- •« Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні және курстың мақсаты.
- •Тарих ғылымының методологиясы
- •Тарихи танымның әдістері
- •6. Қазақстанның қазірігі заман тарихының периодизациясы
- •7. М.Хрохтын улттык козгалыс концециясы.
- •Қайраткерлер
- •II Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары
- •19. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалысы
- •20 Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдар,қызметі
- •21Петициялық қозғалыстың басталуы
- •Қарқаралы петициясы[өңдеу]
- •Сайлау жүйесін қайта құру жөніндегі ұсыныстар
- •Діни мәселелер
- •Жер мәселесін шешудің жолдары
- •Қазақтардың петициялық қозғалысының тарихи маңызы
- •22.Отандық тарихнамадағы қазақ интелегенциясының көтеріліске қатысу мәселесі
- •23. Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері
- •24 Ресейдегі ақпан төңкерісіжәне оның қ-станның демократияландыруына әсері
- •Ауылдар мен деревнялардағы наразылық[өңдеу]
- •Мәселелер[өңдеу]
- •Нәтижесі[өңдеу]
- •Алаш автономиясының құрылуы[өңдеу]
- •Алаш Орда құрылтайы[өңдеу]
- •Сыртқы істері[өңдеу]
- •54. Қазақстандағы индустрализация: кеңестік үлгі.
- •80. Жеке басқа табынуды айыптау. Қоғамдық-саяси өмірдегі « De-десталинизация».
- •81. Қазақстан «хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964)
- •84. XX ғасырдың 70-ші және 80 жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы қайшылықтар.
- •86. 1986 Жылғы Желтоқсан . Тәуелсіздік жаршысы.
- •87. 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғасы. Жаңаша баға
- •88 М.С.Горбачевтің жаңа бағыты. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету концепциясы.
- •89 Кокп оак-тің апрель (1985ж) пленумы. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету стратегиясы ұғымы.
- •90 Қайта құруды жүзеге асыру және оның негізгі бағыттарын айқындау.
- •91. ҚазСсРдің және қр тіл туралы заңының қабылдануы
- •92. Қайтақұру бағыты. Негізгі кезеңдері. Қайтақұру жолдарының қайшылықтары.
- •95. Қазақстандағы экологиялық мәселелер. «Невада-Семией» қозғалысы
- •96. Тамыз 1991 ж. Ново-Огаревский оқиғасы.
- •99 Қазақстан және тмд. Қазақстандағы президенттік биліктің енгізілуі
- •100 «Каз.СсРнің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Деклорацияның қабылдануы.
- •101 «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жөніндегі» Конституциялық Заң.
- •102 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
- •103. 1993, 1995 Жж. Қр Конституциясы
- •104. 1995 Ж қр Конституциясы және оның ережелері
- •105 Конституциялық реформа. 1995ж. Қр негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі
- •106 Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы
- •107 Қр ұлтаралық қатынас. Қазақстан Халықтары Ассамблеясы
- •108.Қха және қр замануи этно-демографиялық үдерістер. Қр-ғы заманауй этно-демографиялық үдеріс.
- •109.Қазақтардың бүкіләлемдік құрылтайы.
- •110. Н. Назарбаев «ххі ғасыр табалдырығында».
- •111.Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында».
- •112. Нарықтық қатынастардың дамуы. Экономикалық стратегияны жобалау және үкіметтің экономикалық реформаларға арналған бағдарламасы.
- •113.Қазақстандағы экономикалық реформалар нарыққа көшудің қиындықтары мен мәселелері.
- •115. Ұлттық валютаның енгізілуі . Теңге курсін тұрақтандыру шаралары.
- •116. Қр саяси жүйені реформалаудың ерекшеліктері мен негізгі кезеңдері.
- •117. «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы.
- •118. Қр атомқаруынсыз беделі
- •119. Қазақстанның экологиялық мәселелері. Ядролық қару сынақтарының салдарларымен күресу
- •120. Қазақстан – халықаралық қатынастағы тәуелсіз тұлға.
- •121. Қазақстан Халықаралық ұйымдарда
- •§2020 Жылға қарай еліміз әртараптандырылған экономиканы дамыту үшін қажетті адам ресурстарына, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер мен экспорттаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады.
- •§2020 Жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты алғанда 2009 жылғы деңгейге қатысты алғанда үштен бірінен асады.
- •§2020 Жылға қарай төменгі күн көріс мөлшерінен аз табыс табатын халықтың үлесі 8 пайызға дейін төмендейді.
- •136. Тәуелсіз Қазақстанның .«Мангiлiк Ел» ұлттық идеясы
- •137 Президент және Қазақстанның жаңа астанасы.
- •1990 Жылы 01 сәуірде
- •138. Қр 25 жылдық мерейтойы. Жетістіктері мен болашағы
- •139. Н. Назарбаев Қазақстанның егемен ел ретіндегі қалыптасуы және стратегиялық дамуы
- •140. «ҚазСср-нің тіл жөніндегі» Заңы
- •141. Орталық Азия елдері басшыларының Ашхабад келісімі
- •142 Қр «Қазақстан -2030» даму стратегиялық бағдарламасы
- •143. Қр өндірістік-инновациялық даму стратегиясы.
- •144. Н. Назарбаев. «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам»
- •146 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары «Қазақстан 2050-стратегиясы»
- •147. Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі басымдықтары «Қазақстандық жол- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
- •Ххі ғасырдың жаһандық он сын-қатері
- •148. Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының басты мақсаты «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
- •149. Қр Президентінің Жолдауларындағы баяндалған негізгі идеялар мен бастамалар «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты »
- •150. Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Тәуелсіздік белестері» еңбектеріне сипаттама.
103. 1993, 1995 Жж. Қр Конституциясы
1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі елдің Негізгі Заңын - тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясын қабылдады. Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық қазақстандықтар еңбегінің жемісі болып табылады. Бұл маңызды құжаттың жобасын талқылау барлық жерде азаматтардың, әр түрлі саяси партиялар мен қозғалыстар өкілдерінің жиналыстарында, баспасөз беттерінде, теледидар мен радиода жүргізілді. Талқылау барысында бір-біріне мүлдем қарама-қарсы көзқарастар да айтылды. Азаматтар мен заңгерлер талқылау барысында көптеген ескертулер мен толықтырулар енгізді. Жаңа Конституцияның ерекшелігі - оның Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың ажырамас бөлігі деп жариялауы еді. Осылайша Қазақстан халықаралық нормалар мен демократиялық және құқықтық мемлекет құруға бағыт алғанын барша әлемге жария етті.
Қазақстан Республикасының осы, алғашқы Конституциясы 4 бөлімнен, 21 тараудан тұрды. Конституцияның құрамдас бөлігі Қазақстанның қоғамдық даму ерекшелігін бейнелейтін өтпелі кезең жағдайларына арналған тарау. Өтпелі кезеңнің мақсаты бұрынғы және жаңа конституциялық заңдылыққа, мемлекет пен оның органдары мен институттарына қатысты кейбір жағдайларын байланыстыру, үйлестіруге тиіс болды. Конституция баптарының көпшілігі - Отанымызда ұлтаралық жарасымдылықты сақтауға арналған. Онда Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының тең құқықтылығын қамтамасыз ететіні мәлімделді. Сондықтан да Негізгі Занның ең басты назар аударған нысаны - адам және оның өміріне байланысты мәселелер болды. Елдегі атқарылатын істердің бәрі Заң бойынша тек азаматтар мен қоғамның мүдделеріне сай жүргізілетін болып белгіленді. Қазақстандық және кеңестік іс- тәжірибеде тұңғыш рет адам құқығы мен бостандығының басымдылығы танылып, Қазақстан халқы дүниежүзілік қауымдастықтың ажырамас бөлігі екендігі бекітілді. Конституцияда тілге байланысты проблемалар өз шешімін тапты. Конституция бойынша республикадағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ал орыс тілі - ұлт- аралық қатынас тілі деп жарияланды. Мемлекет өз тарапынан ұлтаралық қатынас тілін, олардың еркін қолданылу салаларын сақтау мен олардың еркін дамуына кепілдік берді. Мемлекеттік тілді немесе ұлтаралық қатынас тілін білмеушілік себептері бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге тыйым салынды. Конституцияның тілдер жөніндегі баптары дүние жүзі, сонымен бірге ТМД елдерінің ішіндегі неғүрлым демократияшыл баптар болып табылады.
Негізгі Заңда Қазақстан Республикасының жері біртұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды деп атап көрсетілді. Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі Қазақстан халқы екендігі жарияланды. Мемлекеттік билік Конституция және республика заңдары негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар.
Конституцияның орындалуына Республика Президенті кепіл болады.
Конституцияның тұтастай тараулары мен баптары азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, қоғамға, оның негізгі құрылымына, отбасына, қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіруге арналды.
Бұған әр адамның өмір сүру, меншік иесі болу құқығы, жиналыстар өткізу, бірлестіктер құру құқықтары жатады. Қазақстан азаматтары Конституцияны, республика заңдарын сақтауға, әрбір адамның ар-намысын, абыройын құрметтеуге тиіс. Бұған қоса республика азаматтары мемлекеттік рәміздерді - Елтаңба, Ту, Әнұранды қастерлеуге тиіс. Отанды қорғау - әрбір азаматтың абыройлы борышы. Республика азаматтары заңмен белгіленген салықтар мен алымдарды төлеуге міндетті.
Үшінші бөлім мемлекет пен оның органдары мен институттарының құқықтық нормаларын айқындауға арналған. Төртінші бөлім Конституцияны сақтау кепілдіктеріне, Конституцияның тұрақтылығын қамтамасыз ету және оның ережелерін қорғауға арналған. Оқиғалардың бұдан кейінгі даму барысы көрсеткендей, республика Парламентінің Қазақстан Конституциясын қабылдауы тарихи маңызы бар оқиға болды. Конституция мемлекеттің өркениетті дамуының негіздерін қалап қана қоймай, адам құқықтарын қорғау ісінде сенімді кепілге айналды. Осы аса маңызды құжатты қабылдау арқылы Қазақстан әлемнің тарихи сахнасына тағы бір демократиялы мемлекет болып танылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
халықтық егемендік
мемлекет тәуелсіздігі
билікті бөлісу принципі
қазақ тілін мемлекеттік деп тану
Президентті мемлекет басшысы деп тану
сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Конституция құрылымы
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
