 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961— 1991 жылдары шығарған рублдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға қажетті Ресейдің рублін сатып алып отырғанымызда жасырын емес. Әсіресе 1 рублдегі қолма-қол ақшаны 2 рубль қолма-қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның кұрамына енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады.

116. Қр саяси жүйені реформалаудың ерекшеліктері мен негізгі кезеңдері.

ҚР қазіргі уақытта саяси жүйесі демократиялық болып табылады.  Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі. Мемлекет саяси жүйеге саяси, территориялық (аумақтық), құрылымдық бірлестік ретінде кіреді және өз функцияларын басқа да әлеуметтік инстиуттармен, партиялармен, кәсіподақтармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші орын алады.  Әдетте, саяси жүйені, бірлесіп әрекет ететін номалар, идеялар және соларға негізделген саяси институттар, мекемелер және саяси билікті ұйымдастыратын әрекеттер жиынтығы, азаматтар мен мемлекеттердің өз ара байланысы ретінде қарастырады.  Саяси жүйе мемлекеттің Конституциясымен белгіленеді. ҚР-ң Конституциясы (5 бабында) саяси жүйенің элементтерінің өзара және мемлекетпен қарым-қатынасын, мемлекеттің саяси жүйедегі орталық орнын (5 бап) және принциптерін (1 бап) белгілейді.  Мемлекеттің саяси жүйедегі негізгі ролі оған тән белгілермен байланысады. Ондай белгілерге Конституцияда белгіленген мемлекеттік билік, биліктің егемендігі (2, 3 баптар) тағы басқалары жатады.  Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді, халқымыздың әр түрлі топтарының мүддесін қорғайды.  Саяси жүйемен азаматтық қоғамның қарым-қатынасының ерекшеліктері мемлекет пен адамдардың қарым-қатынасының ерекшеліктеріне негізделеді, өйткені саяси жүйенің орталығы – мемлекет, заматтың, қоғамның отралығы – адам. ҚР-ң Конституциясының 1 бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген.  Қоғамның саяси жүйесін саяси функциялар атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттар құрайды. Мұндай институттарға мемлекет, партиялар, кәсіби одақтар және тағы басқа ұйымдар мен қоғамдар жатады. Олардың бәрінің ортақ мақсаты – мемлекеттік билікке қол жеткізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]