- •« Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні және курстың мақсаты.
- •Тарих ғылымының методологиясы
- •Тарихи танымның әдістері
- •6. Қазақстанның қазірігі заман тарихының периодизациясы
- •7. М.Хрохтын улттык козгалыс концециясы.
- •Қайраткерлер
- •II Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары
- •19. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалысы
- •20 Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдар,қызметі
- •21Петициялық қозғалыстың басталуы
- •Қарқаралы петициясы[өңдеу]
- •Сайлау жүйесін қайта құру жөніндегі ұсыныстар
- •Діни мәселелер
- •Жер мәселесін шешудің жолдары
- •Қазақтардың петициялық қозғалысының тарихи маңызы
- •22.Отандық тарихнамадағы қазақ интелегенциясының көтеріліске қатысу мәселесі
- •23. Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері
- •24 Ресейдегі ақпан төңкерісіжәне оның қ-станның демократияландыруына әсері
- •Ауылдар мен деревнялардағы наразылық[өңдеу]
- •Мәселелер[өңдеу]
- •Нәтижесі[өңдеу]
- •Алаш автономиясының құрылуы[өңдеу]
- •Алаш Орда құрылтайы[өңдеу]
- •Сыртқы істері[өңдеу]
- •54. Қазақстандағы индустрализация: кеңестік үлгі.
- •80. Жеке басқа табынуды айыптау. Қоғамдық-саяси өмірдегі « De-десталинизация».
- •81. Қазақстан «хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964)
- •84. XX ғасырдың 70-ші және 80 жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы қайшылықтар.
- •86. 1986 Жылғы Желтоқсан . Тәуелсіздік жаршысы.
- •87. 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғасы. Жаңаша баға
- •88 М.С.Горбачевтің жаңа бағыты. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету концепциясы.
- •89 Кокп оак-тің апрель (1985ж) пленумы. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету стратегиясы ұғымы.
- •90 Қайта құруды жүзеге асыру және оның негізгі бағыттарын айқындау.
- •91. ҚазСсРдің және қр тіл туралы заңының қабылдануы
- •92. Қайтақұру бағыты. Негізгі кезеңдері. Қайтақұру жолдарының қайшылықтары.
- •95. Қазақстандағы экологиялық мәселелер. «Невада-Семией» қозғалысы
- •96. Тамыз 1991 ж. Ново-Огаревский оқиғасы.
- •99 Қазақстан және тмд. Қазақстандағы президенттік биліктің енгізілуі
- •100 «Каз.СсРнің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Деклорацияның қабылдануы.
- •101 «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жөніндегі» Конституциялық Заң.
- •102 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
- •103. 1993, 1995 Жж. Қр Конституциясы
- •104. 1995 Ж қр Конституциясы және оның ережелері
- •105 Конституциялық реформа. 1995ж. Қр негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі
- •106 Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы
- •107 Қр ұлтаралық қатынас. Қазақстан Халықтары Ассамблеясы
- •108.Қха және қр замануи этно-демографиялық үдерістер. Қр-ғы заманауй этно-демографиялық үдеріс.
- •109.Қазақтардың бүкіләлемдік құрылтайы.
- •110. Н. Назарбаев «ххі ғасыр табалдырығында».
- •111.Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында».
- •112. Нарықтық қатынастардың дамуы. Экономикалық стратегияны жобалау және үкіметтің экономикалық реформаларға арналған бағдарламасы.
- •113.Қазақстандағы экономикалық реформалар нарыққа көшудің қиындықтары мен мәселелері.
- •115. Ұлттық валютаның енгізілуі . Теңге курсін тұрақтандыру шаралары.
- •116. Қр саяси жүйені реформалаудың ерекшеліктері мен негізгі кезеңдері.
- •117. «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы.
- •118. Қр атомқаруынсыз беделі
- •119. Қазақстанның экологиялық мәселелері. Ядролық қару сынақтарының салдарларымен күресу
- •120. Қазақстан – халықаралық қатынастағы тәуелсіз тұлға.
- •121. Қазақстан Халықаралық ұйымдарда
- •§2020 Жылға қарай еліміз әртараптандырылған экономиканы дамыту үшін қажетті адам ресурстарына, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер мен экспорттаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады.
- •§2020 Жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты алғанда 2009 жылғы деңгейге қатысты алғанда үштен бірінен асады.
- •§2020 Жылға қарай төменгі күн көріс мөлшерінен аз табыс табатын халықтың үлесі 8 пайызға дейін төмендейді.
- •136. Тәуелсіз Қазақстанның .«Мангiлiк Ел» ұлттық идеясы
- •137 Президент және Қазақстанның жаңа астанасы.
- •1990 Жылы 01 сәуірде
- •138. Қр 25 жылдық мерейтойы. Жетістіктері мен болашағы
- •139. Н. Назарбаев Қазақстанның егемен ел ретіндегі қалыптасуы және стратегиялық дамуы
- •140. «ҚазСср-нің тіл жөніндегі» Заңы
- •141. Орталық Азия елдері басшыларының Ашхабад келісімі
- •142 Қр «Қазақстан -2030» даму стратегиялық бағдарламасы
- •143. Қр өндірістік-инновациялық даму стратегиясы.
- •144. Н. Назарбаев. «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам»
- •146 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары «Қазақстан 2050-стратегиясы»
- •147. Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі басымдықтары «Қазақстандық жол- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
- •Ххі ғасырдың жаһандық он сын-қатері
- •148. Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының басты мақсаты «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
- •149. Қр Президентінің Жолдауларындағы баяндалған негізгі идеялар мен бастамалар «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты »
- •150. Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Тәуелсіздік белестері» еңбектеріне сипаттама.
113.Қазақстандағы экономикалық реформалар нарыққа көшудің қиындықтары мен мәселелері.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмаған-ды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапкерсіздік қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, экономиканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның ой-қырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дұрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді. Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы – бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғарғы таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті. Нарықтық реформаға көшудегі жіберілген тағы бір қате — ол үкімет басшыларының елдің экономист ғалымдарына сенбеуі. Оның себебі бізде бүған дейін нарықтық экономика болмады, сондықтан біздің экономистер нарыққа көшудің жолдарын, тетіктерін білмейді деп есептелді. Сондықтан нарықтық экономикаға көшу үшін кеңесші ретінде экономист-ғалымдар АҚШ-тан, Франциядан, Түркиядан, Ресейден т.б. жерлерден шақырылды. Бірақ олар өз елінде маман болғанмен, біздің жағдайды, халықтың менталитетін, психологиялық ерекшеліктерін ескермеді, тіпті білмеді де. Олардың білетіні Батыстың дамыған, қалыптасқан нарықтық экономикасы еді. Оған қоса ТМД елдерінде экономикалық дағдарыс капиталистік қоғамға тэн классикалық артық өндіру дағдарысы емес, жетіспеушілік дағдарысы болатын. Екіншіден, ол елдерде ертеден тауар өндірісі, тауарлық қатынастар толық қалыптасқан. Ал бізде бұлар болған жоқ. Үшіншіден, ТМД елдерінде социалистік экономикадан нарықтық экономикаға көшу тез қарқын алды. Сондықтан шетел экономистерінің кеңесі тиісті нәтижесін бермей, аяқсыз қалды
114.ҚР-дағы әлеуметтік – экономикалық жаңғыру. Қазақстандық заманауи даму моделі.
Қазақстанның замануи даму моделі тәуелсіздік алғаннан кейін анық айқындала бастады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан шыққан жолдаулар арқасында Қазақстанның даму жоспары алдыңғы жиырма, тіпті одан да көп жылдар алдыға кұрылды. Ең бірінші және ең негізгі жобалардың бірі ретінде «Қазақстан-2020» бағдарламасы қабылданды. 1997 жылғы 1 наурызда қабылданған бұл жоба еліміздің экономикалық дамуын 2020 жылға дейін айқындап берді. Бірақ, біз ол жобаны 23 жыл емес 16 жылдың ішінде іске асырудың арқасында, Елбасымыз біздің алдымызға жаңа ғаламдық бағдарламаны алдымызға қойды. Ол - «Қазақстан-2050» жолдауы. Жоғарыдағы бағдарлама еліміздің дамын 2050 жылға дейін, яғни, 38 жылға құрып берді. Қазіргі таңдағы біздің даму моделіміз сол бағдарламаға сүйеніп даму барысында. Біздің замануи даму моделі тәуелсіздік алуымыздан бері басқа елдердің даму моделіне сүйеніп жасалған еді. Мысал ретінде нарыққа көші кезіндегі, Қазақстанның Жапонияның, Германияның және т.б. алпауыт елдерінің даму жолдарын ұстану идеясы болған. Тағы бір мысал, біз қазіргі таңда даму жолымызды Ресейдің даму жолымен салыстыру арқылы жаңа мәселелерге көзіміз жетіп отыр. Себебі, Ресей Федерациясы да КСРО ыдырағаннан кейін біздің мемлекетіміз сияқты өте үлкен зардаптарға ие болды.
Кластерлер инновацияларға, өнеркәсіптік дамуға, бәсекеге қабілеттілік пен экономиканың тиімділігіне ықпал ететін маңызды құрал болып табылады. Кластерлік саясат әлемде қазіргі заман жағдайында инновациялық дамудың барабар тетігі ретінде кең таралды. Кластерлік тәсіл жаңа өндірістер ашу мен елдің әлемдік нарықтағы бәсекелестік артықшылығын күшейтетін, қосылған құн мен ғылымды қажет етушіліктің жоғары деңгейіндегі қызметке байланысты. Кластерлік тәсілдің артықшылығы жоғары технологиялық және инновациялық бизнесті дамытуға, сондай-ақ ведомствоаралық және салааралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталуына байланысты. Осы Тұжырымдамада «Қазақстан – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын ескере отырып, Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерінің мақсаттары, міндеттері және даму бағыттары көрініс тапқан. Перспективалы ұлттық кластерлер ретінде заманауи технологиялар мен бизнес модельдеріне негізделген бәсекеге қабілетті, инновациялық өнімдер мен қызметтер өндіру үшін біріктірілген жеке сектордағы компаниялардың, ұйымдардың, ғылыми-зерттеу және инжинирингтік ұйымдардың, инвесторлардың, қаржы институттары мен арнайы даму аумақтарының (арнайы экономикалық аймақтар (бұдан әрі – АЭА), технопарктер, индустриялық аймақтар (бұдан әрі - ИА) өзара пайдалы кооперациясы түсініледі. Осы Тұжырымдама перспективалы ұлттық кластерлерді, оларды ғылыми-білім беру, инфрақұрылымдық және кадрлық қолдауды дамыту үшін институционалдық, әдіснамалық, ұйымдық негіздерді қалыптастыру мақсатында әзірленді. Бұл ретте кластерлік тәсіл экономика дамуының салалық тәсілін алмастырмайды, қайта мемлекеттік салалық саясатты толықтырады. Қазақстанда жаңа құзыреттер (технология және өнім, білім және дағды) инновациялық кластерлерді ұйымдастыру қағидаты негізінде салалардың, компаниялардың және ел өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады. АЭА-ның, технопарктердің, ИА-ның, бизнес-инкубаторлардың және кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да объектілерінің әлеуетін пайдалану кластерлік жобаларды дамыту үшін қолайлы мүмкіндіктер ашады. Отандық кластерлердің ғаламдық жеткізу тізбегіне енуі ұлттық технологиялық қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай көтеруге, экономикалық өсу, кластерлер құрамына кіретін бизнестің халықаралық бәсекеге қабілеттілігі сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Тұжырымдама сондай-ақ перспективалы ұлттық кластерлерді мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары мен тетіктерін айқындайды.
